Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты "Өнеге отбасынан басталады" 2 сынып

Тәрбие сағаты "Өнеге отбасынан басталады" 2 сынып

Скачать материал

Ш ҚО Көкпекті ауданы Самар ауылы Ж. Болғанбаев атындағы орта мектептің  бастауыш сынып мұғалімі  Дюсупова М. С.

 Тәрбие сағаты: «Өнеге отбасынан басталады»

Мақсаты:   отбасы және отбасы тәрбиесі, оның бала өміріндегі маңызы туралы түсінік беру, қоршаған ортадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауға үйрету, үлкенді құрметтеп, кішіге ізет көрсетуге баулу

1 Ұйымдастыру кезеңі. Шаттық шеңбері.Балалар 3 топқа суреттер арқылы бөлініп отырады.  

Отбасы туралы видеоролик көрсету.

-Бұл көрініс не туралы?

 «Отбасы» — деген сөзді қалай түсінесіздер?

- Кім өзінін отбасы туралы айтқысы келеді екен? 

Сызба бойынша түсінік:                                     

                                      Табиғат

                    өлі                                          тірі 

адамдар                өсімдіктер                          жануарлар 

                                       қоғам                  

            отбасы

                                      тәрбие

 

ғибрат                материалдық асырау

  • Ғибрат дегеніміз не?
  • Ғибрат — өнеге, тәлім — тәрбие беруге үйрету. Ата — баба салт дәстүрін үйрену. Ырым-тыйымдарды меңгеру.
  • Біз тәлім — тәрбиені қайдан үйренеміз?
  • Отбасынан, мектептен.
  • Отбасы дегеніміз не?
  • Отбасы — әр адамның шағын отаны, қоғамның бір бөлшегі. Ата-аналар баласының күнделікті өмірі мен ісіне басшылық жасайды. Баланың жан-дүниесінің қалыптасуында маңызы зор рухани және еңбек дәстүрлері турасында тәрбиелейді. 

Қазақ отбасы үш буыннан құралады: 

ата-әже                        әке-шеше

                    ОТБАСЫ

                     ұл-қызы 

Өнегелі отбасы болу үшін әрбір мүшесі тазалықты бірінші орынға қою керек: 

иман                                       ішкі

                    ТАЗАЛЫҚ

әдеп                                        сыртқы 

ІІ. «Мың бір мақал, жүз бір жұмбақ» ойыны.

Оқушыларды 3 топқа бөліп, мақал-мәтелден сайыс ұйымдастыру.

І — топ. Әке туралы

  Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер.

Ата — балаға сыншы.

Ата — бәйтерек, бала — жапырақ.

Атадан бала туса игі, ата жолын қуса игі.

ІІ — топ. Бала туралы

Балалы үй — базар, баласыз үй — қу мазар.

Балаң жақсы болса,

Жердің үсті жақсы.

Балаң жаман болса,

Жердің асты жақсы.

Қыз — қуыршақ,

Бала — құлыншақ.

Әдепті бала ата-анасын мақтатар,

Әдепсіз бала ата-анасын қақсатар.

ІІІ — топ.  Ана туралы

Ананың сүті — бал,

Баланың тілі — бал.

Күннің шуағы жылы,

Ананың құшағы жылы.

Шешесін көріп қызын ал.

Ана көрген тон пішер. 

Уақыт бойынша есептеп, көп мақал айтқан топты мадақтау. 

ІІІ. Ой шақыру.

І-топ              әке - қорғаның  қамқорың    ақылшың  асқар тауың              

                  

ІІ-топ        ана- жаңашырың  мейірімді жан   асыл адам   ұстазың                 

 ІІІ-топ  туыстар -          әпке,жезде, аға, апа жиен, бөле, ағашы                                  

 

 

        

                          

ІV. Қонақ түрлері.

Қ.Мырзалиев

Осындай жомарт қазақ топырағы

Ол қашан дастархансыз отырады?

Қонаққа барын беріп, нәрін беріп,

Қонақтан қалғанын жеп отырады.  

  1. Арнайы шақырумен келетін қонақты — арнайы қонақ дейміз.
  2. Құдайы қонақ — жолаушылап кетіп бара жатып, жолдан кіретін қонақ.
  3. Қыдырма қонақ — ерігіп үй аралап жүретін қонақ.

 

  1. Қылқима — қай үйдің түтіні қою болса, сол үйге келетін қонақ. 
  1. «Менің отбасым». Әр топ отбасының сурет салады не моделін құрастырады. 

VІ. Қорытынды.Сонымен балалар, отбасы деген не екен?

  • Қандай туыстар бар?
  • Отбасының негізгі мүшелерін ата?
  • Тазалықтың негізгі неше түрі бар? Оқушылармен сабақтың өту барысы туралы кері байланыс жасау

 

Әдебиеттік оқу  2 сынып
Ғылым таппай мақтанба А.Құнанбаев
Сабақтың мақсаты
: өлеңді мәнерлеп және түсініп оқуға үйрету, өлеңнің негізгі идеясын түсіне білуге және Абай Құнанбаевтың өмірімен қысқаша таныстыру, адам бойында кездесетін  5 асыл қасиет пен 5 дұшпан қылықтарды  ұғындыру, ақын шығармаларын оқып үйренуге баулу; сөздік қорларын байыту, шығармашылықпен жұмыс істеуге үйрету; адамгершілікке, ғылым, білімге бейімдеу.
Күтілетін нәтижелері: Оқушы: – өлеңді мәнерлеп, түсініп оқи алады;
– Абай туралы алған білімдерін айта алады;
– Өлеңді оқып, басқа шығармалармен салыстыра алады;
– Өз бетінше жұмыс жасау дағдысын қалыптастыра алады;


Оқушылар «ғылым, білім, оқу» сөздері арқылы топқа бөлінеді, әр топ өз командирын сайлап алады. Сабақта жұмыс жасау ережелерін еске түсіріп, жұмысты бастаймыз.
Қызығушылықты ояту
Оқушыларға сюжетті суреттер көрсету.  Ассоциация жасау . Адам болам десеңіз  не істеу керек?  Постер құру.
Оқушылар өз білімдерін ұсынады. Формативті бағалау. Қол соғу арқылы топтар бірін- бірі бағалайды.
 Мағынаны ажырату
Иә, балалар, адам болу үшін өздерің жазғандай адамгершілігіміз мол, білімді болуымыз керек.
Бүгінгі біздің тақырыбымыз үлкен тараудан басталмақ. Яғни, тарауымыз «Адам болам десеңіз», ал тақырыбымыз «Ғылым таппай мақтанба» Абайдың өлеңі.
Балалар, Абай  туралы не білесіңдер?
Абай туралы қысқаша мәлімет бер
у. Бейнеролик  көрсету.( Ибраһим 1845-1904 ж. әкесі- Құнанбай  шешесі –Ұлжан, әжесі- Зере, 8 мыңға жуық өлең, 45 қарасөзі, көптеген аудармалары бар )         
Өлеңді мәнерлеп оқып беріп, сұрақтарға жауап  алу.
Өлеңді оқып тұрып, оқушыларға жаңа сөздердің астын сызып отыру тапсырылады.Сөздік жұмыс.
Ғылым – оқу, білім
Ғалым – оқымысты  адам.

1 топ - Абай туралы мәліметтерді жинақтайды, 2 топ - еңбек туралы не айтылған, 3 топ – білім туралы не айтылған бұл шығармада.
Бағалау жетондарын топ командирлері таратып отырады.

Сергіту сәті
Ой-толғаныс
Топтық тапсырма: Тірек сөздерді пайдаланып сызбаны толықтыр
І топ: Бес асыл іс
ІІ топ: Бес дұшпан
ІІІ топ: Мақалды аяқта
Мына қасиеттерді оқып, қажеттісін белгілеңдер. Қасиеттері:
Еңбекқор Әдепсіз Мейірімді
Ақылсыз Надан Дарынды
Залым Өз Отанын сүйетін патриот
Еріншек Сауатты Білімді
Оқушылар көпіршелерді пайдалану арқылы сызбаны толықтырып жазып шығады.
Бес асыл іс                     Бес дұшпан                                                            Мақалды аяқта
еңбек                               өтірік                                                                       жақсыдан үйрен,
талап                               өсек                                                                         жаманнан жирен
қанағат                            мақтаншақ
рақым                               еріншек
терең ой                         бекер мал шашпақ                             
«Екі жұлдыз, бір тілек»   Сендерден де жақсы қасиеттерді көремін деп ойлаймын.
Кері байланыс алу «Менің көңіл күйім» Қол соғу арқылы топтар бірін бірі бағалайды.
Үй тапсырмасы: Өлеңді жаттап келу.

Сабақтың тақырыбы :

Алтай ақша сұрамайды.

Жалпы мақсаты :

Мәтіннің   мазмұнын ашу, негізгі ойды ұғындыру.

Күтілетін нәтижелер :

- а) мәтіннің мазмұнын  айта  алады;

-  в)   күлдіргі хат немесе мысал  жазады;

  - с) өзін қоршаған ортадағы заттарды зерделеп, талдайды;     

Керекті жабдықтар :

оқулық , жұмыс  дәптері, тақырыпқа сай суреттер,бейнеролик.

Сабақ барысы :

Сабақ кезеңдері

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Кіріспе

Ұйымдастыру

 

Психологиялық дайындық

 

 

Үй тапсырмасын тексеру

 

 

Топқа бөлу. «Сенімді дос»

Тренинг : «Мен қандаймын?»

Балалар құралдарын шығарады..

 

Қуыр-қуыр қуырмаш

Ақырын ғана кітапты аш!

Сабағына дайын екен қай бала,

Үй жұмысын есіңе түсір қайтала

 «Сорпа» мәтінінің мазмұнын айтады, «Неліктен?» өлеңін мәнерлеп оқиды.

1топ  «Отбасы»

2топ  «Әке»

3топ   «Ана»

4 топ «Бала»  Әр топ өзара топ басшысын сайлап алады.Бағалау парақтарын алады.

Тұсаукесер

Қызығушылықты ояту.

Галереяны шарлау.

Оқушылар сұрақтар қояды. Галереяны шарлай отырып, өтілген тақырыптар бойынша сұраққа жауап береді.

Негізгі бөлім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау.

-Ақша деген не?

Оқулықпен жұмыс.

Автор туралы мәлімет беру.

 «Алтай ақша сұрамайды»  мәтінін оқу.

 

Сұрақтарға жауап беру.

 

Дәптермен жұмыс.

 «Ақшаға айтарым» тақырыбына күлдіргі мысал немесе хат жазу.

 

Сөздік  жұмыс.

 

Топпен жұмыс.

Өз пікіріңді дәлелде, қорытынды жаса.

-Әкесі баласының ешкімнен, тіпті әжесінен де ақша сұрауына неліктен тыйым салды?

-Әңгімеден өзің үшін қандай пайдалы кеңес алдың?

-Алтайдың ақша сұрайтын әдеті өзіңде кезедесе ме?

 

Сергіту сәті.

«Көңіл күй»

Оқушылар көңіл-күйлерін смайликтер бойынша бағалау сұралады.

 

ББҮ кестесін толтыру.

 

 

Бағалау.

Үйге тапсырма.

Мәтінді оқу. 97-98 бет

 

Әр топтағы оқушылар  өз түсініктерін айтады.

 

 

 

 

Топтағы оқушылар өз беттерімен оқиды

Сұрақтарға жауап береді.

 

Әр топ бір-біріне сұрақтар әзірлеп қояды. (мәтін мазмұнына байланысты)

 

Әр оқушы өз бетімен хат немесе мысал жазады.

 

 

Абыржу-мазасыздану.

 

 

 

Сұрақтарға толық жауап береді.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Әр оқушы өз көңіл –күйін бағалап айтады.

 

 

 

 

 

 

Мәтін мен өлең туралы не білетіндерін, не білгендерін, нені үйренгендерін жазады.

 

Қай оқушы сабаққа қалай қатысқандарын бармақпен көрсету арқылы бағалайды.Сабақтан алған әсерлерінстикерге жазып, «Білім ағашына» іледі.

 

 

Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз

Мақсаты: Балаларды ана тілінің қасиетін сезінуге,мәртебесін көтеруге баулып,танымдылық қабілетін арттыру.Тілді құрметтей білуге тәрбиелеу.

Ана тілім –дана тілім, айбарлым
Сырың терең, тұнығындай қайнардың
Ана тілім –қасиетім қастерлім
Бір өзіңнен бақыт нәрін алғанмын –деп ақындар жырлағандай халқымыздың өшпес асылы, сөнбес шырағы, мол қазынасы, сан ғасыр тарихы бар, қасиетті тіл мен өнеріне арналған «Тіл тірегіміз, соғып тұрған жүрегіміз» атты тақырыптық тәрбие сағатымызды бастаймыз.
- Балалар, қандай мерекені атап өткелі жатырмыз.
- Тілдер мерекесін
- Елбасы Н.Назарбаевтың 1998 жылғы 20 қаңтардағы жарлығына сәйкес
«22 қыркүйек –Қазақстан халықтарының тілдер күні» ретінде аталып келеді.
1. Менің тілім біреу –ақ
Сөйлейтін де жазатын
Тауып қойған тілеуі –ақ
Қазақ деген өз атын
2. Тілім барда мақтанам
Тілім менің аппақ ән
Бірлігімде бүгінгі
Ана тілім сақтаған
3. Ана тілім ұраным
Ана тілім құралым
Ана тілім болмаса
Мықты болмас тұрағым
Мұғалім: «Тіл не үшін керек»? Осы тіл не үшін керек?
Тіл бір –бірімізбен сөйлесу үшін қажет қой.
Жарайды, онда адамдардың бәрі бір ғана тілде сөйлемей ме?
«Неге ана тілі деп бөледі?»
Себебі, әр елдің өз Отаны, өз тілі бар емес пе.
- Балалар, сендер бір –біріңмен сөйлескенде қай тілде сөйлесесіңдер?
- Қазақ тілінде, ана тілінде сөйлесеміз.
- Неге, біз өз тілімізді ана тілі дейміз?
- Себебі, бұл тілді анамыздың аузынан естиміз.
- Дұрыс айтасыңдар. Ана тілі дегеніміз, ананың ақ сүтімен бойға дарыған өз анамыздың тілі ғой.
Ал, ана деген –бәрінен де, қастерлі, аяулы да, асыл жан.
4. Ана тілін біліп қой
Бостандығың теңдігін
Ана тілін біліп қой
Мақтанышым елдігің
5. Келе жатқан мәңгіден дара салтым
Мақтанышым елдігім парасатым
Сенсіз тілім, теңі жоқ тіршілігім
Өміріме өң беріп жарасатын
мұғалім: Ана тілі туралы кім қандай мақал –мәтел біледі?
1. Ана сүті бой өсіреді
Ана тілі ой өсіреді
2. Піл көтермейді
Тіл көтереді
3. Ақыл көркі –тіл
Тілдің көркі –сөз
4. Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте
5. Өнер алды –қызыл тіл
Ән: «Туған жер»
6. Ана тілді білмесем
Шат –шадыман жүрмес ем
Жер бетінде сайраңдап
Қазақ болып жүрмес ем
7. Өсірген ой –білімді
Сүйем туған тілімді
Мақсат етем әр сөзін
Мәнін терең білуді
Мұғалім: Балалар, міне осы өлең –тақпақтарда айтылғандай, өз тілімізді, қадірлеп, оны сүйе білуіміз керек.
Тіл бар жерде, ұлт та, ел де, жер де болмақ. Сондықтан әрқайсысымыз өз ұлтымыздың тілін қадірлей білейік.

 

Төрт түлік туралы жырлар. Қой

 Сабақтың мақсаты: оқушыларды төрт түлік түрлерімен таныстыру, олардың төлдерін қалай шақырту керектігін, атасын, оларды бағатын адамдардың қалай аталатынын сәйкестендіру тестісі арқылы орындату, өленді түсініп, мәнерлеп оқуға үйрету. Білімділігі: мал дәрігері туралы әңгімелей отырып, мамандық туралы бағдар беру. Тәрбиелігі: ұлттық салт – дәстүрді, ұлттық тағам түрлерін, бұйымдарды білуге үйрету. Дамытушылығы: тіл байлығын арттыру, өз сөздерімен байланыстырып сөйлеуге үйрету.

Сабақтың барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі.

2. Үй тапсырмасын сұрау: «Шибұт, Қылмойын, Қарынбас» ертегісін мазмұндау.

Ертегіден алар қорытындымыз не? «Ұрлық түбі қорлық» дегенді қалай түсінесіңдер? Ұрлық істемей таза жолмен жүру үшін не істеу керек деп ойлайсыңдар?

3. Жаңа сабақ.

Біздің ата-бабаларымыз да еңбекпен күнелткен. Қазақ халқының  ұлттық кәсібінің бірі – мал бағу екенін білесіңдер. Жазғы каникулда ауылға, ата-әжелеріңе барғанда көрген боларсыңдар.

 - Төрт түлік малды кім атап береді? Малды не үшін өсіреді?

- Бүгінгі сабағымыздың тақырыбы:

«Төрт түлік мал туралы жырлар. Қой»

Мұғалім: Төрт түлік туралы жырлар да ертегілер сияқты ауызша жеткен халық шығармаларының бірі.

Сұрақтар:  1. Төрт түліктің төлдерін атаңдар.

                   2. Төрт түліктің пірлерін атаңдар.

                   3. Төрт түлік қалай дыбыстайды.

                   4. Ата-бабамыз неліктен осы кәсіпті таңдаған екен?

Дәптермен жұмыс.

Қойдың атаулары: қозы→ марқа→ тоқты→ тұсақ→ саулық.

Төрт түліктің адамға беретін тағамдарын жаз.

Қосымша деректер: Қой туралы әңгіме. «Әз жүру» – халық даналығы. Халық санатында наурыздың 20 – 22 – сі аралығында «әз жүру» деген ұғым бар. Ол әуеде болар – болмас діріл мен гүжілдің пайда болуы арқылы білінеді. Әздің жүруімен табиғатқа жан бітеді. Әздің жүрегінің тек өрісте жүрген қойлар ғана сезеді. Олар жайылып жүргенін қоя салып, көкке қарап жамырай маңырап қоя береді. Шопан оны көріп мәз болады. «Әз болмай. Мәз болмайды» деген мақал содан қалған.

Шығармашылық жұмыс. Өлең құрастыру.      

 

Сабақты қорыту. Тыйым сөздерді білу қажет.

Мал сүйегін пешке салма.

Қойдың жүнін, мүйізін отқа жақпайды.

 Ақты төкпе Малды теппе

 Малға теріс мінбе

 Малдың басынан ұрма

Үйге тапсырма: «Қой» өлеңін жаттау.


 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Өнеге отбасынан басталады" 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор школы

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 626 796 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.10.2015 5207
    • DOCX 39.9 кбайт
    • 12 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Дюсупова Маржан Саингазиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Дюсупова Маржан Саингазиновна
    Дюсупова Маржан Саингазиновна
    • На сайте: 8 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19274
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Развитие критического мышления у младших школьников в условиях обновленного ФГОС НОО

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 73 человека из 27 регионов

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по литературному чтению у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии управления профессионально-педагогической деятельностью учителей начальной и средней школы в условиях реализации ФГОС

72/144/180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 27 регионов

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 17 регионов

Мини-курс

История классической музыки от античности до романтизма

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе