Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты "Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні"

библиотека
материалов

hello_html_30254634.gifhello_html_5d90679d.gifhello_html_7115e965.gifhello_html_7115e965.gifhello_html_m7b6201e0.gifhello_html_5741369c.gifТақырыбы:

Нұр себеле, Ұлыстың ұлы күні

Мақсаты:

1.Оқушыларға Ұлыстың ұлы күні туралы мағлұмат беру.

2. Наурыз мерекесіне қатысты жоралғылармен таныстыру.

3. Отанын сүюге, ұлттық салт-дәстүрді дәріптеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: слайд, нақыл сөздер, ұлттық киімдер,жартылай тігілген киіз үйде ұлттық ыдыс-аяқтар, қамшы және т.б.

Сабақтың барысы:

Құрметті ұстаздар, оқушылар! Дәстүрімізге айналған Ұлыстың ұлы күні –Наурыз құтты болсын! Күлімдеген шуақты көктеммен бірге қазақ даласына жер әлемді жайнатып, әнші құстарды сайратып, Наурыз тойын тойлатып жаңа жыл келді.

І. Топтастыру:

Балалар , ең әуелі біз топқа бөліну үшін, мына ыдыстағы тәттілерді түсіне қарай таңдап алуымыз керек. Сары түстілер - «Бірлік» тобы, жасыл түстілер – «Достық» тобы.

Ал, балалар, алған тәттілеріміздің ішінен кімге қандай тосын сый түсіпті?

ІІ. Ой қозғау:

«Таза мінсіз асыл тас, су түбінде жатады

Таза мінсіз асыл сөз, ой түбінде жатады» ойымыздың жүйрік екенін мына тапсырма арқылы байқайтын боламыз.

І топқа: «Ауылдың алты аузы» дегеніміз не? «Тойбастар» дегеніміз не?

ІІ топқа: Ауызбастырық дегеніміз не? «Ауыз тию» дегеніміз не?

«Ауылдың алты аузы»

         Тойда, ойын-сауықта, қонақ кәде сұрағанда, көбінесе, алыстан келгендер «ауылдың алты ауызы» болмайтын ба еді,» әуелі өздеріңіз бастаңыздар» деп қалатын әдеті бар. Демек, бұл «жол өздеріңізден,өнер,өлең ауылдан басталсын» деген сөз. Сөйтіп өлең ауыл өнерпаздарыңыздан басталады. «Ауылдың алты ауызы» дегеніміз осы. Бұл өлең табан астында суырып салып айтылуы немесе бұрыннан таныс өлең, жыр түрінде орындалуы мүмкін. Мұның ән, әуені де әр түрлі болады.ауылдың алты ауызы өнерлі жастарды топ алдына шығаруға, олардың халыққа танымал болуына игі әсер еткен.

Ауыз тию

         Алыс сапарға, емделуге шыққан адам ауылдың үлкен үйінен дәм татып аттанатын ырым бар. Бұл сол «қарашаңырақтың» киесі қолдасын деген сенімнен шыққан. Сондай-ақ дастарқан үстіне келген адам міндетті түрде ауыз тиюге тиіс. Ал таңертеңгі астан міндетті түрде ауыз тиеді. Мұндайда әйел болса «күйеуің тастап кетеді», еркек болса «әйелің тастап кетеді» деп әзіл айтады. «Таңертеңгі асты тастама, кешкі асты бақпа» деген мәтел бар. Қазақтың дәстүрі бойынша үйіне келген адамға дәм ауыз тигізбей шығармауы керек. халықта «қуыс үйден құр шықпа» деген сөз бар. Мұның бәрі қонаққа ерекше ықыласты көзқарастың белгісі.

Ауызбастырық

         Біреуді сөзбен жығып, ұстап оны орнынан тұрмастай етіп өлең шығарғанда, әзіл тастағанда (немесе ұятты іс істегенде) ұтылған адам өзінше әлгі сөзді басқа адамға таратпау үшін «ауызбастырық» береді. Ол бұл сөзді ешкімге айтпаңыз деген жалынуы, кешірім сұрауы болып табылады. Ауызбастырық алған адам әлгі сөзді ешкімге айтпауы керек. ауызбастырық серттің бір түрі болып табылады.

Балалар рахмет жауаптарың өте дұрыс. Қазақ халқының әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін жақсы білетіндіктеріңді көрсеттіңдер. Қалай ойлайсыңдар бүгінгі сабағымыздың тақырыбы не туралы болмақ?

Дұрыс айтасыңдар, біз бүгінгі сабақта наурыз жоралғылары туралы түсінік алатын боламыз.

ІІІ.Негізгі кезең:

Мұғалімнің кіріспе сөзі:

Наурыз – өте көнеден келе жатқан мейрам. Күні бүгінге дейін жер шарындағы көптеген халықтардың дәстүрлі мейрамына айналып отырған бұл мерекенің қашаннан бері тойланып   келе жатқанын дөп басып айту қиын. Бұл күні күн мен түн теңелетін, жан-жануарлар төлдеп, адамдардың аузы аққа тиетін, жер үстінде шаттық орнаған күн. Қазақ елі осы күнді «Ұлыстың ұлы күні » деп атаған. Наурыз мерекесі - жаңарудың,  тазаланудың  белгісі.

ІV. Жоба қорғау:

Наурыз мейрамында жасалынатын әдет-ғұрыптар:




Наурыз










V. Наурыз жоралғылары:

Құшақтасып көрісу.

Төс қағыстыру.

Қыдыр атаның енуі.

Саумалық айту.

Наурыз көже.

Ағаш отырғызу.

Селт еткізер.

Мұғалім сөзі: Наурыз мерекесіндегі сәлемдесу  түрі қалай аталады? Балалар, Наурыз мерекесінің  ең негізгі  жоралғысы – құшақтасып көрісу, жаңа тілек тілеу.

(Балалар құшақтасып көріседі, төс қағыстырады)

Қыдыр ата-бүкіл халық қамқоры,  қасиет иесі, әулие көріпкел,  жарылқаушы.

Жаңа енген жаңа күнде  әр үйді Қыдыр ата аралайды. Қыдыр ата күн демей, түн демей, тілекші болып,  үй – үйге енеді екен.


Наурыздың тағы бір жоралғысы – «Саумалық» айту. Наурыз келгенін бір-біріне хабарлау «саумалық» деп аталады. Саумалық  өлеңмен айтылады. 


Саумалық, саумалық,

Наурызымның көк құсы

Ұйқыдан көзін ашты ма?.


Иә, нәурізек келді!

Саумалық, саумалық,

Самарқанның көк тасы

Жібіді ме, көрдің бе?


Иә, көк тас еріді.

Ескі жыл кетті,

Жаңа жыл келді.

Ескі жыл есіркей кет,

Жаңа жыл жарылқай кел.

Наурыз мерекесінің ең басты тағамы қалай аталады? Наурыз көже қанша дәмнен жасалады?

Наурыздың нағыз сәні ол наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмнен жасалады. Соғымнан қалған сұр ет, қойдың басы, сүт, езілген малта құрт, бидай немесе тары, күріш сияқты дақылдардан жасалады. Наурыз көже неге жеті түрлі дәмнен жасалған?
Жеті деген киелі санға құрылған. Қазақ киелілікке, ырымшылдыққа аса мән берген. Наурыз көжеге су қосқаны – өмір өзен, ұрпақ – өріс судай асып – тасысын дегені болса керек. Абайша айтсақ:
Дүние – үлкен көл
Заман – соққан жел.
«Алдыңғы толқын ағалардың», «кейінгі толқын інілерге» ықпалы тарихының айғағы. «Сылдырап өңкей келісім, тас бұлақтың суындай болайық» дегені.
Тұз қосқаны: Қазақтың мәдениеті – сөз. Қашаннан сөзді қадірлеген қазақ ешқашан дәмсіз сөз сөйлемеген. Сондықтан да «Тұз – астың дәмін келтірер, мақал – сөздің мәнін келтірер» деп мағыналы мақал айтқан. «Құр бос жүре бермей нәтиженің дәмін білейік, бір-бірімізге дәмді сөздер айтысып жүрейік» деген мағынада ырымдалған болса керек.
Сүт немесе ақ құйғаны – сүттей ұйып отырайық, ақ мол болса денсаулыққа да кепіл дегені. Көңіліміз де ақ болсын деген таза ниет. «Ағы бардың – бағы бар» деп түсінетін қазақ халқы сүт тағамын бақыт несібесі деп білген. Қазақтың ұлттық тарихында ертеден пайдаланып келе жатқан ұлттық тағамдардың түрлері сүттен жасалады. «Қазақ» сөзінің тіркесіндегі «ақ» сөзі де осымен жалғасып тұрғаны көп мағынаны түсіндіреді.
Сондықтан да Наурыз көжені наурыз айында кедейлерге тарататын тағам түрінде емес, арнайы ырымдап жасайтын болған. Дәнді-дақыл пайдалы, сабағынан дәні мәуелеп, төгіліп тұратын құтты, ырысты өсімдік. Наурыз пайдалы да құтты, ырысты болсын, өскін мол болсын деген қазақ тілегінің, ырымының басты көзі Наурыз көже болса керек.
Көжені ыдысқа толтырып құяды, бұл - «жаңа келген жылдан несібесі ортаймасын» дегендік. Әрі сол құйылған көжені тауысып ішу керек, әйтпесе несібесі кем болады дейді.
Наурыздың  ең  қасиетті жоралғысы - ағаш отырғызу.

Қазақ Наурыз мерекесiнде адамдарға ғана емес, табиғатқа да ерекше қамқорлық жасаған. Дана халқымыз жыл басында ағаш отырғызып, бұлақтың көзiн ашқан. « «Бiр адам бiр ағаш отырғызса, амал дәптерiне отырғызған ағашының жемiсiндей сауап жазылады» — деген. Сондықтан, Наурыз күндерi ағаш отырғызуды дәстүрге айналдырудың сауабы өте мол. (Сабақ соңында наурыз көже ішкізіліп, ағаш отырғызылады.)

Наурыздың тағы бір жоралғысы- «Селт еткізер» сыйы. Бұл сыйлықты қыздарды таң қалдыру мақсатында  ұлдар әзірлейді. Селт еткізу үшін айна, тарақ, иіс су  ұсынылады.

Айна-сұлулықтың белгісі.

Тарақ-талғампаздықтың белгісі.

Иіс су- жұпар иіс белгісі.

Бүгін ұлдар наурыз мерекесінің  болатынын білмегендіктен, бұл сыйлықты әзірлеген жоқ. Сондықтан мен сендерге осы сыйлықты  әзірлеп әкелдім, сабағымның соңында тапсырамын.

VІ. Жоғалған сөздер. «Наурыз тілек» тақырыбына эссе жазу. /3 минут/

І топқа тапсырма:

Су ........., қой қоздап,
Наурыз келсе ... басы.
Бау - ..... ішін өрнектеп,
Өзгерер ..., тұлғасы.
ІІ топқа тапсырма:
Ежелгі Шығыс ......,
Аңсаған ....., ойы бар.
Тарқайтын .... жерімнің,
Дәстүрлі ...... тойы бар.


Су сылдырлап, қой қоздап,
Наурыз келсе жыл басы.
Бау - бақша ішін өрнектеп,
Өзгерер өңі, тұлғасы.

Ежелгі Шығыс еліміз,
Аңсаған арман, ойы бар.
Тарқайтын шері жерімнің,
Дәстүрлі Наурыз тойы бар.


VІІ . Қорыту.

Мұғалімнің қорытынды сөзі:

Сынып сағатын қорыта келе, сый ұсынамын.

  • «Селт еткізер» сыйлығын  ұсыну.

  • Оқушыларға алғыс айтып, тәрбие сағатын аяқтау.








































Автор
Дата добавления 24.03.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров127
Номер материала ДВ-553271
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх