Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты: Қош бол, сүйікті Әліппе!

Тәрбие сағаты: Қош бол, сүйікті Әліппе!

Скачать материал

Құрық селосының № 6 орта мектебі” мемлекеттік мекемесі










hello_html_6196883b.gif





Сыныпжетекшісі:Қалиева Айсұлу

Жақсылыққызы


1 “А” гимназия сыныбы












Құрық селосы

2015-2016 оқу жылы



Тақырыбы: «Қош бол сүйікті, Әліппе!»

Мақсаты:

  1. білімнің бастауы болған Әліппе оқулығының мектеп өміріндегі орнын түсіну,

одан алған білім дағдыларын, өнерлерін көрсету; жаңа оқулықпен таныстыру;

2) оқушыларды топқа бөлу арқылы оқу мен ойлау қабілеттерін арттыру, тіл

байлығын дамыту;

3) Отанды сүюге, мектебін, ұстаздарын, ата-аналарын құрметтеуге, білімді болуға және адамгершілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.

Көрнекілігі: нақыл сөздер жазылған плакаттар, әріптердің, “Әліппе” мен “Ана тілі”

оқулықтарының макеті, топ аттары жазылған парақшалар, түрлі түсті шарлар, суреттер, гүлдер, үнтаспа, үлгілі дәптерлер мен салған суреттер көрмесі


Б а р ы с ы.

Ұйымдастыру. Бөлмеде көңілді музыка ойнап тұрады. Сахнада орындықтар

доғал болып орналасқан. Әр орындықтың жанында омырауларына әріптер мен эмблемаларын қадаған мерекеге сай киінген оқушылар қатар тұрады.

Жүргізуші : Құрметті ұстаздар мен ата-аналар, қонақтар!

1 “А” гимназсынып оқушыларының “Қош бол сүйікті, Әліппе!” атты мерекесіне қош келдіңіздер! Әліппемен қоштасу – бәріміз үшін ортақ мереке, үлкен қуаныш. Бала – біздің болашағымыз, еліміздің ертеңгі ел тізгінін ұстар ұрпағымызды жақсылыққа баулу, бойына ізгілік нұрын, білім шуағын беру – ұстаздың міндеті. Кеше ғана оңы мен солын танымаған ойын балалары төрт ай уақыт ішінде сауаттанып, өздері оқи алатын дәрежеге жетті, кеше ғана дәптер бетін шимайлай ғана білетін кішкене бүлдіршіндер бүгінгі күні дәптер жолымен түзу, әдемі етіп жаза алатын болды. Осы жетістіктерге олар алғаш қолдарына ұстаған кітаптары “Әліппе” арқылы жетіп отыр. 1 “А” сынып оқушылары бүгін барлық ғылымның атасы, алғаш әріп танытқан, жақын досына айналған сүйікті Әліппелерімен қоштасып, қызықты да ғаламат өзгерістер сыйлаған , білім нәрімен сусындатқан, өмірде өз жолдарын табуға жол сілтеген ұстаздарына, ата- аналарына өз өнерлерін көрсетуге оқушылар дайын. Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер! 1 “А” сынып оқушыларын сынып жетекшісімен бірге ортаға шақырамыз. Мерекелік жиынның I бөлімі “Қош бол сүйікті , Әліппе!” атты әдеби-сазды бағдарламасын ұсынамыз.

Жүргізушілерімізді ортаға шақырайық! Нұрбол пен Амина


Нұрбол : Армысыздар, ата-аналар,

Бармысыздар, балалар!

Сөзіме құлақ салыңыз,

Бір серпіліп қалыңыз.

Әліппеге арналмақ

Бүгінгі жыр-әніміз.

Амина: Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ болып бүгінгі өскен ойымызға

Қош келіпсіз ұстаздар, ата-аналар

Әліппемен қоштасу тойымызға!

Нұрбол: Өтті оқу сан сабақ,

Бүгін үлкен салтанат.

Төрт ай бойы достасқан

Әліппеміз қоштаспақ!

Амина: Ой, білімі жаңғырып,

Әліппеден мәңгілік

Әріптерді таныған

Өңкей білгіш балдырған.

Өсті білім, ойларың,

Құтты болсын тойларың!

Амина: Біз бүгін шексіз қуаныштымыз, өйткені алғаш хат танытып, сауатымызды ашқан Әліппені бітірдік. Әліппемен қоштасу тек біздің мектебімізде ғана емес, барша Қазақстан бойынша қоштасып жатыр екен.

Нұрбол: Ия, Әмина, осы жерде жүргізуші болып тұрғанымыздың өзі, Әліппенің арқасы деп білемін.

Амина: Иа, Нұрбол, Дұрыс айтасың біз Әліппеден -кітап оқуды, өлең жаттауды, сурет салуды, ән айтуды үйрендік.

Нұрбол: Достар, мен сендерге сұрақ қоямын:

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?

Оқушылар хормен:

Болашаққа жол ашар,

Ол -сүйікті Әліппе,

Амина: Дұрыс айтасыңдар, балалар. Олай болса, бәрімізге қымбат дос Әліппені қол

шапалақтап ортаға шақырайық!

Хормен: Ә-ліп-пе! (3 рет айтылады. Ортаға Әліппе шығады)

Әліппе ортаға шығады: (музыкамен шықса) балалар артта билеп тұрады

«Әліппе» әні

Әліппе:

-Армысыңдар жас достар!

Армысыңдар, ата-ана!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Менің атым – Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып ержеткен

Апаң менен атаң да,

Әкең менен анаң да.

Шопан, ғалым, ұстаз да,

Ғарышкер де, аспаз да.

Жақсылардың барлығы

Әріптерден басталған.

Әліппені меңгеру –

Әр балаға басты арман.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.


Амина : Үйретіп бізге алғаш Әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары

Оқудың сәулесімен жарық көрді,-

дегендей, адам баласы мұғалімнің үйретуімен Әліппе арқылы сауатын ашса,

одан әрі ғылым жолына апаратын терең білімді меңгеруге басқа да оқулықтардың үлесі көп. Соның бірі – “Ана тілі” оқулығы. Балалар, қонаққа жаңа досымыз “Ана тілі” келе жатыр. Қарсы алайық!

Ана тілі: (5 “А” гимназия сынып оқушысы _____________________)

- Сәлеметсіздер ме, балалар! Тойларың құтты болсын! Мен өзімді Әліппеден таныстырайын. Мен “Атамұра” баспасынан шыққан ана тілімін. Мен сендердің алған білімдеріңді көруге және сендермен достасуға келдім.

Нұрбол : Ана тілі, келіңіз,

Тамашаны көріңіз.

Төрімізде орын бар,

Құтты мейман болыңыз!

Ана тілі: Менің жақын достарым,

Сендерге менің айтарым-

Білім, тәрбие өнерім көп,

Достарыма берерім көп.

Ортаңызға келіп тұрмын,

Өздеріңді көрейін деп.


Амина: Жақсы білім – көрімдік

Болсын сізге, халайық.

Не үйреніп, не білдік,

Қане, ортаға салайық!


Аружан Қ: Бар кітапқа бас болған

Әліппе-ғылым анасы.

Әліппеден басталған

Даналықтың данасы.

Әліппе – білім анасы,

Әліппе – кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы


Хафиза : Оқыған оны ғалым да,

Оқыған оны ұстаз да,

Оқыған көсем , қолбасшы,

Жазушы , ақын – дарын да.

Оқыған оны ата – анам,

Мен де оқып одан бата алам,

Сырласып, газет- журналмен,

Хат беріп достан, хат алам.


Алибек: Ізгілікті ойға тоқитын,

Шәкірт боп үздік оқитын,

Әліппе атты кемемен,

Жүземін білім мұхитын.

Кәусар: Қолыма кітап тигеннен,

Таудай болып үйге енгем.

«Анашым» деген жазуды,

«Әліппеден» үйренгем.

Әріптің біліп қанығын,

Өмірдің көрдім анығын.

«Әке» деп те жазуды,

«Әліппеден» таныдым.

Жигер: Білем байтақ даланы,

Білем үлкен қаланы

«Әліппеде» бәрі тұр,

Білем жақсы баланы.

Әскерде жүр өз ағам,

Арнап жақсы сөз оған,

«Әліппеден» үйрендім,

Хатты өзім жаза алам.

Жұлдыз: Орындалып тілегім,

«Әліппеден» түледім.

Қызық қызық енді мен,

Ертегі айта білемін.

Шеше аламын жұмбақты,

Ажыратам жан жақты.

Білім беріп, «Әліппем»,

Жүрегіме шам жақты.

Қолымнан мен тастаман,

Артық көрем басқадан.

Барар жолды білімге,

«Әліппеден» бастағам.

Хор: «Әліппе»

Нұрдаулет: Әліппем, менің Әліппем,

«А»- деген бастап әріптен,

Сендерді оқи бастадым,

Тақылдап бәрін танып мен.

Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Мерейлім: Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертекті,

Үйреткен оны, Әліппе!

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке.

Риза боп саған жүреміз,

Сүйікті біздің, Әліппе!

Жұлдыз: Білімге жолды бастаған,

Оқы деп ұран тастаған,

Көп нәрсені үйреткен

Хормен. Әліппем, саған, мың алғыс!

Хор : «Рахмет саған, Әліппе»

Амина: Нұрбол, алғаш мектепке келген кезің есіңде ме?

Нұрбол: Иә, Амина, есімде. Алғаш мектепке келген күні бізді ұстазымыз Айсұлу апай қарсы алып, бізді мектеппен, мектеп ережесімен таныстырған. Сонымен қатар, Әліппе оқулығын ұсынып, енді Әліппемен дос боласыңдар деген. Солай ма, балалар?


Жигер: Қош келдің,- деп, - балдырған,

Күліп шыққан алдымнан

Шексіз сеніп ата –анам,

Жаныңызға қалдырған

Сипап қойып басымнан,

Кетпей жүрген қасымнан

Құрбылармен өзіңдей,

Достастырған асыл жан.

Раушан: Жетілткен ой – сананы,

Тәрбиелі әр сабағы,

Алғаш сыннан өткізіп,

Қойған тұңғыш бағаны

Сырыма көз тастаған,

Ізгілікке бастаған,

Көбейсе де шәкірті,

Қиындықтан қашпаған


Хафиза: Ең алғаш қолға алғанда Әліппені,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың

Ұстазым маған кілтін алып берді.


Алибек: Оқытты ұстаз – анамыз,

Өсті білім, санамыз.

Оқу – білім үйреткен

Хормен: Ұстаздарға мың алғыс!

Кәусар: Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Рахмет, ұстаз алғашқы!

Х о р “Ұстазым, менің ұстазым”

Амина: Әліпбидің А тұрады басында,

Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Байқадың ба, Б тұрады үшінші,

Ал осының сыры неде түсінші?!

Нұрбол: А деген ол аналар ғой ардақты,

Ә деген ол - әкелер ғой салмақты.

Б деген ол – балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Дилназ: Еркесі едім атамның,

Еркесі едім апамның.

Толып биыл алтыға

Мен оқушы атандым.

Дайын дәптер, Әліппем,

Доспын барлық әріппен.

Қуантамын анамды

Үздік баға алып мен.

Ақбота: Әнге, биге бастаймыз,

Тақпақты да жаттаймыз.

Ата-ананың үмітін

Біз сеніммен ақтаймыз.

Ахмедияр: Жайнатар кең өлкені,

Болашақтың ертеңі.

Біз бақытты балдырған

Ата-ананың өркені

Хормен: Ата-анаға мың алғыс!

Х о р Ата-ананы тыңдаймыз

Амина: «Анам»

Әліппе: Балалар, сендердің өнерлеріңізге өте ризамын, ал енді сіздердің білімдеріңізді көргім келіп тұр. Енді жұмбақ шешіп көрейік!

1.Бір үйге көзсіз боп басың сұғасың,

Бұл үйден көреген болып шығасың. (Мектеп)


2.Бетін адам ашады

Білім нұрын шашады .(Кітап)


3.Маған да, саған да,

Жақын туыс – бес адам.

Үш әріптен тұратын,

Оңға оқы, солға оқы,

Өзгермейді еш одан,

Бәрі де өз жұратың,

Айтады кәне: кім атын?(Ата; Ана;Апа; Аға; Іні)


Құстан аумайды,

Көкте заулайды. (Ұшақ)

2-кезеңінде оқу және жазу сауаттылығын көрсету үшін 3 оқушы “Әліппе”оқулығынан талапқа сай әрі шапшаң мәтін оқыса, 3 оқушы тақтада

сөздер жазады.

3-кезеңі жұмбақтар шешу мен мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар айтуға арналады.


Санамақ”

Бір дегенім-бесік, / Аружан А/

Шықтың содан өсіп.

Екі деген елім,

Далам, тауым, көгім.

Үш дегенім – үміт,

Үміт артар жігіт.


Төрт дегенім - төзім, /Жазира /

Төзе білем өзім.

Бес дегенім – бақыт,

Бағалайтын уақыт.

Алты дегенім – ақыл,

Тыңдағаның мақұл.

Жеті деген – жалау, / Нұрбақыт/

Жүректегі алау.

Сегіз деген – сөзің,

Серт беретін кезің.

Тоғыз деген – тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.

Бәрі: Он дегенім Отан,

Мұғалім: Қорға соны, ботам!

Әмина: Әліппенің тойында,

Әркім құмар ойынға.

Әріптер сыр ашады,

Әсем биге басады.

А –Абай Құнанбаев /Аружан Қ/

Абай ата өлеңін

Жатқа оқып беремін.

Ұлы баба жолымен

Тура жүріп келемін

Ә –Мұхтар Әуезов / Ахмедияр/

Әуезов Мұхтар атаның

Әлем білді атағын.

Б –Бауыржан Момышұлы /Жигер/

Қаймықпаған жауынан

Қаһарман ата Бауыржан

Г – Гүлфайруз Ысмайылова/ Ақбота/

Дарынды қызы қазақтың,

Суреттері ғажап тым.

Мен Гүлфайрус ападай

Суретші қыз болмақпын

Ғ - Ғабит, Ғабиден /Нариман/

Ғабиден, Ғабит еңбегі

Ғұмырлық байлық елдегі.

Д – Дина Нұрпейісова / Дилназ/

Домбыраны сөйлеткен

Дина –күйдің анасы,

Күйін ұйып тыңдайды

Барша қазақ баласы.

Е – Ескендір Хасанғалиев /Нұрбол/

Әрбір үйдің түндігінен естілген

Ескендірдің әндері ғой деп білем.

Ж –Жамбыл Жабаев / Жұлдыз/

Жүз жыл бойы жырлаған

Жамбылдан ешкім озбаған.

К –Күләш Байсейітова / Кәусар/

Ерекше дауысы

Тамсантты талайды,

Күләшті әрі қазақ

Бұлбұлға балайды.

Қ –Шәмші Қалдаяқов /Алибек/

Елұран әуені

Жеңіске бастайды,

Шәмшінің әндері

Мәңгілік жасайды.

М –Мәншүк Маметова / Мерейлім/

Ескерткіші тұр оның

Қаланың қақ төрінде

Мәншүк батыр апаның

Мұражайын көрдің бе?

Н - Нұрсұлтан Назарбаев /Нұрбақыт/

Қазақстан халқының

Президенті алғашқы,

Бағыт беріп еліне

Болашаққа жол ашты.

О –Олжас Сүлейменов /Әмина/

Орны бөлек алыптың,

Олжас –ұлы халықтың.

Р –Роза Рымбаева /Раушан/

«Әлия» деп ән салып,

Жер жүзіне таралған,

Рымбаева Розаның

Атын айтып мақтанам!

Т –Талғат Мұсабаев /Нұрдаулет/

Ғарышқа саяхат жасаған,

Талғатты білмейді қай адам?

Ф – Фариза Оңғарсынова /Жазира/

Фариза қыз –кең даладай дарынды,

Өлеңдері -асау аттай арынды.

Ш –Шұғыла Сапарғалиева /Аружан А/

Қазақ биін танытты кең әлемге,

Шараның ізін басқан Шұғыла әпке

Ы – Ыбырай Алтынсарин /Хафиза /

Оқу, білім жолына

Балаларды шақырған,

Мектеп ашып оқытқан,

Алтынсарин –жақсы адам

Нариман : Барлық әріп бағалы,

Айттық әділ бағаны.

Әріпсіз сөз болмайды,

Буын онсыз толмайды.

Адам барлық әріпті

Бағалайды, қолдайды.

Аружан Қ: Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің

Хафиза: Таныстырып қырық екі әріппен

Қош бол, менің қасиетті Әліппем!

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Хормен: Бәрімізді сүйіп өткен,

Балаларға үйреткен.

Әліппе мен ұстазға,

Бас иеміз құрметпен. (Бас иеді)

Мұғалім-: Балалар, Әліппеге не айтасыңдар?

Хормен: Ә-ліп-пе-ге рақ-мет!

Әліппе: Балалар мен сендердің білімдеріңе ризамын! Енді сендер “Ана тілі”

оқулығын да жақсы оқыңдар!

Ешқашан да кір шалмасын беттерін,

Таза болсын оқулық пен дәптерің.

Оқығандарың есте болсын,

Күнделіктерің беске толсын!

Қ о ш с а у б о л ы ң д а р, б а л а л а р! (Әліппе шығып кетеді)

Жұлдыз : Әліппемен қош айтысып қаламыз,

Енді қолға Ана тілін аламыз.

Ата-аналар! Төрт ай уақыт ішінде

Сауатты боп шықты міне балаңыз.

Ана тілі: Ана тілің арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте.

Балалар, енді сендер бұрынғыдан да көп оқып, көп нәрсені үйренесіңдер. Мен сендерді Ана тілін жақсы оқиды деп сенемін. Біз жақында кездесеміз.


Мұғалім: Айтыңдаршы, балалар! Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)

Қазақстан туралы кім тақпақ айтады?

Мерейлім: Елімнің атын айтсам – Қазақстан,

Жерімнің атын айтсам – Қазақстан.

Қойнауы қазынаға толған мекен,

Байлығын атын айтсам – Қазақстан.

Ақбота: Қазақстан – менің атамекенім,

Ар-намысы, тұғыры биік өлкенің.

Егеменді, тәуелсіз ел атанған

Қазақстан, сені мақтан етемін

Мұғалім: Қазақстанның астанасы қай қала? (Астана)

Астана туралы кім тақпақ біледі?

Астанам

Бабалардың көзіндей, Отанымның төрінде,

Даналардың сөзіндей. Сарыарқаның өрінде

Ұлы дала тұрғызды Ту ұстаған Астанам –

Ұлы қала өзіңдей. Әсем қалам, бас қалам!

Амина: «Мен қазақпын»

Ән: «Егемен ел Қазақстан»

ІІ-бөлім «Осы біздер қандаймыз?»

Амина: Нұрбол,Әліппемен қоштасып,

Ана тілімен достасқан

Осы біздер қандаймыз?

Нұрбол : Оны біз сыныптастарымыздан сұрайық!


Біз қызықпыз, қызықпыз. /Аружан /

Сәл еркелеу бұзықпыз.


Мың бұралған бишіміз/Хафиза/

Күмбірлеткен күйшіміз


Біз шеберміз,ақылдымыз /Раушан/


Үлкенге ізеттіміз /Кәусар/

Кішіге қамқоршымыз


Көп оқимыз, білімді тоқимыз/Ақбота/


Толқынды су бұлақпыз /Аруж ан /

Жанып тұрған шырақпыз


Елімізді өркендетін /Жұлдыз/

Қазақ тілін көркемдететін


Бабаларға тағзым ететін /Мерейлім/

Аналарға бас иетін. (бас иеді)


Елтаңбасымен еңселі /Жигер/

Туымен тұғырлы

Әнұранмен айбатты

Хормен: «Біз қазақ елінің болашағымыз!»

Ән: «Тәуелсіз ел ұланы»

IIІ бөлім. 1) “Өзге тілдің бәрін біл”

Оқушылар орыс тілі мен ағылшын тілінен үйреніп-білгендерін көрсетеді.

  1. Шағын концерт

а/ Ән: «Кел, балалар, оқылық!» Едіге Кәусар

б/ Би: Догдырбаева Хафиза

Көрініс: «Жалқаубектің жауабы»

в/ Ән: «Оқуда озат боламын»

г/ Би: «Қолшатыр »

Д/ Ән: «Ата , әжеге тағзым» Қойланбаева Ақбота, Базарбай Раушан

Ән: «Мектебім»

3) Қонақтар мен ата-аналарға сөз беру

Мерекенің аяқталғанын хабарлау.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: Қош бол, сүйікті Әліппе!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Оператор очистных сооружений

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 042 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.03.2016 740
    • DOCX 121 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Калиева Айсулу Жаксылыккызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Калиева Айсулу Жаксылыккызы
    Калиева Айсулу Жаксылыккызы
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10417
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Продуктивность учебной деятельности младших школьников общеобразовательного учреждения в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 224 человека из 63 регионов
  • Этот курс уже прошли 6 059 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности на уроках по русскому языку у младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 482 человека

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы теории и методики преподавания в начальной школе в соответствии с ФГОС НОО

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 390 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 218 человек

Мини-курс

Психологическое благополучие и успех в учебе: методы помощи детям на разных этапах развития

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 128 человек

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 11 человек