Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "қош бол сүйікті Әліппем "
  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Қ.И. Сатпаев атындағы негізгі орта мектебі










Қош бол сүйікті, Әліппем!










Қайранова Н.Қ















Мақсаты:

Оқушылардың осы уақытқа дейін алған білімдерін тиянақтау. Өнерлерін ата−аналарына, ұстаздарына көрсету. Оқу−білім алуға, мәнерлеп сөйлей білуге, ұжымшылдыққа тәрбиелеу.

Барысы:

Жүргізуші:

Құрметті ата−аналар, ұстаздар және қонақтар! Бүгін біз үшін, сіздер үшін бір үлкен мереке. Балалардың алдағы шығатын биік белестерінің ең алғашқысы « Әліппемен қоштасу ». Білім жолындағы белестерге қанаттары талмай көтеріле берсін деп тілек білдіргім келеді.

Алғаш рет хат танып, сауатымызды ашқан. Біздің жақын досымыз Әліппені ренжітпей, рахметімізді айтып, алған білімімізді көрсетіп, ән−би, өлеңдермен өрнектеп ортаға салайық.

Кімдер зерек, кім тапқыр,

Таланттарын табайық.

Қайсы күшті, кім биші,

Талабына қарайық.

1 оқушы:

Көз салып қараңызшы бойымызға,

Ортақ бол бүгінгі өскен ойымызға.

Хош келіпсіз ұстаздар, ата−аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға.

2 оқушы:

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар,

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз, балғын өмір балалар.

3 оқушы:

Көз тойғысыз қазағымның жері бар,

Ну орманы, тауы, өзені, көлі бар.

Қазағымның жерін, елін қорғайтын,

Жас жеткіншек ұланы бар, ері бар.

4 оқушы:

Міне осындай егеменді еліміз,

Кең жазира ұлан байтақ жеріміз.

Туған елін, туған жерін сүйетін,

Біз қазақтың ұланымыз, еріміз.

Хормен: Тәуелсіз Қазақстан жасасын!

Жүргізуші:

Іші толған әріпке,

Бар білімнің бастауы.

Білімдегі жарық не?

Хормен:

Болашаққа жол бастар,

Ол сүйікті Әліппе!

Жүргізуші:

Олай болса бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: « Әліппе » 3 рет.

Әліппе:

Армысыздар, жас достар,

Армысыздар ата−аналар.

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Менің атым Әліппе,

Мені анаңдай дәріпте.

Мені оқып, ер жеткен,

Ағаң сенің, әпкең де.

Балалар сендер оқыдыңдар, менен не үйрендіңдер?

5 оқушы:

Ең алғаш алғанымда Әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Ән: « Ұстазым »

Жүргізуші:

Ендеше, қонақтарға оқу сауатымызды көрсетейік. ( Оқушылар кезекпен мәтіннен үзінділер оқып береді. )

6 оқушы:

Енді біз жаза білеміз

Әріпті қосып әріпке

Риза боп саған жүреміз

Сүйікті біздің « Әліппе »!

7 оқушы:

Әліппем, менің әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым білімнің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

8 оқушы:

Бар кітапқа бас болған,

Әліппе ғылым атасы.

Әліппеден басталған,

Даналықтың данасы.

9 оқушы:

Алфавиттің А тұрады басында

Әрқашанда Ә тұрады қасында

Байқадың ба Б тұрады үшінші

Ал осының сыры неде түсінші?

10 оқушы:

А деген ол – аналар ғой ардақты,

Ә деген ол – әкелер ғой салмақты,

Б деген ол – балалар ғой әдемі

Біздің елде үшеуі де кәделі.

Алшақ кетпей сондықтан да расында

Тұрады олар Алфавиттің басында.

Ән: « Әліппе »

Жүргізуші:

Балалар, сендер Әліппемен қатар қандай пәндерді оқып үйрендіңдер?

Ендеше келесі кезекте есептеу дағдыларымызды ортаға салайық.

( Карточкалардан өрнектердің мәндерін есептеп шығару )

11 оқушы:

Әліппені бітірдім,

Жаза аламын атымды.

Әріптерді үйрендім,

Бала болдым ақылды.

12 оқушы:

Алфавитті біліңдер,

Онда қалып жүйе бар.

Біздің қазақ тілінде

Қырық екі әріп бар.

13 оқушы:

Жабырқауды білмейміз, жалқаулықты сүймейміз.

Жауқазындай көз тартып, ән салып, би билейміз,

Біз өнерсіз баламыз ба,

Көрсін аға−апалар, көрсін мама−папамыз да

Риза болсын апа – аталар.

БИ: 1 сынып оқушылары « вальс »

Жүргізуші:

Балалар енді біздің Әліппемен қош айтысатын да уақыт келді.

Қош бол құтты әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Таныстырған 42 әріппен.

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқып−жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім

Әліппе:

42 әріпті бәрің игердіңдер,

Әріптен буындап сөз тердің.

Ризамын балалар сендерге,

Рахмет айтар кез келді.

Балалар, бүгін көрсеткен өнерлеріңе, білімдеріңе, құрметтеріңе көп рахмет, әліппені жақсы меңгергені үшін, менің қолымдағы куәлікті табыс етуге рұқсат етіңдер және ән шашуымды қабыл алыңдар!

Би: 6 сынып қыздары

Әліппе: «Қош, сау болыңдар! »

Хормен: « Қош бол әліппе! » 2 рет

Жүргізуші:

Енді біздің сүйіп оқитын оқулықтарымыз Ана тілі болмақ. ( Ана тілі бізде қонақта )

Ана тілі:

Ақыл ойы дананың

Ана тілі боламын

Ана тілі ардақты

Ақ сүтіндей ананың

Өсірген ой білімді

Мәнін терең білуде

Мейірімі мол балаға

Барлық, барлық балаға.

Әліппеден оқып білгендерді ары қарай жалғастырамын. Бәрің өнерлі, білімді шәкірт екенсіңдер. Мені де осылай оқыңдар!

Жүргізуші:

Қымбатты ата−ана, біздің Әліппені жақсы оқып бітіруімізге сіздердің де көмектеріңіз тиді. Сондықтан, сіздерге рахмет айтамын.

Жүздеріңнен көрем шаттық арайын,

Болсын солай әрбір күнің, әр айың.

Тойларыңыз құтты болсын ата−ана,

Тойларыңыз тойға ұлассын, ағайын.

Ән: « Ана »

Жүргізуші: Келесі кезекте мектебіміздің мүдірі Мұқажанова Г.К сөз береміз.

Ата−аналарымыздың балаларға деген ақ тілектерін тыңдайық.

« Қош бол сүйікті, Әліппем! » ертеңгілігі осымен аяталды.








































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.08.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров297
Номер материала ДA-010740
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх