Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Қош бол сүйікті Әліппем"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Қош бол сүйікті Әліппем"

библиотека
материалов

Қош бол, Әліппем!
Мақсаты:
Білімділік:Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында алған білімдерін тиянақтау, өз өнерлерін ата - аналарға көрсету, белсенділігін арттырып, ұжымшылдығын күшейту.
Дамытушылық: Кеш барысында, тапсырмаларды орындау барысында өз ойларын еркін айтып, толық жауап беруін, қабылдауын, зейін қоюын, есте сақтауын дамыту.
Тәрбиелік: Адамгершілікке, ұқыптылыққа, бірін - бірі сыйлауға, кеш барысында өзін - өзі дұрыс ұстауға үйретіп, ана тілін сүйіп, қастерлеуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі: Қазақ әліпбиі, суреттер, нақыл сөздер, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы, шарлар, слайд - шоу.
Барысы:

1 жүргізуші:

Армысыздар, мұғалімдер, әз жандар,

Білім іздеп инемен құдық қазғандар!

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп, ән де бүгін шырқалар!

2 жүргізуші

Қош келіпсіз, ақ жаулықты аналар!

Жүздеріңнен мейірім мен нұр тамар.

Алдарыңда жауқазындай құлпырған,

Біз алаңсыз балғын шақты балалар.

1 - жүргізуші: Уа, халайық,сахнаға,

Шақырайық қол соға.

Сүйікті біздің ұстазды,

Шәкірттерімен ортаға.

(ортаға оқушылармен мұғалім шығады)
Мұғалім: - Құрметті ата – аналар, ұстаздар, қонақтар! Бүгінгі біздің 1 «Д»
 сыныбының әзірлеген «Қош бол,Әліппем!» атты ертеңгілігімізге хош келдіңіздер.Балалардың ең алғаш бетін ашқан оқулығы Әліппе. Әліппені бітіру алдыңғы өмірге бастайтын көп белестердің бірі. Ендеше, біз бүгінгі күні сол белестің бірінен асып отырмыз. Сондықтан бүгінгі ертеңгілік сіздер мен біздер үшін ортақ та салтанатты мереке. Олай болса, мерекемізді бастауға рұқсат етіңіздер!

Өсті, міне, бойларың,

Өсті ақыл- ойларың.

Қуанышқа ортақпын,

Құтты болсын тойларың!

1 жүргізуші Жақсы білім көрімдік, 
Болсын бізге халайық. 
Не үйреніп, не білдік 
Кәне, ортаға салайық. 


2 жүргізуші

Өтті оқу сан сабақ, 
Бүгін үлкен салтанат. 
Басқа оқулық достаспақ, 
Әліппемен қоштаспақ. 

1 жүргізуші: - Балалар, сендерге бір сұрақ қойғым келіп тұр. 
Іші толған әріпке 
Білімдегі жарық не? 
Оқушылар:Болашаққа жол ашқан 
Ол сүйікті Әліппе. 

2 Жүргізуші Кәне олай болса ортаға әліппені ортаға шақырайық

Әліппе: Армысыздар, жас достар! 
Армысыздар, ата-ана ! 
Болашаққа жол ашар , 
Әліппең келді ортаға. 
Білім деген ғажаптың, 
Әліппесін меңгерген . 
Келешегі қазақтың, 
Басталады сендерден. 
Таудай болса талабың, 
Айтары көп әріптің . 
Қуанышы баланың, 
Қуанышы халықтың. 

Сендер мені 4 ай бойы оқыдыңдар. Менен не үйрендіңдер? Кәне, соны айтыңдаршы. 

1 жүргізуші: Жақсы Әліппе онда біздің қонағымыз болыңыз!Төрлетіңіз!

Хормен: Әліппе!

Нұртөре Алфавиттің А тұрады басында,

Аруна Әрқашанда Ә тұрады қасында.

Бауыржан Байқадың ба Б тұрады үшінші,

Ал, осының сыры неде түсінші.

2-оқушы:

Нұртөре А деген ол-аналар ғой ардақты,

Аруна Ә деген ол-әкелер ғой салмақты.

Бауыржан Б деген ол-балалар ғой әдемі,

Біздің елде үшеуі де кәделі

Досжан
Ыстық әрбір беттерің,
Жазуыңды ұғамын.
Ақыл бердің Әліппе,
Ақылды сен мұғалім.
Нұрхаят
Әліппем менің, Әліппем,
Сені қолға алып мен.
Есігін аштым мектептің,
Ертеңгі сәуле жарықпен.
Исламбек
Әліппем менің, әліппем,
А деген бастап әріптен.
Сөз құрап жаза бастадым,
Тақылдап таңба танып мен.

Аяна

Осылай алға аттадым, 
Әр әріпті жаттадым.
Жаттаған сайын әріпті,
Сөз құрап жаза бастадым.
Нұртөре

Ең алғаш қолға алғанда «Әліппені»,

Қызығып қарай бердім әріптерді.

Мен үшін сыры жұмбақ бұл кітаптың,

Ұстазым оның кілтін алып берді.

Алуа

Бәрімізді сүйіп өткен

Балаларға үйреткен

Әліппемен ұстазға

Бас иеміз құрметпен

Ілияс

Іші толы әріпке,

Мынау- әйбат Әліппе!

Барлық ілім- білімнің,

Әжесі осы Әліппе!

Санжар

Әліппем, менің Әліппем,

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

Нұрай

Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Оқушы болдық сауатты,
Білімді тегін қазатын.

Рахат

Келгенде алғаш мектепке

Білмеуші едік әріпте

Оқимыз қазір ертекті

Үйреткен оны Әліппе



Мерей

Сипадыңда басымнан

Әліппені ұсындың

Бақытымның осыдын

Басталғанын түсіндім.

Алихан

Таныстырып 42 әріппен

Қош бол менің қасиетті әліппем

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім

Сауатты адам санатына кіргенім

1 жүргізуші

Әліппенің тойында

Әркім құштар ойынға

Әріптер сыр ашады

Қыздар биге басады.

Ән: Әліппе

Осы кезде кішкентай көбелек сценаға ұшып келеді,айнала ұшып жүр,аузында хаты бар.

2 жүргізуші:

Ой, балалар, бұл не бізге ұшып келген?Адасып кетті ме екен?Жоқ, балалар, қараңдар, аузында хаты бар.Алматы қаласы,Алматыкітап баспасынан

1 ЖҮРГІЗУШІ

Хаттама: «Амансыңдар ма, балалар! Міне әйбат кітап әліппемен қоштаспақсыңдар». Біз сіздердің жақсы оқып, елін, жерін сүйетін жаны ізгі азамат болып өсетіндеріңізге сенеміз! Әліппемен қалай дос болсаңдар, ана тілі оқулығымен де солай дос болады деп сенеміз. Ана тілін ренжітпеңдер!Таза ұстаңдар,кірлетпеңдер! Ана тілін сендерге жібердім,қарсы алыңдар.

Ана тілі:

Армысыңдар жас достар!
Туған елдің тілімін
Ақылы мен танымын,
Түсіндірер бәріңе
Ана тілі пәнімін.
Ана тілім-елдігім,
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігі

Мұғалім: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.Әліппенің қасына отырады.

Арайлым

Ана тілі ұраным

Ана тілі құралым

Ана тілі болмаса

Мықты болмас тұрағым

Тимур

Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!

Бауыржан

Таныстырған 42 әріппен,

Қош бол, менің қасиетті Әліппем

Сенің арқаң оқи, жаза білгенім,

Сауатты адам санатына кіргенім.

Аруана

Әліппе – білім анасы

Әліппе – кітап данасы

Әліппе бетін ашпаған,

Адамның бар ма баласы?!

Сабыр

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі

Соғылған сандар алтыннан

Әліппе білім бесігі

Эленора

Қош бол, құтты Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.

Арман

Оқуды көп ойладық

Қызығына тоймадық.

Әріптерді үйреніп,

Сауат аштық, тойладық.

Ашыла берді алдымнан

Кең дүние есігі.

Соғылған сомдар алтыннан

Әліппе - білім бесігі!

9-оқушы: Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес,ауыр жол.

Тырмысып бақ намысқа.

1 жүргізуші Мен сендерге жұмбақтар айтайын, сендер шешіңдер:

1. Қабат-қабат қаттама

Ақылың болса аттама (кітап)

2. Тақтада жазып, жалықпаған,

Жаза-жаза арықтаған (бор)

3. Үйреткен ілмді,

42 білмді (алфавит)

4. Алты түрлі түсі бар,

Сурет салар ісі бар (қарындаш)



Ертегі: Үйшік

Әліппе:

42 әріпті игерді,

Әріптеп, буындап сөз терді

Ризамын балалар сендерге

Рақмет айтатын кез келді

Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарыңа сенемін.
Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!

1 Жүргізуші:

-«Әліппе» білім бесігін ашқан алғашқы оқулығымыз болса, «Ана тілі» сөз сырын ұқтыратын сырласымыз болары анық. Ал енді оқушылар бір сұраққа жауап берейікші. Осы біздер қандаймыз?

1-оқушы :Осы біздер қандаймыз?

Талабы биік таудаймыз.

8-оқушы: Мың бұралған бишіміз.

7-оқушы: Біз шеберміз.

2-оқушы: Біз қызықпыз, қызықпыз,

Сәл еркелеу бұзықпыз.

4-оқушы: Үлкенге ізеттіміз, кішіге қамқормыз.

5-оқушы: Көп оқимыз.

6-оқушы: Ақылдымыз.

2 жүргізуші:Ал балалар сендердің ана тіліне арналған қандай өнерлерің бар?

Алина

Ана тілі – ұраным,
Ана тілім – құралым.
Ана тілі болмаса,
Мықты болмас тұрағым.

Сая

Ана тілім – елдігім,
Ана тілім – ерлігім.
Ана тілім болмаса,
Бүтінделмес кемдігім.

Ана тілі:

Рахмет саған достарым,
Бүгін ниет қосқан күн.
Аянбаймын сырымды,
Баяндаймын ғылымды.
Талаптыға бәрі бар,
Менен оқып алыңдар.

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған

Барлығы хормен:

-Рахмет, ұстаз алғашқы!

ӘН: «Мұғалім-ол біздің»



Ән : Алғашқы ұстазым

Ертегі: Үйшік

2 жүргізуші: «Қош бол әліпем » атты ертеңгілігімізді аяқтаймыз.

Ата-ананың тілегі – адам болып өскенің,

Адамдықтың тірегі – адал болып өскенің,-деп аяқтаймыз.



Автор
Дата добавления 11.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров110
Номер материала ДВ-326283
Получить свидетельство о публикации

Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх