Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Қош келдің көктем!"

Тәрбие сағаты "Қош келдің көктем!"


библиотека
материалов

Қош келдің көктем!

Мақсаттары:
Білімділік: Бүлдіршіндерді музыкалық және би іс - әрекетінде орындауға талаптандыру. Ән салуға, билеуге, спортқа баулу мен бағыт - бағдар көрсетіп, шығармашылық қабілетін арттыру. Көктемдегі табиғат, құстардың ұшып келуін, көктемдегі түрлі өзгерістер туралы түсінік беру.
Дамытушылық: Өлең, мақал - мәтелдер арқылы тілдік қорларын дамыту. Өз ұлтына деген сүйіспеншілігін арттыру.
Тәрбиелік: Ата - ана, оқушы, ұстаз, жұртшылық өкілдерін ынтымақтастандыру. Қазақ халқының салт - дәстүрін, тілін, дінін, әдет - ғұрпын сақтауға, қастерлеуге тәрбиелеу.

Құрметті ұстаздар, бүлдіршіндер!
Осы бүгінгі жиналып отырғанымыз "Кош келдің көктем"атты мерекелік кешке қош келіпсіздер! Енді, міне осы қуанышты күн, көктем мерекесі құтты болсын! Әр шаңыраққа береке, бірлік, мәртебе әкелсін! – деп сабағымызды бастауға рұқсат етіңіздер.

Жұмбақ

Бұлтты айдап желдеткен,
Нөсерлетіп селдеткен.

Жаңбырлатып ойнайтын

Қай мезгіл деп ойлайсың?     (көктем)             

Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезеңі. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Жер бетінің жаңарып, жер көгеріп гүл шығады, жеміс ағаштары гүлдейді, көктемде мал көкке жайыла бастайды, яғни барлық тіршілік жаңарады. Дихандар көктемгі егіс жұмысына кіріседі. Көктем – өте көңілді мезгіл.

Көктем келді табиғатты оятып,

Күн күркірі, нөсерімен тоя түп.

Ағаштардың тамырына қан жүрді,

Жапырағын жасыл түске боятып.

Шақырады Көктем әні

Көптен күткен Наурыз тойы арайлы,

Нұрға бөлеп міне жатыр маңайды!

Мал біткеннің бал татыған уызы,

Қуат болып қанымызға тарайды.

Төрт түлік мал халқымыздың сүйері,

Көңілімнің күмбірлеген күйі еді.

Қошақаным әні ХОР

Балалардың көктем туралы қандай тақпақтар білесіздер.

КӨКТЕМ ТУРАЛЫ ТАҚПАҚТАР

-Көктем мезгілінде неше ай бар?

Наурыз айының қандай мерекелерін білесіздер?

1 наурыз Елбасының Жарлығымен Алғыс айту күні болып бекітілді.

Көрініс : Бата беру. Алғыс айту

8 наурыз – «Аналар» мерекесі

-Балалар, дүниеге келген жас нәресте ең алғаш сөзді, ең алғаш әнді анасынан естиді, анасынан үйренеді. Сондықтан болар ең алғашқы олардың сөзі – «Мама!». Дүниеде анасыз адам болмайды. Мына отырған сендер де, сендердің ата-аналарың да, мен де анадан туып, ананың көкірегінен нәр алған  жандармыз. Әр ана, әр әке баласының жақсы оқығанын, өмірінің жақсы, еш мұқтажсыз болуын тілейді және сол үшін еңбек етіп күреседі.

8 наурыз күні аналар, қыздар, әжелеріміздің мерекесі.

АНА ТУРАЛЫ ТАҚПАҚТАР (балалардың тақпақтарын тыңдау)

«Ана» дейміз бәріміз де аңқылдап,
«Ана» дейді жас сәби де жарқылдап.
«Ана» деген – бәйтерегі өмірдің,
«Ана» деген алтын қазық, алтын бақ!

Ән «Ақ мамам» Орындайтын: Динара, Ырысбек, Ибрахим,

Көктемнің алғашқы гүлдері жауқазын, қызғалдақ, бәйшешек

Гүлдер туралы тақпақтар білесіздер ме балалар?

ГҮЛДЕР ТУРАЛЫ ТАҚПАҚТАР

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Көрісу мерекесін асыға күтіп отырған әрбір отбасы алдын ала дайындалып қойған дастарханын жаяды. Міндетті түрде бауырсақ пісіріп, дастарханға тәтті-пәттісімен қосып үйіп қояды. Отбасының кішілері үлкендеріне қос қолын беріп, көрісіп шығады. Бір–біріне «Бір жасыңмен!» дейді. Ол «Бір жасқа есеюіңмен! Осы жылға аман-есен жетуіңмен!» дегенді білдіреді. Содан кейін әр отбасы көршілерімен көріседі. Жасы кіші отбасы мүшелері жасы үлкен жанұяларға кіріп, көрісіп шығады. Міндетті түрде әр адам үш үйдің есігін ашу керек, яғни түске дейін үш үйге кіріп, көрісіп үлгеруі керек.

. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады.

Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. Наурыз тойында қазақтың ұлттық тағамдары қойылады: Наурыз көже, қазы - қарта, тары - талқан, ет, қуырдақ, бауырсақ, құрт, май, ірімшік т. б.

Ұлттық ойын: «Теңге алу», «Қыз қуу», Арқан тарту «Хан талапай» т.б ойындар ойнайды.

 Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады)

 Біздің кішкентай бүлдіршіндеріміздің наурыз мейрамына дайындаған тақпақтарын тыңдаңыздар.

НАУРЫЗ ТУРАЛЫ ТАҚПАҚТАР

Рахмет! Отырамыз!

Жарқырап тұр күніміз,
Жайқалсын жас гүліміз.
Бақта бұлбұл сайрасын.
Сәнді көктем нұрымен
Көңіл гүлдей жайнасын!—дей келе бүгінгі сабағымызды аяқтаймыз.
Көріп тамашалағандарыңызға рахмет!







Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДВ-566391

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG