Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Отбасы - аялы алақан мекені"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие сағаты "Отбасы - аялы алақан мекені"

библиотека
материалов

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: Отбасы – аялы алақан мекені

Мақсаты: - отбасы құндылықтарын, дәстүрлерін жаңарту;
- ата - ана мен бала арасындағы және отбасы мүшелерінің бірі - біріне жақсы қарым - қатынастарын орнату;
- қамқоршыларға құрмет әрі қолдау көрсету, адамгершілік қасиеттер қалыптастыру .
Күтілетін нәтиже:
- өз ұлтының әдеп - ғұрыптарын, салт - дәстүрлерін қастерлейтін,
- өз ойын ашық жеткізетін, өзіндік пікірін білдіре алатын,
- ата - ананы, отбасын, өмір құндылықтарын құрметтейтін тұлға қалыптастыру.

Көрнекілігі: 

І бөлім.

Мұғалім: Құрметті ата-аналар, ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Отбасы – аялы алақан мекені» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер. «Бала тәрбиесі – бір өнер, өнер болғанда да ауыр өнер, жеке бір ғылым иесі болуды тілейтін өнер. Баланы дұрыс тәрбиелеу үшін әркімнің өз тәжірибесі жетпейді. Басқа адамдардың тәжірибесімен танысуы керек деп қазақтың ұлы ақыны, ағартушысы Мағжан Жұмабаев айтқандай бала тәрбиесіндегі тәжірибені бөлісу мақсатында ата - аналармен жүздесіп отырмыз.

Топқа бөлу.

Ата-аналар 2 топқа бөлінеді, оқушылар - 4 топқа.

І бөлім

-Орынбасарова Ақбаян жерлесіміз Рақымжан Өтемістің «Сәбиге тілек» өлеңін назарларыңызға ұсынады.

1-Тапсырма: Оқушылармен жеке жұмыс: «Аяқталмаған ой».

Әр топқа 5 бағанға бөлінген А3 форматында парақ және жапсырмалар беріледі . Жапсырмаға әр сұраққа бөлек жауап жазып, сұрақ жазылған бағанға орналастырамыз.

Сұрақтар:

1.Отбасы бұл...( жайлылық, жылылық, қуаныш, сүйікті адамдар т. б.)
2. Менің ата - анам бұл... (менің достарым, сенімді серігім, мені сүйетін адамдар, өзара түсіністік т. б.)
3. Менің жанұямдағы қуаныш – бұл (көтеріңкі көңіл - күй, болашаққа жоспар, бақыт т. б.)
4. Үйімнен жыраққа кетсем,... (үйімді сағынамын, ата - анамды, бауырларымды сағынамын, т. б)
5. Ата - анамның басты тілегі – бұл... (балалардың денсаулығы, менің болашағым, балаларымның бақыты т. б

2-жұмыс ата-аналармен:
1.Сынып жетекшінің оқушылардан алынған сауалнамаға жасалған сараптамасы ( Қосымша №1) тыңдалады.

2.Ата-ана мен бала арасындағы байланысты саралау мақсатында саулнама негізінде жасақталған сұрақ- жауап. ( Сұрақтарға ата-ана жауап береді)

Сұрақтар:

1) Мұқағали Мақатаевтың шығармаларын сүйіп оқитын оқушылар?

Ақбаян «Аққулар ұйықтағанда» поэмасы. Тамирис «Өлеңдер жинағы»

2) «Ата-баба шежіресі, рулардың шығу тарихын» оқып, өз түп-тамырына қызығушылық танытқан оқушы? (Бағлан).

3) Өз өлкесінің әдебиетін білу үшін «Маңғыстау ақын - жазушыларының» жинақ қітабын оқыған. (Жадыра).

4)Бердібек Соқпақбаев «Менің атым Қожа». (Ақтоты).

5) «Бату хан» туралы оқыған ( Аружан)

Қорытынды:

1. Бала тәрбиесі, отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы қарым-қатынас туралы 2 минуттық бейнеролик көрсетіледі.

2. Оқушы шығармаларынан үзінділер оқылады.

ІІ бөлім: Топтық жұмыс

Отбасы – адам үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің мұралар мен салт - дәстүрлердің сақтаушысы. Үлкенді құрметтеу отбасы мүшелерінің бір - бірінің тәрбиесіне жауапкершілік, борыштылық, адамгершілік сезімдерін туғызған. Қазақ отбасындағы арнайы жазылып бекітілмеген «заңдары» әке мен ұлдың, шеше мен қыз баланың, әке мен қыздың, қыз бен жеңгенің, келін мен ененің, келін мен атаның, нағашы мен жиеннің, бажа, жезде, бөлелердің арасындағы өзара қарым - қатынастары әрқайсысын әдептілікке тәрбиелеудің ерекше қымбат үлгісі іспетті. Бойына адамгершілік асыл қасиеттерді жинап өскен жасты «көргенді» деп, жүрегінен нұр, өңінен жылу кетпейтін, әрдайым жақсылық жолын ойлайтын, әр істе әділдік көрсететін адамдарды «иманды» деп атаған екен. Ендігі кезекті топтық жұмысқа береміз.

ІІ-бөлім: Топтық жұмыс:

Тақырыптар: 1-топ: Отбасындағы ұлттық тәрбие.

2-топ: Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі.

Ата-аналармен жұмыс

Оқушылармен жұмыс

Ата-аналар қағаз бетіне өз ойларын топтастырады ( дайындалуға 5 минут).


Оқушылар ән орындайды:

1.Хор «Әке туралы жыр »;

2.Әмина мен Ақтотының орындауында «Мама» әні.



  • Пікір алмасу (3+3минут)

  • Әр тақырып бойынша қорытынды жасалады.

Отбасындағы ұлттық тәрбие тақырыбы бойынша қорытынды:

«Айналдырған тас» туралы аңызда былай дейді: «Ел кезіп жүрген бір адам келе жатса, алдында жатқан үлкен тасты көреді. Ол таста «Аудар да, оқы» — деп жазылған жазуды көреді. Ол тасты әрең дегенде аударып, екінші жағын қараса, «Өз білгеніңе назар аудармай, жаңа білім неге іздейсің?» — деген жазуды оқиды», яғни бала тәрбиесінде туындап жатқан мәселенің шешімі өзімізде екендігін көруге болады.Қазіргі кезде ұлттық тәрбиенің көздері – фольклор, ауыз әдебиеті, ұлттық әдебиет, әдет-ғұрып, салт-дәстүр, ұлағатты қағидалар, шешендік сөздер, өнеге өсиеті бар мақал-мәтелдеріміз.

Ендеше оқушылар дайындаған шешендік сөздерге назар аударайық:

Балтабек:

Қазыбек биге бір адам «Кім жақын, не кымбат, не қиын»- дегенге жауап беріңізші деп қинапты. Сонда атақты би былай деп жауап қайтарады:

Тату болса – ағайын жақын.
Ақылшы болса – апайың жақын
Бауырмал болса – інің жақын.
Инабатты болса – келінің жақын.

Сыйлас болса -нағашың жақын

Адал болса досың жақын.

Еркелейтін немерең жақын

Өз ұрпағың шөберең жақын.

Жан серігің жас кезіңнен

Бәрінен де әйелің жақын.

Бекзат:

Алтын ұяң - әйелің қымбат

Құт-береке –атаң қымбат,

Аймалайтын -анаң қымбат.

Мейірімді -апаң қымбат.

Туып-өскен -елің қымбат

Кіндік кескен жерің қымбат

Ұят пенен ар қымбат

Өзің сүйген жар қымбат.

Жадыра:

Арадан шыққан жау қиын ,

Таусылмайтын дау қиын.

Шанышқыласа сөз қиын.

Жазылмаса дерт қиын.

Ақылыңнан адасып,

Өзің түскен өрт қиын,

Тентек болса ұл қиын,

Не істеріңді біле алмай

Ашиды сонда бас миың.


Елхан:
- Жоқты бар, ашты тоқ ететін кім?
- Ата, жоқты бар, ашты тоқ ететін мейірімді әке, - депті жігіт.
- Жоқ балам, әке қанша мейірімді болса да, ананың жөні бөлек. Жоқты бар, ашты тоқ ететін ол – ана. Анасыз бала ұйықтамайды, қатықсыз айран ұйымайды.
Ана – үйдегі бақ, әке отыратын - тақ. Ана ақылды болса үйдің қуанышы, әкенің жұбанышы – депті қарт.
Бағлан:
- Үйдегі алтын қазық кім? – депті қарт.
- Ата, үйдегі алтын қазық бала, - депті жігіт.
- Жоқ балам, үйдегі алтын қазық – ана. Ана ақылды болса, бала дана болады. Ана тәрбиесі қызға үлгі, әке тәрбиесі ұлға үлгі. Ана ақылшың, әке қамқоршың, ағаң қорғаушың, інің сүйенішің, қарындасың қанатың екенін ұмытпа. Ананы сыйламағанның ақылы кем, әкені сыйламағанның жақыны кем. Ананың мейірімі көзінде, ықыласы көңілінде, ақылы сөзінде, - депті қарт.

Отбасындағы адамгершілік тәрбиесі тақырыбы бойынша қорытынды:

Адамгершілік қатынастар моральдық нормалармен өлшенеді.Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу.
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады. «Еліміздің күші - патшада, сәбидің күші - жылауында» демекші, біздің күшіміз, қорғанышымыз, сеніміміз - адамгершілігімізде болуы керек.

Дәулет: «Қартайса қарт бабаңды сыйлай біл. Күндердің күні болғанда кімдерде кімнің белі дейсің бүгілмес» деп Бұқар жырау данамыз айтқан екен.

Адамгершіліктің негізгі қағидалары:кешірімді болу, кек сақтамау, сөйлесе білу, әділ болу, ізеттілік.Рұқсат сұрау, кешікпеу, амандасу, өсек айтпау, уәдеде тұру, имандылық, мейірімділік, сабырлылық, қайырымдылық, т.б.

Азиза: Ізеттілік – айналасындағыларды құрметтеу, кішілік мінез таныту. Амандасу – бейбіт пейілдің, достық ықыластың белгісі, мінез-құлықтың нормасы.

М.Айбек: Әділ болу – адамшылықтың асыл белгісі. Әділетті қоғам адамдар имандылық қағидаларын қатаң сақтағанда ғана құрылады. Әдет-ғұрып дәртүрлеріне қалыптасқан қағидаларға, құқықтық нормаларға, заңға сүйенгенде ғана әділдік жеңеді.

Аружан: Рұқсат сұрау – адамдар қарым-қатынасындағы ішкі мәдениетті айғақтайтын этикалық қағидалардың бірі. Адамның меншік құқығын құрметтеу және оған қол сұқпау. Әр адам бір-бірінің құқығын құрметтей білуді үйренгендері жөн.

Айбар: Имандылық – әр адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды, ата-анасын ардақтайды, кісіге қиянат жасамайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар.

Ұлдана: Кешікпеу – бұл дағдыны адам өзіне бала жастан дарытқаны жөн. Кешігу адамдарды сыйламау. Жұмысқа немесе туған күнге, кештерге кешігіп бару барып тұрған мәдениетсіздік. Уәделі жерге ерте бару керек, кешіккен жағдайда кешірім сұрау керек.

Қуандық:Сабырлылық – адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез-құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

Шынар: Қайырымдылық – айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы.

ІІІ бөлім: Бейнежазба қарап, пікір алмасу.

-Орынбасарова А. өз шығармашылығынан «Аялай біл сен деп соққан жүректі»

ІҮ бөлім:

«Менің балаға қатысты міндеттерім» (ата - аналарға)
«Менің ата - анаға қатысты міндеттерім» (балаларға)
Қағазға жазып, оқиды.

Қорытынды:

Халқымыздың сан ғасырдан бергі даналығына құлақ ассақ, «Адамның бақыты — балада» деген екен. Кез келген адам өзі өмір бойы қуып жете алмайтын бақыт деген құдыретті сөздің өлшемі өмірінің жалғасы ұрпағымен келетініне мән бермеуі де мүмкін. Біреу бақытын байлықтан тапқысы келсе, екінші біреуі даңқ пен атақтан, мансап пен қызметтен іздестіреді. Мұның бәрі түсінген адамға қолдың кірі сияқты нәрсе. Адамға нағыз бақытты — тәрбиелі ұрпағы ғана сыйлай алады. «Адам ұрпағымен мың жасайды» деген сөз тегін айтылмаса керек. Олай болса адам өмірінің мәні — өз ұрпағы.























Оқушылардан алынған сауалнама қорытындысы

Сұрақтар

Жауаптар

1

Ата-анаң күніне саған қанша уақыт бөледі?

(1-10 сағат)

Сабағын тексереді,түсінбегенін сұрайды, бірлесіп есеп шығарады, пікір алысады , әкесімен бірлесіп үйдегі бұзылған заттарды жөндейді,мамасының жұмысына қажетті заттарды анасымен бірлесіп жасайды(1),бүгін не істегенін және ертең не істейтіні туралы ой бөліседі(2) , көп уақыт бөлмейді (1), бірге торт пісіреді (1).

2

Үйде бос уақытыңда немен айналысасың?

Теледидардан сериалдар қарайды (6);

Ұялы телефон ( 5);

Компьютерлік ойындар ойнайды ( 5);

Музыка тыңдайды (5);

Тамақ пісіреді (4);

Далаға шығып футбол ойнайды (3);

Ата-анасына үй шаруасына көмектеседі (3);

Кітап оқиды (3); Сурет салады( 3);

Үй тазалайды (2); Торт пісіреді 2;

домбыра тартады , бимен айналысады,киім модельдерін салады, іні- сіңлілеріне қарайды,

жеңешелеріне көмектеседі .


3

Отбасында қандай мерекелер мен дәстүрлер аталып өтіледі?


Наурыз той , Жаңа жыл,айт, ораза,Көрісу,8 наурыз, туған күндер.

Балалар кұқын қорғау күні әулет болып жиналып , түрлі сайыстар ұйымдыстыратын отбасы бар.

4

Сенің сүйіп айналысатын ісің?

Футбол ойнау (5), сериалдар қарау (4), музыка тыңдау (4), сурет салу (3), ата-анасына көмектесу (1), сабақ оқу (1), компьютерлік ойындар ойнау (1), тігін тігу (1), кондитерлік тағамдар пісіру(1), би билеу (1), жаңалық қарау (1), інілерімен ойнау (1), ән айту (2), достарымен уақыт өткізу (1), кітап оқу (2), қолөнермен айналысу (1), видеоклиптар қарау (1), ойын ойнау (1), велосипед тебу (1),походқа шығу (1), ит қыдырту (1).

5

Қандай музыканы жақсы көресің?

Классикалық музыка (1), шетел әндерін (7),қазақ әншілерін (9), білмейтіні(1); орыс , қазақ әндерін (4).

6

Соңғы оқыған әдеби шығарма?

«Көксерек»(2), С.Мұқанов «Есіл бойында» (6) , С.Мұқанов «Балуан Шолақ»(5)

7

Теледидар алдында қанша уақыт отырасың? Қандай бағдарламаларды сүйіп қарайсың?

8 оқушы тек сериалдар қарайды ; жаңалықтар (3), «Әзіл әлемі» (3),«Жайдарман»(3), мультфильмдер (3), «Тимати шоу»(2), «Happy Camp» (2), «Астана кеші көңілді»(2) ; «Бірге таңдайыз»(1), «Дара жол» (1), «Жеті ән» (1), «Weekly idol»(1), «Айтуға оңай» (1), «Диагноз»(1), «Другая правда» (1), қорқынышты фильмдер (1), боевиктер (1), «Екі езу»(1).

8

Интернет желісіне кіресіңбе? Не үшін?

Достарымен , сыныптастарымен,тумаластарымен сөйлесу үшін (11); қажетті мәлімет алу үшін (9 ); жаңалықтармен танысу үшін (3), сериалдар , кинолар қарау үшін(1); бейнеклиптар қарау үшін (1),

9

Отбасыңызда бала тәрбиесімен кім айналысады?


10

Бала тәрбиесі жөніндегі көтерілген мәселені кім шешеді?


11

Ата-анам еркелеткенде ......


12

Ата-анам ашуланғанда













hello_html_bfd649c.jpg





hello_html_10a4bae5.jpg











Әке туралы жыр

1.Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

2. Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

3. Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

4. Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Әке туралы жыр

1.Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

2. Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

3. Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

4. Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Әке туралы жыр

1.Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

2. Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

3. Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

4. Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Әке туралы жыр

1.Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

2. Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

3. Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

4. Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Әке туралы жыр

1.Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

2. Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

3. Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

4. Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.

Әке туралы жыр

1.Жас едім өмірге еркін бойламаған,

Күні ертең не боларын ойламаған.

Шарықтап кетсем-дағы қанат қағып,

Өзіңдей қамқор әке қайда маған.

2. Сүрінсем сынай қарап от жанарың,

Сен мені жақтамадың, ақтамадың.

Әрдайым осы қатал мінезіңнен,

Күш алып мақсатыма аттанамын.

3. Жан әке, шертіп сезім домбырасын,

Кеудемді қуанышқа толтырасың.

Арманның асқарына құлаш ұрсам,

Алдымда асқар тау боп сен тұрасың.

4. Бұл күнде мен де өзеннің арнасымын,

Кім мөлдір болса соның жолдасымын.

Қуан сен, қуана бер, әкетайым,

Мен сенің өміріңнің жалғасымын.





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 28.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров703
Номер материала ДВ-492686
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх