Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты Отбасы-өнеге айнасы

Тәрбие сағаты Отбасы-өнеге айнасы

Скачать материал

Отбасы- өнеге айнасы

Мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата- ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;Отбасы мүшелінің арсындағы бауырмалдық, қайырымдылық,достық қарым- қатынасты қалыптастыру

Көрнекілігі: карточка, нақыл сөздер,«кірпіш тапсырмасы бар қағаз ,қалам.

Жоспар

І. Кіріспе сөз: Ата –ана мен мектеп арасындағы ортақ мәселе –бала тәрбиесі ІІ. Негізгі бөлім . а) Ата аналамен тренинг өткізу

Ә) оқушылар лебізі

Б) Ойын «Отбасылық махаббат үйі »

ІІІ. Қорытынды.

І. Кіріспе Сәлеметсіздер ме, құрметті ата- аналар, қонақтар,ұстаздар!

«Қазақстан -2030» даму стратегиясын жүзеге асыру мақсатында Елбасының Қазақстан халқына жолдауында «Дағдарыстар өтеді де кетеді. Ал мемлекет тәуелсіздігі ұлт мұраты , ұрпақ болашағы сияқты құндылықтар мәңгі қалады » деленген.

Осы орайда бүгін біз оқушыларымызбен бірге ата –аналарымыз де кездесіп отырмыз.

Тренинг: (Шаттық шеңбері )Ата аналар ортаға дөңгеленіп тұрып, Әр ата-ана өзінің баласының есіміне әдемі теңеу сөзді қосып айтады.Мысалы:Жайдары Жасмин , еңбекқор Еламан, байсалды Баубек , әдемі Әсел, т.б

ІІ.Негізгі бөлім

Ата –ана мен мектеп арасындағы ортақ мәселе –бала тәрбиесі . Отбасы –қоғамның алғашқы ұясы . Жаңа адам сол ұяда дүниге келеді , бұл шағын әлуметтік топ бала үшін алғашқы өмір мектебі .

Ата-ананың үйдегі іс –әректі балаларының көз алдында өтеді.

Бала тәрбиесінің алғашқы алтын қазығы туған ұясы ,өз үйіндегі ата –ана тәрбиесі , өнегісі .

Әрбір бала –дара тұлға. Бала тәрбиесіне ата-ана балаға қысым көрсетуден, бала көзінше дөрекі сөйлеуден ,жат қылықтар көрсетуден аулақ болып,үлгі болуы керек. Сонда ғана білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелей аламыз. Жас жеткіншектеріміздің тәрбиесінің негізі отбасында қалыптасады.Әрбір ата-ана өз перзентінің әдепті,саналы,иманды да ибалы, Отанының сүйікті және кішіпейіл азаматы болып жетілуін қалайды.Олай болса,әрбір ата-ана бала тәрбиесінің нәзік тұстарын білуі шарт. "Жапырақ тамырдан нәр алады" дейді халқымыз. Барлық бала жақсы мен жаман әдеттерді өзі өскен шаңырақта үйренеді.

Халқымыз "Балапан ұяда не көрсе,ұшқанда соны іледі"деп бекер айтпаған. Жақсы тәрбие баланың санасында мәңгі мөрленіп қалады. Ол кейін оның бүкіл өміріне азық болады.

Қоғамға көңіл бөлетін болсақ , баланың болашағына кері әсер ететін жағдайлар бар .Олар ортамызда сәтсіз отбасылардың болуы, некесіз туылған балалар, отбасындағы ұрыс-керіс, ата-ана тарапынан ішімдікке салыну ,біреулерді сыртынан балағаттап сөгу, өсектеу т.б

Әрине ,бала тәрбиесі бір күндік іс емес. Сондықтанда бала тәрбиесіне жете мән беріп, "Адамның бір қызығы - бала деген" ұлы аталарымыздың даналық сөзін естен шығармағанымыз жөн деп ойлаймын.Осы балалар біздің бауыр етіміз, болашағымыз, үмітіміз, сүйенішіміз, өміріміздің жалғасы, ізбасарымыз, мұрагеріміз деп келіп отырған ата –аналар сіздердің де пікірлеріңізді ортаға салсақ .

Балаңызға деген сүйіспеншілік

Әрбір бала үшін сіздердің алатын орындарыңыз бөлек.Әр қайсыңыз бір биік төбесіз. Жапырағын тереңге жайған мәуелі бәйтерексіз.Ал сіздің ұрпағыңыз жайқалып ,жайнаған жасыл жапырағыңыз.Өз балаңыздың қандай болғанын қалайсыз? Қандай қабілеттері болғанын және сіз өзіңізден қандай қасиетті алғанын қалайсыз? Әрқайсыларыңыздың қолдарыңызда жапырақтар бар. Сол жапырақтың ішіне өздеріңіздің ойларыңызды жазып, жазған сөздеріңізді оқи олтырып бәйтерекке жапсырасыздар . Қорыта айтқанда ата ананың махаббаты, сүйіспеншілігі бала үшін бақыт, Осы сезімдеріңіз арқылы баланың өз орнын таба білуге үйретесіздер деп ойлаймын.

Білімді де тәртіпті , ақылды да ибалы өздеріңіздің балаларыңыздың жылы лебіздерін тыңдаңыздар .Ортаға 4- сынып оқушыларын шақырамыз.



1-оқушы Әкем менің асқар тауым тірегім

Бәрінен де сен қымбатсың білемін.

Қанат қағып кетсем алыс қияға

Сен деп соғар жұдырықтай жүрегім

2-оқушы Сізсіз әке ең ақылды ең сыншыл

Сізсіз әке ең жаңашыл ең сынршыл

Шуақ шашқан қашанда асыл жүрегің

Жанымдасың ,қамқоршымсың білемін.

3-оқушы Ана сен –алтын күн шуағы

Ана сен –өмірдің бұлағы

Жүрекке ақ жарқын сол бейнең

Сөнбейтін асыл нұр құяды.

4-оқушы Атамның ән –күйі ғажайып

Әжемнің әлдиі ғажайып

Анамның мерейі ғажайып

Әкемнің пейілі ғажайып

Осындай жақсы әдет ғажайып

Қалмасын ешқашан азайып

Ән. Ана Орындайтындар : Әсел, Жасмин Еламан

Дидактикалық ойын «Отбасылық махаббат үйі»

Ал енді қазір сіздермен «отбасылық махаббат үйі » атты ойын өткіземін.Балаларыңызға деген махаббатты анықтай аласыздар.

Әр адамның өз үйі бар, бірақ ол үй тек баспана ғана ретінде емес, сол үй жақсы көріп және күтетін жер болу керек.Сондықтан сіздердің міндеттеріңіз жай ғана армандап жүрген үй салу ғана емес, ал сол жерде тұратын балаларға бақыт, махаббат, жылу, беретін үй салуларыңыз керек. Ол үшін ерекше материал қажет.Әрине даладағы жатқан тақтайлар емес, ал адамның негізгі қасиеттерімен саламыз.

Олар: Мейірімділік, күлкі,түсінушілік,шыдамдылық,көмектесу.

Үстел үстінде кірпіштер жатыр. Соларды алып үй саласыздар,бірақ салғанда жай салмайсызадар, артында тапсырмалар жазылады соны орындай отырып үй құрамыз.Ойлануға бір екі минут беріледі.

Ойын тапсырмалары;

1. «Мейірімділік » кірпіші

Бала білімді әрі тәрбиелі болуы үшін ата –ана тарапынан қандай жағдай жасалу керек деп ойлайсыз ? Балаыңызды кезінде ата –әжесі бауырына басып алып қалған,соңғы кездері сабағы , тәртібі нашарлап кеткендіктен өздеріңізге әкеліп тастады .Сіздің әрекетіңіз?

2. «Достық» кірпіші

Балаңыздың досы кім? Партада кім баламен отырады ? Балаңыздың білімі мен тәртібіне оның достарының қандай әсері болуы мүмкін?

3. «Махаббат» кірпіші

Мимика арқылы өзіңіздің балаға деген махаббатыңызды жеткізіңіз.Балаңызға ашуланған жағдайда аузыңызға бірінші қандай сөз түседі?

4. «Тапқырлық» кірпіші

Мектеп сөзінің әрбір әрпінен балаңыздың мінезін сипаттаңыз.

5«Түсінушілік»

Сурет арқылы баланың мінезін анықтау. Бұл төбесі -жақсы көңіл күй екенін білдіреді.Тапсырма: бір минут ішінде дөңгелек ішіне баланың бақытты көңіл күйін салу керекпіз және жапсыру. Үйіміз дайын.

Менің ойымша отбасы- бұл махаббат үйі, ал бала –бақыт.

Сондықтан ата ана махаббаты балаңыздың өмірге деген құштарлығына жолын ашады.

Ата ананың тіршілігіндегі көрген қызығы, жақсылығының ең бағалысы перзенті.Баланың бойында туған үйдің жылуы оның көкірегінде көп жылдар бойы сақталып, мәңгі есінде болады. Отбасы бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының тигізетін әсері мол. Сіздердей мейірімді ,ұйымшыл, қамқор ата –аналар бар кезде балаларымыз бақытты болары сөзсіз.

Олай болса , Максутқызы Нұршаттың орындауында «Бақытты балалық шақ» әні



Қатысып ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!



Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты Отбасы-өнеге айнасы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Администратор баз данных

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 356 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 26.02.2016 4343
    • DOCX 17.9 кбайт
    • 27 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Оспанова Оралхан Абдижамиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Оспанова Оралхан Абдижамиевна
    Оспанова Оралхан Абдижамиевна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7579
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания предмета «Родной (русский) язык» с учетом реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 234 человека из 59 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 167 человек

Курс повышения квалификации

Дислексия, дисграфия, дискалькулия у младших школьников: нейропсихологическая диагностика и коррекция

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1187 человек из 82 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 548 человек

Курс повышения квалификации

Психолого-педагогические аспекты развития мотивации учебной деятельности младших школьников в рамках реализации ФГОС НОО

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 64 человека из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 351 человек

Мини-курс

Основы психологических трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 33 регионов
  • Этот курс уже прошли 28 человек

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление персоналом и коммуникация в команде

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 31 человек из 18 регионов