Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты по әдебиеттік оқу "1 қыркүйек"

Тәрбие сағаты по әдебиеттік оқу "1 қыркүйек"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Менің Отаным –Қазақстан!»
Мақсаты: 1. Оқушылардың елжандылық қасиетін дамыту, туған жерге, Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, туған тарихын қастерлей білуге, еліміздің рәміздерін құрметтеуге тәрбиелеу

Сабаққа қажетті көрнекіліктер:Астана туралы суреттері,теңге,лото ойыны,

Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу,құттықтау,

Психологиялық дайындық:Шаттық шеңберге тұрып оқушылар бір біріне жылы лебіздерін білдіріп,тілек тілейді.

«Қазақ ұлттық лото»ойыны ойналады. Лото қағазы сатылады ,лото арқылы оқушыларға сұрақтар оқылып,таратылады сұрақ қойылады.

1. Астанадағы ең үлкен оқу орны қалай аталады?(Евразия унивеситеті)
2. Астананың бұрынғы атауы қандай?(Ақмола)
3. Президент резиденциясын атаңдар(Ақ Орда)
4. Астана қалай аталады? (Солтүстік астана)
5. Қазақстан Тәуелсіздік алғаннан кейін ғарышқа самғаған қазақ ғарышкері кім? (Талғат Мұсабаев)
6. Бейбітшілік және келісім сарайы (Пирамида)
7. Жағалауында Астана орналасқан өзен (Есіл)
8. Астананың бойтұмары (Бәйтерек)
9. Мәдени ойын-сауық орталығы (Думан)
10.
Біз қай елде тұрамыз? (Қазақстан)
11. Біздің еліміздің президенті кім?(Н.Ә.Назарбаев)

12. ҚР - ның астанасы? (Астана)

Топқа бөліну:Алдарына түрлі түсті кесілген суреттер тастайды.Әр оқушы өздерінің қалаулары бойынша кесілген суреттерді алып құрастыруы керек (бәйтерек,теңге,) Теңге - тәуелсіздік символы

hello_html_149b491.jpg

1993 жылы қарашаның 12-сі күні Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасында ұлттық валюта енгізу туралы» жарлыққа қол қойды.

1994 жылы қағаз тиындардың орнына жезден жасалынған 2,5,10, 20 және 50 номиналды монеталар шықты. 
ҚР 1995 жылғы 30 наурызда № 2155 Заңына сэйкес ҚР Ұлттық Банкі 2006 жылғы үлгідегі номиналы 200, 500, 1000, 2000, 5000, 10000 теңгелік банкноттары айналысқа шықты. 
«Астана –бас қала»

1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды.

1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы

1.Мына сөздерден басқа сөздер жазыңдар:

Елтаңба                                 Байрақ                           Әнұран

Ел                                           Бай                                       Ән

Таңба                                      ай                                        Ұра

Таң                                          қар                                      Ұн

Аң                                           ар                                         нан

«Сөздің көркі - мақал».
Бұл кезеңде мен сіздерге мақал сіздерге мақал оқимын және соның ішіндегі бір сөзді тастап кетемін, соны тауып, айтуыңыз керек. Бұл кезең 12 мақалдан тұрады.

1. Отан – отбасынан басталады.
2. Ер – елінде, гүл жерінде.
3. Кісі елінде сұлтан болғанша, өз елінде ұлтан бол.
4. Ит – туған жеріне, ер – туған жеріне.
5. Өз елім, өлең төсегім.
6. Ел іші – алтын бесік.
7. Отансыз адам – ормансыз бұлбұл.
8. Туған жердің қадірін, шетте жүрсең білерсің.
9. Әркімнің өз жері – Мысыр шаһары.
10. Мал қонысын іздейді, ер туысын іздейді.
12. Өз елімнің басы болмасам да, сайының тасы болайын.
«Мәңгілік ел» идеясының тарихи негіздері 2014 жылдың 17 қаңтарында Қазақстан Республикасының президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың кезекті халыққа жолдауын: «Бір жыл бұрын мен еліміздің 2050 жылға дейінгі дамуының жаңа саяси бағдарын жария еттім. Басты мақсат — Қазақстанның ең дамыған 30 мемлекеттің қатарына қосылуы. Ол — «Мәңгілік Қазақстан» жобасы, ел тарихындағы біз аяқ басатын жаңа дәуірдің кемел келбеті«,- деп бастады. Бұл орайда елең еткізген жаңалық — тұңғыш мемлекеттік ресми идеология, яғни «Мәңгілік Ел» идеясының жариялануы. Бұл — Қазақстан Республикасының ұлттық идеясынан келген түйін-тұжырым. Мәңгілік Ел отандастардың бірегей тарихи мақсаты мен қаһармандық ұраны десек қателеспейміз. Аталған идея қазақ елінің ғасырлар бойы армандаған мақсаты ғана емес, Тәуелсіздік жолындағы жанқиярлық еңбегі мен тынымсыз шығармашылығының нәтижелері арқылы қол жеткен асу. «Мәңгілік ел» ұғымын тереңнен түсіндіру, тарихи негіздерін көрсету мәселелері маңызды болып табылады.
Мәңгілік Ел — жалпы қазақстандық ортақ шаңырағымыздың ұлттық идеясы. Бабаларымыздың арманы. ҚР Президенті Н.Ә. Назарбаевтың бастамасымен Астанада асқақ рухымыз бен мәңгілік мұраттарымызды паш етіп тұрған «Мәңгілік Ел» салтанат қақпасының салынуы «Мәңгілік Ел» идеясының мелекеттік идеологияға айналғандығының бір дәлелі. «Мәңгілік Ел» сөзінің терең тарихи тамыры және үлкен мағыналы мәні бар. Түрік шежіресінде «мәңгі» сөзі «Тәңір», «Құдай», «Алла» сөздерімен мағыналас қолданылды. Осыдан кейін, «Мәңгілік Ел» «Алла Тағаланың елі, халқы» дегенді білдіреді және мемлекет пен ұлттың уақытпен шектелмеген тұмары болады деуге толық негіз бар. Мәңгілік Ел ұлттық идеясының негізгі мәні — мәңгілік мақсат-мұраттарымыз бен мәдени-рухани құндылықтарымызға негізделген, мемлекет құрушы қазақ халқы мен өзге де ұлттардың ұлттық идеяларын бір арнаға тоғыстыратын идеология арқылы қалыптастырылатын қазақтың ұлттық мемлекеті. Мәңгілік Ел ұлттық идеясы дегеніміз — өткенімізден сабақ ала отырып, болашағымызды баянды ету жолындағы хақ мұраттарымыз!


hello_html_37712e11.jpghello_html_m1571d9a3.jpg









hello_html_m73b25805.jpg
hello_html_63954291.jpg






Қорытындылау:«Қазақстан Республикасының мерекелері»

ҚР Президентінің 1998 жылы 20 қантардағы №3827 Жарлығы мен оған2003 жылы 15 карашада енгізілген өзгерістерге сәйкес заңды түрде белгіленген ұлттық, мерекелік және кәсіби мерекелер жүйесі. Ұлттық мерекелер — Қазақстан Республикасындағы жаңа оқиғаларға, оның ішінде жеке мемлекет болып қалыптасудағы тарихи жағдайларға байланысты белгіленеді. Қазақстан Республикасында ұлттық мерекенің ең бастысы — 16-17 желтоқсанда аталып өтетін Тәуелсіздік күні. Айтулы күн 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің «Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі турапы» конституциялық заңын қабылдауымен байланысты. Осы күні республика өзінің тәуелсіз демократиялық жәнеқұқықтық мемлекет екендігін жариялады. Өз аймағындағы барлық билікке иелік етіп, ішкі және сыртқы саясат жүргізетін болды. Қоғамдық-саяси мәндегі оқиғаларға орай Қазақстан Республикасы азаматтарының дәстүрлі мемлекеттік мерекелері белгіленген. Олар:

«Кәсіптік мерекелер» негізінен әр салада қызмет атқаратын азаматтардың төл мерекесі.

  • Медицина қызметкері күні (маусымның үшінші жексенбісі),

  • Баспасөз, теледидар жөне радио күні (маусымның соңғы жексенбісі )

  • Металлург күні (шілденің үшінші жексенбісі)

  • Көлік және байланыс қызметкерлері күні (тамыздың бірінші жексенбісі)

  • Құрылысшы күні (тамыздың екінші жексенбісі)

  • Спорт күні (тамыздың үшінші жексенбісі)

  • Шахтер күні (тамыздың соңғы жексенбісі ) ,

  • Білім күні (1 қыркүйек),

  • Мұнай-газ кешені қызметкерлерінің күні (қыркүйектін бірінші жексенбісі)

  • Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері күні (қыркүйектің үшінші жексенбісі)

  • Мұғалім күні (қазанның бірінші жексенбісі )

  • Ұлттық валюта күні (15 караша)

  • Ауыл шаруашылық қызметкерлер күні (қарашаның үшінші жексенбісі)

  • Энергетик күні (желтоқсанның үшінші жексенбісі).hello_html_m490ee50b.gifhello_html_m63c7354e.gifhello_html_m2fbb679d.gifhello_html_3d2055df.gifhello_html_m3bb32968.gifhello_html_6820dc64.gifhello_html_m55280fdc.gifhello_html_m52721d9d.gifhello_html_m173329a4.gif

Автор
Дата добавления 31.12.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров154
Номер материала ДВ-299788
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх