Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Өр дауысты ғажайып ақын"

Тәрбие сағаты "Өр дауысты ғажайып ақын"

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Другое

Поделитесь материалом с коллегами:

Өр дауысты ғажайып ақын

Кештің мақсаты: Оқушыларға ақынның өмір жолдары, шығармалары, прозалық, драматургиялық шығармалары, аударма мақалалар мен хаттарынан терең мағына беру.

Жоспары:

Ақынның өмір жылдары

«Ақын жырлары мәңгілік» жырларынан үзінді оқу

«Тұрасың ғасырлармен қатар, Қасым!» дегендей, ақынға замандастары, өкшелес ақын інілері арнаған өлеңдерінен үзінді оқу.

«Қасым жайлы есімдегілер» естеліктерінен үзінді оқу

Көрнекілігі: Буклет, «Ғасыр толды Қасымға» атты кітап көрмесі шығармаларынан

Кітапханашы: Құрметті оқушылар мен ұстаздар! Бүгін біз қазақтың көрнекті ақыны, жерлесіміз

Қасым Аманжоловқа арналған «Өр дауысты ғажайып ақын» атты әдеби – музыкалық кешімізді ашуға рұқсат етіңіздер.

Қасыммын. сол баяғы бір Қасыммын,

Бақытын ойламайтын құр басының.

Тымырсық түнек болсаң дұшпаныңмын,

Ақ көңіл адал болсаң сырласыңмын.

Боламын ақын Қасым, боламын мен,

Өлеңін бөбегіндей әлдилеген.

Қанатын қағып жылдам келер жылдар,

Бәрін де қарсы аламын ән – күйменен.

1-жүргізуші:

Аманжолов Қасым Рахымжанұлы 1911 жылы Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданының Фрунзе совхозында дүниеге келген. Қасым қазақ советі ақыны, 1944 жылдан КПСС мүшесі. Ұлы Отан соғысына қатысқан. Семей мал дәрігерлік техникумда, Орал педагокикалық институтында, Ленинград Орман шаруашылығы институтында оқыған. 1931-1941 жылдары «Лениншіл жас», Орал облысында «Екпінді құрылыс» газеттері редакцияларында, Орал облысы театрында жұмыс істеген. Халықтың ертегі, аңыздарын, батырлық жырларды, ғашықтық дастандарды жастайынан көп естіп, жаттап өскен.

2-жүгізуші:

Қасым өлеңдері 1931 жылдан облыс, республикалық газет, журналдарда жариялана бастады. Тұңғыш жинағы 1939 жылы «Өмір сыры» деген атпен жарық көрді. Дәстүрлі толғау, терме түрінде жазылған, « тілге жеңіл, жүрекке жылы» өлеңдері қалың оқырмандар мен әдебиетші қауымның назарын аударды. Ол қысқа ғана ғұмырында көркемдік - эстетикалық деңгейі жоғары, қазақ әдебиеті тарихында айтулы орынға ие шығармаларды дүниеге әкеліп үлгерген от ауызды, орақ тілді ақын. Қасым ауыр заман, қуылмалы саясат, соғыс, тұрмыс шаршатқан жұртты жұбатқан, сергіткен ақын. Ол Ұлы Отан соғысына қатысып, жауға қарсы қолындағы қаруымен де, қаламымен де белсене күресті. Пушкин, Лермонтов, Шевченко, Байрон, Маяковскийдің шығармаларын қазақ тілінде аударуы Қасымның шығармашылық өнерінің өсу жолын анықтай түседі. Қасым қалың жұртшылыққаөзінің ақындығы, аудармасымен ғана емес, сонымен қоса әнімен, домбыра, сырнай, скрипка, пианино тартатын әдемі өнерімен де танылған.

Ән «Өзім туралы»

1-жүргізуші:

Өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қандай. Сол жырлары ақын атын өшірмейді.

«Ақын жырлары мәңгілік» деген тақырыппен ақын өлеңдерімен шығармаларын үзінділер тыңдайық.

1-оқушы:

Атамекен

Сүйем сені, туған ел - атамекен,

Абзал адам сенсің ғой құшағың кең.

Жер мен көктің жаннаты бір өзіңсің,

Сенен артық не табам, қайда кетем.

Асанқайғы емеспін, Қасыммын мен,

Қобызымен сырласып күңіренген.

Іздеймін деп «Жерұйық» көр басында,

Ерке жанмын, өмірде өстім еркін.

«Еркелеме, ей жігіт, еспе!» - дер кім?!

Өз елімде өзендей гүрілдеймін,

Тасып, шалқып өтемін, - осы сертім!

...Бұл даланы анам жаспен суарған,

Бұл далада атам қолға ту алған.

Бұл далаға жылап келіп қуанғам,

Бұл далада өскен жанда жоқ арман!

2-оқушы:

Достар, қайда жүрсіңдер

Достар қайда жүрсіңдер, қай маңайда?

Мен де келе жатырмын малтып қанға.

Ең болмаса біреуің кездессең ед,

Ыстық, суық күндерде сағынғанда.

Күндер өтті, үңілдім сендерді іздеп,

Айлар өтті: «Көрмедік, білмейміз», -деп,

Жылдар өтті, таппадым қайдасыңдар?

Мені қуантсаңдаршы,- бірің кеп іздеп!

Ән: «Туған жер»

3-оқушы:

Өкінбен мен де бір күн өлемін деп,

Өкінем ұқсата алмай келемін деп.

Күніне жүз ойланып, мың толғанам,

Өзіммен бірге өлмесін өлеңім деп.

Барым да, бақытым да – осы өлеңім,

Жақыным, жүрегімнің досы өлеңім.

Өмірге келгенім жоқ бостан – босқа,

Мен қайтіп босқа жасап, босқа өлемін.

2-жүргізуші:

Қазақ ақындарының ойлау жүйесі, бейнелеу әдістері, сөйлеу мақамы бөлек. Қасым – өртке тиген өлеңдерімен ізгілікке тәнті болып, бүкіл қазақ халқының асқақ рухын аспанға көтерген ақын. «Тұрасың ғасырлармен қатар, Қасым!» дегендей, ақынға замандастары, өкшелес ақын інілері арнаған өлеңдерінен үзінді оқу.

1-оқушы: Мұқағали Мақатаев

Қасым солай болмаса...

Дейсіңдер-ау,Қасымның несі басым?!

Қасым солай болмаса, несі Қасым.

«Ақынмын» деп қопаңдап жүргендердің,

Әммесінен Қасымның десі басым.



Қуат алып жырына бәз-даладан,

Ол жанған. Күні жоқ-ты маздамаған!

Өлісінде өнеге болғаны анық,

Тірісінде біреуге жазған Адам...



Жалын жұтып, жанын жепжазған құрлы,

Өлеңінің өлмеуін арман қылды.

Тасқа басып қалдырды тәкаппар жан,

Қан менен жас аралас тарлан жырды.



Жеді.Тынды...

Керемет дерттер төніп,

Кең кеудеде кетті ғой кектер сөніп.

Қасым деген – қалғыған жанартау ғой,

Жанартау ғой,

Жанды да кетті өртеніп.



«Бір күй бар домбырамда...»

(Иесі Қасым)

Қасым солай болмаса, несі Қасым?!

Жыр бәйгеге аттанған адам болса,

Сөредегі Қасымын есіне алсын...



2-оқушы: Сапарғали Бегалин

Қасымға

Мынау жатқан жалыны өшіп Қасым ба?

Ақын еді ұлы ғасырда.

Бұлтқа бөлеп дауыл шайқап туғызған,

Жарқылдатып меізеп бейне жасынға.



Еркін өмір құшағында ер жетіп,

Қақты өанат ұқсап түлеп лашынға.

Алып топшы жер қанатын сермеді,

Шығар ма дер дүние шыңның басына.



Өр кеудесі жыр көгінен бүгілмей,

Ойда арманы халық арнаған жүгіндей.

Ұшты арқалап алғыр талант өр ақын.

Тізе бүгіп жалықтым деп жүгінбей.

Бүгін көзін ақын жұмған өмірден

Жыры қалды жалынменен өрілген.

Өлді деуге ақынды ауыз бармайды,

Оның жыры жоғары тұр өлімнен.



1-жүргізуші:

Даусы қалды құлақта саңқылдаған.

Жыры қалды жүректе жарқылдаған.

Жыр керек қой, дүниеге жыр керек қой,

Неге ғана өледі ақын одан?

«Қасым жайлы есімдегілер» дегендей, ақын –жазушылардың естеліктерінен үзінді тыңдасақ

1-оқушы: Тайыр Жароков

  • Қасым Аманжолов, Қалихан Бекхожин, Абдолла Жұмағалиев, Қапан Сатыбалдин сияқты дарынды сөзді, жалынды жырлы жас ақындарымыз келіп өздерінің үндерін қосты. Сөйтіп, қазақ әдебиетінің поэзия жанрының отряды дүрілдеп өсті... Қасым аманжоловтың «Абдолла» деген поэмасы майданда қаза тапқан жауынгер Абдолла ақынның майдандағы өжет бейнесін, ерлік образын, оның патриоттығын жақсы берген, асқан ақындықпен шебер жазылған, жастарға үлгі берерліктей әдемі поэма.

2-оқушы: Жұбан Молдағалиев

  • Соғыстан кейінгі дәуір – поэзиямыңыздың да бейбіт еңбекті аңсап сағынып, қаламды құшарлана, құштарлана алған кезі. Бұл жағынан үлкен іске талант күшін беруге тағатсыз асығып келіп кіріскен майдангер ақындарды мысалға алғым келеді. «Өле,ңнен туған елі құя салған» Қасым Аманжолов әдемі, есті өлеңдерімен бірге «Ақын жайлы аңыз» атты асыл поэма берді.



  • 3-оқушы: Мұхамеджан Қаратаев



  • Патриот ақын, лирик, сатирик, публицист қасым Аманжоловтың қуатты таланты соғыс жылдарындағы патриоттық өрлеу қырқасында мейлінше толық ашылды. Абдолла Жұмағалиевтың жарқын образын және қаһармандық өлімін зор ақындық шеберлікпен суреттеген «Ақын өлімі туралы аңыз» поэмасы Қасым Аманжолов өнерпаздығының шыңы және Ұлы Отан соғысы жылдарындағы поэзияның ұлы жеңісі болып табылды.



  • Кітапханашы:



  • Халық біледі, Қасым аға интернационалдық ақын болғанын. Қасым Аманжолов халқымен бірге өскен, ғасырмен бірге қозғалған, қан майданды бірге кешкен ақын. Өмірден ерте кеткенімен Қасымның мәңгі жасайтын асыл жырлары қалды. Сол жырлары ақын атын өшірмейді. Бұл күнде халықтың сүйікті ақыны Қасым Аманжоловтың жарқын бейнесі ел жүрегінде. «Өр дауысты ғажайып ақын» атты әдеби кешіміз осымен аяқталды.















































Тынбай өнімді еңбек еткен ақын поэзиямен ғана шектеліп қалған жоқ. Проза, драматургия жанрына да қалам тартты. Әңгіме-очерктер жазды. Әдеби сынға ат салысты көркем аударма жасады. Пушкиннің «Полтава» поэмасы, «Тұтқын», «Ақынға» т.б. өлеңдері, Некросовтың, Шевченковтың, Низанидың, Мояковскийдің, Твордовскийдің «Василий Теркин» шығармаларын аударған.





Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 21.01.2016
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров190
Номер материала ДВ-364741
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх