Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Рахмет саған, Әліппе!"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Рахмет саған, Әліппе!"

библиотека
материалов


Тақырыбы: Рахмет саған, Әліппе!


Мақсаты: Оқушылардың әліппеден алған білімдерін ортаға салу. Оқушыларды ана тілі оқулығымен таныстыру және өзін-өзі басқаруға үйрету. 


Барысы:

Музыка ойнап тұрады.  Сахнаға хан мен оның кішкене қызы шығады. 
Уа, халайық! Армысың,
Ағайын туған, бармысың

Мен Шығайбай ханның ұлымын
Жарлығымды тыңдаңдар, 
Босқа қарап қалмаңдар
Мен сендерге сенемін
Қызымды мектепке апарғанға
Ат басындай алтын беремін


Қызы: Жоқ,ағатай
Бұл не дегенің?
Оқымай-ақ мен бәрін білемін
Сабақ, оқу, әріп, жазу
Дәптер, кітап – ол не керек?
Ол не беред?
Мен сұлумын, ханшамын
Тәтті қыздың бірімін
Оқуыңа өзің бар,
 Керек емес білімің


Тазша бала: Уа, тақсыр, армысыз, 
Ханшайымда бармысыз,


Жақсы хабарым бар, 1 «Ә» сыныптың оқушылары, Әліппемен қоштасу тойын тойлағалы жатыр, соған ханшаны апарайын ханшаның пікірі өзгерер, барып көрелік.
Хан: Ойбай, қызыма көмегі тисе, жүр, түс алға!
Ханша: барсақ, баралық, көрсек, көрелік! 
Мұғалім: Қош келдіңіздер құрметті қонақтар


Мұғалім:
Армысыздар құрметті қонақтар, оқушылар! Шәкірттердің қолдарына тұңғыш рет ұстап, бетін ашқан оқулығы «Әліппе». Барлық ғылымның атасы, болашағымыздың негізі- әліппені бітіру тойына хош келіпсіздер дей отырып, ертеңгілігімізді бастайық.


Алихан С:
Армысыздар, мұғалімдер , әз жандар,
Білім іздеп, инемен құдық қазғандар,
Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,
Би биленіп,әнде бүгін шырқалар.


Аяжан:
Көз салып қараңызшы бойымызға
Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.
Хош келіпсіз, ұстаздар, ата-аналар, 
Әліппемен қоштасу тойымызға


Мұғалімнің әні «Жарайма»

(Балалар ортаға келеді)


Бала деген, шіркін ай, балдай екен,

Тәттілігі жая мен жалдай екен.

Арып – aшып даладан келгеніңде,

Бал иісін таттырып алдайды екен – деп Кенен Әзірбаев атамыз айтқандай кішкентай бүлдіршіндеріміздің өнерін тамашалайық!



Темирлан А:

Әліппені бітірдім,
Жаза аламын атымды.
Әліппені бітіріп,
Бала болдым ақылды.


Данияр:

Білім алып мектепте
Талай пәнді оқимыз
Мұғалімнің айтқанын
Зердемізге тоқимыз.


Алихан К:

Кешегі сәби балаңыз, 
 Жарады міне қараңыз. 
 Ғылым, білім жолына 
 Енді қайық саламыз.

 

Анель: Ұлдар, ұлдар тоқтаңдар! Құр мақтан сөзбен ешкімді сендіре алмаймыз. Одан да мына қонақтарға өз өнерімізді көрсетуге асығайық.
Ән: «Көңілді күн»

Мұғалім:

Балалар мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын. Сендер оған жауап айтыңдаршы.
Іші толы әріпке,
Білімдегі жарық не?


Хормен:
Болашаққа жол ашар-

Ол сүйікті- Әліппе!
Ол сүйікті -Әліппе!


Мұғалім: 
-Олай болса, бәрімізге ең қымбат Әліппені ортаға шақырайық.

Хормен: Әліппе! Әліппе! Әліппе!

Мұғалім: Балалар, біздің әліппеміз неге кешігіп жатыр?

Мұғалім:
Осы кезде электронды почтаға хат келіп түседі. 
Мұғалім:

Балалар, жолда досын ертіп келе жатқан әліппені ҚЫС ХАНШАЙЫМЫ  ұстап алыпты.

Оның бізге қояр тапсырмалары бар екен. Қане өзінен сұрайықшы

Қыс ханшайымы:

Балалар сәлеметсіңдерме? Менің сендерге қояр сұрағым бар?

  • Біз қай елде тұрамыз?

  • Астанамыз қай қала?

  • Ел басымыз кім?

  • Мемлекеттік рәміздерімізге не жатады?

«Қ» Темирлан Ж:

Көк аспанда көкпеңбек

Қазақстан жалауы

Көк емес ол тектен тек

Елдің ашық қабағы


«А» Гүлназ:

Астанам, ұлы, Астанам
Ұлылыққа бастаған!
 Мақтан тұтар өзіңді,
 Кіп-кішкентай жас балаң


«З» Алдияр

Зау-зау заңғар заңғарлар, 
Замандар бар, заңдар бар

З-да барлық заңдылық

 Заңда з мен заң болар!


«А» Алина

Ана тілің арың бұл  
 Ұятың боп тұр бетт

Өзге тілдің бәрін біл
Өз тіліңді құрметте!


«Қ» Мансур

Қарағанды көмірі

Қостанайдың егіні.
Даласындай жомарт қой
Қазағымның көңілі.


«С» Акнур:

Жағасында Ертістің

Семей деген қалам бар
Туған мұнда атақты
 Абай, Мұхтар, бабалар


«Т» Ералы: 

Жарақты жаумен жұлқысқан 
 Қылышты жаумен қырқысқан

Ең ежелгі астана
 Қасиетті Түркістан!


«А» Нейля:

Піскен алма топ-топ түсті,
Топ-топ түсті, көптен түсті


«Н» Нұржан:
Ас біткеннің анасы
Қасиетті нан осы


Ханшайым: Осы әріптердің барлығын қосқанда қандай сөз шығады екен?
ҚАЗАҚСТАН
Ендеше, сендер  Қазақстан деген ұлы мемлекеттің бақытты балдырғандарысыңдар, қандай білімді балалар!

Хор «Отан»

Ханшайым:

  1. Бір жылда неше мезгіл бар?

  2. Қыс айларын ата?

  3. Қыста қандай мерекелер бар?

Ендеше балалар сендер білімді балалар сияқтысыңдар, маған сендердің көмектерің керек. Мен өзім халғыз шыршаны безендіруге үлгермей жатырмын көмектесіңдерші.


Тақпақтар айта отырып әріптерді іледі.

Камила:

Добым-добым домалақ,

Домалатсам жоғалат

Домбырамен күй тартып,

Д ны айту оңай ақ

 

Құралай:

Ақ мақтаны терейік

Мектепке тал егейік

Мерекелі жиында,

М ны айтып берейік


Құндыз:

Бостан-босқа ойнама,

Бидай толтыр қоймаңа

Бақа,балық ботақан

Сөздерінен  б ны ойла

  

Аяулым:

Ыдыс, ырыс сөздері

Ұқсас екен өздері

Ы дыбысы құрап тұр

Дәл осындай сөздерді


Данара:

Жан-жағыма жантайдым,

Жапырақтай жалпайдым

«Ж» әрпін жаздым жа

Жарға қарай шалқайды 


Аяжан:

Ұршықтай зырлаймыз

Ұяны сырлаймыз

Ұлт, ұят сөзінен

Ұ дыбысын  жырлаймыз

 

Ералы:

Балпаң-балпаң  басайық

Аңдарға жем шашайық

«Ң» дыбысын білмеген

Балалардан қашайық


 Би: Джентельмендер


Қалдияр:

Қояным,шаяным,

Суретін боядым

Сөздермен осындай

Я дыбысын ойладым

 

Гүлназ:

Ерлік,еңбек елдікпен,

Егеменді теңдікпен

Емендей мықтымыз,

Е дыбысын білдік біз

 


Анель:

Күндей күліп өсеміз,

Көңілді кең көшеміз

«К» дыбысы көп екен,

Кітабымды көрсеңіз

 

Амина:

Әже, әке әніміз

Әрқашанда сәніміз

Енді білдік әдемі,

«Ә»әрпінің мәнін біз

 

Нейля:

Ине ұстай аламын

Икемімді табамын

Инеліктей иіліп,

«И» әрпін саламын


Ханшайым: Рахмет балалар сендерге сендердің маған көп көмектерің тиді. Міне әліппе сенің арқаңда балалр талай өнерлерін көрсетті. Мен сені жібермей қойғаныма ренжімессің, енді достарыңмен бірге бол. Балалар менің әлі талай бітірер жұмысым бар сендермен жаңа жылда кездесеміз сау болыңдар.


Әліппе: Балалар мені қар ханшайымынан ұятқа қалтырмай білімдеріңді ортаға салып құтқарып қалғандарыңа рахмет, риза болып тұрмын.

Ішім толы әріпке, 
Менмін әйбат әліппе! 
Барлық ілім -білімнің, 
Бастауы мен –Әліппе! 


Хор: Әліппе


Аяулым:

Бар білімнің бастауын 
Әліппеден бастадым. 
Үйренуге талпындым 
Құлшынып балғын жас жаным. 

Нұржан:

Бірінші беттен елімнің 
Елтаңбасын таныдым. 
Көк байрақты қазақтын 
Ұрпағымын,сәнімін. 

Алихан К:

Ең алғаш алғанымда Әліппені 
Қызығып қарай бердім әріптерді. 
Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді 
Ұстазым оның кілтін алып берді. 
 
Мансур:

Келгенде алғаш мектепке 
Білмеуші едік әріпте. 
Оқимыз қазір ертекті 
Үйреткен оны «Әліппе». 

Данияр:

Енді біз жаза білеміз 
Әріпті қосып,әріпке. 
Риза боп саған жүреміз 
Сүйікті біздің Әліппе. 


Би «Испан биі»


Мұғалім: Әліппе балалар тек қана жазып оқып қана қоймай тез есептеуге де үйрендік қане тамашалайық


5-тен 4-ті алайық 
Қанша қалды санайық 
Қарайық та санайық 
Санайық та табайық (1) 


Бесбайда бар 5 іні 
Естайда бар 2 іні 
Қоссақ 5 пен 2 ні 
Қанша болар шешуі? (7) 

Шығармақ боп кеше есеп 
Жиналғанда 5 есек 
3-еуі ұйықтап отырды 
Ынталысы неше есек? (2) 

Қазып жүр құмды 5 мысық 
3-і жатыр күн ыстық 
2-і жүр шомылып 
Барлығы қанша санап шық? (10) 

Мұз айдында жеті бала. 
Асыр сап жүр сырғанап. 
Сырғанамай екі бала. 
Жағалауда тұр қарап. 
Енді осы бар баланың 
Санын айтсаң –жарадың! (9) 

Көлден ұшты жеті қаз, 
Қайтып қонды екі қаз, 
Қонбады оның нешеуі? 
Кәне, кім тез шешеді? (5) 

Жаңа ғана шалғында, 
Алты бұзау жүр еді. 
Әлде шаршап қалды ма, 
Жатып қапты біреуі. 
Нешеуі енді жайылып, 
Айт, жүргенін айырып. (5) 


 Ән: Домбырасыз ән қайда


Әліппе: - Ал достар, мен сендерге өте ризамын, бүгін сендер енді менің жолымды әрі қарай жалғастыратын ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.


Ана тілі:
-Сәлеметсіңдер ме, балалар? 
Туған елдің тілімін,
Ақылымен танылам.
Түсіндірер бәріне
Ана тілі мен болам.
Балалар мен сендердің келешекте сауатты азамат болатындарына сенемін.


Әліппе: Ал, енді мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар, балалар! Сабақты жақсы оқыңдар!


«5» болсын алар бағамыз,
Біліммен бақыт табамыз, 
Өнер-білім көп тоқып,
Өсе берсін санамыз! ( 5-тіктер тарату)


Хор: Қош бол,қош бол , құтты Әліппе!


Мұғалім:
Әліппемен қош айтысып қаламыз,
Енді қолға ана тілін аламыз.
Ата-ана қуанышқа ортақ бол,
Сауатты боп шықты міне балаңыз!


Мұғалім: Балалар, енді біз ана тілі кітабын жалғастырамыз! Кәне, онымен жақынырақ танысайық!


Ана тілі:

Ана тілің – арың бұл,
Ұятың боп тұр бетте,
Өзге тілдің бәрін біл,
Өз тіліңді құрметте!
Мұғалім: Ана тілі отырып оқушылардың өнерін тамашалаңыз.


Алихан С:

Әріптерді үйретіп, 
Жақын болған кім бізге,
Жамандықтан жирентіп,
Ақыл болған кім бізге!


Данара:
-Әліппе оқуға, 
 Үйреткен әр күні 
 -Үйретіп санауды, 
 Көп еңбек сіңірген 
 Мұғалім ғой ол біздің!


Ән: Ұстазым Гүлназ 
Мұғалім. -Әліппені меңгертуге, жазуға, санауға үйреткен ата-аналарымыздың үлесі бар. Ата-анамызға ризашылығымызды білдіреміз.


 Би: Балықтар

Хор: Мектебім


Мұғалім: 
Балалардың білімі құтты болсын, 
Денсаулығы ауырмайтын мықты болсын. 
Білімдерін әрі қарай дамытатын, 
Ерінбейтін енбекқор күшті болсын!

Осымен «Рахмет саған Әліппе!» атты ертеңгілігімізді аяқтаймы!





















Өсті міне бойларың

Өсті ақыл ойларың

Құтты болсын тойларың жарайма

Сен бақытты баласың

Шатық әнге саласың

Танысыпта аламыз қалайда


Сыныптағы арулар

Алина мен Акнұр бар

Қалыспайды олардан

Ерасыл мен Данияр

Жақсы баға алғанда

Аяжан мен Амина

Нұржан мене Алдияр солайма


Мектебіміз сәніміз

Танысамыз бәріміз

Бүгін үлкен қуаныш солайма

Өнерменен білімді

Кел ортаға салайық

Оқып жаза аламыз жарайма


Нейля менен Камила

Әліппені оқыған

Құралай мен Құндызда

Көңіліне тоқыған

Алихан мен Ералы

Анель менен Гүлназ да

Сыныбымыздың жұлдызы солайма



Сыныбымда арулар

Аяулымен Данара

Қалыспайды олардан

Мансурменен Алихан

Қос Темирлан Қалдияр

Үлгі болар талайға

Бәрі үздік оқушы солайма


5



Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 02.02.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров116
Номер материала ДВ-406070
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх