Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты: "Ұранды ердің - ұрпағы қайсар"

Тәрбие сағаты: "Ұранды ердің - ұрпағы қайсар"


библиотека
материалов

Тақырыбы: « Ұранды ердің – ұрпағы қайсар»
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың бойында Отанға және туған елге деген сүйіспеншілік пен мақтаныш сезімін қалыптастыру,Елбасының қоғамдағы орнын түсіндіру; Отаншылдық сезім мен тұрақты моральдік мінез құлқықтың
беки түсуіне ықпал ету ;адамгершілікке ,ұлтжандыққа тәрбиелеу;
Көрнекілігі:нақыл сөздер,буклеттер,шарлар,слайдтар

Сабақ барысы

1 жүргізуші:

Құрметті оқушылар! Бүгін 5 «а» сынып қыздарының дайындаған « Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Ендеше бүгінгі мерекелік кешіміз өздеріңізге арналады.

2 жүргізуші:

Біздің туған жеріміз,алтын бесігіміз - кең байтақ Қазақстан. Қазақстан-біздің Отанымыз. Ал біздер тәуелсіз қазақ елінің ең жас ұландарымыз. Сондықтан өз елімізді, өз жерімізді әкелер мен аталарымыз сияқты қадірлеуге, сүюге, қорғауға тиісті екенімізді естен шығармайық

1 жүргізуші:

Тәуелсіздік бізге оңай келген жоқ.Тәуелсіздік бізге қазақтың басы мен жұлын –жүйкесі Кенасары арқылы,қайқы қара қылышты Бауыржан арқылы,уыз сезімді Қайраттар арқылы келді.

2 жүргізуші:

Егемен Қазақстан-біздің еліміз,жеріміз,Отанымыз тіліміз,дініміз..Ал біз өз Отанынын сүйетін,бойында намысы бар ұлтжанды азамат боламыз деп сөз береміз.

1жүргізуші:

Армысыздар, ардақты азаматтар,
Еліміздің тірегі, көшті бастар.
Құтты болып мереке баршаңызға
Бақ-береке әкелсін елімізге!

Құрметті оқушылар, баршаңызды 7 мамыр Отан қорғаушылар күнімен және 9 мамыр – Жеңіс күнімен құттықтаймыз!

2 жүргізуші : Бұл мереке әр кезде де батылдық пен ерліктің, қаһармандық пен елдіктің нышаны, Отанға деген сүйіспеншілік пен адалдықтың өлшемі, ал құрметті ардагерлеріміз, болашақ ұрпақтар үшін, егемен еліміздің тәуелсіздігін қоғаушылардың бәрі үшін жарқын үлгі болып қала берері сөзсіз.

Хор: «Атамекен»

  1. Айзат: Егемен ел болдық, қаһарман ерлікпен. Бағымыз жанады, бауырмал елдіктен. Қазақтың мерейі жұлдыздай жоғары, Мәңгілік жасаймыз, бірлікпен елдікпен

  2. Амина Қ:

Жете бер аңсап күткен тілегіңе, Қылаудай дақ түспесін жүрегіңе. Отанның, ел-жұртыңның мақтаны бол, Алды бол қатарыңның бұл өмірде.

  1. Томирис:

Жігіттерді мақтаймыз да, даттаймыз Жүректегі жалын отын сақтаймыз. Олар қате істер істеп жатса да, Бетке шауып онысында айтпаймыз.

  1. Дана:

Мейрамдарың құтты болсын, жігіттер! Болмасыншы көңілдерде күдіктер. Мейрамыңмен аға, іні-бауырлар! Орындалсын алға қойған үміттер.

  1. Аида:

Қазақ жігіті керемт қой расында. Жауапкершілік бар ғой олардың басында. Өзге ұлттардың жігеттері түк емес, Кереметтей қазақ жігітінің қасында.

  1. Дина:

Күтіп тұр ғой бізді алда сан арман. Қазақ жігіті бақытқа тек жаралған. Қазақ жігіті қытайдай көп жан емес. Асыл олар аз боп қана аталған



1жүргізуші Жыр айтқан балалардан айналамын
Елім деп еміренсе жанданамын,
Жүректер Қазақстан деп күнде соқса,
Марқаямын,мақтанам,қуанам!

Ән:Ризамын орындайтын; Дина, Ақерке





2 жүргізуші:

Қырмызы қыздар
Қызғалдақ қыздар құлпырған.
Өздерің жайлы кеудеде біздің жыр тұнған
Қазақтың биін билеңдер қане майысып,
Отырған халқым сүйсініп қалсын сыртыңнан. 
-дей отырып ортаға биші қыздарымызды « Девочеи Из Казахстана» биімен шақырамыз. 


2 жүргізуші:Келді жайнап бала көктем,
Күткен еді дала көптен.
Шалғынды тербей есті ерке самал,
Жібектей жаңа леппен.-дей отырып Көктемдегі құстар биін тамашалайық 
қыздар флешмоб

1-жүргізуш:

Елді жаудан қорғайды
Әскерлерім-айбыным!
Мықты болса Әскерім,
Біз көрмейміз қайғы-мұң.

Хор: «Туған жердің бөбегіміз»

1 жүргізуші:Біз,тәуелсіз Қазақстанның жас азаматтары,кең байтақ еліміздің келешекте еңселі де іргелі елге айналуына үлесімізді қосамыз.


2 жүргізуші: Құрметті оқушылар «Бүгін 5 «а» сынып қыздарының дайындаған « Ұранды ердің – ұрпағы қайсар» атты тәрбие сағатымызды яқтаймыз. Назар қойып тыңдағандарыңызға рахмет.

1 жүргізуші:
Мамырдың мамыражай күндерімен, майда желімен келіп жеткен мерекелеріңіз тағы да құтты болсын, ардақты азаматтар!



Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-086788

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG