Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Рухани мәдениет" тақырыбында

Тәрбие сағаты "Рухани мәдениет" тақырыбында

Скачать материал

Тақырыбы: Руханият жіне мәдениет

Мақсаты:Мәдениет және оның қоғамдағы маңызы,оқушыларға материалдық және рухани мәдениет туралы түсініктерін қалыптастыру. Тәрбиелік:Мәдениеттілікке,патриотизмге тәрбиелеу

Тәрбие сағатыныңкөрнекілігі: сурет,шарлар,

Тәрбие сағатының барысы:

1-жүргізуші:

Мәдениет – жеке адамның өмір сүру мақсаты мен құндылық жүйесі, адамның өмір сүрген ортамен қарым-қатынасы. Ол - өзара қарым-қатынас нәтижесінде қалыптасатын ерекше құбылыс. 
Адамдар өздерін қоршаған ортаға, оның әлеуметтік және мәдени қатынасына әсер етеді, өзгертеді. Олар оны өз мақсатына пайдаланады. Болашақ қоғамға, ұрпаққа мұра етіп қалдырады, ал ол мұра белгілі жағдайда үнемі дамуда болады. 
2-жүргізуші:

Адамзат баласы жасаған мәдениет екі түрге бөлінеді. Біріншісі – рухани мәдениет, екіншісі – материалдық мәдениет. Рухани мәдениетке музыка, әдебиет, сәулет өнері, сурет өнері, кескін өнері жатса, адам баласының шаруашылыққа байланысты күнкөрісінен туған дүниелері материалдық мәдениетті құрайды.

1-жүргізуші:

 Биыл тәуелсіздік алғанымызға 25 жыл болады. Осы тәуелсіз ел болғанымыздың өзі де – байлық, ана тіліміз мемлекеттік тіл дәрежесіне көтерілді , бұл да біздің байлығымыз емес пе! Ұмыт болып бара жатқан салт-дәстүріміз қайта оралып жатыр, бұл да біздің рухани байлығымыз, ата – бабамыздың көзіндей болып қалған мәдени мұраларымыз да біздің рухани байлықтарымыз. Біздің адами құндылықтарымыз, яғни қадір-қасиетіміз де рухани байлықтарымыз.

Әдеби монтаж.

1-оқушы.

Тәуелсіздік, тұғыры биік ,тұлғасың!
Жырласын сені барша,қазақ жырласын!
91-де егемен, еркін болып ек.
Өте шықты бүгіндері 25 жыл қырды асып.
2-оқушы.
Бүгін, міне, «Мәңгілік ел» атандық.
Сенің арқаң соның бәрі Тәуелсіздік, Бостандық!
Көк байрағың желбіреді Рио-да,
Жеңіс туы көтеріліп, қазағымның ән ұраны шырқалып!

3-оқушы.

Елімізде тұрақтылық,бейбітшілік орнаған.
Әртүрлі ұлт бір шаңырақ астына бүгін жиналған.
Ақ, қарамыз,сарымыз деп бөлінбей,
Барлығы да «Қазақстан азаматы»атанған!

4-оқушы.

Жаңаша жазып,жаңаша қалам тербейін.
Қалайша мен,халқым-ау ,тебіренбейін!
Көріп тұрмын экономика өскенін,
Көріп тұрмын елімнің жетістіктерін.

 

Көркемсөз. Несіпбек Айтұлы «Күлтегіннің көк тасы»

 

Ұлы таулар, тебірен, жата бермей шалқалап,

Ұлы дала рухына басын иді шартарап.

Тәңірінің біздерге көктен түскен сыйындай,

Көктас көшіп келеді тарихымды арқалап.

 

Аруағыңнан айналдым, бабаларым, хас батыр,

Көз жасындай мөлдіреп қасиетің таста тұр.

Күн астында күңіреніп құлпытасың қалмаса,

Мың жылдардың үңірейіп арғы жағы бос жатыр.

 

Исі түркі жұртының тұмарындай, Көктасым,

Бұзып жеттің бүгінге ғасырлардың қақпасын.

Түмен-түмен қол ертіп, тік көтеріп даланы,

Түзегендей Күлтегін Астанама ат басын!

 

Екеніміз шын болса Ер түріктің ұрпағы,

Бізге қымбат Көктастың ұшып түскен ұнтағы.

Құдіретін әз тұтып Күлтегіндей киенің,

Ұл жасасын ұлтының бола білген ұлтаны!

 

Халқын ойлап түнеткен қабағына боз қырау,

Күлтегінді көргенде күндік жерден безді жау.

Өсиетін бабаның тастан тани алмасақ,

Жарқыраған не керек маңдайдағы көз мынау?!

 

Қуанышқа кенеліп қазағымның құшағы,

Көңіл құсы шарықтап сан қиырға ұшады.

Елтаңба мен Көк байрақ, Әнұранда ғана емес,

Күлтегіннің тасында Елдігімнің нышаны!

 

Еріксізден еңкейтіп енді ешкімге, Жасаған,

Иілмесін басымыз тар бұғаудан босаған!

Босағамда бүгілер тәкаппардың тізесі,

Төрде тұрса текті сөз бабам тасқа қашаған!..

2-жүргізуші:

Халық игілігі ретінде рухани асыл қазыналар ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, сабақтасып жатады. Халқы үшін еңбек еткен адамдардың өмірі де рухани байлық болып табылады. Сонымен , ұлттық құндылықтар адам өміріне қажетті рухани байлық болып табылады.

 

1-оқушы.

Ана тілім

Ана тілім,

Жүрегісің анамның.

Жүрек – ана,

Мен өзіңнен жаралдым.

Сағат сайын саулығыңды тілеймін,

Сенсіз мынау керегі не ғаламның!

Сенің әрбір тынысыңмен күн кешем,

Сен арқылы тіршілікпен тілдесем.

Ел бетіне қалай түзу қараймын,

Ана тілім,

Егер сені білмесем.

Сенің арқаң дүниеден сыр ұқсам,

Сенің арқаң жүзіп ішсем тұнықтан.

Туған анамды ұмытқаным емес пе,

Туған тілім,

Егер сені ұмытсам.

Ана тілім,

Алтын ұям, құндағым,

Ақ бесікте әлдиіңді тыңдадым.

Сенің жырың, сенің әнің айтарым,

Санам сөніп, байланғанша тіл – жағым!

 

2-оқушы.

Мен қазақпын, қыран елмін, азатпын.

Пейіліммен кеңмін,

Иесімін кең байтақ жердің.

Мен қазақпын, ғажаппын

Еркіндік үшін дүниеге келдім,

Көк тәңірдің иесі едім.

Асан қайғы болып жаһанды кездім,

Кұрманғазының күйіне ендім,

Абылай ханның соңынан ердім,

Қабанбай қас батырым едің,

Абайдай алып данамын,

Махамбеттей өрім дарамын,

Наурызбаймын найзамын

Райымбекпін айламын

Жәнібектің жігерімін

Жауымды жеңдім, тойладым.

 

3-оқушы.

Мен қазақпын, ғажаппын,

Әйтеке, Төренің тілдерін білемін,

Қазыбек бидің жүрегіндемін,

Әл Фарабидің мұратындамын,

Қажымұқанның қуатындамын.

Тұрармен мен түрмеде жаттым,

Шоқан болып жұлдыздай ақтым.

Қасым қайсар ақыным едің,

Мұқағали жыр әнім едің.

Шәмшінің мен әнімін,

Үміттің де таңымын.

Береке мен бақ қонған,

Ұрпағымын ұлы елдің.

 

4-оқушы.

Мен қазақпын, қазақпын,

Тарихым менің тоналғанда,

Суалдым мен Аралдай.

Тәуелсіздік таңы атқанда,

Қуандым мен баладай.

Ақан Серінің құлагерімін,

Қожа Ахметтің мұрагерімін.

Ойран болған Отырардың,

Өлмейтұғын куәгерімін.

Батырмын мен Оспанмын,

Бауыржанмын дастанмын.

Арманның бәрі менікі,

Астындағы айлы аспанның.

 

5-оқушы.

Мен қазақпын, ғажаппын,

Ғарышқа самғап, күн көктен қаттым.

Желтоқсанда мұзға от жақтым.

Азаттықты аңсап, ерлікпен жеттім,

Қазақпын деп биікке тарттым.

Қозы мен Баян махаббатымын,

Сәкеннің сарбаз салтанатымын.

Жамбыл жыры жақұтым менің,

Елдің рухы мен едім.

Қасқа жолмын Қасыммын,

Ескі жолмын Есіммін.

Нұрлы жолмын Алаштың,

Өшпейді қазақ есімім.

Біріңді қазақ бірің дос,

Көрмесең істің бәрі бос.

 

Ән:»Елім менің» орындайтын Ақылбай Саят

 

1-оқушы.

Ардақтайтын ана тілім – бастауым,

Ата Заңым – арқа сүйер асқарым!

Армандаған болашақты баянды

Арландары – жалындаған жастарым!

 

2-оқушы.

Ажарында көгіміздің – Тыныштығы жеріміздің.

Тәуелсіздік деген осы – Азаттығы еліміздің!

Бауырына айналдырып сан ұлтты,

Бірлігі мен татулығын танытты.

Жаңа ғасыр көшін бастап

Қазақстан жаңа күнге жетелейді халықты.

 

3-оқушы.

Арайланып, шуақ шашар таң күліп,

Бақыт жолы жатыр алда жаңғырып.

Бағзылардан аңсап жеткен

Еркіндік – Ұлы Дала Елі үшін – Мәңгілік!

 

4-оқушы.

Әрқашан да мақтанамын жеріме,

Қазыналы, дархан, байтақ еліме.

Ешбір қала тең келе алмас өзіңе,

Тілеймін мен бейбітшілік еліме.

 

4-оқушы.

Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,

Мықты болсын елімнің керегесі.

Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,

Кетпесін туған жердің берекесі.

Хор. «Рух пен тіл».

 

1 – жүргізуші: Аталар сөзімен өсіп өнген,

2 – жүргізуші: Бабалар бұлағынан нәр алған,

1 – жүргізуші: Даналар өсиетінен тәрбие алған,

2 – жүргізуші: Ұлылар тәрбиесіне тағзым еткен

Тәуелсіз елдің ұрпақтары, елдігіміз мәңгілік болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Рухани мәдениет" тақырыбында"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Руководитель организации

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 870 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2016 7300
    • DOCX 21.2 кбайт
    • 21 скачивание
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мұсабаева Эльмира Хасенқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мұсабаева Эльмира Хасенқызы
    Мұсабаева Эльмира Хасенқызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 16914
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой