Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Конспекты / Тәрбие сағаты: Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты: Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл

библиотека
материалов

Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл

Мақсаты: оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттай отырып денсаулықтарын сақтауға, өз денсаулықтарына жауапкершілікпен қарауға, ізгілік пен мейірімділікке тәрбиелеу; шығармашылық,өркениетті елімізге лайыкты,зиянды әдеттерге қарсы куресетін, білімді дамыта отырып жеке тұлға қалыптастыру.

Түрі: сайыс.

Көрнекілігі: зиянды әдеттерге қарсы суреттер, көрнекі жазылған нақыл сөздер, денсаулыққа,салауаттықа байланысты бүклет және кітап көрмесі.

Барысы:

Сайыс бағдарламасы

1бөлім: «Сәлем берем халқыма»Шарты:таныстыру,эмблема.

2бөлім: «Денсаулық-зор байлық»Шарты:зиянды әдеттер тақырыбына байланысты өлең жолдарын оқу.

3бөлім: «Бірінші байлық-денсаулық»Шарты:әр топ денсаулыққа байланысты мақал-мәтел айту керек.

4бөлім;"уланбасын өмірің"шарты;зиянды әдеттердің алдын шараларын көрсету алу

5.бөлім ;салауаттылыққа,денсаулыққа арналған викториналық сұрақтар

6.бөлім ;"Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз" тақырыбына сурет салу.

Әділқазылар алқасымен таныстыру.

Жүргізуші:Адам болу ел болудың жолы да,

Онай емес, ойлау керек оны да.

Ел қатарлы тірлік етіп кем болмау,

Бақыт құсын қондыру да қолында.


Сондықтан да салауаттық сабағын

Шығарма естен басқан сайын әр адым.

Жаман әдет жуымасын жаныңа,

Табиғаттай таза ұлы бол даланың.


Ниетің де, тілегің де, ойың да

Сұлу болсын,таза болсын бойың да.

Адал еңбек сені алға бастасын,

Барлық бала спортпенен достассын.


Оқушылар мен ұстаздарға

Айтарымыз бір тілек:

Берекелі заман болсын,

Балаларыңыз аман болсын!

1бөлім: «Сәлем берем халқыма» "денсаулық сақшылары " тобы өздерін таныстырып, сәлем береді.


Бұл өмірде не керек?

Дұрыс жүріп ,дұрыс сөйлеу керек,

Ішімдік ішпей, шылым шекпей,

Ерте тұрып, кеш жатып,

Есірткіге еліктемей,

Ерінбей еңбек ету керек.

Бәрінен салауатты өмір керек.

Әділ қазы алқасы, бәрінен де біздерге,

Әділ сізден баға керек!

Біз "Денсаулық сақшылары" ,

Ант етеміз,

Ант етеміз,

Ішімдікті, есірткіні,

Шылымқұмарлықты жоюға.

Салауатты өмір сүруге, ант етеміз!

"Болашақ " тобы өздерінің үндеулерін ортаға салады.


Топ басшысы:Құрметті көрермендер әділқазы алқасы.Біз денсаулықты сақтауға, нығайтуға байланысты баршанызға үндеу тастаймыз.

-Жер бетінің экологиясын қорғау.

-Күнделікті дене шынықтыру жаттығуларымен айналысу.

-Дене шынықтыру сабағына, үйірме жұмыстарына белсенділікпен қатынасу.

-Салауатты өмір салтын бірінші орынға қою.

-Мектебімізде денсаулықты дамытуда үнемі үгіт- насихат жұмысын жүргізу.

-Спорттық жарсытарға қатынасу, атсалысу.

-Жеке басының және көпшілік орнының гигиенасын сақтау.

Біздің топ"Болашақ" деп аталады.

Шетімізден спортшымыз,

Денсаулықты шындаған.

Салауатты өмір салтын дәріптейік,

Келіп тұрмыз, қорықпаймыз, шындардан!


2бөлім: «Денсаулық-зор байлық»Шарты:зиянды әдеттер тақырыбына байланысты өлең -шумақтар.

"Денсаулық сақшылары"тобы араққа,ішімдікке байланысты қысқа әзіл қояды.



Ақыл тасты жарады, Шексе болды нашаны,

Арақ басты жарады. Құтырынып тасады,

Арағынды жуытпаймын, Сәлден кейін есіріп,

Ақылымды құртпаймын, Дайдидауға басады.

Шылымшы қарт, жас адам Жасап өзін нашақор,
өзіне өзі қас адам. Ұрмай, соқпай жазалы.

Ұзартқың келсе ғұмырды Арылмайтын бұл бір сор,

Таста арақ пен шылымды. Болған көптің мазағы.



"Болашақ тобы"

Күрк-күрк көкжөтел,

Күркілдеген не жөтел?

Түбіңе сеңін сол жетер.


Түтінмен ыстап өкпені,

Никотин уын төккені.

Журектің ұстап талмасы,

Мишықтың құрғап кеткені.


3бөлім: «Бірінші байлық-денсаулық» Әрбір топ басшылары ортаға шығып даенсаулық туралы мақал-мәтелдерді кезекпен айтады.


4бөлім;"уланбасын өмірің" Зиянды әдеттердің алдын алу шаралары.

"Денсаулық сақшыларының" тобы көрініс орындайды.

Көрініс

Спортшы жігіт жаттығу жасап, шынағып жүр.Оның жанына темекі тартып, қолдарында ішімдік бар достары келді. Арада 5 жыл уақыт өткен соң, олар кездеседі.Спортшы жігіт әлем чемпионы атанған, ал баяғы темекң шекіш ішімдікке құмар достры азып-тозған,түрлері адам шошитындай түскен.Спортшы жігіт сойледі.


Жігіт: уа халқым, назар аудар денсаулыққ, Өмірде бақыттысың денің сауда.

Денсаулық терең бақыт деген сөзді, құр айтпаған ғұламы данамыз да. Сақта халқым, денсаулықты Алла берген, Оң болсын десең егер тіршілігің. Сақта халқым, денсаулығын аналардың Болсын десең дені сау ұрпақтарың.


Болашак тобы


Бір оқушы орындықта отырады. Екіншісі: Бұл отырған – шылымқор, сорады кеп шылымды ол,

Қанша айтсаң да алмайды "тартпа" деген тіліңді ол.

Қой десенде қоймайды, көк түтінге тоймайды,

Сора-сора уты өн бойындыжалайды.

Кірпік әсте қақпайды, жөтел қысып жатпайды,

Бірақ шылым сорғанда, ауызы тыным таппайды.

Шылымсыз тек жүрмейді, жоқ боп қалса тілдейді,

Бірақ оның зиянын білсе дағы білмейді.



5.бөлім:Викториналық сұрақтар

1.Жүрек ауруына пайдалы тауда өсетін жабайы өсімдік.(Долана)

2.Жүйке жүйесіне кері әсер тигізетін зат.(өсімдік).(есірткі)

3.Салауаттану дегеніміз не?

4.Темекі тарту қай ғасырда, қай жылы пайда болды?(XIVғ.1496 жылы)

5.Еуропада темекі тартумен күрес қай ғасырда басталды?(XVII ғ)

6.Темекінің жасыл жапырақтарында қанша пайыз никотин болады? (9%)

7.Егер жыл бойы адам күніне1қорап темекі шексе, оның өкпесінде қанша шайыр қалып қояды? (3 литр)

8.Адам үшін никотиннің өлімге әкелетін мөлшері қандай?(35-70мг)

9.Темекіден болатын ауруларды атап көрсетіндер?(стенокардия, эндоартрид, гангрена)

10."Никотин" деген сөз қайдан шықты? (Жан нико-никотинді зерттеген ғалым. Балалар енді"Денсаулық"сөзіндегі тоғыз әріпіне мақалдар жазайық...

Барлық оқушыларды салауатты өмір сүруге шақырамын. Зиянды әдеттерлен аулақ болайық! Темекіден аулақ жүріп, өз денсаулығымызды сақтайық! )

6-бөлім: "Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз"

Екі топтың салған суреттері бағаланады.

Жүршізіші: Міне, оқкшылар, әр адамның мәнді де сәнді өмір сүруі үшін денсаулықтың әсері ұштан-теңіз екен. Сондықтан да өмірлеріміздегі ең жарқын жастық шақтарынызда дендеріміздің саулығына бүгіннең бастап қамқор болайық.


Есірткі құрсын,

Ішімдік жойылсын.

Дені сау қазақтың

Ұрпағы көбейсін.

Мәдениет өркендеп,

Табиғат көркейіп,

Қазақтың сымбатты

Ұл-қызы көбейсін!


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 06.05.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Конспекты
Просмотров97
Номер материала ДБ-069713
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх