Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты "Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Начальные классы

Тәрбие сағаты "Салауатты өмір - көтеріңкі көңіл"

библиотека
материалов

Салауатты өмір-көтеріңкі көңіл

Мақсаты: білімділік – жас ұрпаққа адам денсаулығының қымбаттылығын, өмір сүру үшін қажеттілігі, бағалы байлық екенін түсіндіру.

Тәрбиелік – денесін шыңдауға, шымыр да шапшаң, ұқыпты да жинақы, талғампаз да қағатшыл, таза да әдемі болуға тәрбиелеу.

Дамытушылық – сын тұрғысынан ойлау, шығармашылық қабілетін дамыту, сөйлеу шеберліктерін жетілдіру.

Көрнекілік: нақыл сөздер жазылған плакаттар, суреттер, карточкалар , тірек сызба. Барысы.

Кіріспе сөз. Бүгінгі « Салауатты өмір – көтеріңкі көңіл » атты тәрбие сағатымызды бастаймыз.

I Ұйымдастыру

Оқушылар шеңберге тұрады.

Психологиялық тренинг. Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен.

Амандасып алайық.

Бір жадырап қалайық.

Даярлық жұмыстары

а) Балалар қалай ойлайсыңдар адамның көңілді болуға неге байланысты?

Жауап: Дені сау адамның көңілі шат.

Ол бақытты Денсаулық – Зор байлық .

Денсаулық болса, бәрі болады.

ә)Балалар деніміз сау болу үшін не істеуіміз керек?

-Ең бірінші спортпен дос болу керек.

Балалар, таңертеңгілік уақытта жаттығулар жасау керек екен


Аулада жүгірсек те зияны жоқ.Спорт туралы тағы да кім айтады?

Мұғалім: Олай болса. деніміз сау.құрыш білекті. Алып жүректі. қайсар да қайратты,ұқыпты да әдемі қазақ азаматы болу үшін адам денсаулығына не қажет деп ойлайсыңдар? (сызба көрсетіледі.сызбадағы қажеттіліктерді оқушыларға оқыту арқылы әрбір топ өз ойларын ортаға салады).

Денсаулық


Мұғалім:Бүгінгі сабағымыз сайыс түрінде болады.Сондықтан үш топқа бөлініп отырайық

1 –топ « Шымыр »

2-топ « Денсаулық »

3-топ « Сымбат »

Денсаулық дегеніміз - жанның ,тәннің,рухани ішкі дүниенің үйлесімділігі,бір-біріне мейірімділігі.

«Денсаулық-зор байлық» деген халық мақалы бар.

Денсаулық-табиғи заңдылық,ауру-кездейсоқтық. Сондықтан да ауырғаннан гөрі денсаулықты сақтап, аурудың алдын алған жеңіл.

Бүгінгі сайысымызға қатысушы топтарымыз дайын болса, сайысымызды бастайық!







Сайысымыз бес бөлімнен тұрады.

I –бөлім «Таныстыру»

Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.

«Шымыр» тобының ұраны: «Шынықсаң, шымыр боларсың»

«Денсаулық» тобының ұраны: «Денсаулық-ел байлығы»

«Сымбат» тобының ұраны: «Сымбатты болу өз қолыңда»



II-бөлім

Денсаулық тақырыбындағы мақал-мәтелдер айтып жарысу.

1-оқущы: Сұрап алған аурудың емі табылмас.

2-оқушы: Көзің ауырса- қолыңды тый. Ішің ауырса -ауызыңды тый.

3-оқушы: Бірінші байлық-денсаулық,

Екінші байлық-ақ жаулық.

Үшінші байлық-он саулық.

4-оқушы: Тазалық-саулық негізі,

Саулық-байлық негізі.

5-оқушы: Жан ауырса-тән азабы,

Қайғы басса-жан азады.

6-оқушы: Жалқаулық-жаман ауру.

III-бөлім

Карточкамен жұмыс

1-карточка

«Денсаулық» себетіне өзіне пайдалы, дәрумендері мол жеміс –жидек,көкөністердің суретін жина, түсіндір.

2-карточка

Қандай ұлттық спорттық ойындарды білесің. Ойынның бір түріне тоқтал.

3-карточка

Денсаулыққа пайдалы күн тәртібін құр.

(Оқушылардың жауаптары тыңдалады.)

IV-бөлім «Жарнама»

(1 –топ айранды жарнамалайды.)

1-оқущы: Айран сүттен жасалады. Оның денсаулыққа пайцдасы зор, себебі оның құрамындағы сүт- табиғи өнім. «Спрайт» сатып ішкенше, осы айранды сатып алып ішуіміз керек. Өзі арзан, өзі дәмді.

(2–топ құртты жарнамалайды.)

2-оқущы: Құрт сиырдың сүтінен жасалады. Оның тіске көп пайдасы бар. Ол тісті қатайтады.« Орбит» сатып алғанша, осы құртты сатып алған тиімді.

(3–топ сабынды жарнамалайды.)

3-оқущы: Бұл-«Тазалық» деген сабын. Семей қаласында шығарылады.Бұл сабын денедегі әртүрлі микробтарды жояды. Бетті,қолды шаңнан тазартады.











V-бөлім «Салауатты өмір салты»

Мұғалім: Балалар,бұл бөлімнің мақсаты сендердің салауаттану пәнінен алған білім-білік, дағдыларыңды сұрақ арқылы байқау болып табылады.

Сұрақтар

«Шымыр» тобына

Құрт ауруының сақтанудың жолдары қандай?

1-оқущы: Одан сақтанудың жолдары:

-біреудің аузындағы сағызын шайнамау;

-әр адамның жеке орамалы,сабыны,тіс щеткасы болу керек

-үнемі тазалықты сақтауымыз керек және т,б

«Денсаулық» тобына

Темекі тартудың адамға зияны қандай?

2-оқущы: Темекі адам денсаулығына зиянды болып табылады.

Оның құрамында никотин бар. Біз темекіні тартсақ, барлық ағзамызды бұзамыз.


Тем екіден жүрек, өкпе тамақ аурулары пайда болады.

Темекі ауаны, қоршаған ортаны ластайды.

«Сымбат» тобына

Иісқорлық деген не ?

(бензин.керосин,иіс сулар,дәрілер,сыр,желім,әуесқойлығы шамадан зиянды заттар)

Мұғалім: Осымен сайысымыз аяқталды, деніміз сау болу үшін салауатты өмір салтын ұстанайық.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров191
Номер материала ДВ-535907
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх