Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты " Салт-дәстүрі елімнің"

Тәрбие сағаты " Салт-дәстүрі елімнің"

Скачать материал

Тәрбие сағатының тақырыбы: « Салт-дәстүрі елімнің»

Мақсаты: Оқушыларды қазақ халқының салт-дәстүрлерімен таныстырып, халқымыздың тілін, мәдениетін, әдеп-ғұрпын құрметтеуге тәрбиелеу.


( Киіз үйде дастарқан басында ата мен әже отырады)

Ата: - Бәйбіше, біздің немереміз қайда жүр?

Әже:- Таңертеңнен бері алаңдап, сыныптас досын күтіп жүрген.

Құлыным өзі сондай бауырмал, қонақжай болып өсіп келеді. Әне келе жатыр, жарығым менің, өзіңді алла жарылқасын!

Немере:- Әже, ата, мен сіздерді Ресейден келген сыныптас досыммен таныстырғым келеді. Аты- Роман.

Ата:- Алыстан алты жасар бала келсе, алпыстағы шал келіп амандасар.

Қош келдің, балам!

Ресейден келген бала (Роман):- Сәлеметсіздер ме? Менің Ресейден келгеніме екі жыл болды. Мен қазақ тілін әжептәуір үйреніп қалдым.

Енді қазақ халқының салт-дәстүрін білгім келеді.

Әже:- Айналайын, талабыңа нұр жаусын!

1-жүргізуші: Жолы болғыш жігіттің жеңгесі алдынан шығады,- демекші, Роман,біздің бүгінгі мерекеміздің қадірлі қонағы бол!

Ата-әжеңмен төрге шық!

2-жүргізуші:- Құрметті қонақтар! Қазақ халқы өзінің тарихы, тілі, мәдениеті, бай салт-дәстүрі бар ұлы халық. Бүгін біз өз халқымыздың салт- дәстүрлері, асыл қазыналары туралы сөз етпекпіз.

«Салт-дәстүрі елімнің» өлеңі оқылады.

1-жүргізуші:- Сәби шырылдап дүниеге келгеннен кейін, оған ат қойып, бесікке салып, «Шілдехана» тойы жасалады.

« Шілдехана» өлеңі 5 «В» сынып оқушылары

1-оқушы: Бесік- қасиетті , киелі мүлік, сәбидің алтын ұясы болып есептеледі.Бесікке сәбиді елге сыйлы, қызын қияға, ұлын ұяға ұшырған, үбірлі-шүбірлі ақ әже салады.

Әже: ( Камила бесікті адраспанмен аластайды)

« Бисмилла рахман рахим, менің қолым емес, Би Фатима пірімнің қолы . Көзі жаманның көзінен алас, тілі жаманның тілінен алас. (Сәбиді қолына алады) Жасың ұзақ, денің сау болсын! Талабың өрге бассын, ата-анаңның адал перзенті ғана емес, халқыңның беделді ұлы бол!

2-жүргізуші:

Ананың сәбиге деген махаббаты « Бесік жырынан» басталады.

« Бесік жыры» әні шырқалады.

1-жүргізуші:- «Шілдехана» тойынан кейін, сәби жүруге талпынған кезде өткізілетін той, ол «Тұсау кесер» тойы

2-оқушы: - Тұсау кесер - сәбидің қаз тұрғаннан кейін,тез жүріп кетсін деген тілекпен жасалатын ырым. Тұсауды көк шөппен кеседі. Ондағы мақсаты жерде көк мол болып, ел тоқ болсын дегені .Ішекпен кесіледі , бауырмал, мейірбанды болсын дегені. Ала - жіппен кеседі. Бұл бала болашақта жолы болғыш, өмірден сүрінбей , ала жіп аттамасын деген ұғыммен кесіледі. Тұсауды елге сыйлы адам кеседі.

«Тұсау кесер» рәсімі орындалып, «Тұсау кесер» жыры орындалады.

2-жүргізуші:

- Батамен ел көгерер,

Жаңбырмен жер көгерер!- деп қазақ халқы айтқандай, сәби алғашқы қадам басқанда, ауыл ақсақалының батасын алады.

Ақсақал бата береді:

Ай-тәңірің іркілмесін,

Күн - тәңірің күрсінбесін,

От- тәңірің көз ілмесін,

Су- тәңірің безінбесін.

Қатерде қызыр серігің болсын,

Сапарда дүлдүл көлігің болсын,

Бауыржан батырдың айбарын берсін!

Әумин!

1-жүргізуші:- «Баланы жастан, келінді бастан тәрбиеле»,- деп қазақ халқы айтқандай сәбидің өз еліне, өз тіліне деген сүйіспеншілігі ананың

ақ сүтімен беріледі.

«Ана тілі» өлеңін мәнерлеп оқу.

2-жүргізуші: -Қадірменді қонақтар, қазақ халқының кең тараған салт- дәстүрлеріне көңіл бөлейік.

4- оқушы: Сүйінші. Қуанышты хабар жеткізуші адам «Сүйінші» деп келеді. Мұндайда қуанған үй иесі «Қалағаныңды ал» дейді немесе оған сыйлық ұсынады. Бұл шын ризашылықтың белгісі.

Аманат. Бір адамның екінші біреуге сақтауға берген заттары. Аманатты сақтау, оны қайтару, зор адамгершілікке жатады. Аманатқа қиянат жасауға болмайды, ол өте үлкен күнә.

1-жүргізуші:- Кейінгі уақытта ұмытыла бастаған халқымыздың тағлым тәрбиесі мол ұғымдарының бірі - тыйым сөздер.

7- оқушы:

1. Үйде ысқырма

2. Босаға сүенбе

3. Босағаны керме.

4. Нанды баспа, бір қолыңмен үзбе.

5. Қолыңды төбеңе қойма.

6. Тізеңді құшақтама.

7. Үйге қарап жүгірме.

8. Табалдырықты баспа.

9. Бүйіріңді таянба.

10. Анаңа ауыр сөз айтпа

11. Түнде тырнағыңды алма.

12. Үлкен кісінің алдынан кесіп өтпе.

Көрініс «Үлкен кісінің алдынан кесіп өтпе» 10 «Б» сынып оқушылары.

(Қыз бала жолдан өтіп бара жатып, тоқтап, қарияға жол береді)

Қария: Мен жолымды берейін өт , қарағым,

Несін күттің, несіне көп қарадың.

Анасының тәрбиесін саған берген,

Аруағынан айналдым текті ананың.

Қыз бала: Анам маған – үлкенді сыйла-деген,

Сол сөз маған ізгілік құйған ерен,

Үлкендерден ауысқан кішілікті,

Үлкендердің өзіне сыйға бердім.

Қария: Жалған-ай, жарасымды-ау, ізет деген,

Иілген біз өтпенен сіз өтпенен,

Қасиетін халқының қастерлеген

Атасының дәстүрін жалғастырып.

Қыз бала: Атам маған аманда,

Әдепті жан бол деген.

Ата сөзі санамда

Жасы үлкенге жол берем.

Алдын орап кісінің,

Кесіп өтпей көлденең,

Ізетімен кішінің,

Сәлемдесіп бас ием.

Қария: Қарағым, ата-бабаң момын халық,

Өтіпті бір-бірінің жолын бағып,

Өсиетін бабаңның орындай сал,

Одан ешкім кетпейді тоныңды алып.

2-жүргізуші: -Ал, құрметті қонақтар! Енді дастарқан басындағы дәстүрлерге көңіл бөлейік.

5- оқушы:

1.«Дастарқан берекенің белгісі, ризашылық сезімнің ошағы,

молшылықтың көзі» деп қарайды халық.

2.«Қуыс үйден құр шықпа» деп кез келген есік ашып, үйге енсе, оған дастарқан жаю -халықтың қалыптасқан дәстүрі. Қазақ қуанышты да,

қайғыны да дастарқан басында бөліскен.

3.Өсиет айту, бата беру, серттесу, достасу бәрі дастарқан басында шешіледі.

«Қазақы дастарқаным» әні 5 «В» сынып оқушылары.

1-жүргізуші:- -Қалай, Роман, саған қазақ халқының салт- дәстүрлері

ұнады ма?

Ресейден келген бала (Роман):- Әрине ұнады, мен осындай мейірбан, қонақжай халқы, бай салт- дәстүрі бар елдің азаматы болғанымды

мақтан етемін.

2-жүргізуші:- Осымен «Салт-дәстүрі елімнің» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті. Қазақ халқының бай салт- дәстүрін қадірлеп, қастерлеп, ұрпақтан ұрпаққа жеткізе берелік деген ізгі тілекпен сіздермен қоштасамыз.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты " Салт-дәстүрі елімнің""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Помощник руководителя отдела библиотеки

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 871 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.02.2016 1806
    • DOCX 21.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Байгонова Гулзада Мендешовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Байгонова Гулзада Мендешовна
    Байгонова Гулзада Мендешовна
    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 5
    • Всего просмотров: 64902
    • Всего материалов: 17

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Эффективные коммуникационные стратегии в образовательной среде: от управления до мотиваци

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 52 человека из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 23 человека

Мини-курс

Аномальное психологическое развитие и психологическая травма

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 17 регионов