Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты "САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ"

Тәрбие сағаты "САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ"

Скачать материал

Тақырыбы: Сақтықта қорлық жоқ

Сыныбы: 5 «Б»

Мақсаты: Қазіргі заманда әр түрлі қауіпті заттардың, құбылыстардың бар екендігін, олардан сақтанудың жолдарын, адамға әкелетін зардабын түсіндіре отырып, олардан аулақ болуға тәрбиелеу;

Өткізу формасы: пікір алмасу, әңгімелесу,  сұрақ-жауап;

Қызметтің бағыты: Қазақстандық патриотизм және азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Көрнекілігі:

 

Мұғалім: Құрметті оқушылар біздің бүгінгі тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Сақтықта қорлық жоқ». Жалпы оқушылар қазіргі заманда неден қорғану керек? Неден қорғануымыз керек? От пен судың біздің өмірімізге қаупі бар ма? Сіздердің ойларыңызды білгім келіп тұр.

Жақсы оқушылар олай болса сіздерге үй тапсырмасы ретінде «Сақтықта қорлық жоқ» тақырыбында шығарма жазып келуге берген болатынмын. Келесі кезекті сіздердің шығармаларыңызды тыңдауға берсек.

Жағдаяттық сұрақтар. Сұрақтарды бірге оұып талқыласақ.

1.     Көшеде таныс емес бөгде адам сізге тәтті конфеттер мен шоколадтар ұсынып, үйіне қонақ болуға шақырады. Бармай-ақ қояйын десеңіз, оның сізге ұсынған конфеттері мен шоколадтарының дәмі тіл үйіреді, барайын десеңіз анаңыздың бөгде адамдар мен сөйлеспе деген сөзіне құлағыңызға келе береді. Сіз бұндай жағдайда не істер едіңіз?

2.     Мектепте 3-ші сабақ кезі болатын. Сіздің сыныпта қазақ әдебиеті пәні болып жатқан. Мұғалім сіздерге «Менің арманым» тақырыбында шығарма жазуға тапсырма беріп қойған. Сіз армандарыңыздың шегіне жете алмай, терең ойға шомылып кеткеніңіз соншалық, сабақта отырғаныіызды да ұмытып кеткенсіз. Сіздің ойыңызды шарылдап қатты шыққан дыбыс бөліп жіберді. Сіздің ойыңызша бұл не дыбыс болуы мүмкін? Және сіздің ойыңызша сіз не ісьеу керексіз?

3.     Сен үйде жалғыз қалдың.Ата –анаң қонаққа кетті. Кенет электр тоғының пышырлап жана бастағанын байқадың. Не істер едің?

4.     Екі досыңмен (үшеуің) демалыс күні бірігіп ойнап жүрсіңдер.Қарындарың ашып, күлге картоп көміп жегілерің келді. Сөйтіп сіріңке әкеліп, аулаға от жаға бастадыңдар. Бір кезде жаққан оттарың желмен ұшып ауладағы үйілген шөпке тиіп, шөп жана бастады.Не істейсің?

Жақсы балалар сіздермен бірге әр түрлі жағдаяттарды шештік. Ендігі кезекті мақал – мәтелге бергім келіп отыр. Сақтық туралы қаншалықты мақал-мәтел жақсы білер екенсіздер?

1.     Өзі саққа құдай жақ.

2.     Сақ жүрсең сау жүрерсің.

3.     Сумен ойнама –батарсың,
Отпен ойнама –күйерсің.

4.     Ойын түбінен –от шығар.

5.     От жақпа-пісерсің,
Ор қазба –түсерсің.

6.     От  –тілсіз жау.

7.     Сақтықты сұңқардан үйрен.

8.     Жау жоқ деме –жар астында.
Бөрі жоқ деме –бөрік астында

Міне, балалар бүгін біз «Сақтықта қорлықь жоқ» тақырыбындағы ашық тәрбие сағатымыздың соңына келіп жеттік. Белсенділіктеріңіз үшін рахмет. Алдағы уақытта сақ болып жүресіздер, бөгде адамдармен еріп қонаққа бармайсыздар деген оймен ашық  тәрбие саңатымызды аяқтаймын. Назарларыңызға рахмет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Бейнеу лицейі» ММ 

 




 

 

 

 

 

 

Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Сақтықта қорлық жоқ»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Дайындаған: Қозыбақова И.А

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "САҚТЫҚТА ҚОРЛЫҚ ЖОҚ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Овощевод

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 986 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.01.2017 5238
    • DOCX 14.7 кбайт
    • 78 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Козыбакова Илана Аргынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Козыбакова Илана Аргынбаевна
    Козыбакова Илана Аргынбаевна
    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 10342
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой