Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Әсемдік әлемі"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Тәрбие сағаты "Әсемдік әлемі"

библиотека
материалов

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Әседік әлемі» 
Сабақтың мақсаты: 
Білімділік: оқушылардың қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсініктерін кеңейту; 
Дамытушылық: шығармашылық қабілеттерін, жақсылық жасай білу іскерліктерін, ойлау қабілетін дамыту, өз ойын еркін жеткізе білуге дағдыландыру 
Тәрбиелік: табиғатты қорғауға, елін, жерін сүюге, мейірімділікке, ізгілікке тәрбиелеу,экологиялық тәрбие беру, Табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауға жетелеу; 
Көрнекі құралдар: интерактивті тақтаға әзірленген слайдтар, табиғат туралы нақыл сөздер, гүлдер, суреттер.
Сабақтың түрі: дәстүрлі емес саяхат түріндегі ой-толғау сабағы 
Сабақтың әдісі: әңгімелеу, түсіндіру,сұрақ-жауап,тілек айту,пікірлесу, шығармашылық жұмыстар 
Сабақтың барысы: 
І. Ұйымдастыру: 
Мұғалім-1:Қайырлы, күн, балалар! Күнде таңертең сендер ояна салысымен , терезені ашып Табиғат-Анаға көз салып қарайсыңдар.Дәл бүгінгі күні табиғат-Ана бізді несімен қуанты, бізге не айтады?Олай болса, мен сендерді Табиғат -Анаға саяхатқа бірге шығуға шақырамын. Келісесіңдер ме? Өте керемет! 
Бүгінгі саяхатымыздың тақырыбы: «Әсемдік әлемі» деп аталады. 
Мақсатымыз: Біз бүгін, сендермен бірге қоршаған ортаға деген махаббат құндылықтары жайлы түсінігімізді кеңейтеміз, табиғатты сүюді,қорғауды, табиғат-Анаға сүйіспеншілікпен қарауды үйренеміз. Біз бүгін, табиғатпен сырласамыз, оны түсінуге тырысамыз. Біз бүгін, Табиғат-Анадан мейірімділікті үйренеміз! 
Табиғат адамзаттың, жалпы тіршілік атаулының ежелден өмір сүріп келе жатқан ортасы, алтын бесігі. Табиғат-сұлулықтың таусылмас көзі.Ендеше біз бүгінгі сабағымызды табиғатпен амандасудан бастаймыз.Барлығымыз орнымыздан тұрып мына өлең жолдарын бірге айтайық! 

Қайырлы күн, күнім, далам, орманым, 
Қайырлы күн, гүлім, құсым, көлдерім. 
Қайырлы күн, өсімдіктер, жәндіктер 
Қайырлы күн, бар тіршілік иесі! 



Мұғалім-2:Табиғат байлықтарының ішіндегі тіршілік атаулының өмір өзегі –ауа. 
Тіршілікте не дейсің ғой ең қымбат, 
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат. 
Ал адамға ауа қымбат бәрінен, 
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат. 
Расында да ауадан қымбат еш нәрсе жоқ . Адам бар –жоғы бір-екі минут ғана дем алмай тұра алады. Сондықтан дана халқымызда « Ауадай қажет» деген сөз бар. Бірақ сол ауамыз қаншалықты таза екеніне ешкім толық жауап бере алмайды. Өзіміздің Семей қаламызды алып қарасақ, қаланың үстінен қою бұлт сияқты тұманды көреміз.Автокөліктен, завод, фабрикадан шыққан түтіндер ауамыздың мөлдірлігін бұзады. Сонау 1949 жылдардан бастап Семей даласында ядролық қару жарылып, сол газдар ауаны улады. Сол ауамен дем алған қаншама адам ауруға ұшырады. Сонда адам баласы біріншіден, Табиғат-Ананы ренжітсе , екіншіден өзіне -өзі қастандық жасады.Дүниеге келген сәби мүгедек болып жарық дүниені өксікпен өткізді. Мен сөзімнің соңында адамдарға былай демекпін: Ей, адамдар, Табиғат –ана саған дем ал деп ауаны сыйлады, өйткені ол өте мейірімді. Сен оның сенімін ақта, ауаны ластама! 
Болмасын ауа ешкімнің арман -мұңы, 
Ауадан асқан жан жоқ жалғанда ұлы. 
Ойлашы кімге керек боламыз біз, 
Жұтудан таза ауаны қалған күні. 
Мұғалім-1: Ия, балалар, ауасыз өмірді елестету мүмкін емес .Ауаны ластамау әрқайсымыздың борышымыз.Ал тіршілікті сусыз елестету мүмкін бе? 
Табиғаттың көркін ажарландырып , жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі –су. «Судың да сұрауы бар» дейді дана халқымыз. Қазақстан Республикасында мол сулы өзендер, көлдер теңіздер бар осы мол суды өлшеусіз, есепсіз пайдалану судың азаюына әкеп соғып отыр. Мысалы Арал теңізіне Сырдария өзені мол су әкеп қоректендіріп отырды. Кейінгі уақытта осы өзен суын көп мөлшерде күріш, мақта өсіруге пайдаланды. Соның салдарынан Арал теңізінің суы азайып, ол тартылып қалды. Тартылған су астынан тұзы шығып, кеуіп, ұшып ауа құрамына кіруде. Арал аймағының жағдайы осындай болды Ал Каспи теңізі мұнайдың қалдығымен ластанып, балықтар улануда. Міне бұл да адам қолымен жасалған қатыгездік. Көп жерлерде ауыз су жеткіліксіз. 
Ойлау керек Арал жайын , ел жайын, 
Пәк табиғат тозып жатыр жыл сайын. 
Өзімізді асыраушы табиғаттай –Ананы 
Азаматтық арыңменен аялауға тұр дайын! 
Сонымен су –табиғаттың жаны, қара жердің сәні дедік. Ал табиғатты әдемілікке бөлеп тұрған не? Ол –өсімдіктер. 

Мұғалім-2:Өсімдіктер, ағаштар табиғатымызды түрлендіріп тұрған түкті кілем сияқты. Халқымыз өсімдікті өмір өзегі деп алып, одан қамқорлығын еш аямаған. «Әкеңнен мал қалғанша тал қалсын» деген көрнекті сөз соның айғағы. Ысырапсыз пайдаланғандықтан өсімдіктердің кейбір түрлер азайып бара жатқандықтан олардың 300-ге жуығы Қызыл кітапқа енгізілді. Қызыл Кітапқа енген өсімдіктерді заңсыз жинаса олардың әрбір данасына 360 теңге көлемінде айып төлейді. (Бұл 2005 жылғы 12 қыркүйектегі №1186 Қазақстан Республикасының қаулысы). Елімізде сонымен қатар « Жасыл ел» бағдарламасы бойынша көптеген істер атқарылып жатыр. Менің ойымша, әрбір азамат оларды қорғаудың маңызын саналы түрде ұғынбаса , біздің керемет жасыл бағымызды ешқандай тиым салу құтқармайды. Сондықтан мен осы отырған барлығыңызды өз өлкелеріңіздің өсімдіктерін біліп, оларды қорғауға шақырамын. 
Көзін ашып, бақ өсір бұлағыңа, 
Айналсын құтты қоныс тұрағыңа . 
Жайқалсын өлкемізде саялы бақ , 
Бөленіп күннің нұрлы шуағына. 

Мұғалім-1:Табиғаттың сәні де, әні де қалықтай ұшқан құстар.Олардың әсем әндері бойымызды балқытып, еріксіз еліктіреді. Олар –біздің қанатты достарымыз. Олар –табиғат сақшылары. Егістіктің, бау-бақшаның сенімді серігі. Сондықтан ата-бабамыз құстарды қадірлеп, құрметтеген. Олар батыр ұлдарын сұңқарға, сұлу қыздарын аққуға теңеген. 
Қазақстанда құтардың 480 түрі бар екен. Соның ішінде азайып кеткен құстар Қызыл кітапқа енгізіліп, қорғауға алынды. Ата-бабамыз құсты аса қадірлеген.Ертеде жоңғар шапқыншылығы кезінде ауыл адамдары елін-жерін тастап қаша жөнелген екен.Сол ауылда Төле би атамыз ғана қозғалмай,киіз үйін жықпапты.Қалмақтың әскер басы себебін сұраса,Төле би үйінің төбесін көрсетіпті. «Қарлығаш шаңырағыма ұя салды,балапандары әлі жас, ұша алмайды» депті.Жас әскер басы Төле бидің адамгершілігіне риза болыпты. Содан Төле би атамызды «Қарлығаш би» атапты, ал қарлығашты «Әулие құс» деп атаған екен. 

Мұғалім-2:Табиғаттың сұлу мүсіні , көрікті келбеті – хайуанаттар. Халқымыз ежелден-ақ жануарларды көзінің қарашығындай аялап, қамқорлыққа алған көздері мөлдіреп тұрған қыздарын «Ботагөз» деп атаған.Бүгінде орманның сәнін келтіретін жан-жануарлар азайып келеді. Соның бірі қазақ жерінде тас дәуірінен бері тіршілік келе жатқан ғажайып хайуанаттар өкілі –Ақбөкен болып табылады. Оны халық көбіне киік деп атайды. Оның мүйізінің өзінен өкпе қабынуын, жүрек ауруын т.б ауруларды жазатын емдік қасиеті бар екен. Ал еті өте тез сіңетін жеңіл тамақ болып табылады. Қазақта киікті «қасиетті аң, киелі аң» деп атауы осыдан болса керек. Бірақ осы қасиетті аң бүгінде өте аз қалды. Мысалы 1991 жылғы есеп бойынша оның қоры 700-900 мыңдай болса, ал соңғы 2009 жылғы есеп бойынша 30,7 мыңдай ғана болды. Ақбөкеннің азаюының басты себебі –аңды заңсыз брокеньерлік жолмен аулаудың жаппай етек алуы. 
Бүгінде ақбөкенді, жалпы қарақұйрық, құлан, арқар т.б аңдарды қорғау үшін 
«Дарвин», «Интас» сияқты қорлар, түрлі қорықтар құрылып ,түрлі жұмыстар жасауда. Менің ойымша, адамдардың осындай қамқорлығының, мейірімділігінің арқасында орманымыз қайтадан әдемі аңдарға толатынына сенемін. 
Мұғалім-1: 
Өте жақсы, балалар біз табиғаттың тамаша туындыларына саяхат жасадық. Табиғат-Ана адамзат баласына бар қажетті нәрсенің барлығын да беріпті.Ол бізге дем алсын деп ауа берді,ішсін, бар қажеттіне жаратсын деп мөлдір су берді, ғажайып жасыл әлем сыйлады, орман-тоғайымыз әдемі болсын деп құсы мен әдемі аңдарын берді, қысқасы біз өмірге қажеттінің бәрін Табиғат- Анадан алады екенбіз. 
Ол қандай мейірімді,өзі қандай дархан,кең болса да, жүрегі де дәл сондай қайырымдылыққа, мейірімділікке толып тұр. Олай болса біз, балалар дәл қазір Табиғат-Анадан үйренген мейірімділігімізді бір-бірімізге арнаймыз. Ойынның аты: «Мейірімді жүрек» деп аталады. 

Мұғалім-2:Сергіту сәті «Мейірімділікті табиғаттан үйрен» немесе « Мейірімді жүрек»ойыны. Әр бала бала қасындағы көршісіне, досына оның жақсы қасиетін білдіретін сөздерді жазып жүрекшені ұсынады. Мысалы: Сен мейірімдісің, Сен әдемісің, Сен ақылдысың!..т.б. 

Күн сәулесі төгілгені әдемі, 
Алуан түрлі қызыл гүлдер әдемі. 
Сылдыр қаққан мөлдір суда әдемі. 
Биік –биік шыңдарым да әдемі. 

Айдын көлде аққу қандай әдемі 
Сұңқар құстың самғағаны әдемі 
Даланы әнге бөлеген құстарым қандай әдемі 
Мөлдіреген көздері киігім қандай әдемі 

Ақ көрпеге оранған қысым қандай әдемі. 
Масатыдай құлпырған көктем қандай әдемі 
Асыр салып ойнайтын жазым қандай әдемі. 
Сары түске боялған күзім қандай әдемі. 

Осылайша табиғатқа бір қарап 
Табиғатпен сырласуда әдемі. 
Жер-Ананы аяласаң жан-тәнмен 
Боласыңдар сендер де, дүниедегі ең әдемі! 

Сабақты қортындылау кезеңі:

Мұғалім-1:«Жүректен жүрекке» Оқушылар сабақ соңында табиғатқа тілек айтып, тақтада ілініп тұрған күннің сәулесіне кезегімен мынандай сөздерді апарып іледі. 
Гүлдей бер, Жер-Ана! 
Аспаның ашық болсын! 
Аспаныңды бұлт торламасын! 
Тоғайың аң мен құсқа толсын! 
Суың мөлдір, таза болсын! 
Өзен, көлің, теңізің балықтарға толсын! 
Орманың қызыл, жасыл гүлдерге толсын! 
Күнің жарық болсын!т.б. 
Табиғат сені сүйеміз, 
Басымызды иеміз!





Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 27 сентября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДВ-223602

Похожие материалы

2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации. Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии.

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

Конкурс "Законы экологии"