Тақырыбы: Киіміңді
күтіп ұста. «Тазалықшының кеңестері»
Мақсаты: Дені сау
ұрпақ тәрбиелеу жағымсыз нәрселерге қарсы тұру қажеттілігі туралы түсініктерін
қалыптастыру. Күн тәртібін сақтау қажеттілігі туралы түсініктерін қалыптастыру.
Кір қолдың қандай ауруларға ұшыратынын, жұқпалы аурулардан сақтану жолдарын
түсіндіру.
Оқушыларды
білімділікке, салауаттылыққа өмір сүруге баулу. Оқушылардың өз ойларын айта
білуі, өздері ой-түйін жасай білу дағдыларын дамыту.
Денесін шыңдауда
шымыр да шапшаң, ұқыптыда жинақы ,қоршаған ортаны таза ұстап аялауға, өз
денсаулығын күте білуге, еңбекқорлыққа тәрбиелеу.
Түзету мақсаты:
Балалардың сабақ барысында дыбыстарын қадағалап, сөздерінің дұрыс айтылуын
бақылап түзету.
Көрнекілігі:
суреттер
Барысы :
Ұйымдастыру кезеңі.
«Бірінші
байлық-денсаулық» деп жайдан –жай айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек.
Адам баласының денсаулығы оның жаны мен тәнінің сұлулығынан құралады. Адам
денсаулығының жақсаруы, рухани жанының тазаруы тіршілікте салауатты өмір
салтын ұстануда, салауатты өмір кешумен байланысты.
- Балалар,
сендер қалай ойлайсыңдар, адамның дені сау болу үшін қандай шарттар
орындау қажет?
- Денесін,
беті-қолын, киімін әрдайым таза ұстау керек.
- Жаттығу
жасап, спортпен айналысу керек.
- Дәрумені мол
тағамдарды, жемістермен көкеністерді жеу керек.
- Адамдар не
үшін жуынады?
- Сендер
қолдарыңды беттерінді жуасыңдар?
- Жуынбай
жүрген баланы қандай бала?
- Салақ бала
неге ұшырайды?
Балалар тазалық
үшін қандай заттар керек?
Сабын, су сабын,
тіс щеткасы, тіс пастасы, тарақ.
-Міне балалар,
сендер тазалыққа керек заттарды білесіңдер.
Жеке бас
тазалығының ережелері.
—
Күнделікті бір уақытта тұр, бөлмеңді желдетіп ал да, шынықтыру жаттығуын жаса;
—
Ертең ерте тісіңді тазалап, беті-қолыңды, мойның мен құлағыңды жу;
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.