Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Конспекты / Тәрбие сағаты шағын орталық

Тәрбие сағаты шағын орталық

  • Дошкольное образование

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы:Құстар – біздің досымыз
Ма
қсаты: Оқушыларға жалпы құстардың пайдасы туралы, олар жөнінде мағлұмат беру. Негізінен оларға қамқор болуға, құстарды аялауға бейімдеу. Әлем құстарымен таныстыру. Міне мынау көңілді көктемде құстардың оралуын, олардың азайып кеткенін хабардар ету. Оқушылардың құстар туралы ой өрістерін, түсініктерін дамыту. Отанын, жерін, орманын, көлін, табиғатын сүюге баулу.
    К
өрнекіліктер: Альбомдар, суреттер, плакаттар, 
Барысы:
1.    
Ұйымдастыру
2.    Келген
қонақтармен танысу
3. 
   Тәрбие сағатын ашу
4.    
Қорытындылау
М
ұғалім: 
    Бізді
ң халқымыз кең далада, табиғат құстары бай далада өскен. Бүгінгі «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер.
1-с
әуір  десе , ойымызға Күлкі күні оралатыны анық. Сонымен бірге бұл күні әлем жұртшылығы Құстар күнін де атап өтеді.1906 жылдыңәуірінде құстарды қорғау туралы Халықаралық конвенция қабылданған болатын.Қазір аталған құжатты әлем елдерінің барлығы дерлік қолдады.
  Мар
ғұлан: Сәуір  келді,
Тірлікке жан к
ірді.
Ке
ң дала жасарып, жаңғырды,
Бар
өңір құлпыра бастады,
Т
өсіне құйып ап жаңбырды.

Бөкейхан:Тірлікке жан кірді көктем кеп,
Айнала, сай-сала к
өкпеңбек,
Ди
қанның арқасы босады.
Қытымыр қысымыз өтті деп.
Арай:  Жыл
құстары келді деп,
Балдыр
ғандар мәз болды.
Қос қанаты желпілдеп,
К
өлге үйрек-қаз қонды.
Елдар:  

Қызыл тал, қызыл тал,
Қызыл талда бүршік бар,
Б
үршігін сол жарғаны,
К
өктем келіп қалғаны.

Нұрдаулет:
Ұшып келген ең алғаш,
Қараторғай қырағы.
Ұяларға қонақтап,
Дейді «мені
ң» тұрағым.

Тәрбиеші: Балалар, біздер жыл сайын көктем айында қанатты достарымыз құстар мерекесін тойлаймыз. Міне сол күн, сол мереке биыл да келіп жетті. Өлкеміз, өзен мен көлдеріміз, тау мен бақшаларымыз құстардың қиқуына бөленді.
т
әрбиеші: Табиғатты құрайтын тіршіліктің бірі – құстар.Халық ежелден –ақ құстарға әуес,оларға деген сүйіспеншілігі шексіз ,ең жақсы көретін адамның құсқа теңеу  арқылы ықыласын білдіріп отырады.
Қазақстанда қанаттылардың 481 түрі мекен етеді. Ал бүкіл жер шарында тоғыз мыңға жуық түрі бар. Әр құстың өз «кәсібі» бар. Біреулері ән айтса ,екіншілері –құрылысшы. Құстар сонымен бірге «дала дәрігері» деп те аталады екен. Құстардың келтіретін пайдасы көп екен.
Ендеше
қанатты достарымызды қарсы алайық.

Інжу:  Құстар тойын құттықтап,
                         
Қуанамыз, қолдаймыз.
                         
Ұя жасап құттықтап,
Біз оларды
қорғаймыз.

Жанерке:  Жылы шуағымен гүл өсіріп,
Жыл
құстарын ілестіріп,
К
өрікті көктем келді.
Самалына н
ұр есіп.
Жанболат:   Са
ғынышпен жеткен,
Қуана бер көктем.
Жайнап н
ұрлы гүлің,
Бас
қар құстар күнін.
Көктем:  (Залға қарап бас иіп)
С
әлем, достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда.
Шат шадыман к
өктеммін,
Шатты
қ болсын әманда.
Ән құрадым үніммен,
С
ән құрадым гүліммен.
Қуантамын бәріңді,
Құт-береке күніммен.
(Сахна
ға құстың ұясын көтерген бір топ қыз шығады. Көктемге сәлем береді.)
 Хор:          С
әлем  елдің көктемі,
Әлем енді көктеді.
Құрметпенен бас идік,
Құстарыңа көктемгі.
К
өктем:   Рахмет, балалар,
Сендерде ой-сана бар.
Бау-ба
қшаның дұшпанын,
Бас
тырмады құстарым.
Кербез
құстар  әні мен,
Келді міне с
әнімен.
     
Тәрбиеші:  Халық « көкек келді-көктем келді » - дейді. Қадірі мен қасиеті онша емес, осы  бір құстың аты неліктен ең тамаша ай атына теңеу болады екен.
       Б
ұл кезде қар еріп, ағыл-тегіл бұлақтар ағады. Жер беті жасыл көрпе жамылып,көзге  ыстық , көңілге жарқын жауқазындар гүлдеп алқа тағады.Осы кезде көкек келеді .Не деген ғажап «кө-кек,кө- кек» деп ән салады.Сондықтан да «сәуір» айы «көкек» айы деп аталады.
Би : «А
ққу» биі
 
Ән: «Ақ көгершін»

Ал ендеше балалар мен сендерге жұмбақ жасырайын

Ең алдымен келетін.
Өзіміз күтіп алатын,
Ұя жасап беретін,
Б
ұл қандай құс, балалар?
       
                              (Қараторғай)
Ма
ң-маң басқан жүрісі,
Барлы
қ құстың ірісі.
Қашқанда құстай ұшпайды,
Қуғанын бірақ ұстайды.
                                     (Т
үйеқұс)
Өзі сақ, өзі ұсақ,
Шы
қылықтап тұрмайды.
Құйрығы ұзын, өзі ала,
Б
ұл қандай құс?
                                        (Сауыс
қан)
Дамылсыз барабан
қағады
Сол жерден тама
ғын табады
                                         (То
қылдақ)
Ұя салып ,балапан баспайды
Өз атын атап қақсайды
                                        (К
өкек) 
Ұшқанда тізіліп жұбын бөлмейді,
Қонса көл суы сирақтан келмейді
                                       (Тырна)
Сайыс же
ңімпаздарын анықтап,сыйлықтар беру.

Мұғалім: Міне, құрметті көрермендер осымен құстарға арналған                 
«
Құстар – біздің досымыз» атты тәрбие сағатымыз аяқталды.

2





Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 19.11.2015
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Конспекты
Просмотров131
Номер материала ДВ-171555
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх