Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты: "Шаңырағым - шаттығым"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Воспитательная работа

Тәрбие сағаты: "Шаңырағым - шаттығым"

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: Отан отбасынан басталады

Мақсаты:отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.

1 - Жүргізуші: Көңілден бейқам күмбірлеп көктем-күй есіп,

Өмірдің дархан өзіміз дәйім иесі.

Өмір дегенің – Отан емес пе кеңпейіл,

Отан дегенің – Отбасы сынды киесі.


Отан деп ойла, Отбасы жайлы ойлансаң,

Онымен бірге көңіл-кептерің жайлансын.

Отбасынан бастау алатын Отан, мәңгілік

сая боп жанға құшағын ыстық жайған шын.


2 - Жүргізуші: Есігін ашып тілеуі таза досқа сан,

Ежелден елім – ұлылықпенен астасар...

Отбасы менен Отан ұғымы – егіз ғой,

Айыра көрме парызыңды одан ешқашан!

Шаңырағынан бүгін елімнің нұрлы атар күн,

Керегесі кең, терезесі тең боп атандым!

Жаныма жылу, қаныма жалын беретін,

Лауласын оты Отбасы менен Отанның!


1 - Жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар мен ата аналар! «Шаңырағым шаттығым» атты тәрбие сағатына хош келдіңіздер!


2 - Жүргізуші: Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған-туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» деген сөзі – отбасының Отан үшін құндылығын ерекше айқындағандай. Әр отбасының табысты да тағылымды, сауатты да саламатты болуы – ең басты мақсаттың бірі.


Муз. сәлемдеме: Әкелер. Орындайтын:

1-оқушы: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында  жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу.

2-оқушы:Бүгінгі дүниеге келген бала – ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық тәлім-тәрбиенің  бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білім алуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиеленген.

3-оқушы: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» дейді қазақ. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала кәмілеттік жасқа толғаннан бастап орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістер  оның мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да ата-ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгені жөн.

4-оқушы: Қазақ ұғымы бойынша, үйлерінің төбесінен күн сәулесі төгіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған қалың жұлдыз жымыңдай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында қысылып-қымтырылмай өскен арда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс алудыңбелгісі деп білді.Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен  қорғады. Шаңыраққа ие болудың өзі- шексіз абырой, адамдық нысаны.

Муз сәлемдеме

5-оқушы: Қара шаңырақ ұрпақтар өрбіген құтты ұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де Қара шаңырақ. Соныдқтан қазақ баоласы Қара шаңырақ иесі – Қазақ атасының үйін ардақтайды, яғни Қазақ атасы көтерген Қара шаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.

6-оқушы: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.

7 – оқушы

Атадан жақсы ұл туса,

Елінің қамын жейді.

Атадан жаман ұл туса,

Елінің малын жейді.

8-оқушы: Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке-қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткенгі адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет.

Муз сәлемдеме

9-оқушы: 

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала- солардан».

10-оқушы: Бала тәрбиесі бесіктен.

Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.

11-оқушы: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

12-оқушы: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.

Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.


Көрініс: Берекелі отбасы:


Әкесі: Шырақтарым, ешқандай ата-ана баласынан парыз дәметіп, еңбегін бұлдамайды. Бұл – табиғаттың заңдылығы. Сендерді өсірдік, жеткіздік, біз үшін нағыз мұрат осы. Ең бастысы сендер біздің шаңырағымыздың отын өшірмей, шырағын жаға беріңдер. Ал, ең үлкен парыз – ол ата-ананы сыйлау, құрметтеу. Олардың көңіліне дақ түсірмеу.


Анасы: Әкелерің дұрыс айтады, балалар. Ұрпақтар сабақтастығы деген болады. Ол - өмірде артыңа із қалдырып, перзент өсіру. Сонда отбасы мерейлі, мерекелі болады. Отбасы мерейлі болса – Отан мерекелі болады. Отан – отбасынан басталады деген сол, шырақтарым!

Әкесі (Жұбайына қарап): Отанасы! Балаларымыздың ақылды, абзал болып өсуіне сенің еңбегің зор. Талбесікте тербетуден бастап ат жалын тартып мінгенше бағып-қақтың, үйдің ұйытқысы, отбасының жылуы болдың. Ризамын саған.

Анасы: Саған да ризамын. Отбасының тірегі, қамқоры, қорғаны өзің. Ортада сыйлысың, абыройлысың. Ер-азаматқа жақсы үй, жақсы жар, сыйлы, абыройлы болудан артық қандай бақыт керек. Саған рахмет!

Отанасы: «Жапырағы жайқалған бәйтерек» деген сөз бар ғой. Енді біз сол бәйтеректейміз.

Отағасы: Иә, отбасымыздың мерейі тасып, көңіліміз асқақтауда. Ұзағынан болсын! Отанымыздың, ұрпағымыздың амандығын, мәңгілігін тілейік. Балаларым сендерде тәртіпті, ақылды болыңдар. Сабақтарыңды жақсы оқып, сендерден тек мақтау естісек біз үшін содан асқан бақыт бар ма?


Муз Әкешім анашым


1 - Жүргізуші: Отбасының – қоғамдағы мән-маңызы зор. Бақытты жанұя құрып, өнегелі өмір сүру – қашан да жастарға тәрбие, тәлім. «Жапырағы жайқалған бәйтеректей» болып, алтын шаңырақты отбасыға айналу – әр адамның арманы.

2-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.


Отбасылық тренинг: Бала – ата - ана өмірінің жалғасы. «Баламның табанына кірген шөңге менің маңдайыма кірсін,» деп әлпештеп өсірген перзенті ауырып не басқа бір қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып, «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған.
Бала тәрбиесі – қызығы мен қиыншылығы қатар жүретін күрделі процесс.


Тренинг жоспары:

Мақсаты: Отбасындағы қарым – қатынасты нығайтуға өзара түсінушілікте ата - аналар мен балаларға қолдау көмек көрсету.
«Қолынан танып біл!»
Көздері байлаулы балалар аналарын тауып алу керек
Талдау:
1. Анаңды табуға не көмектесті
2. Анаңның қолынан ұстағанда не сезіндіңіз?

4. «Сіз балаңызды білесіз бе?» жаттығуы.
Аналар мен балаларға қаламсап пен ақ парақ беріледі. Сұрақтар қойылады. Сұраққа балалар өздері туралы жауап берсе, ал аналары баласы туралы жауап жазады. Содан соң ана мен баланың жауаптары салыстырылады. Екеуінің жауабы қаншалықты сәйкес келсе, анасы баласы туралы соншалықты білетіндігі анықталады.
Сұрақтар:
1. аты - жөні...
2. ең жақын досы...
3. Сүйікті пәні...
4. Сүйіп тыңдайтын әні...
5. Сүйікті тағамы...
6. Жақсы көретін түсі...
7. Жақсы көретін мұғалімі...
5. «Жалғасын тап» ойыны.
Мақалды жалғастыру.

3. «Бақытты отбасы» жаттығуы. Бақытты отбас туралы өз ойларын айту

Муз:

1-жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы

« Ата-анаға көз  қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.


1 - жүргізуші: Келе ғой ботақаным өзіме деп,
Анам кеп сипағанда шашымды жәй.
Күйімді кешсеңдер - ау сол кездегі
Әкемнің маңдайымнан өпкен кезі - ай.

2 - жүргізуші: Тұрғандай ана сөзі тербеп мені,
Өмірім өнеріммен өрнектелді.
Тілейді әр ізіме ақ жол менің,
Әрқашан әке үні жебеп мені.

2-жүргізуші: Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы.

1-жүргізуші: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

2-жүргізуші: Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады


Муз



Жүргізуші: Әр отбасының керегесі кең, терезесі тең болуына еліміз әрдайым қолдау көрсетеді. Қашан да армандарыңыз орындалып, бақытты ғұмыр кешіңіздер!


Жүргізуші: Осымен, отбасы күніне арнаған тәрбиелік шарасы өз мәресіне жетті. Уақыт бөліп келгендеріңізге көп рахмет. Еліміз тыныш, отбасымыз аман, шаңырағымыз биік болсын, Сау болыңыздар





Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 17.11.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров86
Номер материала ДБ-359395
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх