Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты «Шаңырағым - шаттығым»

Тәрбие сағаты «Шаңырағым - шаттығым»

Скачать материал

Тәрбие сағат  тақырыбы: «Шаңырағым - шаттығым»

 

 

Мақсаты:отбасындағы әке мен ананың, баланың рөлін айқындау, ата-ананы сыйлауға, қадірлеуге, татулыққа тәрбиелеу.

 

1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар, ата-аналар! 8-сыныпта өткелі отырған «Шаңырағым – шаттығым» атты ашық тәрбие сағатына хош келдіңіздер!

 

2-жүргізуші: Отбасы – шағын мемлекет. Ол – тәлім мен тәрбиенің, үлгі мен өнегенің, мейрімділік пен адамгершіліктің ордасы. Адам баласының өмірге келгеннен кейінгі бар тіршілігі отбасында өтеді.

 

1-жүргізуші: Отбасы алтын ұя, киелі шаңырақ болса, сол шаңырақтың мұрагері, ұрпақ жалғасы балалар болып табылады. Отбасында балалар негізгі тәрбиені ата-анадан алады. Олай болса баланың бас ұстазы – ата-ана. Ұлы Абай бұл туралы

« Ата-анаға көз  қуаныш –

Алдына алған еркесі.

Көкірегіне көп жұбаныш,

Гүлденіп ой өлкесі» деп жыр еткен.

 

2-жүргізуші: Әке мен ана – шаңырақтың тірегі. Ата-ананың отбасы тәрбиесіндегі негізгі міндетін айқындайтын нақыл сөздерді де көп кездестіруге болады. Дана халқымыз «Әке – асқар тау, ана – бұлақ, бала – жағасында өскен  құрақ», «Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап қыз өседі» деген екен.

 

1-жүргізуші: Енді осы тақырыптағы мақал-мәтелдерге кезек берейік.

Ерғанат: Бала тәрбиесі бесіктен.

Ақжол:Баланың жақсысы – қызық, Жаманы күйік.

Қайрат: Әке көрген оқ жонар, Шеше көрген тон пішер.

Айгерім: Бала-көңілдің гүлі, көздің нұры.

Вселена: Құс балапаны үшін тозаққа түседі, Адам баласы үшін азапқа түседі.

Жәнібек: Ата-бәйтерек, бала –жапырақ.

Қуат:        Атадан жақсы ұл туса,

                   Елінің қамын жейді.

                   Атадан жаман ұл туса,

                   Елінің малын жейді.

 

 

Айдана: Жақсы әке – жаман балаға қырық жылдық ризық.

Эльнара: Әкең өлсе де, әкеңді көрген өлмесін.

Шырын: Әкесін сыйламаған кісіні баласы сыйламайды.

Құдрет: Ананың көңілі балада, Баланың көңілі далада.

Баги: Ағайын – алтау, ана – біреу.

Мерей: Ағайынның алтын сарайынан, Ананың жыртық лашығы артық.

Жақсылық: Анаңды Меккеге үш арқалап барсаң да қарызынан құтыла алмайсың.

2-жүргізуші: Отбасы тәрбиесі туралы түркі ойшылы Жүсіп Баласұғын былай дейді:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан –

Өле-өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балалрды жасынан.

Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала- солардан».

 

Ән: «Асыл әжем» Кабдунасыр Эльнара

 

Мереке: Бүгінгі ұл – ертеңгі әке, ол әкеге қарап өседі. Бүгінгі қыз – ертеңгі ана, ол шеешсіне қарап бой түзейді. Ата-ана балалрына  үлгі-өнеге көрсете алмаса, онда тәрбиелі бала өсіруі екіталай. Өйткені бала ерсектерге, әсіресе ата-анасына, тәрбиешілерге өте еліктегіш келеді. Жақсыны да, жаманды да солардың үйренеді, көргені қайталайды. Қазақтың дауылпаз ақыны Ілияс Жансүгірұлы «Жаста берілген, басқа сіңген тәлімің өзің өлмей сүйегіңнен қала алмас» деп бүлдіршінге жастайынан берілген тәрбиенің жемісті екенін айтады. Жас балаға өз ата-анасы - асқа– тау. Әке-шешенің ауызынан шыққан сөз бала үшін заң болып есептеледі.

Эльнара: «Тәрбие тал бесіктен» дейді атам қазақ. Сол тал бесіктен жер бесікке дейін баланың өсіп жетілуінің негізі отбасында  жатыр. Отбасы – адам тәрбиесі үшін ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы – белгілі дәстүрлердің, жағымды өнегелердің, мұралар мен салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады. Отбасының басты қызметі – бала тәрбиелеу.

Айгерім:Бүгінгі дүниеге келген бала – ертеңгі сүйкімді бозбала мен бойжеткен, болашақ ата-ана мен сабырлы да салиқалы ата-әже. «Өнеге отбасынан» демекші, халықтық тәлім-тәрбиенің  бастауы отбасының өмірінде жатыр. Ата-бабаларымыз кезінде оқу оқып білім алуға мүмкіндіктері болмай, көшіп-қонып жүргеннің өзінде өз ұрпағын жоғары адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, қонақжайлылыққа тәрбиеленген.

Аида: Шариғатта (Ислам қағидаларында) да отбасы жоғары бағ,аланып, оның бала тәрбиелеп өсіруіне бірінші дәрежелі мән берілген. Онда «Балалар –ата-аналар қолына  берілген аяулы аманат» делінген. Бұлғажайып құдайшылық анықтаманы жадыда ұстау былай тұрсын, әр үйдің маңдайшысына жазып қоюға тұрарлық. Баланың өздігінен өмір сүруге мүлде қабілетсіз нәресте кезінен бастап бақытты балалық шағы, жеке шаңырақ көтергенде дейінгі жастық жолдары өтетін отбасын бақыт жағалауын бетке алып, өмір – айдында жүзіп бара жатқан қайыққа теңесек, оның қос ескегін әке мен шеше дер едік.

 

Күй:«Ата толғауы» Билахан Қуат

 

 

Шырын: «Балаң жақсы болса, жердің үсті жақсы, балаң жаман болса, жердің асты жақсы» дейді қазақ. Отбасындағы ата-ана мен бала арасындағы кикілжіңдер көбінесе бала кәмілеттік жасқа толғаннан бастап орын ала бастайды. Бала бойындағы физикалық, психологиялық өзгерістер  оның мінез-құлқының өзгеруіне әкеліп соғады. Сондықтан да ата-ана өсіріп отырған баласының тәрбиесіне осы кезеңдерде жете көңіл бөлгені жөн.

Ерғанат: Ата-ананың үміт-арманы баласымен бірге жасайды. Сол себепті олардың бар тілеуі балаға бағышталған. Оның амандығын, үрім-бұтақты, бай бақытты, атақ-абыройлы болуын тілейді, өздері әл-қуаты кетіп, ауру-сырқаулы болып қартайғанда сол баланың қайырын көріп, мерейіміз өссе екен деп армандайды. Ақырғы, ең қастерлі тілектері: «Бала-шағаның алдында дүние салып, солардан топырақ бұйырса». Осындай ата-ананы сыйлау, сәби шағындаөзінді олар қалай бағып-қақса, қартайғанда оларды да солай алақанға салып аялап күту – қандай ғанибет!

Баги: Қазақ ұғымы бойынша, үйлерінің төбесінен күн сәулесі төгіліп, қараңғы түндерде тұнық аспанның төріндегі самсаған қалың жұлдыз жымыңдай жарық сеуіп тұруы тиіс. Байтақ сахара құшағында қысылып-қымтырылмай өскен арда халық мұны еркіндіктің, кең тыныс алудыңбелгісі деп білді.Сондықтан ұлы әлемнің бүкіл қасиетін сездіріп тұратын шаңырағын айрықша қастерледі, жан тәнімен  қорғады. Шаңыраққа ие болудың өзі- шексіз абырой, адамдық нысаны.

Ән: «Әкешім, анашым» Даулет Айкерім

 

 

Жәнібек: Қара шаңырақ ұрпақтар өрбіген құтты ұя саналады. Кең мағынада бүкіл ұлт тұтас ірге жайған жер де Қара шаңырақ. Соныдқтан қазақ баоласы Қара шаңырақ иесі – Қазақ атасының үйін ардақтайды, яғни Қазақ атасы көтерген Қара шаңырақты аялай қастерлеп, оның қасиетін өзінің ар-намысындай сезінеді.

Каримжан: Қашан да әке-шеше отырған үй аяулы,ардақты, ыстық. Ұрпақтары соған бас иеді. Оны құтты орынға теңейді. «Ордаға керек – отауға да крек» деген аталар өсиеті негізінде әр ұрпақ өзінің шыңырағын ата салты бойынша жоғары көтеруге және абыройлы, парасатты болуға тырысады. Өзінің де ұрпағын өсіріп, өркенін жайдыруды мұрат тұтады. Сондықтан Қара шанңырақ – Қазақ армаанының мақсат-мүддесінің бір шоқтығы.

Құдрет:Ей,  перзентім, ата-анаңды ешқашан ренжітуші болма. Олардың көңіл-күйіне қаяу салып қапалаңдырма. Сені жан-тәнімен жақсы көріп, тәрбиелеп жүрген ата-анаңның көңілін қалдыратын құйттай іс жасасаң, сен ешқашан жақсылыққа лайықты жан емессің, өйткені кімде-кім ата-ананың жақсылығын білмесе, басқа біреудің жақсылығын да бағаламайды. Егер сен өз перзентім құрмет қылмсын десең, сен де ата-анаңды құрметте, сен ата-анаңа не істесің, саған перзентің де соны жасайды. Перзент жеміске, ата-ана жеміс ағашына ұқсайды. Жеміс ағашын жақсы күтсең жемісі де дәмді, жақсы болады. Сол сияқты ата-анаға деген ізгі тілегі қабыл болғаны.

Видеоролик

Қуат: «Отбасы кішкентай бір мемлекеттік ұя» деп бекер айтылмаған. Әдетте жақсылықтың бәрі отбасынан басталады. Отбасы – жұртты жақындастырушы, ұрпақ пен ұрпақты табыстырушы, ұрпақаралық тұтастықтың отын жағушы ерекше ұя. Сондықтан да отбасы – барша адамзатқа ең жақын, ең қасиетті ұғым.

Интизар: Ата-анасыз өмір жоқ, яғни адам жоқ. Демек, бала-ата-ана өміріінң жалғасы. Сол үшін ата-ана жата-жалынып құдайдан перзент көргенде жүрегі жарылардай қуанған, содан кейін «Баламның табанына кірген шөңге менің мандайыма қадалсын» деп әлпештеп өсірген, перзенті ауырып не басқа қатер төнгенде мойындарына бұршағын салып «Өзімді алып, баламды аман қалдыр!» деп құдайға жалбарынған, өздерін балалры үшін құрбан еткен. «Бала – ата-ананың бауыр еті», «Балалы үй – базар, баласыз үй –мазар» деген сияқы толып жатқан мақалдарада ата-ананың балаға деген ұлы сүйіспеншілігі жатқан жоқ па?!

Айдана: Ата-аналар мен балалардың, аға-інілер мен әпке-қарыңдастардың және туған-туыстардың ортасын құрайтын отбасы қоғамның ең маңызды ұйытқысы болып табылады. Өйткенгі адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ержетіп, отбасының тәрбиесін алады. Шынында, отбасы – ол да бір шағын мемлекет.

Би: «Әлқисса».

 

 

2-жүргізуші: Отбасы – ұрпақтар сабақтастығын жалғастырушы, адам бойындағы асыл қасиеттерді қалыптастыруды рухани-адамгершілік бастауы.

Ән: «Тек алға!»   Даулет Айкерім

1-жүргізуші: Әрбір отбасында сүйіспеншілік пен түсіністік мықты болса, қоғамның діңгегі де берік болады.

2-жүргізуші: Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болсын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты «Шаңырағым - шаттығым»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по сертификации продукции

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 290 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.01.2016 1715
    • DOCX 410.7 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ибраева Айгуль Даулетовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ибраева Айгуль Даулетовна
    Ибраева Айгуль Даулетовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 5241
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 121 человек из 43 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 848 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 477 человек из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 325 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 152 человека

Мини-курс

Детские и взрослые эмоции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе