Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Рабочие программы / Тәрбие сағаты 5 сынып
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие сағаты 5 сынып

библиотека
материалов

Тәрбие сағат тақырыбы: "Бәрі бір өзіңнен басталады,Ана!"

Тәрбие сағат мақсаты:

Балалардың аналарына, бар адамзат анасына сүйіспеншілігін ояту.Ананың еңбегін ақтауға, ардақтауға, құрметтей білуге тәрбиелеу.

Тәрбие сағат көрнекіліктері: плакаттар, шар, слайд

Мұғалім:

- Құрметті аналар, әжелер сіздерді әйел жанымен байланысты тамаша көктем мерекесі – 8 Наурызбен шын жүректен құттықтаймын! Алғашқы көктем мерекесі Жер бетіне өмір сыйлаушы нәзік, ақылды, сымбатты, мейірімді жандарға арналғаны қандай тамаша мереке!Әлемдегі ең асыл жан ол – Ана десек, жүрегімізде сүйікті жанға деген махаббат сезімі оянады. Ана бұл аяулы да мейірімді жан. Баланың тілі шыққаннан – ақ бірінші сөзін ана деп айтады. Өмірдің есігін ашқаннан соң осы өмірдегі өзіңнің жан анаңды көресің. Осы бір «АНА» деген үш әріптің аясында адамзат баласын қуаныш сыйлар қаншалықты қасиет бар десеңші! Ару - ана, Ару - асыл жар, Ару – көңілдің гүлі, Ару - өмірдің жыры, тіпті айта берсең сөз жетпейді. Олай болса, бүгінгі аналарға, қыздарға арналған, сыныбымыздың "Бәрі бір өзіңнен басталады,Ана" атты концерттік кешімізге қош келіпсіздер!

Балалар бәрі:

Құттықтаймыз анашым, 8 - ші Наурызбен!!!

Бейсенбек:

Уа, ағайын, ағайын.

Көктем келді жайнаған.

Бау - бақшада бүгін той.

Қош келдіңіз ағайын.

Раушан гүлдер жайнаңдар.

Гүлдей жайнап тұрыңдар.

Құттықтаймыз сіздерді.

Мерекеңмен бүгінгі.

Орын:

Той пердесін ашайық,

Тойға шашу шашайық.

Аналарды құрметтеп,

Ән маржанын шашайық.

Хор: «Мереке күніңмен»





Бейсенбек:

Арулар - асыл жандар, ардақтылар,

Өмірдің жылуы боп қалмақ бұлар.

Арулар – тіршілікке күретамыр,

Өмірді бір-біріне жалғап түрар - деп, өлеңіне арқау еткен Мүқағали ақын аналарымызды тіршіліктің, күретамыры деп бекер айтпаса керек. Олай болса, бір қолымен бесікті, бір қолымен әлемді тербеген аналарымыздың мерекесі қүтты болсын демекпіз.

Орын:

Ақ анашым, аппағым.

Өзің жайлы тақпағым.

Арналады сіздерге.

Бар баланың тақпағы.

Динара "Анама"

Қомшабай Қарақат "Ақ мама " "

Би:" Қазақ биі" 5"а"сынып қыздары

Бейсенбек:

Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап

Ана деген байтерегі өмірдің

Ана деген – алтын қазық, алтын бақ

Ана деген – асыл жаңдар бұлақтай

О ,адамдар қадірлей біл ананы

Жат қылыққа ақыл-ойды тонатпай

Орын:

Құтты болсын, ардақты ана

Асыл анам мерекең,

Құтты болсын теңдік алған.

Қуанышты берекең.

Сағадат:

Өмірдің иесі сен, ғазиз Ана

Келтірген дүниеге нелер дана

Анасыз батырда жоқ, ақында жоқ

Өмірдің алтын кілті сонда ғана.

Қадыр: «...Ана жүрегін сезе біл, оның жанарындағы шапағат пен тыныштықты, бақыт пен қуанышты, алаңдаушылық пен мазасыздықты, абыржу мен ренішті көре біл. Егер сен бала кезіңнен анаңның көзінен оның жан дүниесін көре білуді үйренбесең, адамгершілік жағынан өмір бойы тәрбиесіз болып қаласың»

Аян:«Нәзіктік атаулының жиынтығы – ананың алақаны, сондықтан да ол - сәби үшін ең жылы ұя».

Мұғалім:

Біздің аналарымыз бәрін өз қамқорлығына алады, олар барлық шаруаны бітіреді, сонымен қатар олар біздің әр ойымызды айтқызбай табады, бар сырымыз оларға әрқашан да белгілі. Олай болса, аяулы аналарымызды бір сынап көрелік.

Ойын: «Аялы алақан»

Аналардың көзін байлап, оқушылардың ішінен өз балаларының тапқызу.

Ән:"Асыл әже" Бікірбай Мархабат

Жұмажан Інжу "Анаңнан асыл бар ма екен?"

Ән:"Анашым"Асылбек Інж

Бейсенбек:

Аналар ақ тілекті, сөз көп дейін,

Жылытар жүрегіңді көз көп дейін

Аналар ақ жаулықты бұл сіздерге

Қол соғып қарсы алайық

«Вокзалда қауышқан қыз » Би 5"а"сынып қыздары

Ән:"Асыл ана"Жұбан Диана

Бауыржанұлы Дәурен "Қазақ қызы"

Орын:

Бөбегіңнің сыйлығын,

Қабыл алшы анашым

Ұзақ өмір жүз жасап

Ауырмашы анашым-дей келе келесі ортаға

Таңат Аян : " Анама " шақырамыз

Сайлау Ақниет:" Ана "

Күй:"Кеңес"

Бәтеш Бейсенбектің орындауында: " "

Бейсенбек:

Жылына бір рет келетін осы аналар мейрамында аналарымызға қандай сыйлық жасасақ та жарасымды. Өйткені, бізді өмірге алып келген, бізге әлемнің жарығын сыйлаған - анамыз емес пе? Олай болса, әр оқушының өзі дайындаған аналарына сыйлықтары бар екен. Соны табыс етсін.

Орын:

Анам менің аялап, әлдилеген

Түн ұйқысын төрт бөліп мәпелеген

Дәмің кетпес ақ сүтің аузымдағы

Қалайша ұмытамын бал татыған

Анашым алдыңызда қарыздармын

Өтеуден оны ешқашан шаршамаймын

Ананың баласына махаббаты

Мәңгілік алаулаған шам-шырағы

КВН ұлдар командасы

Бейсенбек:

Бүгін – наурыздың сегізі

Сұлулықтың негізі

Әдемі сөз – Адамның

Анаға айтар лебізі

Ән: " Ана " Әнет Шолпан

Ән: "Ана " Орындайтындар:Асылбек І және Назарбаева Замира

Орын:

Барлықтарыңызды айтулы мерекемен шын жүректен құттықтаймыз! Жер-дүниенің жаңаруын, оның сәні мен мәнін паш етіп келе жатқан тамаша көктемнің мерекесі қарсаңында Сіздерге және отбасыларыңызға мол береке, бақыт, шаттық, мызғымас денсаулық, болашаққа зор сенім, көтеріңкі көңіл-күй тілейміз! Барша туған-туыстарыңызды жылы жүрегіңіздің мейірімділігі мен ыстық ықыласына бөлеуден шаршамаңыздар! Жылдан-жылға табиғаттың тамаша мерзімі – көктемдей құлпырып, жасара беріңіздер!

Хор "Ана туралы жыр"

Бейсенбек:

Аналар, қалқып бақыт аралында,

Лайым мұң қонбасын жанарыңа

Осымен кешімізді аяқтайық

Гүл бітсін бәріңіздің қадамыңа – дей отырып бүгінгі "Бәрі де бір өзіңнен басталады,ана"атты кешімізді мына өлең шумағымен аяқтағымыз келеді:



Кезекпен 2 жүргізуші 2 жолдан оқиды


Аналар, ақ пейілін жайғандарым,

Сіздер – менің ең сыйлы меймандарым.

Арыстай талай перзент тудыңыздар,

Алаштың асқақтатқан айбарларын.

«Алдымен жақсылық ет анаңа» деп,

Хадисте текке айтпапты Пайғамбарым.

Сіздердің арқаңызда еркектер жүр,

Сипатып ескен желге айдарларын.

Артық қой әлемдегі бар жылудан,

Бір сүйіп маңдайымнан айналғаның.

Сіздерге деген шексіз алғысымның,

Айтып мен тауысайын қайдан бәрін.

Жырыммен аналарды ырза ете алсам,

Сол менің бұл өнерден бәйге алғаным.

Наурыздың сегізінде келе жатқан,

Аналар, құтты болсын мейрамдарың!

Ардақты аналар мейрамдарыңыз құтты болсын! Сау саламатта болыңыздар!




Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.11.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Рабочие программы
Просмотров285
Номер материала ДВ-148429
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх