Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Конспекты / Тәрбие сағаты 7сынып "Ата-анаңа не істесең алдыңнан сол шығады."
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие сағаты 7сынып "Ата-анаңа не істесең алдыңнан сол шығады."

библиотека
материалов

hello_html_7e7f69b1.gifБіз келеңсіз бір жағдайларға байланысты «анау кінәлі» деп сұқ саусағымызды шошайтып көрсетеміз. Бірақ бүгіліп тұрған үш саусағымыз өзімізді көрсетіп тұрғанына мән бере бермейміз. Алланың қалауы осылай болса амал қанша деп Жаратушыға да жала жауып, біреу мақтаса даңдайсып, «мен қандаймын» деп, жамандаса «мынау не дейді?» деп отырамыз. Мен қандаймынның ішінде ата-анамызды құрметтеуде, балаға тәрбие беруде біз қандаймыз деп бір сәт ой жүгіртіп көрейік.

 Қазақ халқы қай кездерде болмасын ата-анасын ерекше құрметтеген. «Әкең асқар тау, анаң кәусар бұлақ» деп әкелерін асқар тауға, аналарын ең таза, мөлдір бұлақ суына теңеген. Халқымыздың мақал - мәтелдерінде, даналық сөздерінде «Алты аға бірігіп - әке болмас, Жеті жеңге бірігіп - ана болмас»,- деген сияқты ата-ананың қадір –қасиеті туралы айтылған терең ойлы сөздер өте көп. Ал Ислам дінінде ата анага деген құрмет Аллаға деген сенім мен оған сыйынудан кейінгі екінші орында тұр. Мұхамед /с. ғ.с/ «Алла тағаланың ризашылығы,ата ананың ризашылығында» дейді. Өз ата-анасын құрметтемейтін, перзенттік парызын өтемейтін, әдептілік, кішіпейілділік көрсете алмайтын, оларға деген сүйіспеншілік сезімнен жұрдай балаға жанындағы адамдардың да риза еместігі белгілі. Ғ. Мұстафин «Ата-ананың қадірін білмеген, халықтың қадірін білмес»дейді. Шындығында ондай бала басқа біреудің жақсылығын қалай бағаласын. Жақынына жақсылық жасай білген адам басқаларға да жақсылық жасайды. Сондықтанда қасиетті құранда Жаратушы ғибадат жасауаға бұйырған болса, сол ғибадатпен бірге ата-анаңды біл, ата-анаңа жақсылық жаса, ата-анаңды құрметте және ата-анаңа шүкір ет дей келе  «Адамдарды ата-аналарыңа жақсылық жасауға бұйырдық.Ана оны үсті –үстіне әлсірей жүріп құрсақта көтереді. Екі жыл бойы емшек емізеді. Ей, адамдар! Маған да, ата аналарыңа да да шүкірлік етіңдер! Түптің түбінде қайта оралатындарың - менің алдым» (Лұқман сүресі 14 аят) деп ескертеді. 
Әрбір адамға ана, әке деген сөздер өмірдегі ең асыл, ең қасиетті де қастерлі сөздер болса, әрбір ата анаға бала бауыр еті.Өмірінің жалғасы. Бойындағы бар асыл қасиеттерді баласының бойына сіңіріп, қатарынан қалмасын, білім алып үлкен азамат болсын деп барынша жақсы тәрбие беретін ата-ана бала үшін от пен суға түсуге дайын. Сондықтан болар есейіп егде тартсақ та жабыққан, сүрінген сәттерде әрқашан жаныңнан табылып, қолтығыңнан демейтін,нұрға толы жүрегімен үмітіңді ұштайтын анаң мен әкеңді бірінші ойлайсың. Аздаған жетістіктерің болса алдымен солар естіп қуанса екен деп тұрасың. Өкінішке орай, XXI ғасырда, ғылым мен техника дамып айшылық жерге сағаттап жететін, көшеде жүрсең де хабарласуға мүмкіндік туған заманда ата-анамыздың қал жағдайын біліп , бір ауыз жылы сөз айтуға жарамайтын халге жетуімізге не себеп? Мейірім азайып анаға ауыр сөз айту, әкеге қарсы келу жастар арасында неліктен белең алып бара жатыр? «Заман солай» деп заманға итере салатындар бар. Бірақ, замана дөңгелегі тынымсыз айналып дүние өзгеріп жатыр дегенімізбен оның басты кейіпкері адамның адамға тән құндылықтары ғасырлар бойы сақталып келеді емес пе. Олай болса бұл сауалдың жауабы құндылықтарды бала санасына сіңірудегі тәрбиемізден іздеу керек шығар. Алысқа бармай ақ соңғы ғасырға көз жүгіртсек қазақ халқы екі түрлі тәрбиені басынан өткізіпті. Біріншісі кеңес үкіметіне дейінгі ұлттық тәрбие, екіншісі барар жұмағымыз коммунизм деген коммунистік тәрбие. Кешегі кеңестік дәуірге тас лақтырып , бәрі жаман болды деген ойдан аулақпын, дегенменде ұлттық тәрбиенің ауылы алыстап кеткені анық. Ата-ананы құрметтеуге байланысты бір ғана мысал келтіре кетейін. Павлик Морозовты тұлға жасадық,өскелең ұрпаққа үлгі еттік. Пионерлер соған қарап бой түзеді. Шындығында Павлик деген «бай кулактармен байланысы бар» деп әкесін ұстап берген санасыз бала ғана екен. Әкесі он жылға сотталып сол жақта қаза болыпты. Сонда кімнен өнеге алдық. Пионер үшін ағайын туыс, ата-ана деген болмайды ең басты құндылық қоғамдық мүлік деп тәрбиеледік. 1964 жылдың 1 қыркүйегінен бастап бүкілодақтық телеарнада кешкі уақытта балалардың бесік жырындай болып «Спокойной ночи, малыши!» деген хабар жүрді. Басты кейіпкері (хрюша) шошқаның торапайы мен (степаша) көшедегі көп сабалақ иттің күшігі болды. Міне осындай ит пен шошқа бесігін тербеткен ұрпақ арақты атасының асындай ішіп, шошқадай қорсылдап, иттей ырылдасып кетті.Ал бүгінде айтсаң аңыздай, естісең ертегідей болған ұлттық тәрбиемізде қандай ерекшіліктер бар. Әрине ең басты ерекшілік тәрбиелік қырында. Қазақ халқының бүкіл салт санасы, әдет-ғұрпы, мақал-мәтелдері, ертегі, жырлары, тіпті ойын сауығы да тәрбиелік мәселеге келіп тіреледі. Адамгершілікке, имандылыққа, азаматтылыққа баулиды. Олай болса ұлттық тәрбиемізді Ислам дінінің қағидаларымен қамшының өріміндей өрілген, рухани құндылықты материалдық құндылықтан жоғары қойған имандылық тәрбиесі деп айта аламыз. Бүгінде сол тәрбиенің барлығы ұмытылды, елдің барлығы ата анасын сыйламайды деген ойдан аулақпыз. Бірақ, бір ғана Алматы облысында екі қарттар үйінің бар екендігі ойландырады. Көп бейнеттің бір зейнетін көретін тұста қарияларымыз неге жетім баланың күйін кешіп қалды? «Алла тағаланың разылығы, ата ананың разылығында» екенін ескерсек ол қариялар балаларына қаншалықты разы? Құран кәрімде Жаратушы (Исра сүресі 23 аят) “Раббың Өзіне ғана ғибадат етулеріңді және ата-анаға жақсылық істеуді әмір етті…” дейді. Олай болса ата –анасын қарттар үйіне өткізіп жүргендер Алланың әміріне қарсы келгендерден емес пе. Өкінішке орай түнгі клуб тәрбиешісі болып жүрген жарстардан бұрын намазға жығылып ақиқаттың жолына түстік дегендердің арасында намаз оқымайтын әкесіне қарсы сөз айтып, анасының жасаған тамағын ішпей, айтқан сөздеріне құлақ аспайтындар кездесетін болды. Неге деген сауалыңа жауабы әзір. «Егер екеуі сені күштеп, біліміңе қайшы нәрсені Маған серік қосуды талап етсе, оларға бойсұнба» деген аятты алдыға тартады. Иә, шариғатқа қайшы келетін істерді бұйыратын болса, оларды орындауға болмайтыны дұрыс. Дұрыс емесі осы аяттың «Бірақ оларға өмірде жақсы қарайтын бол» (Лұқман сүресі 15 аят) деген жалғасын ұмытып кете беретіндігінде. Осыған байланысты Пайғамбар заманынан бір мысал айта кетейік. Абу Бакр ас-Сыддык, Алла елшісіне келіп «Маған, бір нәрсе сұрап көпқұдайшыл болған шешем келді (кей жерлерде сүт анасы деп айтылады). Онымен қарым-қатынас жасауым керек пе?», – деп ақыл сұрайды. Пайғамбар: «Иә, сен солай істеуің керек», - деп жауап береді. Жалпы Жаратушының ұлы мархабатынан ең көп үлес алған ең бірінші ана. «Жәннат - аналардың аяғының астында!» деген Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сөзі осының дәлелі. Хазреті Мәуләнә бір сөзінде «Ана ақысына назар аудар! Оны төбеңе көтер! Сірә, аналар босануда қиналмаса, балалар дүниеге келуге жол таба алмас еді...» деп айтыпты. Олай болса түн ұйқысын төрт бөліп, сәбиі үшін өмір сүретін ата-ананың ақысын төлеу жер басып жүрген әрбір перзенттің парызы. Басқасын айтпағанда ана алдында үлкен үш қарызымыз бар. Бірінші, тоғыз ай тоғыз күн не ұйқыда, не отыруда рахат көрмей қиналып құрсағында көтергені. Екінші, өмір мен өлім арасында тұрып дүниеге әкелген сәті. Үшіншісі, ақ сүтін беріп өсіріп адам етіп тәрбиелеуі. Өкінішке орай бұл қарыздарды ер жетіп жетілген кезде ұмытып кететіндер бар. Айлап жылдап хабарласпай, ең болмаса ата анам мені ойлап алаңдап отыр-ау амандығымды білдіріп қояйын деген ой санасына саңылау тауып кірмейтіндер де кездеседі. Жұмыстан босаса ресторан, ойын-сауық тағы басқа дүниелермен уақытын кетіреді. Пайғамбарымыз /с.ғ.с./ бірде жиналған жұртқа «Естеріңізден шығармаңыздар, менімен әрдайым бірге жүрген болсаңыз да, елу уақыт намаз оқыған болсаңыз да, күндіз-түні Алла жолында ғибадатта болсаңыз да, хажылық, хаж умра қылсаңыз да, бұлардың еш біреуі қабыл болмайды, егер ата-анаңызды ренжіткен болсаңыз»- деп ескертеді. Ата-анасын ренжітіп ешбір ғибадаты, тілеген тілек дұғалары қабыл болмағандар осы дүниенің өзінде-ақ бәлекеттерге душар болып, ісі оңалмай немесе бір ауруға шалдығып, берекесі кетеді. «Атаңа не істесең,алдыңнан сол шығады» деген бабалар өсиеті де тіл ұшына келіп қалған құрғақ сөз емес, өмірлік тәжрибеден теріп алған тәрбиелік мәні бар сөз. Қолда бар алтынның қадірін біле бермейтін кездер көп. Кейде ата анамыз өмірден өтіп кеткеннен кейін ғана жіберген қателіктеріміз еске түсіп өкінеміз. Кезінде ұсақ-түйек деп қараған дүниелер енді зорайып өсіп кеткендей. Шіркін ата-анам тірі болса бір сәт те көңілдерін қалдырмас едім деген орындалмас арман айналшықтап алдыңнан шыға береді. Дегенменде бақилық болғандарға да жақсылық істеуге болады екен. Бір кісі «Я Расулуллах с.ғ.с. ата анама қайтыс болғаннан кейін оларға жақсылық істеудің жолы барма?»,-деп сұрайды. Иә ,бар дейді Пайғамбар /с.ғ.с./ Қайтыс болған ата анаңа төрт жолмен жақсылық істесең болады: олар үшін дұға етіп күнәлары үшін жарылқау тілеу,орындай алмай кеткен уәделерін орындау, достарын құрметтеу,ата-ананды себепші етіп олардың туыстарымен қатынасты үзбеу» дейді осының бір дәлелі ретінде тағы да бір хадисте «Жан тәсілім болғаннан кейін мәйіттің дәрежесі көтеріледі.Сол уақытта мәйіт: «Я Раббым,бұл не себептен?»,-деп сұрағанда: Бұған себепкер балаң.Ол сен үшін жарылқау тіледі»,-делінеді.

Құдайдан бала тілемейтін, артымда ұрпағым қалсын деп армандамайтын адам болмайды. Солардың ішінде қазақ халқы ғана құдайдан бала тілей отырып «Иә, Алла бала бер, бала берсең сана бер, сана бермесең қайта ала бер» деп ұрпағының саны емес сапсына мән береді. Шындығында Жаратушы санасыз бала бере ме? Бала тәрбиесіне көп еңбек жазған дін ғалымы Әл Ғазали «Баланың барлығы бірдей болып туады,әр түрлі болып өсуі берілген тәрбиеге байланысты» дейді. Егер бала санасыз болып өссе, Аллаға кінә артып күнәһар болудың не керегі бар. Бабаларымыз талшыбықтың жайқалып өсуі, талбесіктің қалай тербелгеніне байланысты екендігін айтып кеткен. Яғни, сәби есейіп, ер жетіп, ақыл тоқтатқанға дейін оның өміріне басқалар жауапты. Олай болса “Бесікті кім, қалай тербетті?” деген сауал әрқашанда өзекті. Ислам діні бойынша бала балиғатқа жеткен соң дін ұстанып, намаз оқып, жіберген қателіктеріне жауап береді деп бекітілген. Ал балиғат жасына жеткенге дейінгі қисық кеткен теріс тәрбиенің жауапкершілігі кімнің мойнына артылуы тиіс? Әрине ата ананың. Жаратушы Алла: “Отбасыларыңды тозақ отына отын болудан сақтаңдар” деп, мұсылман ата-аналарға ескертеді. Алайда бәріміз осы отын болудан сақтаңдар дегеннің астарында не бар екенін түсіне береміз бе? Қаншама жауапкершілік бар екенін сезінеміз бе? Мұхамед /с.ғ.с./ «Алла Тағала әркімді табыстаған нәрсесі үшін жауапқа тартады, сақтап қалды ма оны, әлде жоғалтып алды ма? Тіпті ер кісіден отбасы жөнінде де сұралады» дейді. Сол сұралатынның ішіндегі басты үш міндетті атап өтсек бірінші балаға көркем, мағыналы,айшықты ат қою. Екінші, жақсы тәрбие беру, үшіншісі кешіктірмей үйлендіру. Тақырыбымызға байланысты тәрбиеге тоқталайық. Бүгінгі жүйрік поездай жүйткіген заманда тәрбие мәселесіне бәріміз бірдей уақыт тауып жүрміз дегеніміз артықтау болар. Уақыт тапты дегендердің кейбіріне күдікпен қарайтын болдық. «Арақ ішпе демеймін, іш. Бірақ менің көзімше ішуші болма. Темекі тартпа демеймін, тарт. Мен көрмейтін болайын. Әйтпесе таяқ жейсің» деп ақыл айтып отырғандарды өздеріңіз де естіген боларсыздар. Доңызды жеуге болмайды ол харам,ал торапайын жеуге болады дегеннің кері. Кемеліне толып, күреңіне мініп дүниеге келген ешкім жоқ. Баланың алғашқы қадамы, ер жетіп өсуі, бойындағы адамгершілік белгілер отбасында қалыптасады, сондықтанда ала жіпті аттамайтын адалдық, ар мен ұятты серік ететін имандылық сияқты қасиеттерді бойына сіңіру ата ананың міндеті. Олай болмаған жағдайда балаңыз кез-келген уақытта, иектегеннің иегінің астында, қақпақылдағанның қанатының астында кете барады. 

Баяғыда бір кісі егін егіп жүріп «Мынау қарызым.мынау парызым,мынау өзім үшін» деп дәнді шашады екен.Сонда бұл не сөз деп сұрағандарға «Осы өсіп шығатын егіннің бір бөлігі ата анама мені өсіріп жеткізгені үшін беретін менің қарызым, бір бөлігі баларыма, оларды жеткізу менің парызым, үшіншісі өзім үшін» деп айтқан екен. Осы тәмсілмен сөзімізді парызын өтемеген ата ана ертең қарызын сұрай алмайды деп түйіндедік.

 




























Қазақстан Республикасы Ғылым және Білім министрлігі

20 С Сейфуллин атындағы мектеп-гимназиясы










Тақырыбы: Ата-анаңа не істесең алдыңнан сол шығады.















Орындаған : Аитова К.


Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 12.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Конспекты
Просмотров299
Номер материала ДВ-331690
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх