Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты 5 сынып Самғай бер, биіктерге, тәуелсіздік қырандары. үш ілде ағылшын орыс қазақ
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие сағаты 5 сынып Самғай бер, биіктерге, тәуелсіздік қырандары. үш ілде ағылшын орыс қазақ

библиотека
материалов

САБАҚТЫҢ ТАҚЫРЫБЫ: Самғай бер, биіктерге, тәуелсіздік қырандары.

САБАҚТЫҢ МАҚСАТЫ:

1. Болашақта оқушыларды Отанын, Қазақстанды көркейтуге үлес қосуға, дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін ағылшын тілінің қажеттілігін үйрету. Оқушыларды Отанымызды сүюге, еліміздің рәміздерін қастерлеуге баули отырып, туған жеріне деген сүйіспеншілігін ояту. Елін, жерін, тілін, тарихын құрметтейтін жаны таза, адамгершілігі мол азаматты қалыптастыру. Желтоқсан оқиғасын негізге ала отырып, патриоттық тәрбие беру. Оқушылардың тәуелсіздік алғаннан кейінгі жетістіктерімен таныстыру, білімдерін кеңейте түсу.

2. Қазақстанды өркендетуге жан-жақты білімді адам болып қалыптасуына және ағылшын тілде сөйлеуге бағыт- бағдар беріп дағдыландыру, дамыту.

3. Туған Отанын сүюге, елжандылыққа, ұлтжандылыққа және тіліміз бен тарихымызға құрметпен қарап, рухани құндылықтарды бағалауға, еліне еңбек ету үшін оқып білім алуға тәрбиелеу.

САБАҚТЫҢ КӨРНЕКІЛІГІ: ҚР Рәміздері, «Желтоқсан желі» деректі фильмдер, суреттер, слайд-шоу, магнитафон.

САБАҚТЫҢ ТҮРІ: Кіріктірілген сабақ. ағылшын және қазақ

САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ:

І. Ұйымдастыру.

1.1 «Желтоқсан желі» деректі фильмі жіберіледі

1-оқушы- Ташкенбай

Желтоқсан дүр сілкінткен жердің жүзін,

Танытқан мұздап қалған жүрек сызын.

Кеудесін намыс кернеп бабалардай,

Көшеге алып шықты ұл мен қызын.


Ызғары бой тоңдырып суық қыстың,

Қыран құс топ – тобыңмен көкке ұштың.

Жендеттер суық қару асынып ап,

Қанатын қайырмақшы алтын құстың.


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ ӘКЕЛІНСІН!

ҚР Әнұранынан басталады. ҚР Әнұраны орындалады.

Жүргізушілер: Аділ, Аружан

Аділ: Құрметті «Атамекен» этно кешенінің қызметкерлері , оқушылар,ұстаздар!

Аружан :Good morning, dear teachers, children and workers of Atameken etno-building!

Аділ:Доброе утро дорогие учителя ученики и работники этно-комплекса Атамекен!

Аділ :№59 мектеп-лицейінің 5 «а» сынып оқушыларының Қазақстан Республикасының тәуелсіздік күніне орай өткізіліп отырған «Самғай бер биіктерге тәуелсіздік қырандары!» атты үздік тәрбие сабағына қош келдіңіздер!

Аружан :Welcome to the best lesson Samgai ber biikterge tauelsizdik kyrandary which present for you the grade 5a of 59 school-lyceum

Аділ: Биыл еліміздің тәуелсіз Қазақстан Республикасы атанғанына 21 жыл толады

Аружан :In this year our Kazakhstan Independence get 21 years old

Аружан : Азаттық. Теңдік. Тәуелсіздік. Осы үш ұғымның салтанат құруы үшін кімдер бас тікпеді, кімдер құрбан болмады.

Аділ: Тәуелсіздік шежіресіне көз тоқтатып қарайықшы. Сонау дүбірлі батырлар заманынан бері елі мен жер үшін қаншама қан төгілді, қаншама адам құрбан болды.

Аружан :Абылай заманы – батырлар заманы. Найзаның ұшымен, қылыштың жүзімен қасық қаны қалғанша ел мен жер үшін айқасқан бабалар аманатын жалғастырған боздақтар қаншама.

Аділ - Ақтаңдақ жылдардағы қазақ деп қабырғасы қайысқан қайраткерлер де тәуелсіздігімізге жеткізер ұлы жолдағы құрбандар еді.

Аружан : - Қашан да өршіл, намысқой, ержүректік қасиетті биік ұстайтын қазақ халқы Ұлы Отан соғысы жылдарында да аянбай шайқасқан.

Аділ - 1986 жылдың 16 желтоқсаны. Қазақтың санасын сілкіндірген желтоқсан ызғары жылдар бойы арман мен тәуелсіздіктің қайнар көзі болды.

Аділ - Бұл кун – теңдік үшін, елдік үшін бас көтерген, тіпті тәнін аямай, жанын пида қылған жастарымыздың аңсаған армандарының, көздеген мақсаттарының ұшқыннан жалынға айналып еңселі ел болған күні.

Аружан - Бұл күн – халқымыздың қуанып, болашақ ұрпақтың ұрандап еске сақтап, биіктерге самғар күні.

Аділ – Қазақстан – қасиетті ұғым бұл,

Ей, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл!

Он бір әріп не мағына береді,

Ал толғайық жеткенінше қызыл тіл:

Т- Білдіреді теңдікті, дари

Ә- әдептілік, әлдікті

У- уайымсыздық, уақытты,

Е- егемендік, елдікті.

Л- дейді лағып, лепірме,

С- сенімділік секілді ең,

І- ілтипат пен ізет қой,

З- зиялылық тілек қой,

Д- шақырады достыққа,

І- Ізгілікті ниетпен,

К- дейді: күн бол көктегі

Көз алартпа, көршілерге қол сұқпа.



Аружан --«Орнында бар оңалар» дегендей, ел орнында, жер орнында. Жерге жетер байлық жоқ. Жер болса, ел болады; ел болса, ер болады. Ерлеріміздің арқасында Қазақстан егеменді, тәуелсіз ел болды. 120-дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағы көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Аділ - Осы 21 жыл ішінде елімізде көптеген жақсы өзгерістер болды. Оның біріншісі, біздің мемлекеттік рәміздеріміз елімізді баршаға паш етті. Жазғы олимп толағайлары айды аспанға бір шығарды десе де болады. Біз толағайларымыздың жетістіктерімен шартарапқа мақтана аламыз. Менің елімде тәуелсіздікпен қатар аталатын биік тұлға бар. Ол біздің елбасымыз Н.Ә. Назарбаев. Біздің Президентіміз өз елін сүйетіндігімен қатар оның дамуы мен өркендеуі үшін үлкен еңбек етіп келеді. Елбасымыздың жазғы жолдауында Қазақстан 2020 жылға 20 қадаммен алға қарай қарыштады. Мен де өскенде өз халқыма осылай қызмет етемін!

Аружан: Today our Kazakh is an independence. Therefore, everything that our country had achieved to this day is due to hard work of Kazaks in all the regions of the country. We always be ready to keep the Kazakhstan and we always be active and we will be healthy children. Our president of Nursultan Abishuly loved all peoples of Kazakhstan and we loved him.

3-оқушы 3 тілде кезектесіп тақпақтар айтады

ОТАН Ак алия

Отан деген Атамекен,

Отан деген -туған жер,

Отан - ана,

Отан - үлкен,

Қазақстан- туған ел!

PОДИНА-Жаркын

Одна средь многих стран

Отчизна-мать,

Отчизна –мир,

Отчизна –Казахстан.

MOTHER COUNTRY-Абд алия

One among many countries,

Native land –mother,

Native land- universe,

Native land-Kazakhstan.

ҚАЗАҚСТАН ТУЫ-Жаркын

Көк байрағы бабамның-

Бүгінгі ұрпақ алауы.

Тірегі әке, баланың-

Қазақстан жалауы.

ФЛАГ КАЗАХСТАНА-Абд Алия

Казакстана древний флаг

Горной сини голубей

Нашей общей воли знак

Стяг отцов и цыновей-

Казахстана гордый флаг

THE FLAG OF KAZAKHSTAN-Акш Алия

The ancient flag of Kazakhstan

Bluer than the alpine blue color,

The sign of our common will,

The banner of fathers and sons,

The proud flag of Kazakhstan

АСТАНА-Абдр Алия

Болашаққа бастаған

Шарықтайды асқақ ән.

Елордасы Отанның -

Мақтанышым Астанам.

АСТАНА-Акш Алия

Бросив в будущее взгляд,

Взмыл, как песня, над землёй.

Родины столичный град,

Что зовётся Астаной.

ASTANA-Жаркын

Glancing in to the future,

It sprang up above the earth,

The capital city of Motherland,

That is now called ASTANA

2-оқушы-Амина

Біздің тудың бояуы,

Оны халық қашан да,

Биікке іліп қояды.

Жанатындай өзі отта,

Жалын шарпып бетіңді.

Туымыз да қазақша

Сөйлеп тұрған секілді.

3-оқушы- Аружан

Отаным – қасиетті кең байтағым,

Жоқ менің сені айтпасам өзге арманым.

Сен мені әлпештеген анамдай боп,

Сен менің жүрегіме берген жалын.

Сен пана боп өрледі ісім алға,

Сен қияға қиялға ұшырған да.

Отаным деп жыр төгемін, еңбек етемін,

Сен барда, өнер, қайрат, күшім барда.

Әділет ту ұраны қолға ұстаған,

Әр күнің бақытыма жол нұсқаған.

Сенің арқаң айды алып, Күн құшқаным,

Әйтпесе қайдан бітсін ол күш маған.

4-оқушы -Жасулан

Жеткізген созсам қолды жан – жағыма,

Сенсің Отан мақтанамын, ардағым да.

Қуанамын, күн сайын мақтанамын,

Елімнің азаматы болғаныма.

Тәуелсіздік мәңгілік сақталсын,

Алдымыздан барлық үміт ақталсын.

Тату- тәтті болып қашанда ,

Бейбіт өмір бар халықпен жақталсын.


5-оқушы. Жасмина. Біз - Тәуелсіздік заманда дүниеге келген азат Қазақстанның болашағымыз. Еліміздің атқарып жатқан ұланғайыр істері қазақ еліміздің болашағы біз үшін арналады. Ата –аналарымыздың бастаған игілікті істерін алға апару үшін біз үздік оқып, талмай талаптанып, оқуда, білімде, еңбекте, спортта тек алда болып, елімізді бүкіләлемдік биіктерден көрсетуге тырысып, әрқашан игі істерге дайын боламыз.

6-Оқушы. Нурай Біздің жас мемлекетіміз өсіп – жетіп кемелденуде және біз бірге ер жетеміз. Ата – бабаларымыздың игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық эканомика жағдайында жұмыс істеуге даяр болуымыз керек. Сол үшін бейбіт, абат, жылдам өркендеу үстіндегі, күллі әлемге әйгілі әрі сыйлы өз еліміздің патриоттары боламыз.

7- Оқушы.Кудайберген. During the independence, Republic of Kazakhstan had become a self – sufficient state and confidently entered the world community. We have achieved equal relationships with many countries of the world. Today, we clearly, realize that ever since the first years of gaining sovereignty.

8-оқушыАкбаян

Тәуелсіздік-бұл арманы бабамның.

Тәуелсіздік –бақ даулеті баламның

Атты кеше тәуелсіздік ақ таңы,

Артта қалды қасіретті бар қайғы.

Алып келген ұлы тарих толқыны

Тәуелсіздік-заман үшін зор құны

Қарашы ,елім бүгін де өркендеген,

Жан барма елі үшін өртенбеген.

Жар саламын Қазақстан ұлы елім деп,

Өзіңе жырдан өрнек өрсем деп ем!

9-оқушы-Анел

Құтты болсын азат күн-Тәуелсіздік,

Халықпыз болашақты рухы биік.

Құт санап,уақыт санап биіктегің,

Құтты болсын бұл алған биіктерің!

Азат күнге бүгінде 21 жыл

Бейбіт ашық аспаның елім халқым

Ұлы елімнің бүгінде күні жарқын

Жылуы мол, шуақты болсын бар күн !

10-оқушыДаулет

Халқымның болашақ деп жүргені анық,

Шет елдермен келеміз бірге дамып.

Бүгінде ірге тасың нық қаланған,

Нұрлысың қазақ үшін азатты күн!

11-оқушы- Мейірхан

Жасасын бірлігің мен ынтымағың,

Мен Қазақпын елім бар деп мақтанамын.

Халқым бар, жүрегі кең қазақ деген,

Жыр жазамын мәңгілік мақтап атын.

Жыр жазамын жеткенше дауысым алыстарға

Бас иемін кеше өткен арыстарға.

Болашақтың барысы –ҚАЗАҚСТАН

Баса бер,Тайбурылдай қарышта алға!

12-оқушы -Қожа

Қазақстан – азат ел. Көкбайрағы үнемі еліміздің тыныштығын білдіреді. Әнұранымыз Қазақстанымыздың байтақ ел екенін жария етеді. Әнұранды жүрегімізге қолды қойып айтқанда өзіңді бақытты ұлан сезінесің. Ана тіліміздің мәртебесі егемендікпен бірге биіктеп келеді. Еліміздің бас қаласы – арайлы Астанам ғажайып қала. Астанада Бәйтерек, Хан шатыры т.б. ғимараттар көз тартады. Қазақстан менің елім! Менің елім – ардақты ата – анам. Ата – анамды қалай сүйсем елімді де солай сүйемін

13-оқушы -Айғаным. 2012 жыл 10 шілдедегі жолдауында Елбасымыз баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырды. 20 жылға 20 қадам жолдауында мен өзімнің болашақты қалай көретініммен бөлісейін. Жаңғырту үдерістерінің табыстылығы көп жағдайда оның қандай қағидаттар бойынша жүзеге асырылатынына байланысты болады.

14-оқушы -Алишер .

11-тапсырмада- білім беру жүйесін жаңғырту жөніндегі бұдан былайғы қадамдар білім беру жүйесіне Қазақстан тұрғындарының 3/1 бөлігіндейі тартылған. Мұндағы ең маңыздысы біздің балаларымыздың нақ осы білім беру жүйесінде өсетені,қалыптасатыны және есейетіні.Бұл әрбір отбасын толғантады.

Аделя - Жолдау туралы тақпақ

15-оқушы-Ақнур

Қиындық көрдің талай шынымды айтсам

Тарихқа көз жүгіртіп мен қарасам,

Езі боп егіліпсің қазақ елім

Қазақтың атын сақтап қалу үшін

16-оқушы Аружан

Тәуелсіз туын алып қазақ елі

Арманға жетті осылай қазақ жері

Тәуелсіз, ынтымағы бір жарасқан

21-ге толды міне Қазақстан

17-оқушы Аделя

Қазағым, халқым менің, қазақ елім

Сен үшін, елім үшін егілемін

Жырың боп, әнің болып төгілемін

Қызығына халқыма бас иемін!!!

Аружан – Жақында ғана президент күніне орай өткізілген ! «Ел көшбасшысы-ұлт мақтанышы» атты видео байқауында сыныбымыздың мақтанышы Рамазанов Даулет Елбасымыз ерен еңбегінің жемісін,атқарған қызметтерінен үзінді ұсынған болатын. Тамашалаңыздар!

Аділ

Сонымен қатар Қазақстанымыздың Экспо -2017 көрмесін жеңіп алған жеңісімен құттықтаймыз.

18- оқушы Даулет EXPO-2017 анықтама береді.

Жасырын дауыс беру нәтижесінде Қазақстан 152-елдің ішінен 103 дауысқа ие болып Бельгиядан басып озды.Экспо-2017 көрмесі Қазақстанымыздың еншісіне тиді.

EXPO-2017 is a International Exposition scheduled to take place in 2017 in Astana- Kazakhstan

Аружан

Тәуелсіздік жалау болып желбіре,

Болашақты бағытыңа сендіре.

Аділ

Тәуелсіздік-биігі бұл санамның,

Тәуелсіздік –бақыт емей енді не?

Аружан

Алдарыңызда түрлі байқаулардың жеңімпазы жас бишілер «Қара жорға» биімен қарсы алыңыздар!

Аділ

Қазақ десе әуелі еске домбыра түссе, қазақты домбырасыз елестету мүмкін емес. Қара домбыраға кезек берейік , күй «Секіртпе» орындайтындар «Самғар» квартеті

Аружан

Әнді сүйсең менше сүй деп Абай ғұлама тегін айтпаса керек. Күміс көмей жас әнші, Абдрахманова Алияның орындауында «Қазақ елі »әні

Аділ

Қазақстанымыздың өсіп –өркендеуіне өз үлесімізді қосудамыз. Білімде, өнерде, спортта да алда боламыз. Қарсы алыңыздар! Көркем гимнастика жанры, жас гимнастик республикалық байқаулардың жеңімпазы, алтын ,күміс, жүлде иегері Умиртай Дильназ

Аружан

Республикалық балдық би байқауының жеңімпаздарын ортаға шақырамыз. Балдық би ЧА-ЧА-ЧА Орындайтындар Мажитов Мейірхан,Шкатова Амира

Аділ

Алияның орындауында Ағылшын әні «Ту зе скай»

Аділ . Қазақстан – бүгін міне, достықтың туын тіккен жер: мәуелі бақтай жемісін шашты. Көп ұлттар, бір кісідей маңдай терін төккен жер! - дей келе тәуелсіздігіміздің өркендеп қанат жаюына біздің де қосар үлесіміз шексіз болмақ.

Аружан Nowadays Kazakhstan is friendly another nation is be friendly and happily. They should be to keep our motherland and we will be to keep it.

Аділ . Алдарыңызда ағылшын биі хип –хоп «джентлменз»тобы

Аружан. At the scene the dance of hip-hop our group «Gentlemen»

Жүргізуші- Аружан

Тәуелсіздік – елімнің шамшырағы.

Тәуелсіздік – халқымның бәйге пырағы,

Тұрақты болсын, қуатты болсын әрқашан.

Шырағы мен пырағының тұрағы.

Шамшырағы енді қайтіп сөнбесін,

Жүйрік пырақ енді қайтып өлмесін.

Адымы еркін ашылсын, елім алшаңдап,

Енді ешкімнің байлауына көнбесін.

Тарихта ұмытылар талай шындық,

Өтінде кер заманның талай тұрдық.

Кім бізді қорламады сол күндерде,

Тілім мен дінімді де жарамсыз ғып.

Қазаққа қазақ атын қайта әперген

Атыңнан айналайын Тәуелсіздік!

Желбіресін байрағың желді күнде,

Таныта бер Қазақстан бар әлемге,

Керегеңнің кеңдігін де, теңдігін де!

Хор : «Атамекен» Е.Хасанғалиев

Аділ : Елбасы Н.Ә.Назарбаев өзінің елімізге арнаған сөзінде «…Уақыт қарқыны зымыран. Күні кеше өткен сияқты уақиғалар бүгінде тарих беттеріне айналып та үлгірді. Бұл жаңа мемлекет пен жаңа қоғамның дүниеге келуінің азапты толғаққа толы, сонымен бірге ғаламат сәті еді. Сол сәт әлі аяқталған жоқ, бірақ ең қиын белестерден аса білдік. Ең қиын жылдар дәл қазір артымызда қалды, сондықтан да мен еліміздің еңсесі биіктей беретініне сенемін.» деген еді.

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТУЫ ШЫҒАРЫЛСЫН



Мұғалім сөзі:- Міне, балалар, бүгін өздеріңді Тәуелсіз еліміздің болашағы екендеріңді, яғни, нағыз азамат екендіктеріңді көрсете білдіңдер. Белгілі ақын атамыз Жұман Молдағалиев:

Өткеніңді еске алсаң,

Өскеніңнің белгісі.

Өткеніңді ұмытсаң,

Өшкеніңнің белгісі, - деген екен. Сондықтан, халқымыздың бүгінгі уақытқа дейінгі жеткен жетістіктері өздеріңе аманат. Сондай-ақ, еліміздің егемендігін танытатын ресми ерекшелік белгілері: Ана тіліміз, Елтаңбамыз, Туымыз, Ата заңымыз, Әнұранымызды бойындағы бойтұмарындай сақтап қана қоймай, қашанда еліміздің, жеріміздің еркіндігін сақтар мықты ұрпақ, мықты азамат болатындарыңа сенімім мол. Жолдарың ашық, жарқын болсын, Тәуелсіз елдің қырандары!

Автор
Дата добавления 01.02.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров234
Номер материала ДВ-402744
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх