Инфоурок Начальные классы Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Құстар біздік досымыз"

Тәрбие сағаты "Құстар біздік досымыз"

Скачать материал

Тақырыбы: «Құстар – біздің досымыз!»
Мақсаты:
А) Құстар, соның ішінде жыл құстары туралы түсінік беру, құстардың тіршілігі туралы баяндау.
Ә) Құстар туралы жұмбақтар шешу арқылы қызығушылығын арттыру, құстар бағына саяхаттауды техникалық құрылғылардың көмегімен тамашалай отырып құстарды қорғауға деген сезімін арттыруға жетелеу.
Б) Оқушыларға экологиялық тәрбие беру, яғни құстарды қорғауға, оларға тиіспеуге, ұя жасап қарсы алуға тәрбиелеу.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, нақыл сөздер.
Әдісі: әдеби - монтаж, түсіндіру, ойын.
Барысы:
1. «Құстар - біздің досымыз!». Құстар туралы мәліметтер.

2. Артық ұғымды табу.

3. Мақал-мәтелдер сайысы

4. Сөз құрастыр ойыны.

5. Жұмбақтар сайсы.
6. «Артық болмас білгенің» (Халық болжамдары)

7. Викториналық сұрақтар

8.  «Оқушы шығармашылығы»

         Құрметті ұстаздар, оқушылар. Қадірменді достар! Хош келдіңіздер!
Сіздерді көңілдеріңізге жылы шуақ
ұялатар көктем мерекесімен құттықтаймыз!
Құстар, құстар келеді
Жерді шуға бөледі
Көктем келді деп бізге
Жақсы хабар береді.

Ән құрадым әніммен
Сән құрадым гүліммен
Қуантамын бәріңді
Құт - береке күнімен
         Сіздерді көктем мерекесіне орай ұйымдастырылған «Құстар – біздің досымыз» атты тәрбиелік шараны тамашалауға шақырамыз.
Сәлем достар аман ба?
Мынау бейбіт заманда
Шат -шадыман көктемің
Шаттық болсын қашанда

Бейне көктем жырлары
Сағынышпен жеткен
Құстардың әуенімен
Қуанта бер көктем
         Елімізде 500 - ге жуық құстың түрі бар. Олар табиғатты зиянкестерден қорғайды. Сондықтан олар табиғат емшілері.Олар тіршілік иелері. Олар ұрпақ өрбітеді. Балапандарын қанаттандырып, жауларынан қорғайды.
         Құстар табиғатқа сән береді. Олардың әуені табиғатты құлпыртып,
адамдардың көңіл - күйін көтереді. Құстардың түрлері өте көп. Оның ішінде жыл құстары туралы әңгімелесек.
         Жыл құстары дегеніміз - Салқын түсе жылы жаққа ұшып кетіп, көктемде қайта ұшып келетін құстар. Ол құстарға көкек, қарлығаш, аққу, қараторғай, бұлбұл, тоқылдақ, үйрек, қаз, тырна.
         Құстар туған жерге топ - тобымен ұшып келіп жатыр. Олар жолда талай қиындықтарды бастан кешіреді. Биік асулардан асады. Өздерінің таныс жолдарынан адаспаған.
         Жыл құстарының кейбірінің тіршілік қамы туралы әңгімелейік. Мысалы: қарлығаш - адамға дос. Ол өзінің ұясын үйдің, ауланың айналасына салады. Оның өз әні бар. әні құлаққа жағымды.
         Қарлығаш адамға саулық, жақсылық тілеп жүретін және қауіп қатерден қорғап жүреді. Үй салуды да адамдар қарлығаштан үйренген.
         Қараторғай - өзі кішкентай, өте пайдалы құс. Орман қорғаушысы. Ауылға қараторғай келісімен күннің көзі ашылып, күн жылынады. Қараторғайды әнге қосып, шырқаған.

         Аққу - 30 - 40 жыл өмір сүреді. Ол көрсе көз тоймайтын сұлу құс. Халық аңызына сүйенсек жылан да аққу жұмыртқасына тиіспеген, адамдар да аққуды атпаған. Ол киелі құс. Қазақ сұлу қыздарын аққуға теңеген.
         Халық көктем келсе көкек келді дейді. Осы бір құстың аты неге ең тамаша ай атына теңеу келеді екен. Не деген ғажап, көкек деген. Өйткені көкек көктем келе салысымен көкек, көкек деп ән салады. Сондықтан сәуір айы көкек айы деп аталған.         Тоқылдақты халық орман емшісі деп атайды. Ол ағашты зиянды құрт - құмырсқадан тазартады.
         Қазақ халқы құстарды ерекше бағалаған. Шебер әншісін - бұлбұлға теңеген. Азаматын - сұңқарға, сұлуын - аққуға, ез жігітін - жапалаққа теңеген.

2. Артық ұғымды табу сайысы.

Бұл сайыстын шарты: сөздердің ішінен қайсы сөз артық екенін табу керек.

1-топ

2-топ

1.Жылқы, сиыр, түлкі, ешкі, қой

2.Қарағай, қайың, көктерек, аққу, шырша

3.Бағдаршам, бұлбұл, тырна, торғай, қарлығаш

4.Астана, Алматы, Көкшетау, Қостанай, Каспий

5.Тауық, әтеш, бүркіт, қаз, үйрек

6.өзен, көл, теніз, мұхит, көпір

1.Ғазиз, Олжас, Сабина, Асыл, тырна

2.Ана, апа, аға, қарындас, мұхит

3.Кітап, бөлме, қалам, дәптер, қарындаш

4.Машина, өзен, көл, теңіз, мұхит

5.Арман, Айдос, Айжан, Үміт, қалам.

6.Қызғалдақ, раушан, сарғалдақ, алма, лалагүл

 

3. Жүргізуші: Құстардың адам өміріндегі маңызы туралы қазақ халқының тамаша мақал – мәтелдері қаншама десеңізші! Мақал – мәтелдер халықтық  педагогиканың үлкен бір арнасы. Олар сан ғасырлар бойы қорытылып, кесек гауһардай жентектелген сөз асылы. Сол мақал – мәтелдерге зер салайық:

1.     Ақ сұңқар құстың баласы – алдына қоймай жем – жемес.

2.     Аққу – қазсыз көл жетім,

 Қиюсыз қалса, бөз жетім...

3.     Өлеңге енсе, сөз сұлу,

 Аққу жүзсе, көл сұлу.

4.     Қарға баптанып, сұңқар болмас,

 Есек мақтанып тұлпар болмас.

5.     Бұлбұлға бау жақсы,

 Кекілікке тау жақсы,

 Ер жігітке бәрінен

 Туып - өскен ел жақсы.

 

4. Сөз құрастыр сайысы

 

1-топ

2-топ

1.Қарлығаш – р, қ, а, а, ш, ғ, л, ы

2.Машина – а и а ш м н

3.Көше – е к ө ш

4.құстар – р т а с ұ қ

5.Жол – л ж о

6.Автобус – с б о а в т у

1.тоқылдақ -  қ ы а л д о т қ

2.Жолаушы – ы у а о ж л ш

3.Бала – л а б а

4.Қала – а қ л а

5.Астана – а т н а с а

6.Жасыл – л с а ы ж

 

5. Жұмбақтар сайысы


1.Туысы дейді құстардың
Інісі дейді тышқанның
Тышқан да емес, құс та емес
Екеуінен де тыс қалдым
(Жапалақ)

2.Қызығып әр адам
Ұстап ап даладан
Жүнімен жұлып ап
Бесікке қадаған
Бұл қай құс?
(үкі)

3.Қашаудай мықты тұмсығым
Бәсеке тігем бұл шыным
Құрт, қоңыз, аулап жарысам
Орман дәрігері боп табылам
(Тоқылдақ)

4.Түсі қара мақпалдай
Төсі ақ сыр жаққандай
Ұшса оқтай зулайды
Көктен жұлдыз аққандай
(Қарылғаш)

5.Биікке салған ағаш үй
Сол ғой оның мекені
Жаздай сайран салып ап
Қыста алысқа кетеді
(Қараторғай)

6.Он екі айдың біреуі
Сірә оның атында
Өзге ұяға із тастап
Мен деп жар сап жүреді
(Көкек)

7.Салатын ұяны.

Өткiр көзi шегiр,

Бүргенiн құртар тұяғы.

(Бүркiт)

 

8.Кеудесi қайқандап,

Жұредi байпандап.

(Қаз)

 

9.Имек тұмсық алғыр құс.

(Қаршыға)

 

10.Көк жүзiнде жылжып жай,

Керуен құрған тiзiлiп,

Iлгек-iлгек шынжырдай,

Қалмайды олар үзiлiп?

(Тырна)


6. «Халық болжамдары»
         Халқымыз құстардың келуіне, кетуіне қарап болжамдар жасаған. Енді солардың біразына тоқтала кетейік.
Қарлығаш жоғары ұшса, күн жылы болады, ал төмен ұшса жаңбыр жауады.
Көктемде қаздар қайтқанда жоғары ұшса, су тасқыны болады.
Жаңбыр жауарда қарғалар у - да шу болады.
Құс жүнін үрпитсе, жаңбыр жауады.
Шымшық ұя салса, қыс қатты болады.
Шағала келсе сең бұзылады.
Жыл құсы қаптап келсе, көктем ерте келеді.
7. Құрметті жас достар, құстар жөнінде викториналық сұрақтарға жауап берейік.

1.     Құстың негізгі баспанасы не? (Ұя)

2.     Қандай құс хат тасушы атанған? (Көгершін)

3.     Қай құста мүлде ұя болмайды? (Көкек)

4.     Адам қай құсты аң аулауға пайдаланады? (Бүркіт)

5.     Торғайдың жүрегі минутына неше рет соғады? (960 рет)

8.«Оқушы шығармашылығы»
(Оқушылардың өздері дайындаған өздері салған суреттері)
Қорытынды
. Тамылжыған тамаша табиғаттың көрікті көктемінде құстар әні толастамайды. Құстар тойы тойға ұлассын! Бейбіт аспанда қалықтаңдар, шаттана шарықтаңдар, қанатты достар!

                       Тіккен туы қазақтың

                         Күнге сәлем жолдасын.

                         Қыран құсы қалықтап,

                         Көк аспанды шарласын.

                         Көк байрағым желбіреп,

                        Атақ – даңқың талмасын, - деп кешімізді аяқтамаймыз.         

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Құстар біздік досымыз""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Политолог

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 656 273 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.04.2016 817
    • DOCX 54 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Хамина Гульнара Каденовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Хамина Гульнара Каденовна
    Хамина Гульнара Каденовна
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 8156
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Каллиграфия. Искусство красивого почерка

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 1485 человек из 84 регионов
  • Этот курс уже прошли 4 763 человека

Курс повышения квалификации

Развитие творческих способностей для дошкольников и младших школьников

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 60 человек из 26 регионов
  • Этот курс уже прошли 682 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 276 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 885 человек

Мини-курс

Формирование здоровых детско-родительских отношений: влияние и преодоление сепарации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 157 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 84 человека

Мини-курс

Развитие и воспитание: ключевые навыки для родителей маленьких детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с детьми: эмоциональные и зависимые расстройства

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 51 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 21 человек