Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты: "Ұстаз - ұлы есім"
Обращаем Ваше внимание: Министерство образования и науки рекомендует в 2017/2018 учебном году включать в программы воспитания и социализации образовательные события, приуроченные к году экологии (2017 год объявлен годом экологии и особо охраняемых природных территорий в Российской Федерации).

Учителям 1-11 классов и воспитателям дошкольных ОУ вместе с ребятами рекомендуем принять участие в международном конкурсе «Законы экологии», приуроченном к году экологии. Участники конкурса проверят свои знания правил поведения на природе, узнают интересные факты о животных и растениях, занесённых в Красную книгу России. Все ученики будут награждены красочными наградными материалами, а учителя получат бесплатные свидетельства о подготовке участников и призёров международного конкурса.

ПРИЁМ ЗАЯВОК ТОЛЬКО ДО 21 ОКТЯБРЯ!

Конкурс "Законы экологии"

Тәрбие сағаты: "Ұстаз - ұлы есім"

Такого ещё не было!
Скидка 70% на курсы повышения квалификации

Количество мест со скидкой ограничено!
Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок"

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности № 5201 выдана ООО "Инфоурок" 20 мая 2016 г. бессрочно).


Список курсов, на которые распространяется скидка 70%:

Курсы повышения квалификации (144 часа, 1800 рублей):

Курсы повышения квалификации (108 часов, 1500 рублей):

Курсы повышения квалификации (72 часа, 1200 рублей):
библиотека
материалов



Ұстаз – ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор. Сондықтан да ол әрдайым қасиетті тұлға ретінде ерекшеленеді.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғ.Қайырбеков жырлағандай, сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі – ауыр жүк. Ұстаздардың әсерлі үнмен, асықпай мәнерлеп сөйлеген сөзінен әрбір оқушыға деген қамқорлықтың, аналық, әкелік сезімнің дана ойдың ыстық лебі есіп тұрғандай.

Иә, адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?! Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да, көк күмбезінен әрі өткен ғарышкер де бәрі ұстаздан білім алған, сондықтан да ұлағатты ұстазға бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Өз ісін жақсы көріп, үлкен жауапкершілікпен атқарған Сәрсенбаев Мизамбай Сәрсенбайұлы Маңғыстау ауданы Куйбышов (Жыңғылды) 1937 жылы Долыапа жерінде дүниеге келген. Қиындығы мен қызығы мол осы мамандықты игерген,адам баласына көмектесуді –игілікті істердің бастамасы деп санаған Мизамбай ағай 1 –сыныпты Таушықта 7 шахтыда оқыған. Жеті жылдық мектепті бітіргеннен кейін Жылой ауданындағы Абай атындағы орта мектепті тәмамдап, 1955 жылы Гурьевтегі пед.институтының физика –математика факультеті бойынша оқуға түскен.

«Бала жүрегі- кішкентай күй сандық. Сол сандықтың кілтін тапсаң ғана ашылады.


Мұғалімнің қолында әр кезде сол кілт тұру керек» - деп, М. Шаханов ағамыз айтқандай 1960 жылы оқуды бітіргеннен кейін әр баланың жүрегіне жол табу, бала бойындағы дарынды ашу мұғалімнің ең басты міндеті деп ойлаған Мизамбай ағай физика –математика, сызу пәндері бойынша Маңғыстау ауданы Калинин орталау мектебіне мұғалім болып орналасады. 1961 жылы жанұя жағдайына байланысты 1 май 8 жылдық мектебіне мұғалім болып ауысып, осы мектепте 2000 жылға дейін үздіксіз қызмет атқарған. 1969-2000 жылдар аралығында Қаратөбе орта мектебінде зейнеткерлікке шыққанша оқу ісінің меңгерушісі болып қызмет істеген. Бүгінгі таңда Қаратөбе орта мектебінде Сәрсенбаев Мизамбай атында математика кабинеті жасақталған. Осы тұрғыда еңбегі өлшеусіз өз баласынан өзгенің баласын артық көріп, қамқор бола білген,өз бойындағы жақсы қасиеттерді, алған білімін шәкірітінің бойына дарытып аянбай еңбек еткен Мизамбай ағайдың 40 жыл ішінде шәкірттері еш қиындықсыз жоғары оқу орындарына түсіп, медалдармен бітіріп шықты. Атап айтатын болсам,Өрбісінова Батихан, Биғожаева Айман, Баймағанбетов Пазыл және Сәрсенбаев Дулат,Сәрсенбаев Нұрпейіс.Олар - инженер, Ш.Есенов атындағы университетте мамандықтары бойынша қызмет атқарып жүр. Атқарған қызметінің бағасы ретінде «Қазақ ССР халық ағарту ісінің озық қызметкері» төсбелгісімен(1986) марапатталған. Сондай –ақ «Аға мұғалім» атағының иегері. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы АҚ филиалы Маңғыстау облысы бойынша «Педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру жүйесінің үздік қызметкері» белгісін осы оқу жылының басында Қалиева Светлана апай өз қолымен тапсырды. «Аудандық білім бөлімінің бұйрығымен қызмет істеген жылдарында сапалы білім алуға соның арқасында мектебіміз сенім білдірілген атағын алды», - дейді ардагер ақсақал.

1961 жылы Оспанова Тәжіхан апайман бірге отбасын құрды. Ол кісі қосылардың алдында Орта Еспе төраға қызметін атқарған. Кейін мектеп кітапханасында , тәрбиеші болып зейнеткерлікке шыққан. Олардың екі қызы, үш ұлы бар. Балалары жоғары оқу

орындарын бітірген.


Бұл күнде ұлын ұяға, қызын қияға қондырған үлгілі отбасы.Үш келіні, 8 немересі бар. Үлкен қызы Керелбаева Жанат Атырау университетін қызыл дипломмен бітірген. Бірнеше жылдан бері Қаратөбе орта мектебінің директоры, математика пәнінің мұғалімі.Ұлдары Сәрсенбаев Дулат Тұщықұдық ауылындағы Жаңғабыл атындағы мектепті күміс медалмен бітіріп, Алматы қаласындағы Сәтбаев атындағы университетін үздік дипломмен бітірген.Қазіргі таңда Солтүстік Бозашы компаниясында инженер болып қызмет атқарады. Екінші ұлы Сәрсенбаев Нұрпейіс ол да Тұщықұдық ауылындағы Жаңғабыл атындағы мектепті күміс меделмен бітіріп, Сәтбаев атындағы университетін үздік дипломмен бітірген. Қазір Нұрпейіс Қаламқас кен орнының бастығы болып қызмет атқарады.Үшінші ұлы Сәрсенбаев Найман Ақтау қаласындағы Ш.Есенов атындағы университетті бітірген. Қаламқас кен орнында инженер болып жұмыс жасайды. Кенже қызы –Сәрсенбаева Гүлшат Гурьев пединституттың бастауыш мамандығын үздік бітірген. Ақтау қаласында мамандығы бойынша қызметте.

Көп жылдар бойы Мизамбай Сәрсенбайұлы Шебір аулындағы ардагерлер кеңесінің төрағасы қызметін атқарған ауылдың сыйлы ақсақалдарының бірі. Ардагерлеріміздің орынды жерлерде ауыл жағдайларына араласуларына байлынысты мектеп кеңейтілді, бала-бақша, мәдениет үйі, жастарға спорт кешені салынды. Мектеп қасынан арнайы спорт алаңы салынды. Ауылға келген көгілдір отынға Ақбұлақ бағдарламасының толықтай іске асуына ауыл ардагерлеріміздің олардың ішінде Мизамбай ағайдың еңбегі зор.

Қазақтың дана жазушысы М.Әуезов: «Халық пен халықты, адам мен адамды теңестіретін –білім»,–деп атап айтқандай, Тәуелсіздіктің туын тіккен елімізді өркениетке бастар жолдың бастауы– мектеп. Олай болса, қазіргі таңда білім беретін


ұстаздардың алдында тұрған міндет– оқушылардың ой –өрісін жан –жақты дамыту, білімге деген қызығушылығын арттыру, заман талабына сай білім беру және тәрбиелеу.Бүгінгі күннің ең өзекті мәселесі– білім сапасы болмақ.

Ағай тумысынан білімге құштар, көрген, естіген және аңғарған нәрселерінің бәрін жадында сақтайтын, оларды еш ұмытпайтын алғыр да зерек ақыл иесі, өте шешен,аса қанағатшыл,жаны таза және ар-намысын ардақтайтын, жақынына да,жатына да әділ, жұртқа жақсылық жасап,үлгі көрсететін,қорқу мен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек қалпында.

Сөзімді қорыта келе Мизамбай ағайға деніне саулық, отбасына амандық тілей отырып, келешек ұрпақтар үшін халық ағарту ісіне еңбегі сіңген ардагер ұстаздарымыз көбейе берсін дегім келеді.
















Сәрсенбаев Мизанбай атындағы математика кабинеті

hello_html_2c450c5f.jpg



hello_html_m295e41e2.jpg













Ардагер ұстаз ұжымдастарымен бірге



hello_html_m1fb788b5.jpghello_html_2588ae8f.jpg


hello_html_me57b2d1.jpg




























































Ұлағатты ұстаз өмірінен

hello_html_20f042e4.jpg

Сәрсенбаев Мизамбай

hello_html_39b2183d.jpghello_html_36abe4da.jpg








М а р а п а т т а р

hello_html_483355d5.jpghello_html_724eef88.jpg

hello_html_51531543.jpghello_html_m2923f01e.jpghello_html_m1bd582df.jpg


Самые низкие цены на курсы переподготовки

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 50% скидки при обучении на курсах профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок", но в дипломе форма обучения не указывается.

Начало обучения ближайшей группы: 25 октября. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (10% в начале обучения и 90% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru

Общая информация

Номер материала: ДБ-025686

Похожие материалы