Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәрбие сағаты "Ұстаз Ұлы тұлға"

Тәрбие сағаты "Ұстаз Ұлы тұлға"

Скачать материал

                            Ұстаз – ұлы  тұлға.

 

    Сабақтың   мақсаты

:а)Оқушыларға ұстаз—екінші ана екендігін түсіндіру .Мерекелерімен құттықтау.

            ә)Танымдық қабілетін арттыру.Мұғаліммен оқушы арасындағы байланысты  нығайту.

             б)Айналасына білім,тәрбие ұрығын шашып,адамгершілік нұрын төгетін              

     ұлы тұлға ұстазға құрмет көрсету,лебіз білдіру,адамгершілік қасиеттерге тәр-

     биелеу.

     Сабақтың түрі:Әдеби-музыкалық бағдарлама.

     Әдіс-тәсілі:Өлеңдер оқу,ән шырқау.

     Көрнекілігі:Ұстаздар туралы жазылған нақыл сөздер,өлеңдер,гүл шоғырлары,  

    шарлар.

     Сабақ барысы:1.Ұйымдастыру кезеңі.

   Мұғалімнің құттықтау сөзі:Сәлеметсіздер ме,құрметті  ұлағатты  ұстаздар!

Сіздерді  дәстүрлі ұстаздар  мерекесімен шын  жүректен құттықтаймыз.Баршаңы-дың  отбасыңызға амандық ,бақ-береке ,еңбектеріңізге шығармашылық  табыстар

тілейміз.

    Ұстаз!Осы  бір  сөздің  өзінде  қаншама  мән-мағына ,қасиетті  ұғым жатыр.Ұстаз  алдынан өтпейтін  ешкім  жоқ. «Жақсы  мұғалім—мектептің  жүрегі»-- деген  Ы.Алтынсарин  атамыз.Жүрексіз  өмір  болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті  арман қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар

.Ол-ұстаз!Ұстазсыз өмірдіңнақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек.Сонымен «Ұстаз--ұлы тұлға»! атты тәрбие сағатымызды ашық деп кезекті оқушыларға беремін.   

 

1- жүргізуші.

Бүгін бізде үлкен мереке. Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі. Олай болса бүгінгі күн ұстаздарға арналмақ. Ұстаз - ұлағатты есім. Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ақырын жүріп анық бас.

Еңбегің кетпес далаға

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға, – деп Абай атамыз айтқандай, шәкірттерінің өзінен озғанын калаған ұстаздар қауымы, мерекелеріңіз құтты болсын!

 

II жүргізуші: Денсаулықтарыңыз мықты болсын, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

БІРГЕ: Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

1-жүргіуші: Сен қалай ойлайсың, ?                            Менің ойымша, кез-келген мұғалім ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық-өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын ізгілікті ізденіс пен ерен еңбекке ұштастырылуы шарт. «Шәкіртсіз ұстаз тұл» деген сөз тегін айтылмаса керек.

 

2-Жүргізуші:                                    мен осы сөзің дәлелді бола түсу үшін мына жыр шумақтарын қосайын.

Ұстаз болу – жүректің батырлығы,

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы –

деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздардың бар болғанын мақтаныш етемін. Әрине, ұстаз жүгі–ауыр жүк. Адамның жан дүниесін түсініп, ренжітпей, қателігін сездіре білу – бұл нағыз шеберлік емес пе?!

 

 

 

1-Жүргізуші:

Ендеше, Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі

Ән-шашу әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

Ұстаз туралы ән сіздерге арналады, аяулы ұстаздар, қабыл алыңыздар!

 2-жүрг. Күллі өмірін жеткіншекке арнаған

Мұғалімді ардақтайды барша жан

Ол мектептен шықпаса да қыс - жазы,

Жемісі оның жердің жүзін шарлаған 

1-Жүргізуші: , екеуміз Ұстаз туралы қанша мақтау сөз айтсақ та тауыса алмаспыз. Ендеше, қымбатты ұстаздар, шәкірттеріңіздің өздеріңізге арналған өлең-шумақтарына кезек берелік.

 

3-оқушы: Сымбат

 Мұғалімді анамдай жақсы көрем,

Қиналамын қымбат теңеу таба алмай

Өз баласын тастап кетіп үйіне,

Ел баласын оқытады, ой Алла-ай.

Мұғалімді жақсы көрем сезімтал,

Үлгі етемін өнегелі сөзін бал

Мұғалімнің мұғалімін танимын,

Көкіректе көретұғын көзім бар.

4-оқушы:Анеля

 Ұстаздарға мың алғыс

Алғыстарым көп менің,

Асыл анам, мектебім!

Үйреткені адалдық,

Ұсынғаны адамдық,

Текті мінез, даналық

Бар ұстазға тілейміз:

Бақыт, табыс, амандық!

5-оқушы:  Бағдат

Мұғалім-ұстазысың балалардың,

Болашақ ғалымдардың, даналардың

Өмірде сенің алар орыныңды

Бәрі де жеткізе алмас бағалардың

6-оқушы  Айнур

Өткізіп өз алдыңнан талай бала,

Бойына құйдың ақыл , ой мен сана

Сарп етіп сан жылдық еңбегіңді,

Ақылшы, тәрбиеші, болдың аға

8-оқушы Даурен

Табан тіреп төзгенсің қанша ауырға

Тарап демде кетеді шаршауың да

Бал-бұл жанған балғын жүз, жәудір көздер

Тұрғанында солардың қоршауында

 

9-оқушы   Арслан

Қиындықта кезіксең көп асу да

Қанша терің төгіліп жол ашуға

Сен шәкірттің ұстазы болмайсың тек,

Сен өмірдің ұстазы боласың да!

1 жүргізуші: «Ұстаз» ұлағатты есім. Шәкірттерін білім нәрімен сусындатып, тәлім-тәрбие беру, жақсы қасиеттерді бойына дарытып, адамгершілік рухта бағыт-бағдар беруде ұстаздың еңбегі зор.

 

2-жүргізуші: Ұстаз - шәкірт алдында сыйлы адам. Ұстаз жайлы айтылар сыр да, жыр да көп. Ұстаз сенімін ақтау - адамгершіліктің белгісі. Мұғалімнің жүрегі соғып тұруы үшін: жауаптылық, қажырлылық, , білімділік, жүректілік, сүйіспеншілік, сабырлылық керек екен.

1-жүргізуші:

Асыға сәлем жолдап жүректен біз

Бірге өсіп ен жайлаған ұл менен қыз,

Тәтті күй, асқақ ән мен әсем биді,

Сіздерге тарту етіп ұсынамыз, -дей келе алдарыңызда сыныбымыздың мың бұралған бишілерін ортаға шақырамыз.

Жүргізуші: Қазақта жақсы сөз бар, «Әзілің жарасса атаңмен ойна» деген, ендеше сахна төрінен ұстаздар өмірінен аздап әзілге орын берсек.

ТҮСІНДІРМЕ СӨЗДІК

Каникул – жылдың ең қысқа күндері.

Күнделік – үлкендерге көп көрсете бермейтін құпиям.

Математика – мен түгіл әкемнің де тісі бата бермейтін “жаңғақ”.

Дос – бақылау жұмысында дәптеріне жазғандарын бақылатып отыратын я қыз, я ұл.

Сабақ – үзілісті зарықтыра күттіретін 45 минут.

Спорт секциясы – әжеме айтатын басты сылтауым.

“Апайға айтам” – қыздардың негізгі қаруы.

 

1- Жүргізуші:                          Мұғалімдер бізден емтихан алғанды жақсы көреді, осы сәтті пайдаланып, біз де ұстаздарымыздан сынақ алып көрсек қайтеді?

2-жүргізуш  сен сонда ұстаздарымызбен орнымызды ауыстырып көрсек қайтеді дегің кеп тұр ма?

1- Жүргізуші: Иә, иә, тура солай, бүгін ұстаздар оқушы болсын, біз мұғалім болып емтихан алып көрейік.

 

2-Жүргізуші: -ендеше тыныштық сақтаңыздар! Мұғалімдерге арналған емтиханымызды бастаймыз. /Мұғалімдерге сыйлық салынған қорапшалар үлестіріледі. Әр қорапшаның ішінде сұрақтар бар. Мұғалімдер қорапшаны ашып, сұрақтарға жауап беруі керек/.

Сұрақтар:

1-Жүргізуші: Енді, ұстаздар, кезек-кезек билет алыңыздар. Сол билеттегі сұрақтарға дұрыс жауап берулеріңізді сұраймыз.

№1 билет. Сыныпта сіз үшін ең сүйікті оқушы болу керек пе?

№2 билет. Сабағыңызда оқушыңыз ұйықтап қалған кезі болды ма?

№3 билет. Сабаққа оқушыларыңыз жиі кешігіп келе ме?

№4 билет. Ата-аналарға балалардың тәртібі туралы хат жазасыз ба?

№5 билет. Сабаққа кешігіп келген кезіңіз болды ма?

Көп рахмет сіздерге, ұстаздар! Барлығыңыз да емтиханнан сүрінбей өттіңіздер.

2-ж

     Білдіріп  шәкірттердің  ақ  ниетін

    Ұстаздық  алып  жүрген  атын  еркін

    Біз  сізге  алуан  гүл ғып  ұсынамыз

    Жүректің  алғысы  мен  рахметін.

              (Өздерінің  гүлдерін ұстаздарға  беріп, құттықтайды) 

 

Мұғалім:Ендеше  ұстаз  сөзінің  формуласы  қандай?(сол  сәтте  бес  оқушы  шығып ұстаз  сөзінің   формуласын  көрсетіп  айтады)

Ұ – ұлағатты

  С – салмақты

 Т – тапқыр

 А – ардақты

 З – замандастай  зиялы

     

  

Сөз сөйлесе,жарқын-ақ

Күніміздей жарқылдап

Қызық өтіп сабағы

Өсіреді ой- сананы ,

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі

Қасымызда қашанда

Қамқор болып жүреді.

Риза

Кемшілікті кезінде

Кесіп айтар өзіңе

Өнеге мол өзіңе

Өсиет көп өзінде

Көзімнің хошын-ай

Көп шәкірттің досындай

Ақ ниетті, кеңпейіл

Ұстаздарым осындай.

Ернар

Мынау менің сезгенім

Ол—сыныптың анасы

Өзінің де,өзгенің

Баласы—оның баласы

Жансая

Күнде бестік алсаң сен

Онда басқа жоқ арман

Ал, оқымай барсаң сен

Бір тал шашы ағарған.

Мұғалім:Сүйікті ,парасатты мұғалімім

Өзіңдей жанымды ұғады кім?

Бас иіп,шәкіртіндей құрмет тұтып

Алдыңнан алғыс өлең шығар бүгін.

Қолыңнан әр шәкіртің ұшқан түлек

Сыйлайды еңбегіңе алғыс, құрмет

Мақтан!Мақтан!Мұғалім армиясы!--

деп,Мұзафар Әлімбаев атамыз өлең шумақтары арқылы өзінің ұстазына деген сезімін осылай білдірген екен.

       Мұғалім:Келесі кезектіұстаз ұлылығы жайлы айтылған ұлағатты сөздерге береміз.

 

Ұстаздық—ұлы  құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.

                           Мұғалім—оқушы  үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.

Мұғалім—өзінің  білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.

Мұғалім—өзінің  бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.

Көрдім де соларды-қызықтым  ісіне

Сан сұрақ оралды-ұстаздың ісіне

Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол—Ана!

Өмірдесеніде,мені де ешкімге қаққызбай,

Ұстаз кім?Мұғалім ол—дана!

Жасқа да,қартқа да қамқоршы сол ғана

Ұстаз ба?Ұстаз ол—ер диқан.

             

 

Бәрі (Хор)

Ұстаздарға мың алғыс! Мерекелеріңіз құтты болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                       Чапаев жалпы орта білім беретін мектебі

 

 

 

 

 

 

 Тәрбие сағаты:   Ұстаз- ұлы тұлға

 

 

 

 

 

                        Мұғалім: Умбетьярова Б. Н.

 

 

                     

                                  2015-2016 оқу жылы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты "Ұстаз Ұлы тұлға""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Старший рекрутер

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 106 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 10.12.2015 2942
    • DOCX 24.3 кбайт
    • 20 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Умбетьярова Бахтыгул Нуржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17316
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 773 человека из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 825 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы взаимодействия образовательной организации с семьями обучающихся

72/108 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 87 человек

Курс повышения квалификации

Разговоры о важном: организация и обеспечение внеурочной деятельности

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 794 человека из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 967 человек

Мини-курс

Управление проектами: от планирования до реализации

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 38 человек из 22 регионов

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 105 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Стратегическое планирование и маркетинговые коммуникации

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 32 человека из 19 регионов