Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты : «Ұстаз – ұлы тұлға»

Тәрбие сағаты : «Ұстаз – ұлы тұлға»



  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тәрбие сағаты : «Ұстаз – ұлы тұлға»

Мақсаты: Оқушылардың мұғалімге деген құрметін оятып, қызығушылығын ,білімге деген талабын арттырып, дарынды болуға тәрбиелеу.

Сабақтың барысы :

Жүргізуші:

Армысыздар құрметті де аяулы ұстаздар !

Бүгін бізде үлкен мереке.Бүгін ұстаздар қауымының төл мерекесі.Олай болса ,бүгінгі күн ұстаздарымызға арналмақ. Ұстаз-ұлы есім.Күн сәулесі өмірге қандай жарық берсе, ұстаз есімі де шәкірттерге күндей жарық береді.

Ұстаз болу - жүректің батырлығы,

Ұстаз болу - сезімнің ақындығы.

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы,

Азбайтұғын адамның алтындығы - деп ақын Ғафу Қайырбеков ағамыз жырлағандай, біздің мектебімізде сөзі маржан, үні ән ұстаздарымыздың бар болғанын мақтан ете отырып, 2 а сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағатына

Қош келдіңіздер !

Жәнібек :

Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған диқан да, мал бағып терін төккен шопан да,көк күмбезінен ары өткен ғарышкер де бәрі-бәрі ұстаздан білім, тәлім алған.Сондықтан бүкіл адам баласы құрметпен бас иеді.

Бәрі : Ұстаздарға мың алғыс!

Мархаба:

Кел , балалар, оқылық,

Оқығанды көңілге,

Ықыласпен тоқылық.

Оқысаңыз балалар,

Шамнан шырақ жағылар.

Анелья:

Ғылым таппай мақтанба,

Орын таппай баптанба.

Құмарланып шаттанба,

Ойнап босқа күлуге.

Жүргізуші:

Ұрпақпен өмір жолы жалғанады,

Көңілді күндер тусын алдан әлі.

Ән-шашу, әсем әуен, түрлі өнер,

Бүгінгі күн сіздерге арналады.

C:\Users\Sania\Desktop\20141015_153024.jpg

«Ұстазым» әні сіздерге арналады,аяулы ұстаздар.Орындайтын хор.

Данышпан да, дана да оқып сенен,

Атақ-даңқын асырды бар әлемнен.

«Ұстаз» деген аяулы, асыл жанды,

Жақсы көрем,арнаймын жақсы өлең.

Аяжан :

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,

Ұстаз деген - анасы ол адамның.

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,

Сен де одан адам болып жаралдың.

Қарақат:

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен,

Бар әлемге еңбегімен еленген.

Сенің бағың өрге қарай өрлесе,

Ол да бірге қуанышқа кенелген.

Қайсар :

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,

Ізгі іс қой ұстаз тілін алғаның.

Мақтау алса ұстаздардың алдында,

Ол өзіңнің орындалған арманың.

C:\Users\Sania\Desktop\20141015_152642.jpg



Даниял:

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,

Одан басқа кім бар жүрген жанды ұғып.

Ұстаз деген- ұлылардың ұлысы.

Қасиеті бас иелік мәңгілік !

Анелья :

Үйретіп бізге алғаш әліппені,

Мұғалім ғылымға жол салып берді.

Адамның ой-арманы, мақсаттары,

Оқудың сәулесімен жарық көрді.

Би.Сылдырмақ. Орындайтын қыздар тобы.

Сандуғаш:

Ел сенімін мақтайды,

Деп ұстазым мақтайды.

Ұстазымның әр сөзін ,

Көкейімде сақтаймын.

Ақпейіл :

Ақыл, білім көп бердің,

Анамдайсың мектебім.

Сенде өсіп көктедім,

Сенсің өмір көктемім.

Ілияс:

Көзге ыстық партасы,

Оқу қызық болғаны

Мұғалімнің арқасы,

Жақсы шәкірт болғаным.

Ән. «Мектебім айтар әнім».Орындайтын : Қонақбаева Г,Исламғазы Ж.

Би. Испанша. Орындайтын қыздар тобы.

Мурадил:

Сөз сөйлесе жарқын-ақ,

Күніміздей жарқылдап,

Қызық өтіп сабағы,

Өсіреді ой сананы.

Аруна :

Біздермен ойнап күледі,

Сырымызды біледі.

Қасымызда қашанда,

Қамқор болып жүреді.

Тоқтар :

Кемшілікті кезінде,

Кесіп айтар өзіңе.

Өнеге мол сөзінде,

Өсиет көп сөзінде.

Аяжан :

Көңілінің хошын-ай,

Көп шәкірттің досындай.

Ақ ниетті, кең пейіл,

Нағыз ұстаз осындай.

Азим:

Үйретіп өмір ұстазын,

Үлгілі іске нұсқадың.

Ақ көңіл, іскер қашан да,

Ақылшым менің – ұстазым !

Гүлсезім :

Ақырын жүріп анық бас,

Еңбегің кетпес далаға.

Ұстаздық еткен жалықпас,

Үйретуден балаға.

Бақтияр :

Анашымдай сыр шерткен,

Ақыл білім үйреткен

Ана тілін оқимын.

Ерекше зор құрметпен.

Абылай:

Математика сабағын,

Жақсылап ұғып аламын.

Сәулесі де сананың,

Мәнінен ой табамын.

Жанайым :

Ұлтын сүйген баламын,

Ұлтым тілі – анамның

Казақ тілі –ортақ тіл,

Тілімнен ой табамын.

Шұғыла :

Шыңдап күнде мен енді,

Шынықтырам денемді.

Сүйемін ән-күй сабағын,

Суретті сәндеп саламын.

Бәрі бірге : Білім берген біздерге,

Үлкен рахмет сіздерге !

C:\Users\Sania\Desktop\20141015_152928.jpg

Ән. «Атамекен».Орындайтын ұлдар тобы.

Жүргізуші :

Балалар, сендер ұстаз туралы өлең, әндерді жақсы біледі екенсіңдер, ал енді ұстаздар туралы қандай нақыл сөздер білесіңдер?

Айзере : «Ұстаз болу – өз уақытын аямау, өзгенің бақытын аялау».

Мурадил : « Ұстазға қарап шәкірт өседі».

Даниял : «Аспаз көрген ат таныр, ұстаз көрген хат таныр».

Аяжан : «Ұстазыңды ұлы әкеңдей сыйла».

Мархаба : «Ұстазы жақсының, ұстамы жақсы».

Ән. «Бау бақша, белдер».Орындайтын Тоқтасын А, Шаймерден А.

Жүргізуші:

Ал, балалар сендер ұстаздар туралы көп нақыл сөздер біледі екенсіңдер, ендеше , мына сөзжұмбақшы шешіп көріңдер.

Ән. «Қазақ жігіттері».Орындайтын Кенжебек Ж,Тоқтасын Д,Нұрмолда Қ.

«Мұғалім» әніне қойылған балдық би.Орындайтын бишілер тобы.

Ән. «Апатайым, анашым».Орындайтын :Тоқтасын А,Турганова А.

Құттықтау.

Мерекелеріңіз құтты болсын аяулы ұстаздар !

Біздей шәкірттеріңіз көп болсын!

Оқушылар ұстаздарға гүл шоқтарын ұсынады.

Ән «Мектебім». Орындайтын хор.

Жүргізуші :

Кез-келген адам ұстаз бола алмайды. Себебі ұстаздық - өнер, тағылымы терең өнер. Ал өнерлі болу кез-келген адамға қона бермейді. Олай болса, шын ұстаз болу үшін табиғи дарын, ізгілікті ізденіс пен ерең еңбекке ұштасуы шарт. «Шәкіртсіз – ұстаз тұл»-деген сөз бекер айтылмаса керек. Құрметті ұстаздар, осымен тәрбие сағатымыз аяқталды.Денсаулықтарыңыз мықты болып, шаңырақтарыңыз шаттыққа толсын, аулы ұстаздар !

Келіп , тамашалағандарыңызға көп рахмет.





































«Кішішыған орта мектебі мектепке дейінгі шағын орталығымен» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің 1 «Ә» сыныбының қараша айындағы тәрбие саласындағы айлық іс – шара жоспары







Тақырыбы



әдісі



мерзімі



уақыты



Жауапты адамдар




1

Күнделікті оқушылардың сабаққа қатысуын қадағалау.




тексеру



тұрақты



12.15-13.00



Сынып жетекшісі, оқу секторы



2

Оқушылардың күнделікті ыстық тамаққа кіруін қадағалау.




тексеру



Апта бойы



Кесте бойынша



Сынып жетекшісі



3

Апталық қорытынды.

/лездеме/



жиналыс



дүйсенбі



12.15-13.00

Сынып жетекшісі, сынып топбасшысы

4

«Ақыл, ғылым, бақыт»


Сынып сағаты

03.11.2014

12.15-13.00

Сынып жетекшісі

5

«Денсаулық – зор байлық»


Сынып сағаты

17.11.2014

12.15-13.00

Сынып жетекшісі

6

«Дұрыс тамақтану – денсаулық кепілі»

Сынып сағаты

24.11.2014

12.15-13.00

Сынып жетекшісі





Сынып жетекшісі Нүсіпбекова А.С


Автор
Дата добавления 27.01.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров135
Номер материала ДВ-383859
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх