Тақырыбы:Ұстазым
менің, ұстазым!
Сабақтың мақсаты: Мұғалімге тән қасиет адамгершілігі, сыпайлығы, ұқыптылығы
мәлім.
а)
Оқушының
сөздік қорын молайту, тілін дамыту, ойын, қиялын, шығармашылығын дамыту.
ә)Оқушыны
логикаға, шапшаңдыққа, тез сөйлеуге үйрету.
б)Адам еңбегін бағалай білуге үйрету, оны құрметтеуге
тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: пікір – талас сабақ
Сабақтың барысы:I.Ұйымдастыру. Ұстаз!Осы
бір сөздің өзінде қаншама мән-мағына ,қасиетті
ұғым жатыр.Ұстаз алдынан өтпейтін ешкім жоқ. «Жақсы
мұғалім—мектептің жүрегі»-- деген Ы.Алтынсарин
атамыз.Жүрексіз өмір болмаса ,мұғалімсіз білімнің,тәрбиенің
іске аспайтыны белгілі.Небір данышпан адамдар,қарапайым еңбеккерлер,тіпті арман
қуған жеткіншектер де бәрі бір адамға қарыздар. Ол-ұстаз! Ұстазсыз өмірдің
нақты тұтқасын ұстау мүмкін емес.Адамды тәрбиелеп,оны азамат етудің
өзі бір үлкен күш,сондықтанда ұстаздың еңбегі -- ұлы еңбек.
1 оқушы:Сіңірген ойға, санаға Сөздердің таңдап сұлуын.
Біліммен қоса балаға Ұсынған жүрек жылуын, - дей отырып жүрегінің әр бөлігін
оқушыларға арнайтын ұстазымызды төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!
Еңбегіңіз жемісті, табысыңыз мол болсын!
2оқушы: Ұстаз... Ұстаздың мен үшін де, сен үшін де, бәріміз үшін де орны
бөлек.Осынау өмірдегі жандардың бәрі де ұстаз алдынан түлеп ұшты.
Әлемге, еліне пайдалы, танымал тұлғаларды тәрбиелеу ұлы ұстазға байланысты деп
білемін. Ұстаз адамзат баласының бойына білім атты «шаһарды»
қалайды.Ұстаздың еңбегі - ізгіліктің інжуіндей қымбат еңбек. «Қыран құс
түлегіне қайыспас қанат сыйлайды, ұстаз шәкіртіне талмас талап сыйлайды» деген
нақылдың өзі ұстаз – адам тағдырын шешуші тәлімгер дегенді білдіреді.
3 оқушы:Дарытқан білімі үшін ұстаз деген асыл жанға мың алғыс айтсақ та
жетпейді.Өйткені ұстаз еңбегі орасан зор еңбек. Сенің де, менің де, бәріміздің
де өмірімізге бағыт – бағдар берген, білім нәрімен сусындатқан, өмірге кірпіш
етіп қалаған ұстаздай ардақты жанды ғұмыр бойы ардақтап өтуге тиіспіз.Бұл
біздің парызымыз.
4 оқушы: Ұстаз болу мәртебелі дәреже, Кез – келгеннің ол қолынан келе ме?
Ұстаз болу – ұлағатты ұлы есім, Шәкірттері сүйіп өтер, сене де.
Жас ұрпаққа білім беріп шаршамай Қиындыққа төзе білген жасымай
Ұстазым деп жыр төгеді көңілден Ұлы адамдар өмірдегі қаншама.
5 оқушы:Тұла бойдан шашылғандай шұғыла, Ұстаз жүрек шәкірттерін ұғына
Күлімсіреп қарсы алады жалықпай Үйретеді өмірдің қыр - сырына
6 оқушы: Ұстаз сені әрбір адам бағалар,Сенен ұшқан білім алып ағалар.
Сенен ұшқан дарынды да, дана да,Сен арқылы мына ғалам жаңарар
7 оқушы: Ұстаз деген – сөйлер сөздің сәні,Ұстаз деген – осы өмірдің мәні.
Жалпы қауым тәлім алып одан Ұстазына бас иеді бәрі!
Ұстаз деген – тәрбиеші тұлға Білім берген ұлға және қызға
Құрметтейді сыйлап, ардақ тұтып Шәкірттері бөлер ән мен жырға
8 оқушы: Шәкірттерін азамат қып саналы, Ұстаз ана
–дана бола алады,
Ең бастысы ұстаз мына өмірде Ұлағат
боп,ұлылық боп қалады.
Мұғалім:Ендеше ұстаз сөзінің формуласы қандай?(сол
сәтте бес оқушы шығып ұстаз сөзінің
формуласын көрсетіп айтады)
Ұ – ұлағатты С – салмақты Т – тапқыр А – ардақты З –
замандастай зиялы
Ән: «Ұстазым» (хор)
9оқушы: Ұстаз болу –жүректің батырлығы Ұстаз
болу –сезімнің ақындығы
Ұстаз болу мінездің күн шуағы Азбайтұғын
адамның алтындығы
10 оқушы: Ұстаз мейірі мен ана мейірімі егіз
Ұстазы бейілді болса,
Шәкірті зейінді келеді Өмірдің діңгегі—ұлы ұстаз.
11 оқушы: Мұғалім! Бұл адамның ардақты аты , Білімдік бар
биікке шығар саты
Ең
алғаш басталады осы адамнан, Сүйеді сондықтан да
жақын жатты
12оқушы: Жайраңдап көктемім Күледі көкте күн Құшағын жайып
Аяулы мектебім Санама нұр құйған Ұстазым көп менің.
Ән:"
Ұстазым, менің ұстазым!" Тұлғаңды
арманыма ұқсатқанмын, Үлгіңді көңіліме
қыстатқанмын. Есімде
әліппені жаттатқызып, Ең алғаш қолға қалам
ұстатқаның. .
Қайырмасы: Ұстазым,
менің ұстазым, Өзіңмен өткен қыс-жазым. Қалдырған
ізің мәңгілік, Жадымда тұрар жаңғырып, Ұстазым, менің
ұстазым!
Зердемді
сен ашпасаң не етер едім? Өмірден сыбағасыз өтер
едім. Ғажайып
дүниенің сырын жайып, Қияға қызықтырып
жетеледің.
Қайырмасы:
, Өзіңнен өмірге азық ала бердім, Ұшырып мені алысқа қала
бердің. Бойымда
отың кетті ұшқын атқан, Келеді жана бергім, жана бергім Қайырмасы:
13 оқушы:Ұстаздық—ұлы
құрмет, себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді.Болашақтың басшысын
да,данасын да,ғалымын да,еңбекқор егіншісін де ұстаз өсіреді.
14 оқушы: Мұғалім—оқушы үшін ең жоғарғы адамгершіліктің үлгісі.Сондықтан
да,ол оқушы жүрегінде ұмытылмас із қалдырады.
15 оқушы: Мұғалім—өзінің білімділігімен,жүріс-тұрысымен,жайдары
мінезімен,тіпті сырт- пішіні, киген киімімен оқушысына жақсы әсер етеді.
16 оқушы: Мұғалім—өзінің бойындағы,барлық жігерін,білімін,бойындағы
барлық бағалы қасиетін өзінің оқушыларына,халқына беріп отырады.
17 оқушы: Әдетте оқушы бойына білім-білік дағдыларын дарытып,зердесіне ғылым
негіздерін тоқитын,алған білімдерін өмірде қолдана білуге үйрететін—ұстаз!
Аяжан: Көрдім де соларды-қызықтым ісіне Сан сұрақ оралды-ұстаздың
ісіне
Ұстаз кім?Ұстаз ба, ол—Ана!
Өмірдесеніде,мені де ешкімге қаққызбай, Ұстаз кім?Мұғалім ол—дана!
Жасқа да,қартқа да қамқоршы сол ғана Ұстаз ба?Ұстаз ол—ер диқан.
Қарақат: Ұстаз кім—ол зергер,дәрігер,қайраткер. Ойында оның ел болашағы
сайрап тұр.
Бүгінгі ұлан ұстазымыздан үлгі алған. Ертеңгі ғалым,президент,не маман,
Ғарышкер де,қаламгер де,әртіс те Мұғалімге де нарық салып салмақты
Мойымайтын дархан тұлға Ұстаз ғана емес пе?
Сондықтан да ұлағатты ұстаздар,сіздерге бүкіл адам баласы бас иеді.
Ән: Ұстазым
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.