Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты "Ұстазым менің, ұстазым!

Тәрбие сағаты "Ұстазым менің, ұстазым!

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: «Ұстазым менің, ұстазым».

Мақсаты: Бүкіл  адамзат  баласы бас иер асыл  тұлға ұстаздарын ерен еңбегін, мол қадірін, жас ұрпақты ұстазды құрметтеуге, адамгершілікке, сыйлап түсіне  білуге  үйрету, ұстаз еңбегін әрқашанда бағалай білуге үйрету.  

    Көрнекіліктері: Ұлағатты сөздер жазылған плакаттар, гүлдер, шарлар, буфер.

     Қазақстан  Республикасының -  әнұраны  орындалады.

   Мұғалім  сөзі:

         Құрметті   ұстаздар, оқушылар, қонақтар!  «Ұстазым менің, ұстазым»  атты ашық  сабағымызды  ашық  дей  отырып,  қадірлі де  аяулы  ұстаздар сіздерді  төл  мерекелеріңізбен  құттықтаймыз! Сіздердің  шәкірттерді  тәрбиелеп, білім  нәрімен  сусындатудағы  жас буынға  дұрыс  бағыт – бағдар беру жолындағы  еңбектеріңіз  жаңа  берсін.

            Алдарыңызда  3- сынып оқушыларының  мерекелік  концертіне  қош  келдіңіздер!

Ән: « Ұстазым».

Ұстаздарға арнау:

Жақсылық:

Қырандай  алғыр  боламыз,

Шыңға барып  қонамыз.

Маржан апайға ұқсап біз,

Тарихшы боламыз.

Ақерке:

Ғылымға  құштар баламыз,

Тілге  де, техникаға да қызығамыз.

Сәуле апай мен Гуля апай тәрізді,

Орыс тілі информатика білеміз.

Дильназ:

Жақсылыққа құштар  тұрамын,

Жанна апай сияқты,

Жанның сырын ұғатын.

Жарас:

Сегіз қырлы бір сырлы,

Қолынан түрлі іс келер.

Берік ағай сияқты,

Әрі шебер, әрі епті

Маман болу маңызды.

Диана:

Толықсып біз толамыз,

Бақыт құс боп қонамыз,

Жанар апай тәрізді  тәрізді,

Математик  боламыз.

Сұңғат:

Қара  бұлттай  келеміз,

Шынығып біз  келеміз.

Дене  тәрбиесіне  мән  береміз,

Спортшы  боп өсеміз.

Аружан:

Естен  кетпес  үніңіз,

Бізбен өтті  әр  күніңіз,

Бізге  үміт  артасыз,

Шығады  әңші,  биші  деп,

Алғысымды  айтамын,

Айдын ағайға!

Елдос:

Қазақша  біз  сөйлейміз,

Намысты  қолдан бермейміз.

Манар  апайға  ұқсап  біз,

Естен  кетпес  әр  күніміз.

Аружан:

Кітапқа  құмар  боламыз,

Келешекте  данамыз,

Өскенде  Бекзат апай сияқты,

Кітапханашы  боламыз.

Диана:

Әрқашан  бізге  жалықпай,

Ағылшын  тілін  үйретті.

Әлия  апай  сияқты,

Ағылшынша  сөйлейміз.

Сұңғат:

Даярлыққа  жинап  баланы,

Қуантып  жар  салады.

Таудай  екен  талабы

Үмітай атты  апайдың.

Жанерке:

Бастауыштан  бастау  аламыз,

Жұлдыз  боп  көкке  жанамыз.

Жанар  апай  сияқты,бастауышқа

Қадірлі ұстаз  боламыз.

II.  Би «Чунга -  чанга».

III.  Ұстаз – ұлағатты  есім.  Шәкірттерін  білім  нәрімен  сусындатып,  тәлім – тәрбие беру, жақсы  қасиеттерді  бойына  дарытып,  адамгершілік  рухта бағыт – бағдар  беруде  ұстаздардың  еңбегі зор. Сондықтан  да  ол  әрдайым  қасиетті тұлға!

      Ұстаз, ұстаз, қасиетті  есімің,

       Құттықтайды  барша  халық осы күн,

       Өзің берген біліміңе қандырып,

        Талай  ұлан  шәкірттерді  өсірдің.

         

       Күндеріңіз  толсын  гүлге, желекке,

       Отбасында  болсын  ырыс,  береке.

       Құттықтаймыз  шын  жүректен  сіздерді,

       Өмір – думан, бақ  әкелсін мереке!

Білімнің кәусәр бұлағын,
Жүресің құйып санама,
Біз үшін сенсің - мұғалім,
Ұстаз да, ғылым дана да.

Қыр сырын зерттеп заманның,
Ұлылығын айтып бабамның
Өнерге өріс беретін,
Барометрі сенсің адамның
Ортаға мың бұралған бишілер шығып «Қамажай» биін билейді.

Сағыныш сазы толқытқан,
Арнамақ сөздің мәйегін.
Шәкірттерін оқытқан,
Келіп тұр жолдап сәлемін
Құттықтау сөз бүлдіршіндерге беріледі, әсем ән орындалады.

Көзге ыстық көрінер,
Оқулығы, партасы
Оқу қызық болғаны,
Мұғалімнің арқасы.

Ақыл, білім көп бердің,
Анамдайсың мектебім
Сенде өсіп көктедім,
Сенсің өмір көктемім.
хормен: Алғыстарым көп менің
Асыл анам – мектебім!
ӘН орындалады

Сіздерге мықты денсаулық пен баянды  бақыт,  еңбектеріңізге  шығармашылық  табыс  тілейміз! Әрдайым  ел  игілігі  үшін  еңбек  етіп,  егемен  еліміздің  ертеңі  болатын  өрелі  өрендерді  өсіріп,  тәрбиелеп,  ұяларыңыздан  ұшыра  беріңіздер!(гүлдер тапсырылады).

Құттықтау  сөз  кезегін  Мектеп  директоры Сыздықов  Берік  Өндірісұлына  беріледі. Келесі  сөз кезегі  қонақтарға  беріледі. Осымен  «Ұстаз – ұлы  тұлға» атты  ашық  сабағымыз  аяқталды. Келгендеріңізге  көп рахмет!

 



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 06.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров179
Номер материала ДВ-035433
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх