Инфоурок География Другие методич. материалыТәрбие сағаты: "Су тіршілік көзі"(6 сынып)

Тәрбие сағаты: "Су тіршілік көзі"(6 сынып)

Скачать материал

Су-тіршілік көзі.

 

Мақсаты: Судың табиғаттағы және адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру.Үнемшілдікке тәрбиелеу.Қоршаған ортаны қорғауға ауаны,суды ластамауға шақыру. Қазақстандағы ірі көлдер мен өзендер туралы әңгімелеу.

        Логикалық ойлау қабілеттерін,анализ жасауға және салыстыра отырып қорытынды жасауға үйрету.

        Отан сүйгіштікке,қамқорлыққа және табиғатты аялай білуге тәрбиелеу.

 

 

         Қызығушылықты ояту.

Табиғаттағы әр түрлі дыбыстарды тыңдатып оны ажырату.

1.Екі топқа бөліп, әр топ өздеріне табиғатқа сәйкес ат таңдап алу.

  

  Мағынаны тану.

 Екі топ су туралы өз ойларын топтастырып жазу.

 

        Мұғалім: Су- тіршілік көзі.Сусыз өмір сүру мүмкін емес. Жер бетін төрттен үш бөлігін су алып жатыр. Ол –мөлдір, түссіз. Судың үш күйі болады: сұйық-су,қатты-мұз, газ-бу. Нөл градустан төмендегенде су мұз болып қатады, ал қайнағанда  ол буға айналады. Аналарың кір жуғанда далаға жайып қояды. Ол кеуіп кетеді.Неліктен? Себебі күн суды буландырады. Күн қатты ыстық, ал жапырақтар, өсімдіктер неге қурап кетпейді? Себебі, ол тамырмен су сорып, оны буландырып жібереді. Жер бетінде су тұщы және ащы су болып бөлінеді. Ащы су бұл теңіз, мұхит сулары, ал тұщы су өзен, көл, жер асты сулары. Жердегі әрбір 100 л судың 98 л тұзды су,  2 л тұщы су екен. Көл суларының кейбірі ащы, кейбірі тұщы суға жатады.

        Өзендер; а) Ертіс- суы мол, ірі өзен. Таудан құлап ағады, қуаты мол. Онда аса ірі Өскемен және Бұқтара су электр станциялары жұмыс істейді.

         Ә) Жайық өзені-Орал тауынан басталып,Каспий теңізіне барып құяды.

Жайықтан балық ауланады.

         Б) Тянь-Шянь тауларынан Сырдария өзені ағып шығады. Арал теңізіне барып құяды. Жер суаруға пайдаланады.

         В) Өзендердің ішінде ең ірісі-Іле ол Тянь-Шяньның орталығынан мәңгі қар мен мұздың етегінен басталады. Іле Балқашқабірнеше тарамданып құяды. Оның таудан келіп қосылатын бірнеше салалары бар. Бұл үлкен Алматы мен кіші Алматы деп аталатын салаларының бойында Алматы қаласы орналасқан.Алматыдан 70 шақырым жерде, Іленің Қапшағай шатқалында аса ірі су электр станциясысалынды.

          Көлдер. Көлдердің тұщы немесе тұзды болуы мүмкін. Құрлық бетінде әр түрлі ойыстар кездеседі. Ондай ойысқа су тоолса, көл пайда болады. Көлемі әр түрлі. Шағын көлдердің ені мен ұзындығы бірнеше ондаған метрден аспайды. Ал ірі көлдердің бір шетінен екінші шетіне көз жетпейді. Балық ауланады, ауыз су алынады, мал суарылады.

          А) Каспий- дүние жүзіндегі ең ірі көл. Солтүстігінен оңтүстігіне дейін мың км-дан қашықтыққа созылып жатыр. Тереңдігі 800 м. Балық көп.

          Ә) Арал- көлемі жөнінен жер шарында үшінші орын алады.

           Б) Балқаш- Қазақстандағы үлкендігі жөнінен үшінші орындағы көл.

Құбырдан алынған су 100%таза бола бермейді.Ол өзеннен хлор қосылыптазартылып келеді, бірақ ол 100 пайыз таза деуге болмайды. Адам күніне 2-литрге жуық су ішеді екен. Ол су, шай, шырын, сусын, минералды су.Адам тек қайнатылған су ғана ішу керек . Себебі, қайнамағант судан кейде гипатит ауруына да шалдығып жатады. Оның құрамында микроптар болуы мүмкін.

          Сергіту сәті.

Теңіз толқиды –бір!

Теңіз толқиды –екі!

Теңіз толқиды –үш!

Теңіз адамы, тыныштал!

 

2.Су туралы мақал-мәтелдер айту.

1.Сусыз тіршілік жоқ.

2.Жер –қазына,

   Су-алтын.

3.Бұлақ көрсең көзін аш.

4.Сулы жер-нулы жер.

5.Тамшыдан теңіз құралады.

6.Жаңбыр жауса-жер ырысы,

   Батыр туса –ел ырысы.

7.Тіршілік көзі –су.

 

3.Су туралы жұмбақтар жасыру.

1.Жылт-жылт еткен,

Жылғадан өткен. ( Су )

 

2.Еш тесікте тұрмайды,

Ол жоқта жер құрғайды.

Бұл не?  ( Су )

 

3.Өзі көк  көлеңкесі жоқ. ( Көл )

 

4.Көп бытыра қорғасын,

Көбейткен жердің олжасын. ( Жаңбыр )

 

4. Тыйым  сөздер.

1. Отқа су құйма.

2.Суын ішкен құдыққа түкірме.

3.Судың бетін ашық қалдырма.

4.Түнде суға түспе.

5.Түнде суға барма.

Оқушылар өздері дайындаған тыйым сөздерін рет-ретімен айтады.

 

 Балалар, біз күнделікті тамақта қолданылатын картопта 80 пайыз, алмада85 пайыз, сәбізде 90 пайыз, балықта 75 пайыз, қиярда 95 пайыз су болады екен.

      Адам табиғаттан суды таза күйінде алады, ластанған күйде қайтарады. Өзен мен көлдерге ,зауыт,фабрика, тұрғын үйжайлардан сарқынды сулар құйылады. Одан өзен мен көлдегі балық пен басқа жәндіктері қырылып қалады, тіпті адамның өзі де шомылуға қауіпті.Тұщы су жер бетінде аз, ал біз оны ластаймыз.

           Сондықтан біздің елімізде су қоймаларды қорғау туралы арнайы заң бар.Онда қолданылған су өзен мен көлдерге ағызыларда міндетті түрде зиянды қоспалардан тазартылуы тиіс делінген. Суды арнайы қондырғылар арқылы тазартылады. Өзен мен көл сулары таза болуы үшін оны қоқыстаран тазартуы керек.Күл-қоқысты тастауға болмайды.

         Суды үнемдеп қолдану да суды қорғауға жатады. Атам қазақ айтпақшы, «Судың да сұрауы бар» деп тегін айтылмаған осыдан болар.

 

Көрініс:  «Таза бұлақ» ( Ыбырай Алтынсарин)

        

                                    Өлеңдер

Су деген –тіршіліктің наны емес пе?

Су деген –табиғатың жаны емес пе?

Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,

Күміс су қара жердің сәні емес пе? !

 

Судың пайдасы :

Сусыз тіршілік жоқ.

 

Судың зияны:

Су мен өрт тілсіз жау.

 

Ой толғаныс:

Екі топ осы тәрбие сағатынан не түсінді соны топтап жазып шығады.Оны топ атынан қорғайды. Өздері Су туралы  шағын эссе жазады.

 

Қорытынды:

Сусыз тіршілік жоқ.                                                                                                                                                                             

Адам тамақ ішпей айдан астам өмір сүре алады, ал сусыз үш күнге шыдай алмайды.Су барлық өсімдіктермен жануарлардың ағзасының құрамына кіреді Адамның тамағына және ішуіне 2-3 литр су қажет.Мына  өлең жолдарын барлығымыз хормен айтайық

 

Табиғат ... тіршіліксің тұнып тұрған!
Сен – күнсің!
Көтерілген күліп қырдан .
Сен – көлсің! Сен – орман!
Сен – бұлақсың!
Адамды сұлулыққа құнықтырған!
Адамзат – болашақта бейбіт, таза ғаламшарда өмір сүруі тиіс. Демек ғаламшардың қауіпсіздігі - біздердің қолымызда !

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты: "Су тіршілік көзі"(6 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Техник-конструктор

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 663 291 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 19.04.2016 6585
    • DOCX 28.7 кбайт
    • 182 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тусупбекова Айжан Кенжегуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9644
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 130 человек из 45 регионов

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по географии в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 294 человека

Курс повышения квалификации

Инновационные технологии в преподавании географии детям с ОВЗ

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 30 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 146 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 81 региона
  • Этот курс уже прошли 3 376 человек

Мини-курс

Судебные процессы и их особенности

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

От романтизма к современности: шедевры и новаторство

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Современные тенденции в управлении и бизнесе

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 16 регионов