Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты ; Судың қасиеті" .

Тәрбие сағаты ; Судың қасиеті" .


  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Адамгершілік құнды қасиеттерді баланың бойына дарыта отырып, рухани бай, жеке тұлға қалыптастыру

Рухани-адамгершілік тәрбиесі өзіндік сананы дамытуға жағдай жасауды, жеке тұлғаның әдеп ұстанымын, оның  қоғам өмірінің нормалары мен дәстүрлерімен келістірілетін моральдік қасиеттерін және бағдарларын қалыптастыруды болжайды. Рухани-адамгершілік  құндылықтармен білім жүйесін дамытып қалыптастыру жаңа қоғамның дамуындағы мәні зор, маңызды бағыт.

Оқушыларды рухани-адамгершілікке тәрбиелеу, болашағына жол сілтеубүгінгі қажетті, кезек күттірмес мәселе. Рухани-адамгершілікке тәрбиелеу білім берумен ғана шектелмейді. Баланың сезіміне әсер ету арқылы ішкі жан дүниесін ояту нәтижесінде оның рухани-адамгершілік қасиеттері қалыптасады. Рухани-адамгершілік тәрбиені қалай іс жүзіне асырамыз? Олар мына қағидаларды сақтағанда нәтиже береді. Егер:

  • тәрбие үрдісі оқушылардың рухани адамгершілік қасиеттерді игеруіне бағытталса;

  • оқушылар рухани-адамгершілік қасиеттерді қалыптастыру мақсатында әрекеттік, іскерлік дағдыларды игерсе;

  • оқушылар жеке тұлғаның және әлеуметтік мәні бар рухани-адамгершілік қасиеттерді өз іс-әрекетінде, мінез-құлқы мен тіршілік әрекетіне көрсете алу мүмкіндігін ерікті таңдаса.

Демек, рухани-адамгершілік тәрбиесіндегі басты мәселе – баланы құрметтеу. Сондықтан, әрбір оқушы өзін-өзі рухани жетілдіру үшін, өзін тәрбиелеуге, өздігінен білім алуға ұмтылуы қажет екенін түсінуі тиіс деп ойлаймын. Өзінің оқушысын өз бетінше білім мен тәрбие алуға үйретпеген мұғалім қазір түпкі нәтижеге қол жеткізе алмайтынын біледі. Бала ықпал ету объектісі емес, ынтымақтаса қызмет ететін тұлғаға айналуы тиіс.

Анықтама сатысы.  Гуманизм – адам өмірінің рухани негіздерін құрайды, ойластырады, болжайды және адамзат құндылығын қалыптастырады. «Адам жолында екі түрлі, бір-біріне қарама –қарсы ағыстар бар. Бір ағыс  қаталдыққа жетелесе, екіншісі – мейірімге талпынады» деген Леккидің сөзінде үлкен мән бар. Рух – адам бойындағы күш-қуат. Ол қуат барлық жақсы қасиеттермен  бірге жасайтын игі істердін қайнар көзі. Рухани бай адамның бойында ғана гуманистік қасиеттер болады.

Қазіргі уақытта Қазақстанда білім берудің өзіндік ұлттық  үлгісі қалыптасуда.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында оқыту әдістерін, технологияларын таңдауда  көп нұсқалық  қағидасы бекітілген, бұл білім мұғалімдерге өзіне ыңғайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық үрдісті кез келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді. В.Г.Белинский: «Тәрбие – ұлы іс, тәрбие арқылы адам тағдыры шешіледі» десе, Д.И.Менделеев: «Тәрбиесіз білім –есуастың  қолындағы қылыштай» деген болатын. Тәрбиенің маңыздылығы сондай, біздің болашақ  ұрпағымыз тәрбиеден ғана  рухани байлық алып, тәрбие арқылы  ғана  Адам болып қалыптасады. Оған көптеген мысалдар келтіруге болады. Қазір ортамызда «Қиын балалар», жасөспірімдер, ата –анасы  көңіл бөлмейтіндер, түрлі тағдырға  душар болған жастарымыз көп. Біздің мақсатымыз –оқушыларымызды мүмкіндігінше жан-жақты тәрбиелеу. М.М.Пришвиннің сөзін келтірсек, «Оқушы –жастарымыз  дұрыс тәрбиеге наннан да артық  душар». Егер жабайы аңдар Адамға мейірімділік көрсетсе, адамдар неге бірін-бірі тәрбиелемеске? Жаңа білім парадгимасы бірінші орынға баланың білімін, білігі мен дағдысы емес, оның  тұлғасын, білім алу арқылы дамуын қойып отыр. Я.А.Коменский «Тәрбиені мойындамау – адамдардың, жанұяның, мемлекеттік және бүкіл әлемнің құруы» деген болатын. [2]

Ендеше, тәрбие — ауадай қажет. Оқушы жастарды гуманистік рухта тәрбиелеу алдымызға мынадай міндеттер қойды:

  • оқушыны оқыған шығармалардың басты кейіпкерлерінің іс-әрекеттерінің жағымды жақтарына көңіл аударып, талдауға, түйін жасауға үйрету;

  • оқылған мәтіндерден кейіпкерлерге берілген авторлық көңіл-күйді табу;

  • оқушының сана-сезім, ақыл-ой қызметінің дамуына, қалыптасуына ықпал жасай отырып, шығармашылық қабілетін ашу, қозғау салу;

  • оқушылардың сабақтар бойынша алған білім, білік, дағдыларын одан әрі дамытып, тереңдету, өздігінен жұмыс істеу қабілетін ашу;

  • оқушыларды сөйлету арқылы кейіпкерлердің іс-әрекетін салыстыру, қорытындылау, бағалауға үйрету;

  • оқушының өзін-өзі тануына, өзіндік менін оятуға бағдар беру.

Тұлғаны рухани – адамгершілікке тәрбиелеудің маңызы зор екенін осыдан көруге болады.

Дәлелдеу сатысы. Рухани бай адам – ең алдымен әділ, шыншыл, мейірімді, кешірімді, қанағатшыл, ақылды болады. Гуманист болу деген не? Ол қайырымдылықтан тұрады. Ал қайырымдылық қандай қасиет?




Автор
Дата добавления 23.06.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров95
Номер материала ДБ-130863
Получить свидетельство о публикации

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх