Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты: "Табиғатты сүйем, сұсулыққа бас ием"

Тәрбие сағаты: "Табиғатты сүйем, сұсулыққа бас ием"

Скачать материал
библиотека
материалов

Тақырыбы: «Табиғатты сүйем, сұлулыққа бас ием!»
Мақсаты: 1. Табиғатты қастерлеу, жасыл даланың көркемдігін сақтау, табиғатқа жанашырлықпен қарау керектігін түсіндіру; 2. Оқушыларды табиғатты қорғауға, сүйіспеншілікке тәрбиелеу. 3. Оқушының тілін, ойын, шығармашылық қабілетін дамыту.
Көрнекілікті: табиғат туралы суреттер, нақыл сөздер, балалар шығармасы.
Жүрісі: І. Ұйымдастыру.
Мұғалім: - Табиғат сөзі кең ұғым. Табиғат өзіміз тіршілік етіп өмір сүретін орта. Ерте кездерде халқымыз табиғаттың кейбір туындыларын киелі, қасиетті деп ұғып, оларды өлтіруге, жоюға болмайтынын уағыздаған. Сонымен бірге табиғат пен адамды біртұтас деп қараған. Сондықтан адам табиғаттан өз керегін алып, қалғанына еш уақытта зиянын тигізбеген. Халық табиғаттағы өздері қастерлеген жерлерді «әулие - бұлақ», «әулие - ағаш» деп атап, оларды көздің қарашығындай қорғап отырған, ал қарлығаш, аққу, ұлар, т. б. құстарды жақсылықтың жаршысы, бақыттың бастамасы, игіліктің иесі деп ұясын бұзуға, балапанын жоюға не өздерін өлтіруге мүлде рұқсат етпеген.

ІІ. Негізгі бөлім.
Қазақстанның табиғаты көз тартар, аса көркем, бар сұлулықты өн бойына жинап алған өлке.Табиғаттың басты байлығы - жер. «Күте білсең, жер - жомарт» деген халық мақалы тектен - текке айтылмаған. Жер бетіндегі тіршілік атауы қоректік нәрді топырақтан алады.
Топырақтан өмір исі шығады
Оны денең тиіп кетсе ұғады.
Еңбегіңді есесінен беретін.
Жақсылықта топырақтан шығады.
1 - оқушы: Тіршілік атаулының өмірлік өзегі, арманы - таза ауа.
Тіршілікте не ғой дейсің ең қымбат,
Тіршілікте адам қымбат, сен қымбат.
Ал адамға ауа қымбат бәрінен
Ауа қымбат, алатұғын дем қымбат.
- Табиғаттың көркін ажарландырып, жер бетін саялы баққа айналдыратын байлық көзі - су. Су - адамзаттың тіршілік көзі. Сусыз жер бетінде тіршілікті елестету мүмкін емес. Су – адам жүрегіне жыр, көңіліне нұр, сезіміне гүл сыйлайтын берекелі зат.
2 –оқушы: Су деген тіршіліктің қаны емес пе,
Су деген табиғаттың жаны емес пе?
Су жоқ жерде өмір жоқ, ол ақиқат,
Күміс су, қара жердің сәні емес пе?
- Табиғат - ол өсімдік. Өсімдік - бүл жасыл желек, көк майса құрақ, қызыл - жасыл гүлдер. Өсімдік ашыққанда тамақ, шөлдегенде - сусын, ыстықта көлеңке сая, суықта пана, ауырғанда - дәрі, ренжігенде қуанатын табиғаттың сұлу көркі - гүл. Өсімдік таза ауа, еліміздің дәулеті - жасыл - желек орман.
Табиғат – ол жануарлар әлемі. Жүгірген аң, ұшқан құс, ән мен сәннің иесі - бұлбұл, орман - тоғай емшілері - тоқылдақ болса, дала ажары - ақ бөкен.
3- оқушы: Бөкеннен сұлу аңды мен көрмедім,
Өзге аңға жануарды тең көрмедім.
Көздері мөлдіреген ақбөкенді,
Адамның баласынан кем көрмедім. ( Сәкен Сейфуллин)
4 - оқушы: Ал, су аруы - аққу. Аққу табиғатымыздың сәні емес пе?
Аққулар, аққулар мойын сүмбе қанат,
Алансыз тарануда күнге қарап.
Тарақ етіп тұмсығымен тарайды кеп,
Тарайды кеп, тарайды қауырсынын.
Аққулар, аққу мойын сүмбе қанат.
5 - оқушы: Табиғат сенде бәрі ортақ,
Аспаның, күнің, айында.
Тегінде жаның жомарт – ақ,
Ізгілік жатыр бойында
6 – оқушы: Табиғат қызығам сенің суретіне,
Бас ием сенің құдіретіне.
Тұрасың күллі әлемге нұр таратып.
Тұтқасы тіршіліктің бетінде.

Мұғалім : Сонымен біз табиғат туралы білгенімізді, білетінімізді ортаға салдық.
Енді табиғатты қалай қорғап қаламыз?
7- оқушы:
Сұраусыз суын бұзғызбай – суын қорғаған.
Жөнсіз жерін жыртқызбай – жерін қорғаған.
Көк майса шөбін таптатпай – шөбін қорғаған.
Ұшқан құс, жүгірген аң, жыбырлаған жәндігінің берекесін
кетірмей – жануарларын қорғаған.
- Ал, біз болашақ ұрпақ табиғатты қалай қорғап, сақтап қаламыз?
-«Бір ағаш кессең, он ағаш ек» - «Жасыл ел» бағдарламасына ат салысамыз.
-«Судың да сұрауы бар»- суды ысырапсыз пайдалануға жол бермейміз, ластамаймыз.
- Орман, тоғайды, бақтарды күл - қоқыстан тазалап, өрттен қорғаймыз.
- Аң, құстарды рұқсатсыз атуға тиым саламыз, қамқорлық жасаймыз.
Табиғатқа байланысты қандай ырымдар мен тыйымдар сөздерді білесіңдер?
Ұя бұзба
Суға түкірме
Жас шыбықты кеспе
Құмырсқаның илеуін бұзба
Аққуды атпа

ІІІ. Қорытындылау
Табиғатты сүйіңдер
Сүю үшін біліңдер.
Қамқорлық жасау жолында
Жанды салып күйіңдер.
Апаттан оны сақтандар
Ебін тауып баптаңдар.
Ертеден қалған өсиет сөздерде «Көзіңді қалдыр – бұлақ көзін аша жүр, ізіңді қалдыр – жақсы істен мұра шаша жүр, өзіңді қалдыр – бақша өсіріп жаса нұр» деген сөздерде өмірдегі өзіңнен кейінгі ұрпағыңа өлмейтін мұра қалдыр, сонда «сенің қолдан көзін ашқан бұлағың, жақсы істерің – шырағың, ал жасыл орман – құнарың болмақ» деп өсиет қалдырған.


  • Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.
    Пожаловаться на материал
Скачать материал
Найдите материал к любому уроку,
указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:
также Вы можете выбрать тип материала:
Общая информация
Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Курс повышения квалификации «Роль педагога в реализации концепции патриотического воспитания школьников в образовательном процессе в свете ФГОС»
Курс повышения квалификации «Сопровождение детского отдыха: от вожатого до руководителя детского лагеря»
Курс повышения квалификации «Психолого-педагогические аспекты инклюзивного образования в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Средства педагогического оценивания и мониторинга в работе учителя в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Тайм-менеджмент - персональная эффективность преподавателя»
Курс повышения квалификации «Мотивация учебной деятельности в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Методика обучения игре детей с особенностями развития в рамках реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Содержательные аспекты профессионального и личностного развития педагогических работников в рамках реализации профессионального стандарта»
Курс повышения квалификации «Система работы учителя-дефектолога при обучении и воспитании детей с особыми образовательными потребностями (ООП) в общеобразовательном учреждении»
Курс повышения квалификации «Применение современных педагогических технологий в образовательном процессе в условиях реализации ФГОС»
Курс повышения квалификации «Разработка адаптированных образовательных программ в условиях ФГОС СПО»
Курс повышения квалификации «Применение методов арт-терапии в работе со старшими дошкольниками и младшими школьниками»
Курс повышения квалификации «Техники креативного мышления как инструмент формирования общих компетенций по ФГОС»
Курс повышения квалификации «Система диагностики предметных и метапредметных результатов в начальной школе»
Курс профессиональной переподготовки «Инклюзивное образование в начальной школе»

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.