Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Дошкольное образование / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Ана - өмірдің шуағы! "
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Дошкольное образование

Тәрбие сағаты. Тақырыбы: "Ана - өмірдің шуағы! "

библиотека
материалов

Тараз қаласы. № 53 орта мектебі.

Мектепалды даярлық "А" сыныбы

Тәрбиешісі : Айтбаева Гульсара Шакеновна

Тақырыбы: "Ана - өмірдің шуағы! "

Мақсаты:

Білімділік: Ананың құдіретін де мейірімді жан екенін оқушыларға түсіндіру. Жанұядағы ана менбала арасындағы қарым-қатынасын нығайту.

Дамытушылық: Анаға деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру, ананы құрметтеп сыйлай білуге үйрету. Оқушының бойындағы өнері мен дарындылығын дамыту.

Тәрбиелілік: Адамгіршілікке, ізгілікке, достықты қастерлей білуге тірбиелеу.

Көрнекілігі: «Ана - өмірдің шуағы!» жазуы,слайд, үн таспа, суреттер, шарлар, гүлдер.

Сабақтың барасы:

Мұғалім сөзі: 

Біз ғана емес, қадір тұтқан бабалар
Аналардан туған небір даналар.
Ана деген тіршіліктің тірегі,
Армысыздар, қасиетті аналар!
Қош, келдіңіздер! Аяулы аналар, ардақты әжелер,қызғалдақ қыздар! Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, 8 – наурыз Халықаралық әйелдер мерекесі де келіп жетті. Көктемнің шуақты күндерімен қатар келіп жатқан төл мерекелеріңіз құтты болсын! Осы мерекеге орай біздің бүлдіршіндеріміздің дайындаған «Ана - өмірдің шуағы!» атты ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Шаттық шеңбері: (бар бала хормен айтады)

Үлкенге де"сіз"

Кішіге де"сіз"

Құрметпенен сіздерге

Сәлем бердік біз.


1-жүргізуші: (Ақбөпе)
Ақ сүтінен жаралған

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз!


2-жүргізуші:(Ернар)
Туған едің тілі деп

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз.


1-жүргізуші: (Ақбөпе)
Қуанышы баланың
Қуанышы баршаның


2-жүргізуші:(Ернар)
Бізді өсірген анашым,

Еңбегің де зор екен.
екеуі бірге (хормен)

Құтты болсын, анашым,
Құтты болсын мерекең!

Хор:"Ақ мамам", қабыл алыңыздар.

1-бала:

Бала, бала, бала деп,
Түнде шошып оянған;
Түн ұйқысын төрт бөліп,
Түнде бесік таянған;

2-бала:

«Күнім»,- дейсің мені,
Күн мейірі сенде.
Күннің ыстық лебі,
Құшағыңа тең бе?
Айналайын ,ана!

3-бала:

Айналайын, анашым,
Көкте нұр боп жанасың.
Ет жүрегің елжіреп,
Құшағыңа аласың.

4-бала:

«Құлыным», - деп мені,
Құрақ ұштың дәйім.
Қамқоршым-ау, сені
Қалай ұмытайын.
Айналайын ,ана!

5-бала:

Айналайын, анашым,
Аялайсың, бағасың.
Менің үшін не керек –
Бәрін іздеп табасың.

6-бала:

«Жаным»,- дейсің мені,
Жаратушым бір сен.
Жалғыз өзің тегі,
Жанашырым білсең.
Айналайын ,ана!


Арайлымның орындауында "Маша" биі, қабыл алыңыздар.

7-бала:

Таусылмайды өлеңі,
Күнде айтып береді.
Барған сайын бір жаққа
Кәмпит алып келеді.
Әжем мені, өйткені,
Өте жақсы көреді.

8-бала:

Мәпелейсің мені, анам,
Қолыңдағы құсыңдай.
Құлпыра өсіп дем алам,
Құшағыңда қажымай.

9-бала:

Сен жалықпай жетектеп,
Мен жаттыға жетермін.
Айтқаныңды екі етпей
Ақ сүтіңді ақтармын.

10-бала:

Әлемдегі ақылды адам,
Бәрінен сол жақын маған!
Ол жанымда жүрсе ,мен де,
Батырларша батылданам.

11-бала:

Жамандықтан сақтандырып,
Жақсы ісімді мақтан қылып.
Мәпелелеген ақ мамамды,
Жүрсем деймін шаттандырып.

12-бала:

Көрсетемін күллі елді,
Жарық етем түндерді.
Өсіріп мен сыйлаймын
Жұрт көрмеген гүлдерді


Көрініс: «Әже мен немересі»,қабыл алыңыздар.

Немересі: Әже, әже айтыңызшы не іздеп жүрсіз? Бір нарсе жоғалтып алдыңыз ба?

Әжесі: Иә, балам жастық шағымды іздеп жүрмін

Немересі: Жоғалтқаныңыз алдыңызда тұр ғой әже.

Әжесі: О, жаным, менің жастық шағым сен екенсің ғой!

«Ана мен бала» ойыны

Шарты: Әр бала өз анасын көзді жұмып табу керек.

13-бала:

Анам мені:«Айым»-дейді,
Мен мұңайсам, уайым жейді,
Анам мені: «Күнім» - дейді,
Мен қуансам, күлімдейді.

14-бала:

Еркелесем, күлімдейтін,
Ұрысқаны білінбейтін.
Маңдайымнан иіскеп менің,
«Құлыншағым, күнім», - дейтін.

15-бала:

Бәрі жақсы ананың,
Бәрі де оның керек-ау...
Бірақ әрбір баланың 
Өз анасы бөлек-ау!

16-бала:

Әр сөзімді жаттаған,

Жүрегімде сақтаған,

Анашым деп мақтанам,

Айналайын ақ анам!

17-бала:

Ақ анашым, аппағым,

Өзің жайлы тақпағым

Өзің жайлы әнім де,

Арнадым саған бәрін де


Хор"Ақ анам", қабыл алыңыздар.

18-бала:

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретіп,

Жамандықтан шектейді.

Әжеме ешкім жетпейді!

19-бала:

Әжем менің, ақ әжем

Ақыл беріп үйреткен.

Аппақ әжем, пәк әжем,

Мейіріммен тербеткен.

20-бала:

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де,

Жүзге жетсін жасыңыз.
21-бала:

Анам,анам,ақ анам,

Мен өзіңдей ақ балаң,

Айтқан тіліңді аламын

Жұмсағанда барамын.

22-бала:

Анамыздың мейірлі

Жүзіне біз қараймыз.

Анамызды пейілді

Жомарт жанға балаймыз.


"Сұлу қыз"әнін қабыл алыңыздар.

Әннің соңында ұлдар қыздарға сыйлықтарын береді.

1-жүргізуші: (Ақбөпе)

Болар күнде алаң,
Жанашыр кім саған?
Бәрі:Анам


2-жүргізуші: (Ернар)
Таң қалғандай ғалам,
Кім ең сұлу адам?

Бәрі:Анам






Қорытынды.

Біз доспыз гүлдермен,

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір-бірден

Аналарға сыйлаймыз.-деп,өз қолдарымен жасаған гүл шоғын аналарына сыйлайды.

Мұғалім сөзі: Бүгінгі аналарымыздың, әжелеріміздің құрметіне арналған «Ана - өмірдің шуағы!» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ардақты әжелер, жер бетіне өмір сыйлаушы аналар, сіздерге айтылар ән мен жыр таусылмақ емес. Дегенмен де сәбилеріңізді өз қолдарымен жасаған сыйлықтарын қабыл алыңыздар. Көктемнің мерекелері мекрекеге жалғаса берсін!

Автор
Дата добавления 17.06.2016
Раздел Дошкольное образование
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров70
Номер материала ДБ-124938
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх