Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Конспекты / Тәрбие сағаты Тақырыбы: "Аяулы жан-Анашым"

Тәрбие сағаты Тақырыбы: "Аяулы жан-Анашым"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Светлана Абдыгазымовна Курмашева

Ембі қаласы,Мұғалжар ауданы, Ақтөбе облысы

3 орта мектеп

Сыныбы:2 «б»

Тақырыбы: «Аяулы жан-Анашым»

Сабақтың мақсаты:

Білімділік:адамгершілік қасиеттерін қалыптастыру мақсатында білімге деген қызығушылығын,ұстазға,ата-анаға деген құрметін арттыру және 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні туралы жалпы мағлұмат беру.

Дамытушылық:оқушылардың мәнерлеп оқу,сөйлеу мәнері,ән-би арқылы ой өрістерін дамыту.

Тәрбиелік:асыл ананы сыйлауға, үлкенді құрметтеуге,кішіпейіл болуға, адамгершілікке,әсемдікті сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың әдісіі:сұрақ-жауап,әңгімелеу.

Сабақтың көрнекілігі:интерактивті тақта,нақыл сөздер, суреттер, шарлар.

Сабақтың түрі:сайыс-сабақ

Оқытудың формасы:топтық,ұжымдық.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі.

2.Кіріспе сөз:

Біз ғана емес,қадір тұтқан бабалар,

Аналардан туған небір даналар.

Ана деген тіршіліктің тірегі,

Армысыздар, қасиетті аналар!

Көңілдерге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып,тағы да 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні де келіп жетті.

Құрметті аяулы аналар,ұстаздар,қыздар,оқушылар! 8 наурыз-Халықаралық әйелдер күні құтты болсын!Сіздерге әрқашан сыр бермес денсаулық,өмірдің шапағатын тілейміз! Бұл күні өздеріңізге бағытталған тілектер періштенің құлағына шалынсын... Әрдайым мейірім шуағын шашып жүре беріңіздер! Ана-өмірдің гүлі,көңілдің жыры,әр отбасының алтын діңгегі.Мынау тынысымыз тіршілікпен кең дүниенің өзі тек аналармен ажарлы.Адам бойындағы барлық асыл қасиет күннің нұрынан,ананың ақ сүтінен дариды.

Бүгінгі арайлап атқан нұрлы таңмен бірге әрбір сәби жүрегі өзің деп соқса,бүгінгі тәрбие сағаты аналарға арналады.

Бүгінгі «Аяулы жан-Анашым!» атты ашық тәрбие сағатын бастауға рұқсат етіңіздер!

3.Психологиялық дайындық.

Күндей жадырап,

Айдай арайлап,

Жұлдыздай жарқырап,

Судай таза көңілмен

Ертеңгілігімізді бастаймыз.

4. «Шаттық шеңбері»

Күн!

Мен сенен жылу аламын,

Жүрегіме саламын.

Досыма сыйлаймын,

Сәттілік тілеймін.

Аналар да ,балалар да бір-біріне жақсы тілектер тілейді.

Аспанымыз ашық болсын,еліміз тыныш болсын,мейірімді болайық т.б.

-Жыл мезгілдерін атаңдар.(қыс,жаз,күз,көктем)

-Қазір жылдың қай мезгілі?(қыс)

Топқа бөліну:1-топ- «Қыс»,2-топ- «Көктем»,3-топ- «Жаз»,4- топ-«Күз»(ретімен атау)

-Көңіл күйлерің қалай?

-Керемет!(қолдарын көтереді)

-Сабаққа дайындықтарын қалай?

-Тамаша!(алақандарын соғады)

-Ынталарың ше?

-Ғажап!(қолдарын қөтереді)

-Ендеше бастайық!

-О-О-О (бас бармақтарын көтереді)

Бүгінгі тәрбие сағатымыз ойын –сабақ түрінде өтеді.

Тәрбие сағатымыз екі бөлімнен тұрады.

1-бөлім:Ойын-сабақ

2-бөлім:концерттік нөмір

«Ойлан тап» ойыны . «Айшықты сөздер»

1-топ (Аналар үшін)

1.Төбе шашы тік тұрды. (қорықты)

2.Көз ұшында көрінеді. (алыста)

3.Қолды болды.(ұрланды)

4.Жүрек жұтқан.(батыр)

5.Ешкімнен ештеңесін аямайды.(жомарт,мырза)

2-топ

1.Қоян жүрек.(қорқақ)

2.Көзі ілінбеді.(ұйықтамады)

3.Көзге түртсе көргісіз.(Қап-қараңғы)

4.Бетінен оты шықты.(ұялды)

5.Ат құйрығын кесісті.(араздасты)

3-топ

1.Араларынан қыл өтпейді.(достар)

2.Күлін көкке ұшыру.(құрту)

3.Жүрек жалғап алды.(тамақтанды)

4.Көз шырымын алу.(ұйықтау)

5.Көзі ашып-жұмғанша.(лезде)

4-топ

1.Беті бүлк етпеді. (ұялмады)

2.Ит терісін басына қаптады.(ұрысты)

3.Ат ізін бір салмады.(іздеп келмеді)

4.Су тегін.(арзан)

5.Тісіңнен шығармау.(Айтпау)



«Тапқыр болсаң, тауып көр» «Мақал-сөз атасы»(әзіл сұрақтар)

Шарты:қойылған сұраққа мақалмен жауап береді.(Аналар үшін)

1-топ

1.Жыланды інінен қалай шығарады? (Жылы-жылы сөйлесе,жылан інінен шығады.)

2.Қар жана ма?(Қалауын тапса,қар жанады.)

3.Инемен құдық қазуға бола ма?(Оқу-инемен құдық қазғандай)

3.Аппақ қарға бола ма? (Қарға баласын аппағым дейді.)

4.Тастың жеңілі бола ма?(керек тастың ауырлығы жоқ)

5.Елу құлағы бар кім?(ел құлағы елу)

2-топ

1.Тауық түс көре ме?(тауықтың түсіне тары кіреді)

2.Білетінің қанша,білмейтінің қанша?(білетінің бір тоғыз, білмейтінің тоқсан тоғыз)

3.Оттан да ыстық болып тұрған не?(Отан-оттан да ыстық)

4.Адам денесіндегі қорқақ, батыр мүшелер.(Көз -қорқақ, қол-батыр)

5.Көрдім,көрмедім дегендер неше сөз бола алады?(Көрдім деген көп сөз,көрмедім деген бір сөз)

3-топ

1.Шашу мен жинаудың қайсысы оңай?(шашу оңай,жинау қиын)

2.Жаман атты,жаман жолдасты немен алмастыруға болады?(Жаман аттан аяғым артық,жаман жолдастан таяғым артық)

3.Түйені жел шайқаса,оны жерден емес көктен іздейсің.(Түйені жел шайқаса,ешкіні көктен ізде)

4.Бір рет өлуге де болады немесе мың рет өлуге де болады.(Батыр бір рет өледі,қорқақ мың рет өледі)

5.Ақыл мен қынаның мекен-жайы.(Ақыл басқа бітеді, қына тасқа бітеді)

4-топ

1.Балға тең тәттілер не екенін білесің бе?(Ананың сүті-бал,баланың тілі-бал)

2.Отқа түсіп күймеуге бола ма?(Отан үшін отқа түс-күймейсің)

3.Қарныңды қалай тойғызар едің?(Еңбек етсең ерінбей,тояды қарның тіленбей)

4.Намыстан,қамыстан ажал табушылар.(Жігітті намыс,қоянды қамыс өлтіреді)

5.Өрге шыға алмайтын қандай сөз?(Өтірік сөз өрге баспас)

Ана, бала туралы мақал-мәтел жарысы.(балалар үшін)

«Жүйрік болсаң озып көр»(Лезде жауап) Балалар үшін

1-топ

1.Сөздің одан әрі бөлінбейтін,мағыналы бөлігі.(Түбір)

2.Жалқы есімдер қалай жазылады? (Бас әріппен)

3.Әдемі сөзіне мағынасы жуық сөзді ата.(сұлу,көркем)

4.Сұраулы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?(Сұрақ белгісі)

5.Дауысты дыбыстар неше топқа бөлінеді? (2:жуан.жіңішке)

6.Заттың қимылын,іс-әрекетін білдіретін сөз табы қалай аталады?(Етістік)

7.Қазақтың тұңғыш ғарышкері.(Тоқтар Әубәкіров)

2-топ

1.Сөздің мағынасын өзгертетін қосымша қалай аталады?(жұрнақ)

2.Батыр сөзіне мағынасы жуық сөзді ата.(ер,қаһарман)

3.Жалпы есімдер қалай жазылады?(кіші әріппен)

4.Хабарлы сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?(Нүкте)

5.Дауыссыз дыбыстар нешеге бөлінеді?(3:қатаң,ұяң,үнді)

6.Анаңның бауырлары саған кім болады?(нағашы)

7.Мемлекеттік рәміздер.(әнұран,елтаңба,ту)

3-топ

1.Сөз бен сөзді байланыстыратын қосымша қалай аталады?(жалғау)

2.Кейде дауысты,кейде дауыссыз болатын дыбыс. (у)

3.Зат есім дегеніміз не?(Заттың атын білдіреді)

4.Аласа сөзіне қарсы мәндес сөзді ата.(биік)

5. «Кел, балалар,оқылық!» өлеңінің авторы кім?(Ыбырай)

6.Абайдың шешесі кім?(Ұлжан)

7.Балды жақсы көретін аң.(Аю)



4-топ

1.Жылдың төрт мезгіліне арнап өлең жазған кім?(Абай)

2.Абайдың әжесі кім?(Зере)

3.Түн ұйқысын төрт бөлген кім?(Ана)

4.Орман дәрігері.(Тоқылдақ)

5.Сөйлем неден құралады?(Сөзден)

6.Лепті сөйлемнің соңына қандай тыныс белгісі қойылады?(Леп белгісі)

7. «Қанағат,рақым ойлап қой!»берілген жолдардың авторы кім? (Абай)

«Сөзден сөз жасау»(1 минут уақыт беріледі)

1-топ?«Қазақстан»Сол сөздің әріптерінен басқа сөздер құрау керек.

2-топ: «Бағдаршам»

3-топ: «Тапқырлар»

4- топ: «Кітапхана»

«Отбасы қандай болу керек?»(аналар үшін)



сhello_html_m71440dcb.gifhello_html_43ecfc24.gifhello_html_536403f0.gifыйластық жауапкершілік



hello_html_m6b9b85e8.gifhello_html_m20ad3240.gif

әhello_html_ade7fd5.gifдепті адамгершілік



тату



«Ана бізге кім?» (балалар үшін)

hello_html_m1be94c5c.gifhello_html_30f3bab8.gifhello_html_m20ae2471.gifҚамқоршы ұстаз дос

hello_html_m4ec11dfc.gif

hello_html_m49579749.gif

hello_html_79d2613a.gifhello_html_6d22ce79.gif

Пана тәрбиеші ақылшы

«Өнерлі өрге жүзер» Ән жұппен

2-бөлім:

Амир:Аялаған,баптаған,

Асыраған,сақтаған.

Сақтандырып күнде еппен,

Айтып бәрін үйреткен,

Анамызға мың алғыс!

Ерлік еткен біз үшін,

Еңбек еткен біз үшін,

Еркелеткен біздерді,

Анамызға мың алғыс!

Ернұр:Мені жақсы көреді,

Күндей күліп келеді.

Көп ертегі біледі,

Маған айтып береді.

Еркіндеткен біздерді,

Әжемізге мың алғыс!

Аманат:Мен гүлдерді жұлмаймын,

Торғайларды қумаймын,

Айтқан сөзін тыңдаймын,

Анашымды сыйлаймын!

Отбасының ордасын,

Періштелер қорғасын.

Тіккен әрбір отауға,

Тәңірім жақсылық жолдасын.

Нұржан:Ардақты ана, аяулы ана, қымбаттым,

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың.

Өміріме нәрін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Нұржайна:Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың,ардақтысың,данасың.

Қарайтыным қас-қабағың бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме,анашым!

Кырымбек:Анам менің күн көзіндей шуақты,

Даладай кең, таулы өзендей қуатты.

Дүниедегі жақсылықтың барлығы,

Жан анадан тарап жатқан сияқты.

Ақерке:Ана деген-өмірдің кәусар бұлағы,

Ана деген-тіршіліктің шұғылалы шуағы,

Ана деген-теңдесі жоқ ұлылық,

Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.

Мейірдәулет:Ана дейміз бәріміз де аңқылдап,

Ана дейді жас сәби де жарқылдап.

Ана деген-бәйтерегі өмірдің,

Ана деген-алтын қазық,алтын бақ.

Айжан:Ана деген-жарық жұлдыз шырағың,

Ана деген-қайнар ыстық бұлағың.

Ана деген-өмірдегі қамқорың,

Ана деген-сүйенерің,жан құрбың.

Диас:Жүзімізге қараңыз,

Біз баққытты баламыз.

Бізге қымбат құшағыңыз,

Бізге қымбат анамыз.

Айтбек:Бала,бала, бала деп,

Түнде шошып оянған.

Түн ұйықысын төрт бөліп,

Түнде бесік таянған.

Назерке:Өзіңсің өмірдегі асылым да, ардағым да,

Бір өзіңе ақтарып сыр,жыр арнадым.

Анашым,айтарым көп тіл жетпейді,

Бір сендей асыл адам таба алмадым.

Диана:Адалдыққа баулыған әуел бастан,

Сақтадың оттан,судан,тау мен тастан.

Ақ ботаңды демей гөр,жан анашым,

Үлкен өмір жолында аяқ басқан.

Жанболат:Ақыл айтып баптаған,

Анам үшін мақтанам.

Аялаған ұрпақтарын

Көп жасасын жақсы адам.

Султанбек:Кемеңгерсің,данасың,

Арқа тұтар панасың.

Еңбегіңді ақтаймын,

Аман болшы анашым.

Наргиза:Ана десем сезім билер тым ыстық,

Жарасымды адамдарға туыстық.

Бар адамға берсе ананың мейірімін,

Орнар еді бар әлемде тыныштық.

Кәусар:Адам бар ма ана сүтін татпаған,

Алуан-алуан ауыр сынды аттаған.

Адалдық, ар намысын сақтаған,

Мен оның сонысына мақтанам.

Бекасыл:Жан анам ,құттықтаймын мереке күніңмен,

Көктемнің құлпыра бер бар гүлімен.

Өрлесін елдің берген бақыт бағы,

Жазбасын шат көңілің ақ күніңнен.

Көрініс:

Би: «Көктем»

Би: «Джентельмен»

Тәрбие сағатымызды «Аналар туралы жыр.» атты әнімен аяқтаймыз.















































Ембі қалалық № 3 орта мектеп



Тәрбие сағаты



Тақырыбы: «Аяулы жан-Анашым»



Сыныбы: 2 «б»



Сынып жетекшісі:Курмашева С.А.











2015-2016 оқу жылы

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.04.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Конспекты
Просмотров71
Номер материала ДБ-014987
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх