Инфоурок Начальные классы КонспектыТәрбие сағаты Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!

Тәрбие сағаты Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!

Скачать материал

Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!

Мақсаты:Балалардың жыл бойы алған білімдерін бекіту.Білгендерін ортаға салып қорытындылау.Берілген міндеттерді өз беттерімен орындап,жауапкершілікті сезінуге тәрбиелеу.

 

Жүргізуші:Құрметті ата-аналар,ұстаздар және оқушылар!

Бүгін біз тәрбиелеген бүлдіршіндерімізді  1-сыныпқа шығарып салғалы отырмыз. Көз алдымыздағы тәп-тәтті, сүйкімді балақайларымыз мектепалды даярлықпен қоштасқалы отыр. «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді ашық деп жариялаймыз. Мектепалды даярлықпен бітіруші түлектерді қошеметпен ортаға шақырайық.

Айналайын балалар,

Алда Мектеп-Ана бар,

Өздеріңнен өседі,

Өнерпаздар, даналар.

 

Жүргізуші: Мектеп! Қандай тамаша сөз! Осы бір сөзде терең ұғым жатыр емес пе?! Мектепте өзіңе дос табасың,үлгілі сыйлы болу, жақсы оқу әрбір мектеп оқушылардың ең басты міндеті.

     Алдарыңызда мектепалды даярлық топтарының «А», «Ә», «Б»  оқушылары өнерлерін көрсетеді.

Мектеп деген білім кені, жыр кені,

Мектеп деген ғылымның ең үлкені.

Мектеп деген тәрбиеші адамға

Мектеп деген даналардың мекені, - дегендей түлектердің орындауында

Хор: «Үйретеді»

 

Би: «Б» тобының биші қыздары  Қазақ  биімен

 

Жүргізуші: «А» тобының кішкентай бүлдіршіндері тәп-тәтті –сүйкімді,сыңғырлаған дауыстарымен айтылатын тақпақтарын тыңдайық.

Мұқағали: Талай-талай баспалдақты аттармыз,

                     Ата-ананың үмітінде ақтармыз.

                     Апай сізден алған ақылды

                     Есімізде өмір-бақи сақтармыз.

  Жанель:   Жеті жасқа толамыз

                     Әдепті  бала боламыз.

                     Қуантып ата –ананы

                     Мектепке  кетіп  барамыз

 Орынай:   Биыл күзде мектепке,

                     Біріншіге барамын.

                     Мақтанбаймын мен текке,

                     Дайын дәптер,қаламым.

       Сафа:   Биыл алты жастамын

                     Кітапты оқи бастадым

                     Әріптерді танып мен,

                      Енді жаза да аламын

Бекарыс:     Мектеп қамқор анамыз

                      Оқу білім аламыз

                      Өнерпаз боп өсетін

                       Біріншіге барамыз

 

Би: «Ә» тобының бишілері «Домбыра» биімен

 

Жүргізуші: «Ә» тобы бүлдіршіндерінің тақпақтарын тыңдайық

Айжан:    Тәрбие берген ұямыз,

                  Тәртіпті бала боламыз,

                   Қоштасып әдіскер апаймен,

                   Біріншіге барамыз.

Арайлым:Мектепке енді барамыз,

                   Үлгілі оқушы боламыз.

                   Жақсы оқып сабақты,

                    Кілең бестік аламыз

Назерке:   Мектеп  біздің  панамыз,

                   Мектеп  біздің  анамыз,

                   Ұлағатты  ұстаздан

                   Оқып,  білім  аламыз.

    Абай:     Даярлықтағы күндерді

                   Есімізде сақтаймыз.

                   Апай сіңірген

                   Еңбегіңізді ақтаймыз.

 Ислам:     Ана тілін ардақтап,

                   Ана салтын біз көрдік.

                   Сурет салып, ән жаттап,

                   Оқып, жазып үйрендік.

Аружан:   Мектепке биыл барамын,

                   Қолыма кітап аламын,

                   Дайын тұр сауыт-сайманым,

                   Дайын тұр жазар қаламым.

Алия:        Көмектескен бәріне,

                   Өссін деп ақыл санамыз.

                   Ағылшын Нағима апайға

                   Көп рахмет айтамыз.

 

Би: «Б» тобының бишілері Лезгин  биімен

 

Би : «Ә» тобының қыздары  Мадина мен Аружанның  орындауында «Гимнастика» биі

 

 

Осы кезде «Бестік» кіреді.

Бестік:- Сәлеметсіздер ме? балалар, мен сендердің достарыңмын, менің атым «Бестік». Мектепте мен сендердің достарың боламын.

Мен сендердің мектепке дайын екендеріңді білу үшін бірнеше тапсырмалар бергім келіп отыр.

1-    тапсырма. Кім жақсы санамақ айтып бере алады?

                    Бір дегенім – білім.

                    Екі дегенім – елім,

                    Үш дегенім – үміт,

                    Төрт дегенім – түлік,

                    Бес дегенім – бесік.

                    Алты дегенім – асық,

                    Жеті дегенім – желім.

                    Сегіз дегенім – сенім,

                    Тоғыз дегенім – төзім,

                    Он дегенім – өзім.

Бестік: 2-ші тапсырма: Ал, енді маған кім қандай мақал-мәтел  айтып бере алады?

 

 Кітап білім  бұлағы,            Жердің  сәні  егін,            Білекті бірді  жығар,

 Білім  өмір  шырағы.           Ердің  сәні  білім.             Білімді  мыңды  жығар.

                                   

Бестік:  3-тапсырма: 

      Енді маған кім кері және тура санап береді?

Бестік: Өте жақсы балалар, сендер айналаны  қоршаған орта пәнін өттіңдер ме?

Балалар:  Иә, өттік

Бестік: Бұл пәннен сендер табиғаттың неше түрі бар екенін білесіңдер ме?

Балалар: Тірі және өлі табиғат болады.

Бестік: Өте жақсы балалар,енді « Кім білгір» ойыны арқылы сендердің білімдеріңді тексергім келіп тұр.       

 Балаларға  сұрақ   қою  арқылы жылдам  толық  жауап  алу.

-Өлі табиғатқа нелер жатады?

-Ал тірі табиғатқа нелер жатады?

-Бір жылда неше мезгіл бар? Оларды атаңдар.

-Үй жануарларларын атау.

Бестік: Балалар сендер өте білімді, өнерлі балалар екенсіңдер.Мен сендердің келешектегі достарыңмен таныстырып өтейін деп едім, енді соларды ортаға шақырайық.(Математика, әліппе,  дәптер, күнделік кіреді).

 

Әліппе  Лағыл: Менің атым әліппе,

                             Мені анаңдай дәріпте.

                             Мені оқып, ержеткен,

                             Бауыржан да, Мәлік те.

 

Математика  Сұлтан:Біздің келер шамамыз,

                                         Бестен үшті аламыз.

                                         Төртті бөліп екіге,

                                         Жауабын тез табамыз.

          Дәптер  Әселім :Ел құрметтеп бағалар,

                                         Досың бар ол тазалық.

                                         Кел, дәптерге балалар,

                                         Тап-таза етіп жазалық.

      Күнделік  Мадияр: Жазулы менде әр күнің,   

                                         Бар мінезің, тәртібің.

                                         Дос болайық, жарқыным,

                                         Жолдасымсың сен менің.

Хор: Достық әні

 

Жүргізуші: «Б» тобының тақпақтарын тыңдайық

   Заңғар: Мектепке енді барамыз,

                  Оқимыз, сауық құрамыз.

                  Қашық емес арамыз

                  Апайға келіп тұрамыз.

Перизат:  Тамылжытып ән салдырып үйреткен,

                  Мың бұрала биімізді үйреткен.

                  Камила  апайға  алғыс айтамыз,

                  Мың қайтарар сәби бала жүрегін

Адайбек: Жақсы көрем әрдайым,

                  Әрқашан бізге жалықпай,

                  Орыс тілін үйреткен,

                  Камила апайға мың алғыс.

Азат:        Үлкендердей тап- таза,

                   Жазамыз бормен тақтаға.

                  Үлгілі бала боламыз,

                  Жүретіндей мақтана.

Ислам:     Ұстаздардың ұстазы,

                  Тәрбиенің ұстасы

                  Меңгеруші апайға

                  Ырза шеше, әке де.

Ибрагим: Бізде мұнда әрдайым

                  Бәрі-бәрі дап-дайын.

                  Қамымызды ойлаған

                  Апайға мың алғыс!

 

 

Би: «Ә» тобының биші жігіттерінің орындауында «Маряк» биі

 

Би: «Ә» тобының биші қыздары «Қамажай» биімен

 

Би:  «Заманауи биі» барлық топ бірге билейді

 

Ойын: «Кім жылдам? »

Шарты:

Үстелдің үстіндегі әртүрлі заттарды өз орындарына сөмкеге және пеналға дұрыс орналастыру. Мысалы:сөмкеге: карындаш, қалам,өшіргіш,дәптер,сызғыш, т.б заттарды салу. Кім жылдам әрі дұрыс сала білсе, сол жеңімпаз атанады.

 

Ән: «Ә» тобының сүйкімді қызы  Әселімнің орындауында «Анашым» әні

 

Би: «Вальс» барлық топтың  балалары  билейді

 

Жүргізуші: - Міне, балаларымыздың жүректері лүпілдеп мектепке қадам басқалы тұр. Бойларындағы бар өнерлерін сіздерден аямай барынша тырысып көрсетті. Сіздерге ақ жол тілеймін, балалар. Сапарларың оң болсын бүлдіршіндер!

      Құрметті ұстаздар, ата-аналар,қонақтар мен бүлдіршіндеріміз! Бүгінгі біздің «Біз мектепке барамыз» атты ертеңгілігімізді аяқтамас бұрын,ата-аналарға сөз кезегін береміз.

      Келесі сөз кезегі директордың тәрбие жөніндегі орынбасары Қонысбаева Самал Алтайқызына беріледі.Бастауыш сыныптың меңгерушісі Құлбарақ Рысгүл Қожабергенқызына беріледі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты Тақырыбы: Біз мектепке барамыз!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Менеджер по управлению сервисами ИТ

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 985 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 14.10.2015 1606
    • DOCX 64 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сатова Турсынгул Зайырбайқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сатова Турсынгул Зайырбайқызы
    Сатова Турсынгул Зайырбайқызы
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 11728
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Инклюзивное образование в начальной школе

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 28 регионов
  • Этот курс уже прошли 159 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания в начальных классах компенсирующего и коррекционно-развивающего вида

Учитель начальных классов компенсирующего и коррекционно-развивающего образования

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 279 человек из 54 регионов
  • Этот курс уже прошли 887 человек

Курс повышения квалификации

Возрастные особенности детей младшего школьного возраста

36 ч.

1700 руб. 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 127 человек из 50 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 092 человека

Мини-курс

Успешные деловые сделки: от встреч до заключения контракта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: особенности занятий и специфика питания

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 118 человек из 43 регионов
  • Этот курс уже прошли 38 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии продаж: воронка, агрегаторы и мессенджеры

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе