«Достық
біздің тірегіміз»
Сабақтың мақсаты:
Білімділік:
Оқушыларға адам бойында болатын достық сезім
қасиеттері қастерлі сезім екендігіне көз жеткізу,
балаларды достарымен жағым ды қарым-қатынас
жасауға үйрету.
Дамытушылық:Оқушылардың
достық туралы ой –пікірлерін, өзара
көмек
қарым-қатынастарын дамыту.
Тәрбиелік:
Татулыққа, достыққа, адал дос таба білуге тәрбиелеу.
Көрнекілігі:
нақыл сөздер,мақал –мәтелдер,шарлар
Барысы:
Жүргізуші: Құрметті
ұстаздар, оқушылар бүгінгі «Достық біздің тірегіміз» атты ашық
тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер!
Қайырлы күн , ұстаздар мен
оқушылар! Жалпы дос дегеніміз қалай болу керек екені бәрімізге
белгілі.Бірақ кейбіреулер дос деген сөздің терең мәнін ұғынбайды.
1-оқушы:
Шын дос үшін қалайда,
Тік басыңды қатерге.
Айыра біл алайда-
Досың менен қасыңды.
2-оқушы:
Ағайын жат та болса көзге тәуір,
Өкпем жоқ, кеудемдегі
бәрі бауыр.
Жауымның дәлдеп
салған найзасынан
Досымның саусағымен
шерткен ауыр.
3-оқушы:
Нағыз дос бір-біріне тарылмайды,
Жуырда түрткеніңе
жарылмайды.
«Жақсы-жаман айтар»
деп елемейді,
Бақ дәулет сол адамнан
арылмайды.
Жүргізуші:Сәлем,
өрен достарым,
Өмірге кеп қосқаным.
Молайтыңдар шаттықты
Би билеңдер бақытты.
Келесі кезекті биге
береміз.....
Би:
« Қазақша би»
Жүргізуші:
Ендігі кезекті ұлы далаларымыздың достық туралы нақыл сөздеріне
берейік.
4-оқушы:
Досы жоқпен сырлас,досы көппен сыйлас.
5-оқушы:
Жаман дос - көлеңке: басыңды күн шалса қашып құтыла алмайсың, басыңды
бұлт шалса іздеп таба алмайсың.
6-оқушы:
Жақсымен дос болсаң,
Алдыңнан шығар
елпектеп.
Жаманмен дос болсаң,
Сыртыңнан жүрер
өсектеп.
Жүргізуші:
Иә, достық деген –қасиетті сөз, қасиетті сезім, ол тек жөні түзу
адамдар арасында қалыптасып, өзара құрмет негізінде ғана дамиды.
Ендігі кезекті достық туралы
мақал-мәтелдерге берейік!
7-оқушы: Сенімді
дос –тірегің
Қалдырма оны бір
елі.
8-оқушы:
Алдымен достық қамы,
Содан соң бастың
қамы.
9-оқушы:
Дос жылатып айтады,
Дұшпан күлдіріп
айтады.
Ән:
«Болайықшы осындай»
Би:
«Қара жорға»
Жүргізуші:
Ашу дұшпан,
Ақыл дос,
Ақылыңа ақыл қос
,- дегендей ендігі кезекті «Мақал – мәтел жалғастыр» ойынына береміз.
10- оқушы: Әрқашан дос, біргеміз,
Ажырамас іргеміз.
Ілгері жүріңдер,
Достық жырын
біліңдер.
Ту ғып ұстап
бірлікті,
Еңбекті сүйіңдер!
11-оқушы: Дос
болайық бәріміз,
Жарасып тұр әніміз.
Тыныштықты сақтаймыз,
Атсын күліп таңымыз.
12-оқушы:
Жақсылыққа бақытқа,
Талпынған әр
уақытта.
Бала біткен дос
бауыр,
Болмасын еш
тосқауыл.
Ойын: «Себеттен сұрақ алу»
1.Жақсы дос, жаман дос қандай болады?
2.Досыңыздың басына қиындық түсті, не
істейсіз?
3.Дос қандай болу керек?
4.Қандай адамдар досқа лайық?
5. «Достық көмек» дегенді қалай
түсінесіңдер?
13-оқушы:
Жабырқауды білмейміз,
Жалқаулықты
сүймейміз.
Біз талапты жас
ұлан,
Үлгі аламыз
жақсыдан.
14-оқушы:
Өмір деген жарыста
Шаттанғын , дос, қалыспа!
Қорытынды.
Жүргізуші:
Балалар, мен сендерге мынадай достық ережесін ұсынғым келеді.Осы
ережелерді ұсынғым келеді.
Осы ережелерді есімізде сақтайық!
«Достық» ережесі.
·
Достыңды алдама, оған адал бол.
·
Қиын кездерде бір-біріне көмек көрсетіңдер.
·
Досыңды қорлама.
·
Досыңмен қызықты шақтарды бөлісе біл.
·
Досыңның кемшілігін кешіре біл.
Жүргізуші:
Достығымыз әрқашан берік болсын! Достарымызға және өзімізге тек қана
жақсылық сыйлайық!
Келгендеріңізге көп-қөп рахмет!
Өткізген: Уразбаева Жадыра
Абдихалиловна №54 жом бастауыш сынып
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.