Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты тақырыбы: «Елбасы – елімнің тірегі»

Тәрбие сағаты тақырыбы: «Елбасы – елімнің тірегі»


  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Тәрбие сағатының тақырыбы: «Елбасы – елімнің тірегі»

Мақсаты:Оқушыларға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы жан-жақты түсінік қалыптастыру, елбасының қоғамға мемлекетке сіңірген еңбегі, экономика мен саясаттағы реформаларына талдау жасау арқылы білімдерін толықтыру..

Көрнекілігі: Елбасының суреті, тірек-сызба, еңбектері, «Егеменді елім-мақтанышым менің» буклет, «Қазақстан-менің Отаным» буклет, елбасына тұңғыш рет бата берген абыз ақын Ш.Абеновтың суреті.

Қазақстан – егеменді ел, тәуелсіз ел,

Болашаққа нық басып буынған ел.

Көкке өрлеген, байрақты желбіретіп

Қуаныш пен шатыққа қадам басты ел.

Шартарапта шаттығыңдай азат күн,

Ғасыр сүйіп тұрғандайын ғажап күн!

Көк байрағы, Елтаңбасы, бірлігі,

Шалқи берсін Әнұраны қазақтың!

Қазақстан Республикасы әнұранын орындау.

Кіріспе сөз

Тәуелсіздік! Қандай киелі сөз! Ата – бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт аңсап өткен киелі сөз! Осы тәуелсіздік жолында құрбан болған боздақтарымыз қаншама?! Олар елдің қамы, жердің қамы үшін қан төгіп, ақыр соңында солар төккен қызыл қанның арқасында «Тәуелсіздік» атты бақытты қолымызға қондыра білдік, осы киелі сөздің мағынасын ұғына білдік. Сондай оқиғаның соңғысы – «Желтоқсан оқиғасы». «Елім, жерім » деп қыршынынан қиылып, құрбан болған боздақтарымыздың есімдері сан ғасырлық тарихы бар еліміздің тарихынан, санасынан ұмытылмақ емес. Міне, осындай ұлтжанды, батыр азаматтарымыздың арқасында 21 жылдан бері тәуелсіз, бейбіт елміз. Тәуелсіз ел болған соң сол елдің тізгінін ұстар, болашаққа бастар басшысы болуы керек. Біздің бүгінгі сабағымыз елдің елдігін, халқының қамын ойлаған еліміздің алғашқы президенті, елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.

Мұғалім:Нұрсұлтан Назарбаев-мемлекеттігімізді орнатып,оны қалыптастырып, экономикасын реформалау арқылы өзін де, елін де әлемге мойындатқан заманның аса дарынды тұлғасы. Аумалы-төкпелі алмағайып заманда мың өліп,мың тірілген қазақ үш ғасыр бойы іздеген мұратына да,арманына да Н.Ә.Назарбаев тұсында жеттік. Билік тізгінін қолына ұстаған жылдардағы Президентіміздің жарқылдаған келбетін,биік болмысын,кемел дарынын,ел басшысы ретінде көсемдік қасиеттерін бүгінгі ұрпақ жақсы білуге тиіс.

Н.Ә.Назарбаев-ұлттық дәстүрде тәрбиеленген,халқының бар қадір-қасиетін бойына жинаған, тілін, тарихын, мәдениетін,әдет-ғұрпын,салт-дәстүрін жетік білетін,ұлтын жан-тәнімен сүйетін,оның мәртебесін өсіріп келе жатқан,халқының үмітін,сенімін ақтап келе жатқан ұлтжанды азамат;

-қалың елінің жанашыры,мұңдасы,тағдырласы;

-қорыққанға қорған,тарыққанға пана, зарыққанға сана бола білетін өз елінің шын перзенті;

- алдағыны болжай білетін,ертеңгісін де оза ойлай білетін көсем;

- елдің жүгін көтеріп келе жатқан қара нары;

- халықаралық қауымдастыққа кеңінен танылған,өркениетті елдердің басшыларымен терезесі тең сөйлескенде сөз алатын, егескенде еңсесін басатын, елдескенде мейірімін шашатын сарабдал саясаткер.
Сандар сыр шертеді

196069 жж. — Қарағанды металлургия зауытында жұмыс істеді.

196973 жж. — Қарағанды облысы Теміртау қаласындағы партия-комсомол жұмыстарында жауапты қызметтер атқарды.

197377 жж. — Қарметкомбинаттың партком хатшысы.

197779 жж. — Қарағанды облыстық партия комитетiнiң хатшысы, 2-ші хатшысы.

197984 жж. — Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы.

198489 жж. — Қазақ КСР Министрлер Кеңесiнiң төрағасы.

198991 жж. — Қазақстан КП ОК бiрiншi хатшысы,

1990 ж. ақпансәуір аралығында Қазақ КСР Жоғары Кеңесiнiң төрағасы болды.

1990 ж. сәуірінен — Қазақ КСР президенті.

1991 ж. желтоқсанның 1 -інде тұңғыш рет Қазақстан Республикасы Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев басым дауыспен (98,7 %) жеңіске жетті.

1995 ж. сәуірдің 29-  жалпыхалықтық референдум нәтижесіндеҚазақстан Республикасы Президенті Н.Ә.Назарбаевтың өкілеттігі 2000 ж. дейін ұзартылды.

1999 жқаңтардың 10-ында өткен жалпыхалықтық сайлаудың нәтижесiнде

Н. Назарбаев 79,78 % дауыс алып, Қазақстан Республикасы Президентіболып қайта сайланды.

2005 жжелтоқсанның 4-інде сайлаушылардың 91,5 % дауысын алып,Қазақстан Республикасының Президенті болып қайта сайланды.[1]

2011 жылы 4-сәуірде 95,5 пайыз дауыс алып Президент болып қайта сайланды. 

Н.Ә.Назарбаев – бүгінгі заман лидері

Қорытынды:

Елбасымыз саған мәңгі разымыз,
Үлкен - кіші, ағайындар – бәріміз.
«Ұлтым, елім» деп қайғырған ұлы жан,
Сіз біздердің піріміз де, әніміз.

Біздің президентіміз – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев Мемлекет басқару ісі – машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық. Тәуелсіздігімізді алғаннан соң халықтың басын біріктіріп Н. Ә. Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен Отанымызды әлемге танылды. Елім елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күманданған жандар болған екен. Бірақ ар - намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді.






Автор
Дата добавления 12.05.2016
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров43
Номер материала ДБ-077939
Получить свидетельство о публикации


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх