Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты . Тақырыбы: Елдіктің елдігі бірлігінде

Тәрбие сағаты . Тақырыбы: Елдіктің елдігі бірлігінде

Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Елдіктің елдігі - бірлігінде
Мақсаты:
Қазақстан Республикасындағы халықтардың ынтымақтастықпен, бірлікпен, тең құқықпен өмір сүріп жатқандығын және оны үлгі етіп, әр халықтың салт - дәстүрлерін сақтап келе жатқан қаншама ұлттардың салт - саналарынан хабардар ету, балалардың өз өнерлерін көпшілік ортаға салу арқылы шығармашылық білімдерін көрсету, балалардың жаңа қырларын ашу.
Көрнекілігі: тақырыбы, слайд - суреттер, балалардың әр ұлт өкілдерінің киім үлгілері.

Барысы:

Мұғалім:
«Бірлік – берекеге, береке – мерекеге жеткізеді»,- деп дана халқымыз айтқандай, алдымызда 1- мамыр мерекесі келе жатыр. Міне, тәуелсіз Қазақстан халқы кезекті Бірлік мерекесін тойламақ. 1 - мамыр бұрындары халықаралық ынтымақ күні ретінде мерекеленсе, қазір елімізде өмір сүріп жатқан ұлттар мен ұлыстардың татулығы мен достығы күні ретінде аталады.

Бұл күн - әрбір қазақстандық үшін Отанға деген сүйіспеншілік пен патриоттық сезімнің, азаматтық борыш пен жалпы ұлттық келісімнің мерекесі. Халық бірлігі мерекесі күні ел азаматтары ұлт пен ұлыстың өткен кезеңдегі тарихы мен оның сабақтарын дәріптеп, әлемдік қауымдастық тарапынан жоғары бағаланған қазақстандық татулық пен келісімді паш етеді.Құрметті ата- аналар, ұстаздар және оқушылар сіздерді 1-мамыр мерекесімен құттықтай отырып, назарларыңызға «Елдіктің елдігі- бірлігінде» атты 3ә сынып оқушыларының дайындаған тәрбие сағатын ұсынамыз.

Ендеше , «Еркем-ай» би тобын қарсы алыңыздар!

Жүргізуші: Жаса елім, жаса достық бірлікпен,
Көштен қалма, қалма және тірліктен.
Елім менің – Қазақстан Отаным,
Алға өрле үшінші мың жылдықпен
Тек достықпен, өзгеде ел - халықпен - деп бүгінгі тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз.

Жүргізуші:
Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары

Татулық пенен бірлікке ынтық, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!

1-жүргізуші: Қазақстан бүгінде ұлттар мен ұлыстар мекендеген достық пен туысқандықтың, ынтымақ пен ырыстың ордасына айналды. Елбасы Н.Ә.Назарбаев халықтар достығы бірлік пен татулық орныққан елдің жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болуы керектігін ұлы міндет етіп қойды. Қазақстан халықтары осынау ұлы көштің басында қол ұстасып бірге жүрмек.

2-жүргізуші

Назданып бүгін өмір нұрлы күні,

Қыр беттің қызғалдаққа тұнды гүлі.

Мамыр боп, айбары асып асқақтайды,

Еңбек, Бақыт, Береке, Бірлік күні

1-жүргізуші:

Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

2-жүргізуші:

Ынтымақ, бірлік, достық, татулық

Бабалардан қалған дәстүр айтулы

Түгелденіп төртеуіміз төрде тұр

Тәуелсіздік туы мәңгі тұғырлы

Құрметті қонақтар! Жүздерімізге шуақ, бойымызға қуат әкелген 1-мамыр Қазақстан Халықтарының ынтымағы мен бірлігі күні құтты болсын!

1-жүргізуші: Ән: «Атамекен», орындайтын Шыңғыс Исатай

Жансая: Біз қазақпыз, батырмыз,
Байтақ ел боп жатырмыз.
Біз қазақпыз, арманбыз,
Батыр ел боп қалғанбыз.
Біз қазақпыз қаһарман
Жар салатын жаһаннан.
Біз қазақпыз, арыспыз,
Ер жүректі барыспыз

Тоғжан: Орыс, ұйғыр, неміс те

Үміт қосып жеңіске!

Жұдырықтай жұмылды

Келешегі кең іске!

Өзіңдікі – Туың да,

От пен ауа, суың да!

Жаса, Қазақстаным,

Белді бекем буын да!

Ерасыл: Ақ қара деп алдымен,
Елім бөлмес адамды,
Дәстүр, өнер, салтымен
Таңқалдырған ғаламды

Назерке С: Қырғыз, қазақ, өзбектер,
Монғол, ұйғыр, үнділер,
Армян, тәжік, грузин,
Орыс пенен украин
Терезесі тең жатыр


Сатыбалды: Жырласа қазақ, түркімен,
Сыған ,тәжік үн қосқан.
Дос жүректер біріккен,
Мейірлері жарасқан.


Нұрайша: Тыңда, тыңда, тыңда мені,
Ұлы жұртым орыс халқым.
Сен тербетіп өсіргенсің,
Сенің даңқын, менің даңқым.

Еркебұлан: Кім сүймейді ет жақынын, туысқанын,
Украина туысымның бірісің.
Тұрады биік туымыздай бұл достық,
Ел басына төнгенде де ұлы сын.

Гүлназым : Қадірменді бір досымыз- өзбегім,
Қалтқысы жоқ демің бейне өз демім.
Өз сөзімдей жаңға жайлы сөздерің,
Өз көзімдей күлімдейді көздерің.
Дәм тұзымыз араласпыз әріден,
Дастарқандар жайылады сәнімен.
Палауыңмен бесбармағым сыбайлас,
Кезек жейміз алма, өрік дәміңнен.

Айсамал : Жолым түсіп, тағдыр талап,
Грузин дос болдым қонақ ,
Қазағымдай кең пейілің,
Дастарханды жайдың мол- ақ.

Исатай: Қазақ, қырғыз бір сананың егізі,
Екі жұрттың бірге екен негізі.
Қазақ озса – ол қырғыздың мерейі,
Қырғыз озса- ол қазақтың жеңісі.
Қазақ- қырғыз туыссыңдар , доссыңдар,
Бір тамырдан сендер өскен қос шынар.
Дос туыстар көп болса да дүниеде,
Нақ сендердей нағыз туыс жоқ шығар.

Әсем : Кім білмес қазағымның қою шайын,
Жал-жая, қазы-қарта, құрт пен майын.
Ақ тілекпен әрбір келген қонағына,
Құрметпен шығаратын төрі дайын.
Келіңіз ұсынамын төрден орын,
«Досым» деген адамға міне қолым.
Әр қазақтың жүрегінде осы тілек,
Адамзат, оң сапарда болсын жолың.

2-жүргізуші: Хор: Біз бейбіт ел ұланы


1- жүргізуші: Көрініс: «Өзбек пен грузин айтысы».
Өзбекке таңырқай қараған грузин өзбектен:
- Сенің ұлтың кім?
- Өзбек.
- Сен өзбек болсаң өз еліңе неге бармайсың?
- Менің өз елім – Қазақстан.
- Жоқ сен Өзбекстанда тұруың керек!
- О ,не дегенің! Мен Қазақстанда тұрамын.
Мен Қазақстанды өз Отаным деп білемін.
- Сен өз еліңе қалайда кетуің керек?
- Ал сен грузинсің ғой! Сен мұнда не істеп жүрсің?
- Сен де өз еліңе бар! (осылай дауласып жатқанда, қазақ жігіті келеді)
- Балалар осыншама неге дауласып, жатырсыңдар? Менің білгім келеді.
- (Екеуі қосарлана) Біз әрқайсымызды өз еліңе бауырың керек деп жатырмыз. Қайсымыздың кетерімізді білмейміз.
- О не дегендерің! Біздің Отанымыз Қазақстан көп ұлт мекендейтін мемлекет емес пе?
Мұнда өзбек те, грузин де, орыс та тағы басқа тұра береді. Тұрғанда тату-тәтті тұрып жатыр, ал сендер дауласасыңдар келіп. Олай болса, біз де неге дос болмасқа! Қане, салыңдар қолдарыңды!
- Жарайды, жарайды! (Келісіп қолдарын салады).
- (Бірге қосылып) Біз доспыз, біз әрқашан біргеміз.

2-Жүргізуші: Хор: Достық

1-жүргізуші:

Қазақ осы айтатұғын елге сыр,

О, ағайын халық емес ол кесір.

Қазақ осы аңғал-саңғал жабусыз

Қазақ осы ағыл-тегіл, көл-көсір.


2-жүргізуші: Қазақ осы дала дейтін, күн дейтін

Қазақ осы өнер алды тіл дейтін

Қазақ осы қарасың ба, ақсың ба?

Қоңырсың ба жатырқауды білмейтін,

1 – жүргізуші: 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары Ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
2 - жүргізуші
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
1 - жүргізуші
Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады.Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз. Бүгінгі мерекемізде біз 6 ұлт өкілдерінің басын қосып отырмыз. Олар өздерінің өнерлерін көрсетпекші.
2 - жүргізуші
Ағайын - туған - бар адам.
Адалдық үшін жаралған.
Бар қымбат туыстық,
Баянды болсын тыныштық! - дей келе алғашқы кезекті өзіміздің ұлттық биімізді шашу ретінде жолдайтын өз ұлтымыздың өкілдерін шақырамыз

1-жүргізуші: Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз ,- деп орыс ұлтының өнерін тамашалауға шақырамыз.

2-Жүргізуші: Бұралып гөзел біздің билегенде,

Өзбектің асқақ әні тербегенде,

Қол соқпай дәті шыдап тұра алар,

Құрбылар, айтындаршы қандай пенде?! Ортаға Өзбек халқын шақырамыз!

Жүргізуші: Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысын, бар халқымның ынтымағы!

Бармысын, қазағымның ынтымағы!

(Сахнаға Грузин халқын шақырамыз)

Жүргізуші:

Ынтымағы жарасқан берек күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн,- деп енді сахнаға Үнді ұлтының өкілдерін шақырамыз.

жүргізуші:

Қазақ жері - достықтың гүлстаны,
Дарқан өлкем - мерейлі ырыс бағы.
Күрестерде, еңбекте, мерекеңде,
Мұнда сан ұлт қолдасып ту ұстады, дей келе Сыған халқының өнерін тамашалауға шақырамыз.

Ән:.«Жаса , Қазақстан!» . Барлық оқушылар қолдарына жалау ұстап, ортаға шығады.

1-жүргізуші:

Ұлыстарымыз тамыр болған ежелден,

Кімдер қашсын қазақтайын ер елден

Достығымыз ғасырларға жарасқан

Туған елім, шарықтай бер кемелден!

2-жүргізуші:

Осымен 1- мамыр Қазақстан Халықтарының Бірлігі күніне арналған тәрбие сағатымыз аяқталды. Отанымыз тыныштықта, еліміз бейбітшілікте болып, күн сәулесі бақыт нұрын шашсын!

Қорытынды . Ұстаздарға, ата- аналарға сөз беріледі.




Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

Автор
Дата добавления 27.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров138
Номер материала ДВ-200792
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests


Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх