Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Классному руководителю / Презентации / Тәрбие сағаты тақырыбы "Интернационалист-жауынгер"

Тәрбие сағаты тақырыбы "Интернационалист-жауынгер"

  • Классному руководителю

Поделитесь материалом с коллегами:

АСҚАР АХМЕТБЕКҰЛЫ БЫХИН (1961—1980) — ауылымыздың интернационалист-жауынгер ұ...
Мазмұнына қайта көшу АСҚАР АХМЕТБЕКҰЛЫ БЫХИН (1961—1980) БЫХИН Асқар Ахметбек...
Мазмұнына қайта көшу БЫХИН Асқар Ахметбекұлы командованиенің автомобиль колон...
Мазмұнына қайта көшу Мектебің, кешегі өзің өскен ортаң, Атыңмен бүгін сенің...
Мазмұнына қайта көшу Асқар ерлігі мен батырлығы үшін «Қызыл жұлдыз» орденіме...
Балам атындағы мектепке 30 жыл Туған жердің басып жүрмін топырағын, Жайқалған...
1 из 8

Описание презентации по отдельным слайдам:

№ слайда 1 АСҚАР АХМЕТБЕКҰЛЫ БЫХИН (1961—1980) — ауылымыздың интернационалист-жауынгер ұ
Описание слайда:

АСҚАР АХМЕТБЕКҰЛЫ БЫХИН (1961—1980) — ауылымыздың интернационалист-жауынгер ұлы Мазмұнына қайта көшу Біздің ауылдасымыз АСҚАР АХМЕТБЕКҰЛЫ БЫХИН 1961 жылы Қарағанды облысының Егіндібұлақ ауданындағы «Комсомол» совхозында дүниеге келген болатын. 1978 жылы «Доғалаң» совхозындағы орта мектепті аяқтады. Сол жылы Қарағанды кооперативтік инститтутың 1-курсын бітіріп, өз өтініші бойынша 1979 жылдың маусым айында әскерге алынып, арнайы дайындықтан өткеннен кейін Ауғанстанға аттанды.

№ слайда 2 Мазмұнына қайта көшу АСҚАР АХМЕТБЕКҰЛЫ БЫХИН (1961—1980) БЫХИН Асқар Ахметбек
Описание слайда:

Мазмұнына қайта көшу АСҚАР АХМЕТБЕКҰЛЫ БЫХИН (1961—1980) БЫХИН Асқар Ахметбекұлы – 51863 дала почтасы әскери бөлімінің атқышы, жауынгер. Совет Армиясына Қарағанды қаласындағы Теміржол аудандық әскери комиссариатынан әскерге алынған. 1979 жылдың 7 шілдесінен – 1980 жылдың 20 шілдесіне дейін Ауған Демократиялық Республикасында жауынгерлік борышын өтеді.

№ слайда 3 Мазмұнына қайта көшу БЫХИН Асқар Ахметбекұлы командованиенің автомобиль колон
Описание слайда:

Мазмұнына қайта көшу БЫХИН Асқар Ахметбекұлы командованиенің автомобиль колоннасын жауынгерлік күзету тапсырмасын орындау кезінде, танкіге тасадан оқ атылып, шайқас үстінде ерлікпен қаза болды. Шығыс Қазақстан облысы, Семей қаласы, Алғабас ауылындағы зиратқа 1980 жылдың 27 шілдесінде жерленді. Ата-анасы Асқардың басына ескерткіш орнатты.Онда мәрмәр тасқа ойылып жазылған мынадай жыр жолдарының күәсі боласыз: Бұл өлеңді Асқарға арнап әкесі Ахметбек атай шығарған екен. Бақшадағы гүлім едің, Жанып тұрған күнім едің. Арманда кеткен, боздағым, Өмірден түк көрмедің. Қош, қош ұланым, Опат болған, қыраным. Қолымнан сусын бере алмай, Артыңда қалып жыладым.

№ слайда 4 Мазмұнына қайта көшу Мектебің, кешегі өзің өскен ортаң, Атыңмен бүгін сенің
Описание слайда:

Мазмұнына қайта көшу Мектебің, кешегі өзің өскен ортаң, Атыңмен бүгін сенің аталады. Қара жер қайтіп енді тебіренбей, Бұл ақын үнсіз-түнсіз жата алады. Кешегі құлын-тайдай бірге ойнаған Өмірдің қызығына еш тоймаған. Басыңа тағзым етіп гүл қоюға, Достарың міне бүгін келіп жатыр. Ұмытпай сені мәңгі Асқар – баурым, Еске алып ас беруде бүгін ауылың. Ауғандағы соғыс салған жарақат, Шарпып өтті Асқардың да ауылын. Ғ.Сүйіндікова Асқарға арнау Бірге өскен, бірге оқыған бала жастан Жолдасым ең, адал жан араласқан. Қыршын дос, бұл өмірден кеттің ерте, Жан едің болашаққа қадам басқан. Өтеуге азаматтық борышыңды, Аттандың, мақұл көрдік сол ісіңді. Қорғауға Ауған елін кете бардың, Беруге қан майданға қол ұшыңды. Жан едің ел-жұртына болар нұсқа, Бұл тағдыр өміріңді қылды-ау қысқа, Жұлдыз боп ағып түстің,көрген түстей. Егіліп еске аламыз осы тұста, Келместің кеттің мініп кемесіне. Алады жолдастарың сені еске, 20 жыл бұл өмірден кеткеніне Есімің ұмтылмасын, ел есінде! Кластас жолдастары

№ слайда 5 Мазмұнына қайта көшу Асқар ерлігі мен батырлығы үшін «Қызыл жұлдыз» орденіме
Описание слайда:

Мазмұнына қайта көшу Асқар ерлігі мен батырлығы үшін «Қызыл жұлдыз» орденімен марапатталды. Өзі оқыған мектебі А.Быхин есімімен аталады. Жыл сайын волейболдан Асқарды еске түсіру турнирі болып тұрады. Ауылымыздағы әрбір адам оның ерлігіне бас иеді, әрқашан оның есімі біздің жүрегімізде сақталады. www.PHILka.RU:

№ слайда 6 Балам атындағы мектепке 30 жыл Туған жердің басып жүрмін топырағын, Жайқалған
Описание слайда:

Балам атындағы мектепке 30 жыл Туған жердің басып жүрмін топырағын, Жайқалған көріп жүрмін жапырағын. Ең ыстық махаббатым сенсің маған, Мен бүгін соларды айтып мақтанамын. Мектептің орналасқан жері қандай, Қол бұлғап айдаладан шақырғандай. Сәні мен салтанаты бірдей келіп, Иіліп көрген адам таң қалғандай. Мектебім көрінеді көркіменен, Білімге шақырады ертеменен. Мен неге қуанбаймын, шаттанбаймын, Бөбектер білім алса еркіменен. Бұл күнде мектебіміз ірге тепкен, Білімін шәкірттерге нәрін сепкен. Оқыған кілең жастар ұстазым бар, Із басып ағалардың орнын тепкен. Ұшырған талай түлек осы мектеп, Нәр алған талай шәкірт гүлдей көктеп. Білім алып, саналы азамат боп, Күні ертең арманына алда жетпек. Қалаған бұл мектептің ірге тасын, Ағартқан осы ауылда самай шашын. Бұл күнде зейнеткерлер қатарында, Сыйлайық Жақсыбектің алтын басын. Қадірлі ұстаз Кәмәш, Гүлшат анау Надя, Түн ұйқысын төрт бөліп деген бала. Көп жылдар бұл мектепте еңбек етіп, Білім берген жастарға ақыл сана. Қадиша, Жақсия мен Күлзейнелер, Жүздерінде жылылық бір бейне бар. Еңбегінің жемісін бүгін көріп, Құметті демалыста зейнеткерлер. Семейхан, Рымбек пен ұстаздарым, Олардан шәкірттерге кім білім берген. Құрметті демалыста бүгінгі күн, Жемісін еңбегінің көріп жүрген. Қарт ұстаз Жүніс, Мәжит арамызда, Зор денсаулық тілейміз ағамызға. 40 жыл ұстаз болып еңбек етіп, Үйреткен әліппені балаларға. Біреулер дегеніне жетпей кеткен, кемелденген шағында ерте кеткен. Кімдер келіп кетпеген бұл өмірге, Талайды көз алдымда бірге жүрген. Мәдени, Қари құрдастарым, Армандаған, аңсаған сырластарым. Үйретуден балаға жалықпаған, Арнаған тәрбиеге бар өмірін. Базархан, Әлханменен олар да өткен, Бірге өсіп, қол ұстасып қатар жүрген. Білім беріп жастарға өнеге боп, Аңсаған көкейдегі арманға жетпей кеткен. Өмірден барлығы да ерте кеткен, Аңсаған арманына жетпей кеткен. Ауасы сор, арқасын аяз қысып, Полигон ақырында алып кеткен. Біз бүгін еске аламыз барлығын да, Олар енді біздің жоқ қатарымызда. Ұрпағын, жеткіншегі артында бар, Аманат солар ғана бүгінге. 30 жыл шаттанамын шабысына, 30 жыл үлес қосам табысына. 30 жыл құттықтаймын тойыменен, 30 жыл мен де ортақ намысына. Тілеймін барлығына мол денсаулық, Болғам жоқ әлі ақтарып өткенімді. Жастарым аман-есен жүріңдерші, АСҚАРЫМ жасай берсін сендерменен. Жаңғыра бер, жасай бер жастарым, Әрқашан қосыла берсін бастарың, Ынтымақ, береке, бірлік нығайып, Іші күйіп қызғаныштық жасаған Қар тастай жерге кірсін қастарың! 25 мамыр 1994 жыл Алғабас ауылы АСҚАР БЫХИН атындағы орта мектептің 30 жылдық тойына Асқардың әкесі, осы мектепте жұмыс істеп, зейнеткерлікке шыққан Быхин Ахметбек Быхияұлының арнауы және жастарға берген батасы. Мазмұнына қайта көшу

№ слайда 7
Описание слайда:

№ слайда 8
Описание слайда:

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 17.01.2016
Раздел Классному руководителю
Подраздел Презентации
Просмотров332
Номер материала ДВ-348615
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх