Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Видеоуроки / Тәрбие сағаты Тақырыбы: Мектеп оқушыларының ережесі 3 "А" сынып

Тәрбие сағаты Тақырыбы: Мектеп оқушыларының ережесі 3 "А" сынып

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:

Мерзімі: 28.09.2015. Сынып: 3 «А» Мұғалім: Сарсенбаева Жайна Сынып сағаты Тақырыбы: Мектептегі оқушының міндеті мен ережесі Мақсаты: 1. Оқушыларға мектеп ережелері туралы әңгімелеу, түсіндіру. Балалардың білімге деген құштарлығын ояту.
2. Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту. 3. Оқушыларды ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: суреттер
Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі. Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу. Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отанды, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ. Ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерің бар.
Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуларың керек.

ІІ Білім керек бәріне
Оқу
білім бұлағыбілім өмір шырағы .
-
Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сен де білімді болсаңдар өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар.

3. Мектеп оқушыларының тәртіп сақтау ережелері

Бұл Ереже мектеп ғимараты мен аумағына оқушылардың тәртібін белгілейді. Ереже мақсаты- мектептің  тұрақтанған жұмыс жағдайын, әр оқушының оқуға, тұлғаның құқығы мен қадірін тәрбиелеуге, мәдени дамуға, қатынасудың  тәртібі мен машығының дамуына жағдай жасау.

1.Жалпы тәртіп сақтау ережелері: .1. Оқушы мектепке сабақ басталмастан 15-20 минут бұрын мектеп бұйрығына сәйкес таза және ұқыпты мектеп формасымен келіп, киім ілінетін бөлмеде сыртқы киімін шешіп екінші ауыстыратын аяқ-киімін киеді. Кейін сабақ өтетін сыныпқа барып, өз жұмыс орнына отырып, сабаққа керекті құралдарды дайындайды.

 1.2. Мектепке және мектеп территориясына  салқын қарулар, жарғыш немесе өртке қарсы, алькогольды сусындар, наркотиктер, газ баллондарын, сағыз, чипсы, улы және дәрігер қолдануға қатаң тыйым салынған  басқа да  заттар әкелуге тыйым салынады.

Тексерілді: --------------

 1.3. Мұғалімдердің келісімінсіз оқушыға сабақ уақытында мектептен кетуге рұқсат етілмейді. Оқушы сабақ жіберген жағдайда сынып жетекшісіне сырқаттануы туралы дәрігерден анықтама немесе сабақ жібергенінің себебі туралы ата-анасының қолхатын беруі тиіс. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді;

 1.4. Оқушы мектепте оқу құралдарымен (дәптер, оқулық, күнделік), сабақ кестесіне сәйкес орындалған үй тапсырмасымен келеді. әкелу тиіс,).

 1.5 Оқушы үлкендерге құрмет, кішілерге ізет көрсетуі тиіс; Оқушылар, мұғалімдер бір біріне құрметпен қарайды. Оқушылар -үлкендерге, жоғары сынып оқушылары- кішілерге, ұл балалар- қыз балаларға жол береді

 1.6. Оқушы мектепте және мектептен тыс әдептілік, біліктілік қасиеттерін сақтауы тиіс;

 1.7.  Мектеп мүліктеріне өз мүлкіне сай мұқият қарауы тиіс;оны жөндеуге қолдан келерлік көмек береді.

 1.8.Мемлекеттік білім беру мекемелері талап етілген  киімнің іскерлік стилін ұстанады:

-       Дәлме дәл іскерлік стилі: белгіленген үлгілі міндетті түрде көк түсті мектеп формасы  (классикалық үлгідегі шалбар, тізеге дейін юбка), күңгірт түсті аяқ киім 6 см биік болмау тиіс(қыз балалар үшін ) ;

-       Әртүрлі пирсинг, татуировка, қымбатты әшекейлер тағуға, мөлшерден тыс опа-далап пайдалануға болмайды.

-       Мектеп ғимаратында бас киіммен жүру;

-       Шашты ашық түстерді бояуға болмайды,  ұл балаларға шаштарын бұрымдау тыйым салынады;

-       Шаш үлгісі классикалық үлгіде жиналу керек, 

2. Сабақ кезіндегі тәртіп:

 2.1. Оқушылар мұғалім сыныпқа кірген кезде құрмет көрсетіп, тұрып амандасады және мұғалімнің рұқсатымен отырады. Сонымен қатар сабақ кезінде сыныпқа кірген кез келген ересек тұлғамен орнынан тұрып амандасады;

 

2.2. Сабақ уақытында шулауға, өзін және қасындағы оқушыларды бос сөздермен және басқа да сабаққа қатысты емес мәселелермен алаңдатуға болмайды.  Оқушы  сұрақ қойып немесе сұраққа жауап бергісі келген жағдайда қол көтеруі керек.Оқушы мұғалімнің барлық қойған талаптарын орындауы қажет: күнделікті ұқыпты ұстап, әр апта сонында ата аналары күнделікте қол кояды.

 2.3. Егер оқушы сабақ уақытында сыныптан шығу керек жағдайында алдымен мұғалімнің  рұқсатын сұрауы тиіс.Сабақтың біткені туралы қоңырау мұғалім үшін беріледі. Мұғалім сабақтың аяқталғанын жариялағанда ғана оқушылар сыныптан шығуға құқылы. Мұғалім немесе басқа үлкен жасты адам сыныптан шыққанда оқушылар орнынан тұрады.

 

3. Сабақ басталғанға дейін,үзілістерде және сабақ аяқталғаннан кейінгі тәртібі.

 3.1.Сыныпқа қоңыраудан бұрын кіру тиіс, коңырау соң сыныпқа тек мұғалімнің рұқсатымен кіреді;сонымен қатар сабақ уақытында немесе бақылау жұмысы кезінде телефон құрылғыларымен пайдалануға рұқсат етілмейді, телефон жоғалған жағдайда мектеп әкімшілігі жауапты болмайды.

  

3.2. Үзілістер (қоңырау) кезінде оқушы міндетті:

Өзінің жұмыс орнында тазалық пен тәртіп орнату; сыныптан шығу; мектеп қызметкерлері мен педагогтардың қойған талаптарына бағыну;педагогтың өтініші бойынша сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, мектепте және мектеп территориясында құқыққа қарсы іс әрекеттер жасау жіберілмейді;  себепсіз сабақты қалдырмау (сабақты қалдырған жағдайда оны растайтын құжат көрсету).

 3.3.Терезенің қасында орналасқан баспалдақтарда және басқа да ойнауға жарамайтын жерлерде жүгіруге болмайды; бір бірін итеріп, заттар лақтырып, бір біріне күш қолдануға болмайды;әдепсіз сөздер айтып, шулап, басқа демалып жатқандарға кедергі келтіруге;мектеп немесе мектеп территориясында алькогольды сусындар ішуге, темекі тарту, есірткі қолдану істеріне жол берілмейді.

 

3.4. Сынып бойынша кезекші: Қоңырау кезінде сыныпта болу, сыныпқа тәртіп қамтамасыз ету, педагогқа сыныпты келесі сабаққа дайындауға көмектесу, сабақ біткеннен кейін сыныпты жинақтау; санитарлық талаптарға сай жағдайларды сақтау.

 

3.5. Оқушылар асханада болған кезде: Мұғаліммен асхана қызметкерлерінің талаптарына бағыну, ыстық және сүйық тамақтарды алу барысында назар аударып сақтықпен қолдану; асханада алынған немесе өздері әкелген тағамдарды тек қана асхана тамақтанады;тамақ ішіп болғаннан кейін үстелді жинайды.

 4.Қорытынды: 1. Сабақты себепсіз қалдыруға рұқсат етілмейді; 2.Оқушылар мектепішілік іс-шаралар өту барысында немесе мектеп территориясында орналасқан кезде өзінің және айналасындағы адамдардың өміріне, не денсаулығына қауіпті істер жасауға құқығы жоқ; 3. Сабақ біткеннен кейін немесе мектеп қызметкерлерінің рұқсатысыз мектеп ғимараттарда болуға; 4 Оқушылар арасында және  барлық мектеп қызметкерлеріне әдепсіз сөздер айтуға; 5. Оқушыларға сабаққа қатысты емес заттарды мектепке әкелуге тыйым салынады;

  

Қорытынды: Жүсіп Баласағұнның «Құтты білегінен»үзінді оқып аяқтаймын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын
Білікті тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз – шырын жанның құнары
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса, уысыңнан шығарма
Тартар күйік, ет кескендей етінен
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде
Өмірімен қуантады түбінде








































Мен оқушымын

Сабақтың тақырыбы: Мен оқушымын
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Оқушыларды білімге деген құштарлығын, ізденімпаздығын, білім деңгейін тексеру
Дамытушылық: Оқушылардың теориялық ойлауын, сөйлеу тілін дамыту.
Тәрбиелілік: Оқушылардың ұйымшылдыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу
Көрнекілігі: Слайд
Жоспары:
І. Кіріспе
Білім керек бәріне
ІІ. Оқушы анты
Оқушы ережесі
Оқушының сабақтағы міндеттері
ІІІ. Көрініс «Кім кінәлі»
ІV. Озық ойлы оқушы
V. Қорытынды

Білімді, тәрбиелі ұрпақ - ел келешегі
Оқушылар бүгінгі ашық тәрбие сағатымыздың тақырыбы: «Мен оқушымын»Яғни сендердің мектепке келгендегі мақсаттарың білім алу.
Білім - тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі. Білім арқылы адамдарды, айнала отаны, ғарышты, әлемді танисыңдар, өз табыстарыңды, жетістіктеріңді көрсете аласыңдар, қоғамға қызмет етесіңдер.
. Егеменді еліміздің болашағы - білімді ұрпақ
Ол үшін білім қажет. Қазір сендер жассыңдар және толық мүмкіндіктерін бар. Сондықтан да тынбай еңбектеніп білім алуларын керек.

ІІ Білім керек бәріне
Оқу білім бұлағы – білім өмір шырағы —
- Оқу арқылы адам бойында білім жинақталады. Оқу білімнің бұлақ көзі болып табылады. Шырақ барлық уақытта да айналаға нұр сәулесін шашып тұрады. Сен де білімді болсаңдар өмірде шырақ сияқты жарқырайсыңдар.

1. Жансая
Мектеп қамқор анамыз,
Оқып білім аламыз
Өнерпаз боп өсетін,
Біз оқушы боламыз
Мектеп анам бүгінде
Мектеп алтын босағам
Мектеп берген біліммен
Марқаяды Жас ұлан

2. Мәулен
Кітап білім бұлағы
Білім өмір шырағы
Осы мақал мәнісі
Қалай деп інім сұрады
Болғың келсе білімді
Кітаппен достас мәңгілік
Жадында білім жаңғырып
Оятар сана сезімді
Танырсың жатты өзіңді
Ашарсың сөйтіп көзіңді

3. Аружан
Алақай - ау, Алақай!
Алақай - ау, Алақай!
Бұдан былай мен енді,
Емеспін жай балақай
Осыдан да көлемді
Оқи алам өлеңді
Бардым мен мектепке
Оқушымын ен енді!

4. Дастан
Корабльді басқарып, Көк жүзінде самғасам.
Тауды бұзып тас жарып,
Мұхиттарды жалғасам.
Табындырар бар елді,
Ғажап елдер сала алсам
Жасартатын әжемді
Дәрі ойлап таба алсам.

ІІІ Оқушы анты
Мен Қазақстан азаматы, сүйікті Отаным Қазақстанның дүние жүзіндегі алдыңғы қатарлы әділетті, өркениетті ел болу үшін сапалы білім аламын.
Туған халқымның ата - дәстүрін жалғастырамын. Мемлекетімнің Президентін құрметтеймін. Ата Заңды бұлжытпай орындаймын..
Елімнің туын, Әнұранын ана тілін келешекке жолдама беретін Алтын ұя мектебімізді сыйлап, қастерлеймін, деп - ант етемін.

Оқушы ережесі
1. Қуаныш: Ай күн аттарын қазақша атау, оны жүзеге асыру.
2. Жарбол. Қазақша амандасу (ұлдар көшеде, мектепте, үйде «Ассалаумағалейкум»деп қос қолды беріп сәлемдесу. Қыздар сәл еңкейіп, «Сәлеметсіз бе?»- деу)
3. Мағжан:. Ысқырмау, айқайлап сөйлемеу, бәсең тіл қату. Әкеңді, шешеңді - деп балағаттау дөрекілік екенін есте сақтау
4. Нұрбану: Қыздар шашты өсіру кеспеу. Қыз ернін, бетін, көзін боямау
5. Рауан: Үлкеннің жолын кеспеу.
6. Ақниет: Үлкеннің атын атамау.
7. Нұрбек: Үлкенге үнемі «сіз»- деп сөйлеу.
8. Ерболсын: 8 - сыныпқа дейін ер балалар үнемі шашты қырғызып алғызу.
9. Рүстем: Өзіне көрсетілген қызметке ілтипатпен, рақмет айтуды ұмытпау.
10. Ақерке: Ажырасар, қоштасар сәтте «сау болыңыз, кездесер күн жақын болсын»- деп, адал тілек, ақ ниет білдіру.
11. Әсел: Қыздар үшін ұл балаларды «ит - шошқа, иттің баласы»деп балағаттамау.
12. Айдай: Ұрлық жасама, өсек, өтірік айтпай, ондайлар ұлттық намысы қорлаған болып шығады.

Оқушының сабақтағы міндеттері
1. Қуаныш: Оқушы мектепке сол күні болатын пәндер бойынша оқулығын, дәптерін, құрал - жабдықтарын әкелуі тиіс.
2. Жарбол: Ол сабаққа мұғалімнен бұрын кіріп, сабаққа әзірленуі тиіс және сыныптан мұғалімнен кейін шығады.
3. Мағжан: Мұғалім сыныпқа кіргенде, шыққанда орнынан тұрып ілтипат көрсетеді.
4. Рауан: Сабақ барысында мұғалімнің түсіндіруін мұқият тыңдап, кедергі келтірмеу керек.
5. Ақниет: Мұғалім сұрағына толық мазмұнды жауап беру керек.
6. Нұрбек: Жауап беру кезінде орнына тұрып, партадан шығып тұрады.
7. Ерболсын: Мұғалімге бағасын қою үшін күнделігін апарады.
8. Ақерке: Сабақ барысында сыртқа шығу өте қажет болған жағдайда мұғалімнен рұқсат сұрайды.
9. Рүстем: Әрбір оқушы кезекшілік жұмысын, яғни сабаққа бор, тақта сүрткіш әзірлейді.
10. Нұрбану: Әрбір оқушы өзінің отырған орнын таза ұстауға міндеті болып табылады.
11. Әсел: Сыныпта, залда жүргенде айқайлама, жүгірмей, залдың сол жағымен жүргізу керек.
12. Айдай: Сыныптағы, залдағы көрнекіліктерді, аталарымыздың суреттерін бүлдірмеуіміз керек.

Көрініс «Кім кінәлі»
Ақерке Аружан Мағжан Нұрбану

Озық ойлы оқушы
1. Тұңғыш әліппе оқулығын кім жазды?
2. «Бай болсаң халқына пайдаң тисін»- деп бата берген кім?
3. Бір жанұядағы ағайынды екі жігіттің әрқайсысының бір апасы, бір қарындасы бар?
4. Мұз айдынында 12 бала сырғанап жүр еді. Екі ұл үйіне кетті де, бес қыз келді. Енді неше бала сырғанап жүр?
5. 1жыл неше ай бар?
1апта неше күн бар
1дм неше сантиметр бар?
6. Мәтін дегеніміз не? Неше түрі бар?
7. Сөйлем дегеніміз не?
8. Адамға керек 5 қажеттілікті ата.
9. Ауа қай жерлерде тұрады?

«Қара жорға» биі
Шығармашылық жұмыс
Білім алуға көмегін тигізген ата - анаңа, ұстаздарыңа сыныптастарыңа қандай тілек айтар едіңдер? Бір - бір тілек.
Ата - анамен жұмыс
1. Балаңыздың бойынан мектепке келген кейін қандай өзгерістер байқадыңыз?
2. Балаларыңызға қандай тілек айтар едіңіз?

Қорытынды
Оқушылар ХХІ – ғасыр – білім ғасыры
Тәуелсіз еліміздің тірегі – білімді ұрпақ. Өткенімізді түсінетін, болашағымызды сеніммен қарайтын азамат болып өсіңдер.
Бүгінгі тәрбие сағатымызды Жүсіп Баласағұнның «Құтты білегінен»үзінді оқып аяқтаймын.
Ақыл керек білім таңдап аларға,
Білім керек іске жақсы қарарға
Ақыл шырақ, қара түнді ашатын,
Білім жарық, нұрын саған шашатын
Білікті тыңда ақылдың бұлағы
Білімді сөз – шырын жанның құнары
Тәрбиесіз бала білім ұғар ма?
Олай болса, уысыңнан шығарма
Тартар күйік, ет кескендей етінен
Қатты тәртіп көрсе бала күнінде
Өмірімен қуантады түбінде
Көрнекіліктерді таныстыру:

«Мен оқушымын»- атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.
Құрметті ата - аналар уақыттарыңызды бөліп келгендеріңізге көп - көп рақмет Оқушылар жақсы қатысқандарыңыз үшін бәріне рақмет!



Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 07.10.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Видеоуроки
Просмотров8711
Номер материала ДВ-040642
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх