Инфоурок Классному руководителю Другие методич. материалыТәрбие сағаты . Тақырыбы: «Нұр жауған Ұлыстың ұлы күні»

Тәрбие сағаты . Тақырыбы: «Нұр жауған Ұлыстың ұлы күні»

Скачать материал

Нұр жауған Ұлыстың Ұлы күні

 

   Тақырыбы:  «Нұр жауған Ұлыстың ұлы күні»

    Мақсаты:

 Наурыз еңсесі  биік елдіктің , іргесі сөгілмес бірліктің, ынтымақ  пен ырыстың мерекесі екендігін  және қазақ халқының  дәстүрлерімен  таныстырып, осы  салт – дәстүрлерді,ұлттық ойындарды  дәріптеу  арқылы  оқушыларды еліне, жеріне деген сүйіспеншілікке, адамгершілікке тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Көрме, нақыл сөздер

Әдісі: Сахналық көрініс, сұхбат, сайыс, пікір алмасу

Мұғалім:

 Наурызым –жаңа күнім төрге шық,

 Өзіңменен әні жанымызды тербетіп,

 Шат көңілді көкжиекке өрлетіп ,

 Бір ғажайып күйге бөлеп жұртымды.

 Шуақ күннің шапағына боянып,

Дүние көзін ашып, ұйқысынан оянып,

 Әз – Наурыз . ғазиз көктем төрге шық.

 

     Нұх пайғамбардың кемесі Қазығұртқа келіп тоқтауы күн мен түннің  теңескен сәтіне тең келеді. Осы күні ұлан –асыр үлкен той жасаған. Сол ұлы салтанатқа топан судан аман қалған адам мен  аң –құс, жәндік пен өсімдік секілді тіршілік біткеннің бәрі түгел қаты -сып өз өнерлерін көрсеткен. Осылай Қазығүрт тауындағы алғашқы қуаныш үлкен мерекеге ұласып, жаңа жылдық – Наурыз тойының басы ретінде кейінгілерге мирас болып қалған.

       

      І жүргізуші:

Уа, жарандар, жарандар!

Көңілің бар алаңдар.

 

ІІ жүргізуші:

Ата менен анаң бар,

Үлкен кіші ағаң бар.

 

І жүргізуші:

Наурыз тойы басталды,

Бәрің бері қараңдар.

 

ІІ жүргізуші:

Көгерсін деп халқымыз,

Көшеге тал егеміз.

Жарқырап күніміз,

Жайқалып жас гүліміз.

 

 

 

 

 

І жүргізуші:

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

Қуанышты ел енді,

Наурыз келді салтымыз

 

ІІ жүргізуші:

Қыс өтіп, қар кетіп,

Құлпыра көктем жетіп,

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден-

Құтты болсын,бұл Наурыз!

 

     І жүргізуші:

 Армысыз, әлемнің алтын шырығы Күн Ана! Төрге шығыңыз!

     

      Күн Ана:

  О,қасиетті Жер-Ана! Алла тағаланың әмірін қалт жібермей орындап, адамзат үшін саған басымды иемін.Мен сенің табиғат байлығына енетін тау-тасыңнан, жан-жануарыңнан бастап адамдарыңа дейін қуаныш-нұрын сеуіп, әр жүрекке шат-күлкі егу үшін, өзімнің гүл көктемімді, ару көктемді, шақырғалы тұрмын.

 

 

     ІІ жүргізуші:

Бүгін ұлыстың ұлы күні! Ата-бабаларымыздың сөзімен айтсақ ,  «Ақ түйенің қарны жарылған күн!» Наурыз салтанаты Наурызды шақырайық!

 

І жүргізуші:

Наурыз келсе, құт келгені, халайық!

Есік ашып, шашу шашып,

Ел боп қарсы алайық!

 

Күн-Ана:

Зарыға күткен Жаңа жылым да келді-ау! Жаңа жылым, жарылқаі ескі жылым, есірке! Ұрпақтарымды аман ет! Жамандық, әрі кет, әрі кет! Ару Көктемім, келе ғой!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Наурыз:

Сәлем, анам-алтын күн,

Нұр шуағы халқымның!

Ашық болсын аспаның,

Аман болсын жас-кәрің!

О, халайық! Жараңдар!

Қане, бермен қараңдар!

Ұлу жылы баршаңды

Кенелтсін зор бақытқа!

Білмеңдер бір шаршауды,

Бөленіңдер шаттыққа!

Биіктерде,төрлерде,

Шалқи берсін туымыз!

Арналады сіздерге

Әніміз бен жырымыз!

 

 

     ІІ жүргізуші:

Наурыз – сары уызым,

Жүдеп едім сен кетіп,

Қайта келдің байтақ елдің,

Қуанышын көлдетіп.

 

І жүргізуші:

Көетем тойы-әніміз,

Көркем өнер сәніміз.

Өлең-әнмен той сәнін

Өрнектейміз бәріміз.

 

Наурыз:

Ал,балалар, бүгін жарыса билеп,ән салып,өлең айтайық,жұмбақ жасырып,ойындар ойнайық.

 

Би: «Қара жорға»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                   

 

 

     1-оқушы:

Наурыз келді, жайраң қақты таң күліп,

Жап-жасыл боп кетті дүние жаңғырып.

Жақсылыққа жаршы болған Наурызым,

Сен өмірдің көктемісің мәңгілік.

 

2-оқушы:

      Наурыз тойың , Наурыз тойың,

Құтты болсын халайық.

Күй төгілсін, күй төгілсін,

Шырқап әнге салайық.

 

 

3-оқушы:

Ұлу  жылы кел төрлет,

Ел достығын өркендет.

Мол болсын ырыс, құт,

Болсын елде тыныштық.

 

4-оқушы:

Құтты болсын Наурыз той!

Құлпырып тұр қыр мен ой.

Күн мен түн теңелді,

Жер шуаққа кенелді.

 

 

 

 

 

     ІІ жүргізуші:

 

       Наурыз мерекесінде түрлі сайыстар ұйымдастырылып, ұлттық ойындар ойналған.  Сондықтан оқушылардың алғырлығы мен шапшаңдығын байқау мақсатында бірнеше ұлттық ойын түрлерін өткізіп, тамашалаймыз.

 

1.Орамал тастау

 

2.Асық ату

 

3.Сақина салу

 

 

      

 

5-оқушы:

     Қыс өтіп , қар кетіп,

Шырайлы жаз жетіп.

Шаруаның кенелген,

Мейрамы ежелден

Құтты болсын Наурыз!

 

6-оқушы:

Ұлыс бақыт әкелсін,

Әр күніміз жақсы болсын.

Достығымыз берік болсын,

Білім - өнер серік болсын.

Ұлыс оң болсын,

Бестік баға мол болсын.

 

7-оқушы:

Көктем жетті көл-көсір шуақ болып,

Қыс барады қиылып жылап тұрып.

Шатырында үйлердің Наурыз жүр,

Мұз көрпесін ақпанның лақтырып.

 

8-оқушы;

Бақта құстар сайрайды,

Жайнап көктем нұрымен.

Жаңа дәстүр жырымен,

Ел Наурыздыы тойлайды.

 

 

 

 

 

 

І жүргізуші:

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қадам болмасын мекен-саяқ.

Ән шырқап би билейтін қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

 

ІІ жүргізуші:

Жүріңдер Наурызға басып аяқ,

Қалыс қадам болмасын мекен-саяқ.

Ән шырқап би билейтін қауым болып,

Тұрмайық уақыт келді өнерді аяп.

 

     Күй: «Қос алқа»

 

    Наурыз қыз:

    Білесіңдер ме? Наурыз тойының өзіне тән үлкен ырым асы – Наурыз көже. Наурыз көже жеті түрлі дәмді астың  құрамынан жасалады. Оның мәні жаңа жылда тойымшылық, молшылық, татымды өмір болсын деген ырымды, тілекті паш етеді.

      Наурыз тойындағы тағамдарда көбінесе ақ тамақ басым болады. Өйткені, бұл кезде төрт түлік төлдеп, ақ молайған кез.Сондықтан да, тойшылар бір-біріне «ақ мол болсын», «сауар көбейсін» деген тілектер айтады. Халық аңызы бойынша Қыдыр баба барлық босағаны аттап, қуаныш әкеліп,  жақсылық шашады екен.

-          Балалар, бізге Қыдыр бабамыз бірнеше тапсырмалар беріп жіберіпті. Барлығымыз соны шешіп көрсек қайтеді.

     Тапсырмалар:

1.Дүниеде не тәтті, не жұмсақ, не жетім?

Ананың сүті тәтті,

Ананың қолы жұмсақ,.

Жаңбыр жаумаса жер жетім,

Басшысыз болмаса ел жетім

        2. Қандай ырым мен тыйым сөздерді білесіңдер?

Малды теппе,

Ақты төкпе,

Отты шашпа,

Күлді баспа,

Бүйіріңді таянба,

Жағыңды таянба,

Бос бесікті тербетпе,

Бесікті ашық қалдырма.

 

1.      Жеті атаңды ата.

Әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене, туажат.

 

 

3.Сүттен жасалатын тағамдарды ата.

Айран, сүт, ірімшік, құрт, қатық, шұбат, қымыз, қаймақ, май, іркіт т.б.

 

4.Наурыз көже қалай жасалады?

Наурыз көже жеті түрлі тамақ қосу арқылы жасалады.

 

5.Ұлттық ойындарды ата.

Алтыбақан, аударыспақ, қыз қуу, көкпар тарту, ат жарыс, теңге алу, ақсүйек, тоғызқұмалақ т.б.

 

6.Жеті қазынаны ата.

Ер жігіт, сұлу әйел, білім, жүйрік ат, алғыр тазы, қыран бүркіт, мылтық

 

7. Үш алысты ата.

Кәрім мен жас, жақсы мен жаман, алыс пен жақын.

 

 Наурыз қыз:

 Наурыз мейрамына дайындық кезіне адамдар қыстап шыққан үй-жайын, ауласын тазалап, көң –қоқысты далаға шығарып , кебеже - сандықтарын, үй жиһаздарын әзірлейтін болған. Наурыз мерекесінде  халқымыздың түрлі салт – дәстүрлері де көрініс  табады.

 

    9. Наурызда «Игілік  көзін  ашу» деген  рәсім бар.  Бұл рәсім  қалай орындалады?

    Наурызда  жігіттер бастаулардың көзін ашып ,айнала төңіректі тазартады. Қариялар  тал егеді , аналар бұлаққа май құйып өсімдіктерге ақ бүркейді. Осылайша табиғаттың өсіп өнуіне жағдай жасайды.

 

  Ән: «Наурыз жыры»

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІІ жүргізуші:

Ұлы халқым есептескен текпенен,

Ата салтын ешкім аттап кетпеген.

Мың пәледен құтқарады бір бата,

Адам болмас бата естіп өспеген.

 

І жүргізуші:

Ұлы күнде, халайық,

Қалай қарап қалайық,

Сәйгүліктей ағайық,

Жасын болып жанайық !

Ортамызға шақырып,

Құрметті атамыздың,

Ақ батасын алайық !

 

   Қарт атаның батасы:

 

Ұлыс бақты болсын,

Әр күніміз жақсы болсын!

Достығымыз берік болсын!

Ұлыс оң болсын,

Ақ мол болсын!

Қайда барсаң, жол болсын!

Ұлыс бақты болсын,

Төрт түлік ақты болсын!

Ұлыс береке берсін,

Пәле-жала жерге енсін!

Қайғы-уайым жоқ болсын!

Ұлыстың ұлы күні құтты болсын!

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты . Тақырыбы: «Нұр жауған Ұлыстың ұлы күні»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 660 047 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.01.2016 1488
    • DOCX 1.3 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Токтамысова Арай Токтамысовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Токтамысова Арай Токтамысовна
    Токтамысова Арай Токтамысовна
    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29477
    • Всего материалов: 11

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Организация профориентационной работы в школе

36/72/108 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 216 человек из 51 региона
  • Этот курс уже прошли 551 человек

Курс профессиональной переподготовки

Тьюторское сопровождение в образовательных организациях

Тьютор

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3950 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 770 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 838 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы профориентационной работы в деятельности педагога

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 96 человек из 36 регионов
  • Этот курс уже прошли 120 человек

Мини-курс

Проведение и применение трансформационных игр

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 109 человек из 47 регионов
  • Этот курс уже прошли 52 человека

Мини-курс

Вероятность и статистика: формирование общеучебных умений и навыков

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе