Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Воспитательная работа / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты Тақырыбы: "Қош, сүйікті Әліппем!" 1-сынып

Тәрбие сағаты Тақырыбы: "Қош, сүйікті Әліппем!" 1-сынып


До 7 декабря продлён приём заявок на
Международный конкурс "Мириады открытий"
(конкурс сразу по 24 предметам за один оргвзнос)

  • Воспитательная работа

Поделитесь материалом с коллегами:

Тақырыбы: Қош,сүйікті Әліппем!

Мақсаты: Білімнің бастауы болған «Әліппеден»

үйренгендерін тиянақтау. Оқушылардың сауат ашу пәнін оқу барысында

алған білімдерін тиянақтау. Өз өнерлерін ата-аналарға көрсету, эстетикалық талғамдарын тереңдете түсу,өзін-өзі басқаруы мен ана тілін сүйіп қастерлеуге тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Әріптердің суреті, «Әліппе», «Ана тілі» оқулықтарының мұқабасы.


Жүру барысы:

Кіріспе сөз:

-Қымбатты қонақтар! Ақшұқыр мектеп-лицейінің дәстүрлі «Қош,сүйікті Әліппем!» атты мерекесіне орай ұйымдастырылып отырған ертеңгілігіне қош келдіңіздер!

Баршаңызға бүгінгі той құтты болсын!

Осыдан 4 ай бұрын,яғни 2015 жылдың 1- қыркүйегінде мектеп табалдырығын аттаған бүлдіршінге көз жүгіртейік.

(Атасы немересін жетектеп келеді.)

Мұғалім:

Жеті жасар баласын,

Жетпісте шал жетектеп.

Келе жатыр көшеде,

«Қайда әлгі мектеп?» деп

Жетпіс келеді жүгіріп.


Ата:

-Балам,балам, жақсы бол,

Міне,сенің мектебің.

Сабағыңа зейін сал

Ақылды бол тентегім.


Немере:

Қыркүйекте келдім де

Сыныпқа кірдім қуанып,

Қарсы алды ұстаз мейіріммен

Қадамымды құп алып.

Мұғалім:

-Құрметті ата-аналар,ұстаздар,оқушылар! Бүгін біздің қуанышымызда шек жоқ. Бүгін сіздер 1 «б» сынып оқушыларының «Әліппемен қоштасу» ертеңгілігіне келіп отырсыздар.

Әліппені бітірді балаларым,

Әліппеден нәр алған даналарым.

Өзі оқып жазатын халге жетті.

Құтты болсын білімі балалардың.


Ал ендігі кезекті оқушыларға берейік.

1-оқушы

Армысыздар,мұғалімдер,әз жандар,

Білім іздеп,инемен құдық қазғандар.

Құшақ жая қарсы аламыз сіздерді,

Би биленіп,ән де бүгін шырқалар.


2-оқушы

Көз салып қараңызшы бойымызға

Ортақ боп бүгінгі өскен ойымызға.

Қош келіпсіз,ұстаздар,ата-аналар,

Әліппемен қоштасу тойымызға!


Мұғалім:

-Балалар,мен сендерге сұрақ қоюдан бастайын.

Сендер соған жауап айтыңдаршы.

Іші толы әріпке,

Білімдегі жарық не?


Хормен:


Болашаққа жол бастар-

Ол сүйікті-Әліппе!

Ол сүйікті-Әліппе!

Мұғалім:

-Олай болса,бәрімізге ең кымбат Әліппені ортаға шақырайық.


Хормен:

Әліппе! Әліппе! Әліппе!


Әліппе:

-Армысыздар қадірлі ұстаздар,ардақты ата-аналар,өнерпаз бүлдіршіндер!

Болашаққа жол бастар,

Әліппең келді ортаға.

Білім деген ғажаптың,

Әліппесін меңгерген.

Келешегі қазақтың,

Басталады сендерден.

Таудай болса талабың,

Айтары көп әріптің,

Қуанышы баланың,

Қуанышы ананың,

Жақсы білім көрімдік,

Болсын бізге халайық!

-Мен қазір өзімнің әріптерімді түгендейін.

Ъ белгісі, Ь белгісі қайда?

-«Біздерден дыбыс шықпайды»- деп келмей қалды.

-Барып алып келіңдер.

-ъ белгісі,ь белгісі, сендердің де Әліпбидің ішінде өз орындарың бар. Келіңдер,отырыңдар.

3-оқушы

Қане бері қарайық,

Зейін қойып тыңдайық.

Әріптермен танысу

Тақпақтардан бастайық.

4-оқушы

Әліппем,менің Әліппем

Сені қолға алып мен.

Есігін аштым мектептің,

Ертеңгі сәуле жарықпен.

5-оқушы

Келгенде алғаш мектепке,

Білмеуші едік әріп те.

Оқимыз қазір ертек те,

Үйреткен оны Әліппе!

6-оқушы

Әліппе деген алтын жол,

Апарар сені алысқа.

Жеңіл емес, ауыр жол,

Тырысып бақ намысқа.

Хор: «Әліппе» әні

Авторы: Жұмекен Нәжімеденов

Мұғалім:

-Енді ортаға әріптерді шақырайық.

«Отан», «Мектеп» сөздері шығатындай

(о,т,а,н,м,е,к,т,е,п) әріптер таққан оқушылар шығып мақалдар айтады.

О-Отан оттан да ыстық.

22

Т-Туған жердей жер болмас,

Туған елдей ел болмас.

33

А-Ата-бәйтерек,

Бала- жапырақ.

44

Н-Не ексең,соны орасың.


О Т А Н


55

М-Мектеп-кеме,

Білім-теңіз.

66

Е-Еңбектің наны тәтті,

Жалқаудың жаны тәтті.


77

К-Көз-көру үшін,

Ой-білу үшін.


88


Т-Тіл-көнілдің кілті.


99

Е-Ел көркі-мал,

Өзен көркі-тал.

100

П-Әр үйде бір қақпа бар,

«П» аумаған тап сол болар.

Мұғалім:

-Рахмет, балалар, Білмесбек болмай, Білгішбек болындар!

(Сахнаға кір-қожалақ Білмесбек келеді.)


Білмесбек:

-Мыналар не жиналған-әй? Менің атымды атаған қайсың?

Мұғалім:

-Сәлеметсің бе, Білмесбек! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде «Әліппемен қоштасу» мерекесі.

Білмесбек:

-Әліппемен қош-та-су? Қоштасындар! Қоштасындар! Қой, мен кетейін. Чао!

(Кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады.)

Аяжан:

-Тиіспе, менің шарыма! Мұнда әріп жазылған.

Білмесбек:

-Әріп дейді. Қайдағы әріп? Мынау доңғалақтың суреті,ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін. Мәссаған,менің рогаткамды қара.


Мұғалім:

-Ол не дегенің, Білмесбек. Бұлар О, П, Ү әріптері. Дегенмен балалар, Білмесбектің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.

Білмесбек:

-Онда мен де кітап оқығым келеді.

Мұғалім:

-Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті-басыңды тазалап, жөнге сал. «Әліппені» таза,ұқыпты балалар ғана ұстайды.

Білмесбек:

-Жарайды (шығып кетеді.)

Мұғалім:

-Балалардың әріптерді танып қана қоймай,олардың басын қосып осылайша оқи білулері ата-ана үшін де,мен үшін де үлкен қуаныш.

Ән «Әліппе»

Авторы: Нұрлан Еспанов


Орындайтын: Үмбет Эльдар, Баймагамбетова Жансая, Сейтжан Мөлдір.

7

Әліппе-білім анасы,

Әліппе-кітап данасы.

Әліппе бетін ашпаған

Адамның бар ма баласы?

8

Анам менің,әкем де

Атам менің, апам да

Шопан,ұшқыш, ғалым да

Небір мықты дарын да

Тіл сындырып әріпке

Ашқан алғаш әліппе

9

Бүкіл қазак баласы дәріптеген

Қоштаспақпыз сүйікті әліппемен

Ризамыз бәрімізді таныстырған

Сөз бен дыбыс әртүрлі әріптермен

10

Әліппем,менің Әліппем

Өмірді көрем танып мен

Қайталап айтам мың рет

Өзіңе көп-көп рахмет!

11

Таныстырған әріппен

Жақсы кітап-Әліппе

Жол көрсеткен білімге

Қош бол,құтты Әліппе!

Әліппе:

-Енді «Дыбыстар әлеміне» саяхатқа шығайық.

Ерте-ерте,ертеде дауыстылар ауылы мен дауыссыздар ауылы болыпты.

Дауыссыздар ауылында ешқандай той-думан болмайды,тып-тыныш. Ал дауыстылар ауылында күнде мереке,той-думан.


Домбырасыз сән қайда,

Домбырасыз ән қайда.

Ән мен күй бар өмірде

От та лаулап жанбай ма?

-Мен екі ауылдың дыбыстарын біріктіріп,өзгеріс енгіздірдім. Сонда сөздер пайда болды.

Би: Флешмоб.

Биді орындайтындар: Сисен Сұлу, Бейбітқызы Жұлдызай, Әбішова Гүлайым

Әліппе:

-Ал,достар,бүгін сендер енді менің жолымды әрі жалғастыратын Ана тілі пәнімен танысасыңдар. Ана тілін ортаға шақырайық.

Ана тілі:

Сәлеметсіздер ме,балалар.

Сәлем,достар,аман ба?

Аман болған әманда,

Ана тілін ардақтар,

Ата-бабам,анам да,

Туған тілдің тілімін,

Ақылы мен танымын

Таныстырар бәріне

Ана тілі пәнімін

Ана тілім-ұраным

Ана тілім-құраным

Ана тілім болмаса

Мықты болмас тұрағым

12

Ана тілің – арың бұл,

Ұятың боп тұр бетте.

Өзге тілдің бәрін біл,

Өз тіліңді құрметте!


Әліппе:

-Ал енді,мен сендермен қоштасамын. Қош болыңдар,балалар. Сабақты жақсы оқыңдар.


Хормен: –Қош бол,кұтты Әліппем!


Х О Р: «Рахмет саған,Әліппе!» әні.

Авторы: Бота Бейсенова.


13

Қош бол құтты,Әліппем,

Көп нәрсені үйреттің.

Таныстырып әріппен,

Тақылдатып сөйлеттің.


14

Әліппе жарты жылдай жолдас болдым,

Ана тілге әкеліп жағастырдың.

Әр әріпті құрастырып,сөз құрап,

Хат танып,алғаш сен көзімді аштың.


15

Әліппемен қош айтысып қаламыз

Енді қолға «Ана тілін» аламыз

Ата-ана қуанышқа ортақ бол

Сауатты боп шықты балаңыз


Ана тілі:

Балалар, менің сендерге өзімнің оқулығымдағы « Жер-ана» мәтінінен әзірлеген көрінісімді тамашалаңдар.

Көрініс: «Жер-ана»

16

Ең алғаш алғанымда әліппені

Қызығып қарай бердім әріптерді

Мен үшін жұмбақ болып қалар ма еді?

Ұстазым оның кілтін алып берді.

17

Әліппе даңғыл жол ашты,

Жаңадан пәндер жалғасты.

Әліппе сырын ұқтырған,

Рахмет ұстаз алғашқы.

Ән: «Ұстазым»

Орындайтын: Сисен Сұлу


18

Дүниеге әкелген-ол да сенсің,анашым,

Ақ сүт беріп өсірген-ол да сенсің,анашым.

Тіл алмасам кешірген-ол да сенсің,анашым,

Мәпелеген баласын аман болсын анашым.

19

Ұмытпаймын еркелеткен күндеріңді,

Ұмытпаймын әрқашан күлгеніңді.

Әкешім,аман-есен жүре берші,

Қалаймын ұзақ өмір сүргеніңді.

Ән: «Ата-ананы тыңдаймыз»

Орындайтын: Каримова Аяжан, Жанғали Нұркен.

«Гүл сыйлау» ойынын ойнату.


Мұғалім:

-Балалар,санамақты жеке-жеке айтып,құмырадағы гүлді залда отырған қонақтарға береміз.


1 дегенім-бесік

Шықтық содан өсіп.


2 дегенім-елім

Далам,тауым,көгім.



3 дегенім-үміт,

Үміт артар жігіт.


4 дегенім-төзім

Төзе білем өзім.


5 дегенім-бақыт,

Бағалайтын уақыт.


6 дегенім-ақыл,

Тыңдағаның мақұл.


7 дегенім-жалау

Жүректегі алау.


8 дегенім-сөзің,

Серт беретін кезің.


9 дегенім-тоқтау,

Елдің жоғын жоқтау.


10 дегенім-Отан,

Қорға соны ботам.



Хор: «Мектебім» әні

Авторы: Бота Бейсенова


Мұғалім:

-Құттықтау сөз кезегін мектеп директоры.

Тлеубаева Қаламқас Қалиқызына береміз.


-Сөз кезегін мектеп директоры бастауыш сынып оқу ісінің меңгерушісі Бисенова Үміт апайға береміз.


-Сөз кезегін мектеп директоры тәрбие жөніндегі орынбасары ................................Сән апайға береміз.


-Сөз кезегін ата-аналар өздеріңізге бердік.



Би: Вальс. Биді орындайтындар:


20

Тәуелсіз елім, Отаным,

Қазақстан – пырағым!

Елін, жерін қорғайтын

Азамат боп шығамын.


Ән: «Жаса, Қазақстан!»

Орындайтын: Жұмалы Жалғас, Умирзак Жолбарыс, Бақығали Алмат, Марат Әлімжан


-Құрметті қонақтар,Әліппемен қоштасу мерекесіне арналған ертеңгілігіміз аяқталды. Келгендеріңізге көп-көп рахмет.



57 вебинаров для учителей на разные темы
ПЕРЕЙТИ к бесплатному просмотру
(заказ свидетельства о просмотре - только до 11 декабря)

Автор
Дата добавления 19.02.2016
Раздел Воспитательная работа
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров72
Номер материала ДВ-470462
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх