Инфоурок Другое Другие методич. материалыТәрбие сағаты. тақырыбы: "Шығыс жұлдыздары"

Тәрбие сағаты. тақырыбы: "Шығыс жұлдыздары"

Скачать материал

Тақырыбы: «Шығыс жұлдыздары» (А.Құнанбаев, Қ.Ысқақов )

Мақсаты: Халқымыздың  дана ақыны, ғұлама ойшылы, сазгер Абай Құнанбайұлының өлеңдері мен әндерінің таралуын насихаттау, бүгінгі ұрпақтарының Абай мұрасына қызығушылығын арттыру, жазушы, драматург, қара сөз шебері Қалихан Ысқақов шығармаларындағы өмір таласы, табиғат сыры жайлы жырлауын  оқып – білуге, тани түсуге ынталандыру, қызығушылықтарын арттыру.

Көрнекілігі : Абай портреті, ақын туралы айтылған ұлы адамдардың сөздері фотасуреттер, слайдтар, ақын шығармаларына арналған кітап көрмесі.
Кіріспе сөз.  

1 – жүргізуші: 
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев: «Абайды таныту арқылы біз Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз, Абай әрқашан біздің ұлттық ұранымыз болуы тиіс» деген екен.
2 – жүргізуші:
Бүгінде өз алдына тәуелсіздік алып, егеменді ел, дамыған өз жолы бар мемлекет атанған Қазақстан Республикасы өз ұл – қыздарын, халық арасынан шыққан дана ғұламалары мен ақындарын, батырлары мен дүлдүл шешендерін, кейінгі ұрпаққа жеткізіп, танытып отырады. Олардың әрбір жақсы сөзі мен іс-әрекетін насихаттап, мерейтойларын атап өтуде.

... Жүрегімнің түбіне терең бойла

Мен бір жұмбақ адаммын оны да ойла

Соқтықпалы соқпақсыз жерде өстім

Мыңмен жалғыз алыстым кінә қойма – деп өсер ұрпақ, келер дәурен, туар тарих қауымына сөзін осылай арнаған қазақ халқының ұлы ақыны Абай Құнанбайұлына арналып отырған шығармашылық кешімізді бастаймыз.

6сынып оқушысы Бауыржанова Сымбат

1 жүргізуші:

Қаншама жыл өтсе де Абай тақырыбы екірмейді, керісінше, жұлдыздай жарқырай түседі. Оның тамаша тағылымдары үлкеннің де кішінің де ойында жүрсе жақсы болар еді. Абай шығармалары – адамға керекті ақылдың, кеңестің қайнар көзі.

«Асыл сөзді іздесең,

Абайды оқы ерінбе.

Адамдықты іздесең,

 Жаттап тоқы көңілге!» - деген Сұлтанмахмұт Торайғыровтың өлең жолдары осының анық дәлелі.

2 жүргізуші:

Аузы дуалы ақсақал Сәбит Мұқанов бір сөзінде: «Абай – ақыл ақын»деп, - бағалаған екен. Бұл тарихи шындыққа сай келетін өте терең де астарлы теңеу. Мұнда Абай өлең сөздерінің бітім – болмысындағы, түр – өрнегіндегі қатаң да сындарлы логикалық арқау жүйе дұрыс ескерілген сияқты.

1 жүргізуші:

Абай Әл – Фараби бабасы сияқты поэтикалық өлең түзілісі туралы арнайы трактат жазбаған. Алайда, оның көптеген өлең жолдары ұлы ойшыл ақынның шынайы поэзиясының логикалық егізінен, түр – сипатына ерекше мән бергенін куәлендіреді.

2 жүргізуші:

Абайдың өлеңдері көптеген тақырыптарға арналған. Ол: білім – ғылым тақырыбы, махаббат тақырыбы, табиғат туралы.

(Оқушылар өлеңдерін оқиды)

«Ғылым таппай мақтанба»   өлеңі орындалады                                  

Ақын адам өмірінде ағартудың маңызын, білімнің пайдасын, ғылымның рөлін көрсеткен.

Ақын өлеңінде адамды өзіне қарап емес, ісіне қарап бағалау керек дейді.

 «Әсемпаз болма әрнеге» өлеңі оқылады

1 жүргізуші:

Абайдың көптеген өлеңдеріне ән жазылған. Қазіргі таңда Абайдың өлеңдерін көптеген белгілі әншілер өз репертуарларына қосып, әндерін орындап жүр. Олар: Әлібек Дінішев, Ермек Серкебаев, Бибігүл Төлегенова және «Дос-Мұқасан» тобы  т.б. әншілер.

(«Көзімнің қарасы...» әні орындалады)

 2 жүргізуші:

Абай тек қана ақын, философ, жазушы, композитор, ойшыл, публицист емес. Абай Құнанбайұлы орыс жазушылары Крылов, Лермонтов, Пушкин, неміс жазушысы Гетенің тағы да басқа жазушылардың шығармаларын қазақ тіліне аударған. Біз Ұлы ақынды сан қырынан танып, осынау қазақ халқының арасынан шыққан дана да, дара  тұлға деп білеміз. 

(«Құмырсқа мен шегіртке» Крылов мысалының Абай  аудармасы орындалады) 7сынып оқушылары

1 жүргізуші: Ұлы неміс ақыны Вольфганг Гете , өрен орыс ойшылы Лермонтов, Дана қазақ Абай бұлар  бірін – бірі әсте көрмеген, бір – бірімен әсте кездеспеген жандар. Көзінің тірісінде кездесе алмаған өнердің осы үш алыбы 1984жылы Қарауылда бас қосты. Мәрмәр тақта ескерткіш. Онда Абай, Лермонтов, Гете бейнелері жарқырайды. Әр бейненің астында қазақша, орысша, немісше қашалған сегіз жол өлең – Гетеден Лермонтов аударған, Лермонтовтан Абай аударған Гетенің белгілі өлеңі « Қараңғы түнде тау қалғып». Үш елдің үш ұлы перзентін бір өлең табыстырған.

(«Қараңғы түнде тау қалғып» әні орындалады)

«Желсіз түнде жарық ай» әні орындалады.

Жазушы Қалихан Ысқақов жайлы мәлімет беріледі.

2 жүргізуші.

ШҚО  Қатонқарағай аудандарының құрметті азаматы  жазушы, драматург, кинодраматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының, Жамбыл атындағы халықаралық әдеби сыйлығының, Ғ. Мүсірепов атындағы әдеби сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан университетінің құрметті профессоры – Қалиқан Ысқақов.

1жүргізуші. Қалихан Ысқақ «Тұйық» романы шығармасынан  үзінді оқиды.
1935 жылы 14 наурызда Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданының Топқайың ауылында туған. Жеті жылдық мектепті осы ауылда, орта мектепті Үлкен Нарын ауданының Жұлдыз ауылында бітірген. 1952 жылы Қазақтың С.М.Киров атындағы Мемлекеттік университетінің филология факультетінің журналистика бөліміне түсіп, 1957 жылы аяқтап шықты. «Лениншіл жас», «Қазақ әдебиеті», «Халық конгресі» газеттерінде, «Мәдениет және тұрмыс», «Парасат» журналдарында он бес жыл қызмет істеді. Мәскеудегі екі жылдық сценаристер мен режиссерлердің жоғарғы курсын бітірген соң сегіз жыл Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» киностудиясында үшінші творчестволық бірлестікті басқарды.

2 жүргізуші.

Проза жанрында жазушының көптеген әңгіме, повестер жинақтары, жеке романдары жарық көрді: «Дос хикаясы», «Менің ағаларым», «Бұқтырма сарыны», «Қоңыр күз еді», «Тұйық», «Қара орман», «Березовая роща», «Кедры высокие», «Жарық дүние», «Ақсу - Жер жаннаты», таңдамалы шығармаларының бес томдығы жарық көрген. 
1жүргізуші.

5сынып оқушыларының орындауында Қалиқан Ысқақ «Қоңыр күз еді» әңгімесінен үзінді көрсетеді.

7 сынып оқушысының орындауында «Дударай» халық әні

2 жүргізуші.

Тарихта ықылым заманнан түркілердің алтын бесігі болып саналатын Алтайдың көз тұндырар сұлу табиғаты жазушы қиялына қанат бітіріп, қаламына қуат сыйлады. Қарап отырсаңыз, жазушы шығармашылығының алтын арқауы да — қасиетті де киелі Алтай. Қазақ прозасында Қалихан Ысқақ пен Алтай ажырамас егіз ұғымға айналғалы қашан. Қазақ жазушыларының арасында Алтайды ең алғаш суреттеп, жырлаған да Қалихан Ысқақ болатын. (…)«Өлді деуге бола ма айтыңдаршы, Өлмейтұғын артына сөз қалдырған» деп  Ұлы Абай айтқандай, көрнекті жазушы, драматург, Мемлекеттік сыйлықтың иегері Қалихан Ысқақтың екінші ғұмыры енді басталды, -деп облыс әкімі Бердібек Сапарбаев  жұртқа басу айтқан екен.

1жүргізуші.

6сынып оқушысы  -  Сағынғали Сейітовтың « Кім?» өлеңін оқиды.
Жүрегін шырақ етіп жандырған кім?
Жырымен жан сусынын қандырған кім?
Өзіне өзі орнатып ескерткішті
Мұра ғып кейінгіге қалдырған кім?
Ерте оянып, ойланып ержеткен кім?
Талабын тас қияға өрлеткен кім?
Құба жон, құбақан құм құла қырды
Өлеңнің бесігінде тербеткен кім?
Соқтықпалы, соқпақсыз жерде өскен кім?
Үнінен әділдіктің лебі ескен кім?
Арманын аттандырған келешекке
Біздермен осы күнді тербеткен кім?
Тайсалмай мыңмен жалғыз алысқан кім?
Өзендей құйған барып көк теңізге
Лермонтов, Пушкиндермен табысқан кім?
Көрікті көңілде жыр, қолда қалам
Өмірдің өріне өрлей басқан қадам
Қазақтың өлеңінің ұлы атасы,
Ол – Абай, Ұлты – қазақ, Аты –Адам.
 

2жүргізуші.

Абай Әлемін бүкіл дүниеге таратушы кемеңгер Ұлы Мұхтар Әуезов «Мен Абай тереңінен шөміштеп қана іштім» деген екен. Ал біз Ұлы ғұлама тереңіне бас қойғанымызбен тек қана сол тереңнен дәм таттық қой деп ойлаймын. Сол себептен оқудан, білуге ұмтылушылықтан, ізденуден жалықпайық.

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты. тақырыбы: "Шығыс жұлдыздары""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 6 месяцев

Ректор

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 662 926 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2016 1694
    • DOCX 21.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жылкышинова Гульназ Танатаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 51777
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 16 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 326 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 153 человека

Мини-курс

Подготовка менеджеров по продажам: аспекты телефонных переговоров

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Финансовые ключи экспертного успеха

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе