Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Тілім менің» 11 сыныпқа арналған

Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Тілім менің» 11 сыныпқа арналған


библиотека
материалов

Тақырыбы: «Тілім менің»

Мақсаты: оқушыларды мемлекеттік тілдің өркендеп дамуына үлес қосуға талпындыру, еліне деген сүйіспеншіліктерін арттыру, жас ұрпаққа ана тіліміздің қадір-қасиетін дарыту, топ алдында еркін сөйлеуге баулу.


Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар, қадірменді тіл жанашырлары! Әр адамның азаматтық қасиеті мен мәдениеті өз халқын, өз ата-мекенін қалай сүюімен, өз ана тілін қалай білуімен өлшенбек. Әркімнің өз тіліне деген құрметі өз анасына, өз ұлтына, өз Отанына деген құрмет деп білу керек.

Ана тілсіз тарихта жасалмайды,

Ана тілсіз іс өрге баса алмайды.

Желмаяның үстінде желіп жүріп,

Күңіренбеген тектен-тек Асан қайғы.

Қазақстанның мемлекеттік тілі қазақ тілі құрметіне арналған «Тілім менің» ойын-сауығымызды бастаймыз. Ортаға сайыскерлерімізді шақырмас бұрын әділқазылармен таныс болайық. (Әділқазылармен таныстыру).

«Білімпаз» тобы, «Болашақ» тобы.

Сайысымыз 6 айналымнан тұрады.

І. Таныстыру

І.І. Сенесіз бе, сенбейсіз бе?

ІІ. Мәнерлеп оқу «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы»

ІІІ. Мақал сөздің мәйегі

ІҮ. Полиглот

Ү. «Сөз ойла, тез ойла»

ҮІ. Даналық ойдан дән ізде (шығармашылық тапсырма)


І айналым. Таныстыру (Топтар өздерін таныстырып өтеді).


ІІ айналым. Сенесіз бе, сенбейсіз бе?

«Білімпаз» тобына

  1. 1996 жылы 4 қарашада Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Қазақстан Республикасының Тіл саясаты» тұжырымдамасы мақұлданды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенем)

  2. 1989 жылы «Тіл туралы» заң қабылданды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенем)

  3. 1994-1995 жылдар аралығында ҚР-ның жаңа конституциясында қазақ тілі мемлекеттік мәртебеге ие болды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм, 1993-1995)

  4. 1995 жылы Тіл комитеті құрылды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм 1993)

  5. Шығыс ғұламасы Әл-Фараби 70-ке жуық тілді меңгерген дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенем)

  6. Қазақ елі барда қазақ тілі де болады. Өседі. Өркендейді, - дегенді С.Мұқанов айтқан дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе?(сенбейм, Н.Назарбаев)



«Болашақ» тобына

  1. 1999 жылы «Тіл туралы» Заңды жүзеге асыру үшін «Қазақ тілі» қоғамы құрылды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм, 1989)

  2. 1997 жылы 11 шілдеде «Тіл туралы» Заң толықтырылып қайта шықты дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенем)

  3. 1996 жылы «Тіл туралы» Заңды күшіне келтіру туралы Мемлекеттік бағдарлама жасалды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм, 1998)

  4. 2005 жылы «Мемлекттік тілдің қолданылу аясын кеңейту және оның бәсекеге қабілеттілігін арттырудың 2007-2010 жылдарға арналған» Тұжырымдамасы қабылданды дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм, 2007)

  5. Абай орыс-қазақ тілдерімен қатар парсы-араб тілдерін меңгерген дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенем)

  6. Әркімге туған тілі – туған шеше, оған бала міндетті сан мың есе, - деген нақыл сөзді Ғ.Мүсірепов айтқан дегенге сенесіз бе, сенбейсіз бе? (сенбейм, С.Мұқанов)

ІІ айналым. Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы (үй тапсырмасы)

ІІІ айналым. Мақал сөздің мәйегі (өлең жолдарында берілген сөздерге қатысты мақал-мәтел жасау)

Өлең жолдарында берілген асты сызылған сөздерге тіл туралы мақал-мәтел айту.


Тілсіз, ділсіз адамдар

көкірегі – көр, сезімі – тас кереңді,

Көре алмайтын Биіктікті,

Ұға алмайтын Тереңді!

Еслям Зікібаев

Тіл тас жарады, тас жармаса бас жарады.


Ғұлама, халық жанды ғазиз бабам,

Халқыңнан бір сәтің жоқ ажыраған.

Келесің өлмей жасап, шырақшы боп,

Ана тілі – асыл жиған қазынаға.

Мұзафар Әлімбаев

Тіл – өлшеусіз қазына, өрісі кең әлем.

Тіл – мәдени қазынаның қайнар бұлағы.


Көшкен елмен өмірдің күн шуағын,

Кейде ауыр ойлардан тұншығамын.

Ана тілім – қасиетім жырымдағы,

Тілім бітсе, халқымның құрығаны.

Әбу Сәрсенбаев

Тіл – халықтың жаны.


Сусыз, нұрсыз өспейтіндей гүл,

Тілсіз, жырсыз тіршілік те тұншығар.

Аспан, Жердің амандығын апаттан

Сақтап тұрған қасиетті Тіл шығар,

Тіл болмаса үнсіздікке кім шыдар?

Еслям Зікібаев

Тіл – тіршілік тірегі.

Тілсіз жерде тіршілік жоқ.


Ұйқылы-ояу өмірде

Оятты ол неше жұртымды,

Сезінбес бұлай Тәңір де

Өзі жаратқан бұл тілді!

Қадыр Мырза-Әли

Тіл – ұлттың сүйенетін тамыры,

Сыйынатын тәңірі.


ІҮ айналым. Полиглот (берілген сұрақтардың жауаптарын үш тілге аудару)

Ү. Сөз ойла, тез ойла

Құрметті топтар бұл шешуші кезең, әр ойыншыға екі әріп тесілі, қойылған сауалдарға осы әріптердің көмегімен жауап берілу тиіс. Бізде кезекте «Білімпаз» тобы дайынсыздар ма? Уақыт шектеулі бізге 1 жарым уақыт беріледі. Уақыт кетті

  1. ҚР-ның медалі м-м-м еңбегі үшін (ерен)

  2. М-м-м лағындай (елік)

  3. Тары түйетін ыдыс (келі)

  4. Мақпал Жүнісова орындайтын ән «Қазақтың м-м-м қызымыз» (ерке)

  5. Алға сөзінің антонимі (кері)

  6. Азаттық сөзінің синонимі (ерік)


І ІІ ІІІ ІҮ

Е Р Е Н

Л І І К


Кезекте «Болашақ» тобы дайынсыздар ма?

  1. Нешеу ала болса, ауыздағы келеді? (алты)

  2. Қорған болу м-м-м болу (пана)

  3. Қасқырдың іні (апан)

  4. Мұң, қайғының синонимі (нала)

  5. Абай өлеңінде

Өзіңе сен өзіңді алысқа қайрат пенен м-м-м екі жақтап, - дейді, бұл не? (ақыл)

  1. Арыстанның күшігі (алан)


І ІІ ІІІ ІҮ

А Л Т Ы

Қ П А Н


ҮІ айналым «Даналық ойдан дән ізде»

Қазақ тілім – өз тілім, ана тілім,

Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.

Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені,

Болашағым, бақытым, дара тілім.


Тіл – ата-баба аманаты. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру – баршамыздың парызымыз. Тіл тағдыры – барша қазақ халқының тағдыры. Туған тіл жас нәрестеге құндағында ана сүтімен бірге сіңетін болса, ол ана тілі ешқашан жойылмайды.

Табылар білім болса бар асыл да,

Кезек келді қазылардың бағасына.

(Қазылар алқасына сөз беріледі)












































Тәрбие сағаты



Тілім менің






Жауапты:













Степногорск,2014

Только до конца зимы! Скидка 60% для педагогов на ДИПЛОМЫ от Столичного учебного центра!

Курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации от 1 400 руб.
Для выбора курса воспользуйтесь удобным поиском на сайте KURSY.ORG


Вы получите официальный Диплом или Удостоверение установленного образца в соответствии с требованиями государства (образовательная Лицензия № 038767 выдана ООО "Столичный учебный центр" Департаментом образования города МОСКВЫ).

Московские документы для аттестации: KURSY.ORG


Общая информация

Номер материала: ДБ-028096

Похожие материалы



Очень низкие цены на курсы переподготовки от Московского учебного центра для педагогов

Специально для учителей, воспитателей и других работников системы образования действуют 60% скидки (только до конца зимы) при обучении на курсах профессиональной переподготовки (124 курса на выбор).

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца с присвоением квалификации (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: KURSY.ORG