Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / Классному руководителю / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел бақыты ертеңім» (9 сынып)
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Классному руководителю

Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел бақыты ертеңім» (9 сынып)

библиотека
материалов

Тәрбие сағаты Тақырыбы: «Тәуелсіздік – ел бақыты ертеңім» 9 сынып


Мақсаты: Оқушыларды ұлттық рухта тәрбиелеу. Елін, жерін, Отанын сүюге ықпал ету.
Көрнекілігі: шарлар, нақыл сөздер, роликтер


1 жүргізуші: Армыссыздар, құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының Тәуелсізідік күніне арналған «Тәуелсізідік – ел бақыты ертеңім» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. Бабалардың арманы, аналардың тілегі болған бағыт – тәуелсіздік жиырмасыншы ғасырдың аяқталар тұсында біздің алақанымызға қонды.

Міне биыл тәуелсіздігіміздің арайлап атқан таңына 24 жыл. Осы жылдар ішінде саяси жүйесі тұрақты, экономикасы дамыған, бәсекеге қабілетті, халықаралық беделі зор қуатты мемлекетке айналдық. Біз тәуелсіздікке қол жеткізу арқылы мәдениетіміз бен салт-дәстүрімізді, дінімізді, тілімізді қайта өркендеттік. Тәуелсіздігіміздің рәмізі саналатын әнұранымызды, туымызды, елтаңбамызды және төл теңгемізді сайладық. Бірлігіміз бен бейбітшілігіміздің негізі Конституциялық заңды бекіттік. Көптеген елдермен экономикалық қарым-қатынас орнату арқылы бүкіл әлемге қайтпас қайсар қазақ деген халықтың бар екенін жария еттік. Мақсатымыз – бәсекеге барынша қабілетті дамыған елу елдің қатарына ену.

Тәуелсіздік жолы оңай жол емес, бұл жолда сан мыңдаған адамның арманы мен тағдыры тәлкекке түсті. Біздің еліміз бүгінгі күнге сондай қиын-қыстау, даңқты жолдардан өтіп келіп отыр. Сондықтан да, тәуелсіздігіміздің мәні өзгеше, бағасы теңдессіз. Ендеше тәуелсіздігіміздің тұғыры әрқашан биік болсын.


Еліміздің Тәуелсізідік күні баршаңызғы құтты болсын!

Бүгінгі іс-шарамыз ашық деп жариялаймыз!

ҚР ГИМН (Видео)


1 жүргізуші:

Жаңарған берекелі еліміз бар,

Даласы гүлге толы жеріміз бар.

Кең өлкем байлығы мол, ынтымақты,

Шалқыған айдын-шалқар көліміз бар.


Қария: Шіркін – ай, осындай өмірге жеткенімізге шүкір! Қазақ халқының басынан өтпегені жоқ. Қуатты қазақ хандығын құрдық. Ұлан байтақ елемізге жан-жақтан көз тігіп, ойран салушылар көп болды. Елімізде жоңғар шабуыл жасап, қалың жұртты қан жылатты. Ел шұбыра қашып, «Ақтабан шұбырынды» болды.


Видео «Қазақстан XVI-XVII ғасырда»


Қария: Заман өзгерді. 1986 жылдың желтоқсан айында отты оқиға болды. Елдің егемендігін аңсаған жастар ұлттық намыс құдіретін әлемге паш етті.

Көрініс

(1986 жылдың 16-желтоқсаны. Алаңға қазақ жастары жиналуда. Қолдарынды «Еркіндік», «Тәуелсіздік», «Бостандық» деген жазуы бар плакаттар)

1-оқушы: Әй,тұғандар! Жігіт болсаңдар шығыңдар бері қарай, қосылындар біздің қатарға!

2-оқушы: Қазақ жерін тек қазақ билеуі керек. Біз бейбіт шеруге шығамыз!

3-оқушы: Еліміздің тәуелсіздігі үшін шығамыз!

4-оқушы: Қазақ халқының ары мен намысы біржола өлген жоқ, біз ұлтты қорлауға төзбейміз. Ашық қарсылық көрсету керек. Осы жолы бас көтермесек мәңгі тапталамыз!

5-оқушы: Отаншыл деген рухы бар қыздар, алға!

6-оқушы: Жолдастар, Қазақстанның бостандығы, тәуелсіздігі жасасын!

7-оқушы: Қашыңдар!Десант! Қырып жатыр! Қолдарында қысқа сапты күрек...

8-оқушы: Жолдастар, қорықпандар! Бостандық біздікі!

Барлығы бірге:

Бостандық! Тәуелсіздік!, Еркіндік!


Видео «Желтоқсан желі»

1 жүргізуші:

Желтоқсанның ызғарына қатысқан,

Қарапайым қазақ халқы алысқын.

Алға ұмтылған ардақты да аяулы,

Саясатқа көз бұрған.

Талай қазақ қыздары мен ұлдары

Келешектің қамын ойлап тартысқан.

Желтоқсанның құрбандарын әрқашан

Еске аламыз алаулаған оттай қып.

Қаншама адам осы үшін күресіп,

Өмірге бір басын сүйреп алысқан.

Құрбандарға бас иеміз бәріміз!


2-жүргізуші: Ерлігі еліне үлгі, ұрпаққа ұлағат қазақ халқаның перзентері ретінде Желтоқсан құрбандарын еске алу үшін 1 минут үнсіздік жариялауға рұқсат етіңіздер.


1-жүргізуші:

Қазір елім достықтың гүлстаны,

Қуыныштың, бақыттың ырыс бағы.

Мейрамдарын барша халық бірге тойлап,

Мұнда бәрі қосылып ту ұстады.


2-жүргізуші

Атты бүгін азаматтықтың ақ таңы,

24 жылдың Тәуелсіздіктің арайлы таңы атқалы.

Елі текті, киелі, қасиетті, жерімнің

Құтты болсын еркіндігі, ата-ба арманы.


1 – жүргізуші:

Тарих үшін қас-қағымдық қана сәт 24 жылда 20 ғасырда жүк болатын асулардан асқан Тәуелсізідік Қазақстанның шешіресіне алтын әріптермен жазылар айтулы оқиғалар аз емес. Сондай тарихи күннің көшін 1991 жылдың он алтыншы желтоқсаны бастап тұр. Бұл ел тарихындағы ең бақытты күн, құтты күн. Сол күні Қазақстан Республикасының Президетті Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына қол қойды. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы аңсаған асыо арман орындалды. Өмірге Тәуелсіз Қазақ елі келді.

2- жүргізуші:

Тәуелсіздікке жету қандай қиын болса оны сақтап алу одан да қиын. Басқару жүйесі жолға қойылған баяғыдан бар бай мемлекетті басқару да оңай емес. Ал күл-талғаны шығып қираған, экономикасы қисайып қалған елде жаңадан мемлекет құру қияметтің қыл көпірінен де қиын екені анық. Еліне арқа сүйген Елбасы өзіне тән кемел ойлы кемеңгерлікпен тәуелсіз мемлекет құрды.


Қария: Иә,қайран жерім, қайран қазағым! Туған жердің әр тасы, әр бұтасы ата-бабаларымыздың бізге тастап кеткен аманаты. Міне, сендер – тәуелсіздіктің болашағы.


1-оқушы: «Бақытыңды бағала»

Дүниені кезіп кетті атым бүгін,

Қауызынан жарылып жатыр жырым.

Елбасы мен Ел атын бір өлеңнің

Бір жолына сыйғызды ақындығын.

Көтеріліп ақ күмбез сардаламнан,

Озып кеткен баяғы ордалардан.

Күн шапағын көтерген қанатымен

Алтын қыран-атамнан қалған арман.


2-оқушы: Төңіректі төрдегі түрге малып,

Жиырма төрт жылда көркейдім гүлге оранып,

Қазақ десе азат деп ұйқастырам,

Ел дегенде Елбасы тілге оралып.

Өміріңе жарасқан өр тұлға шат,

Тектің тінін жалғаған көркің ғажап.

Көк туыңды кеудеңнен жоғары тұт,

Бақытыңды бағала, еркін қазақ.


3-оқушы: «Тәуелсіздік толғауы»

Тәуелсіздік – сан жылғы ұлы арманың

Шапағаты, айрықша сыйы Алланың.

Еркін жазып қанатты, еркін самғап,

Қасиетті қолыңа ту алғаның.

Тәуелсізідік – жарқырап атқан таңың,

Куанғаның, күлгенің, шаттанғаның.

Болашаққа үмітті ұялатып,

Әр жүрекке сәулелі жаққан шамың.


4-оқушы:

Еркін, азат ел болдық Елбасы бар,

Беделімді бір биік белге асырар.

Халық үшін жаралған қайраткердің

Қыдыр бабам қадамын қолдасын әр.

Алла, пірім жар болсын, жебесін де,

Айбынды елдің, бүгінгі айбатты елдің

Айдарынан еркіндік желі есуде.

5-оқушы:

Тәуелсіздік – арқамды сүйегенім,

Бейбетшілік, тыныштық – тілегенім.

Жаңа ғасыр көгіне жайып қанат,

Жайнап өсіп, жаңарып түледі елім.

Түлеп жатыр қырым да, қиырым да,

Бақыт, байлық нұр болып құйылуда.

Асқақтады мәртебем көтеріліп,

Туым биік тұр бүгін тұғырында.


6-оқушы:

Асыл елім бүгін ақ ортасы бар,

Айбынды елім қаһарман Елбасы бар.

Жолбасшы елімін жыл сайын Елбасының

Жолдауымен қамданып жолға шығар.

Айналайын асыл ел, алтын халық,

Айқын мақсат алдында, айқын бағыт.

«Әлемдегі үздік ел етемін» деп

Елбасың жүр алдыңда жарқыл қағып.


7-оқушы:

Әр сөзінен мейірім, шуақ тарар,

Әр ісінен халқым күш, қуат табар.

Болашаққа Елбасым жол бастаған,

Шамшырағы елімнің сияқтанар.

Дара тұлға, дана ой таласы жоқ,

Бағыт, бағдар, іс қанша бағасы жоқ.

Күш атасын қашаннан танытқан ба,

Шағын қала салынды, зауаттар да.

Қиналмайтын болды ел бұрынғыдай

Газ бен жылу,ауыз су,жарықтан да.


8-оқушы:

Тәуелсізідік – бақытың тұрған күліп,

Ойың еркін, бүгінгі тұлғаң биік.

Тәуелсіздік – көктегі шуақты күн,

Әр жүректі куантып, нұрландырып.

Тәуелсіздік – бүгінгі туым менің,

Туым үшін ешкімге иілмедім.

Тәуелсіздік сан жылдар аттан түспей,

Айқас,шайқас, мың өліп, тірілгенім.



Ән: Қазақтай ел қайда?! (видео)



Жүргізуші :

Құтты болсын мерейтойым мерейлі ,
Бейбіт күннің нұры мәңгі сөнбейді.
Байрағымыз желбірейді биікте,
Мен қазақпын, қазақ атым өлмейді.
Егеменмін , тәуелсізбін , еркінмін,
Өсе берсін ұландары елімнің .
Қазақстан қарыштай бер гүлденіп,
Атамекен қастер тұтар киелім.


Елдігіміз бен бірлігімізді , ынтымақ пен татулығымызды айқындайтын егемендігіміз мәңгілік , тәуелсіздігіміз тұғырлы болғай !
Тәуелсіздігіміз баянды болсын!

Автор
Дата добавления 14.12.2015
Раздел Классному руководителю
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров674
Номер материала ДВ-258995
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх