Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты тақырыбы "Жаңа жыл кешінде"

Тәрбие сағаты тақырыбы "Жаңа жыл кешінде"

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Жаңа жыл сценарий

Сиқыршы:Біз бүгін жаңа жыл тойын осы бір әсем шыршасы бар сұлу безендірілген қасиетті қара шаңырақта тойлағалы отырмыз.Осы шаңырақтың патшайымын ортаға шақырамыз.(мектеп директоры немесе мектептегі кез –келген мұғалім шығып,құттықтау сөз сөйлейді.осы жерде шырша дайын болуы тиіс.яғни шырша жағылады. )

Кенеттен есіктен Аяз атамен Ақшақар кіріп келеді.

Қар ханшайымы:Мінеки,біз сөйлейміз дегенше,Аяз атамыз бен Ақшақарымыз да келіп қалған екен.

Сиқыршы:Жыл келді бөлеп бізді ағыс күнге

Жетектеп нұрлы ертеңге таныс күйге

Жаңа жыл, жаңа әннің тербелуі

Жаңа жыл, ақ арманның өрленуі.Армысыздар , қадірлі қонақтар, сүйкімді балалар! Бәріміз асыға күткен жаңа жылымызда келіп қалды, жаңа жылды думандатып, қарсы алайық.

Қар ханшайымы:Барлығымыз жаңа жылдық шыршамызға қонаққа келдік.Кешіміз көңілді өтсін.Ал, балалар,шыршамыздың шамдары неге жанбай тұр,неге оның көңіл күйі жоқ.

Сиқыршы : мен білетін сияқтымын.Өйткені балалар ,біз шыршамызбен амандасқан жоқпыз.Сондықтан ол бізге ренжіген болар.

Қар ханшайымы:Ендеше, балалар,шыршаны айнала билеп шығайық.

Х О Р

Қар ханшайымы :Балалар әдемі шыршамыз бар,енді бізге кім жетіспейді.

Балалар: Аяз ата мен Ақшақар деп жауап береді.

Қар ханшайымы: Ендеше шақырайық Аяз атамен Ақшақарымызды.

Сол кезде ортаға Мыстан кемпір мен Жезтырнақ кіріп келеді.Екеуі де Аяз атамен Ақшақардың костьюмдерін киіп алған.

Жезтырнақ:Сәлемет пе,балалар,шақырдыңдар ма,мінеки келіп қалдық.Жаңа жылдарың құтты болсын.Өздерің немене киіп алғансыңдар,біреуі көбелек, біреуі клоун,- деп сөйлейді.

Мыстан кемпір:Сәлем бердім,сәлем бердім балақайлар,

Аппақ, аппақ,қар аппақ,

Қар жамылған кім аппақ,

Қырау,қырау сен аппақ,

Бәрі аппақ, бәрі аппақ.

Жезтырнақ:Ой, осы тақпақты бір ай жаттап едің ғой.Тамаша қандай керемет.

Сиқыршы: Ал,біздің балалар,тақпақ,өлең, би,бәрінде біледі.

Мыстан кемпір: Е,немене, бізді билей алмайды дегің келіп тұрма,билегенде қандай,бидің неше түрін білеміз,қане, диджей музыканы қос.

Мыстан кемпір мен Жезтырнақ «Өзбек» биін билейді.Тазша бала жүгіріп келеді.





Тазша бала:Тезірек,тезірек,бәрің бері қараңдар,мен сендерге хабар әкелдім.

Қар ханшайымы:Қандай хабар,не болды

Тазша бала : Аяз ата мен Ақшақар сіздерден кешірім сұрап күте тұрсын ,қазір тез арада жетеміз деді.

Сол кезде бәрі Жезтырнақ пен мыстан кемпірге қарайды.

Жезтырнақ: мен ,мен шын Аяз атамын.Қараңдар, міне сыйлықтар толы дорбамда бар.Сиқырлы таяғым да бар.Енді не керек.

Мыстан кемпір:Ал, мен , ең ,ең, әдемі Ақшақармын.Қараңдаршы,көйлегім қандай әдемі.Мұндай көйлек ешкімде жоқ.

Қар ханшайымы:Балалар сенесіңдер ме оларға.

Балалар: Жоқ, сенбейміз.

Сиқыршы :Балалар,мен де оларға сенбеймін.Мен манадан бері осылардан күдіктендім. Сендер күдіктенген жоқсыңдарма.

Балалар:Иә,иә күдіктендік,- деп жауап береді.

Жезтырнақпен мыстан кемпір төбелесе кетеді.

Жезтырнақ:Сен,бәріне кінәлі,сен.Ақшақар сияқты сүйкімді де бола білмедің. Түріңді қарашы,бетіңді де жумапсың.

Мыстан кемпір: Өзіңе қара, Аяз атамын , Аяз атамын деп барлық балаларды шошыттың,дорбам бар деп қояды,дорбаң да дым да жоқ,ақымақ.

Қар ханшайымы: Достар,бүгін мереке ғой,жаңа жыл да кешірімді болайық.Мыстан кемпірді ,Жезтырнақты кешіріп,мерекемізге қонақ қылайық,бәріміз билеп,ән салып, тақпақ айтып,бірігіп,содан соң,мерекеміздің ең басты қонақтары Аяз атамен Ақшақарды шақырсақ қайтеді,- дейді.

Балалар : Иә, жарайды,кешіреміз,- деп ,Аяз ата Ақшақар – аууу ,- деп екеуін шақырады.

Аяз ата: Армысыңдар,жиналған көп бауырларым,

Аман ба, елің,жұртың,ауылдарың,

Аман ба ,кіп –кішкентай балаларым,

Сағынып өздерің мен қауышамын.

Аман ба, ауыл- аймақ аталарың,

Аман ба, ақ жаулықты аналарың

Өзімді бақытты деп санаушы едім

Алғанда үлкендердің баталарын!

Ақшақар: Саламатсыңдар ма, балалар,

Саламатсыңдар ма,достарым,

Шыршаларың қандай тамаша

Жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне,әсем шыршамыз

Көптен күтіп сағынған

Аяз ата: Ия, Ақшақарым,біз әнімен сәні жарасқан ,ұлы-қызы өнерлі,халқының бірлігі мол елге келген екенбіз.Мен өте қуаныштымын.Ал мен сендердің мына әсем шырша тойларыңа арнап,қоржынымды сыйлықтарға толтырдым.

Ақшақар:Иә,бұл өзіміздің аңсап, көруге асыққан Бейнеу елді мекеніндегі Абай атындағы білім ордасының шырша тойы екен.Ал,қане,Аяз ата біз отырып балалардың өнерін көрейік,тамашалайық.

Қар ханшайымы: Армысыз,Аяз ата,Ақсақалым,

Бармысыз,сұлу көркем Ақшақарым

Асыға тағатсыздық сезімменен

Тосуда өзіңізді барша қауым

Сиқыршы: Ал,қанекей,балалар,

Ән мен жырға басайық

Той думанды жалғайық

Жаңа жыл да сайланып

Шыршамызды айналып

Би билейік,ән салып

Баршамызда жыр салып.

Ақшақар: Балалар мен бүлдіршіндер

Қуаныш қа тоймайық

Мерекелік кешімізде

Асыр салып ойнайық.

О й ы н

Екі бала шығып билеуі керек,бірақ денесімен емес,тек бастарымен билейді.Және бас мүшелерін қозғалту арқылы балаларды күлдіруі қажет. Яғни, көз, мұрын, ауыз,қас, құлақ, және басты оңға солға жоғары төмен қозғап билеп қимылдар көрсетеді.Бірақ денелерін қимылдатпауы қажет.Қозғалмай тұрып, баспен билеуі керек.Сол арқылы олар сыйлық алады.

Ойын ойналып болып,оларға сыйлық беріліп болған кезде ,ортаға қарақшылар келеді.Аяз ата сыйлықтар толы қоржынын жерге қойып қояды.Ал қарақшылар болса сол сыйлықтарды алып кетпек болады.Олар төртеуі болып ұрламақшы болады.Осы кезде қарақшылар сөйлейді.Олар бір-біріне ақыл айтады.

1-қарақшы.Иә иә құтырыңдар,билеңдер,ойнаңдар,сендер мәз-мейрам болып жүргенде , біз сыйлықтарды ұрлап кетейік,- деп бірінші қарақшы сөйлейді.

2- қарақшы.Көріп қойса қайтеміз,Аяз ата сосын бізді қатырып тастайдфы ғой.

3- қарақшы. Қорқа бермеші,қорқақ,жүр,тезірек ұрлайық,жүр.Барлық сыйлық біздікі болады,оларды сатып ақша қыламыз.

4- қарақшы.Жарайды,ұрласақ ұрлайық,кеттік.

Қарақшылар сыйлықты ұрлап жатқанын Тазша бала көріп қалады.

Тазша бала: Тоқтаңдар,біздің сыйлығымызды қайда алып барасыңдар,

Барлығы қарақшыларды ұстап алады.

Қарақшылар:Бізге сыйлық керек.Біз сыйлықты сатамыз.

Тазша бала: Бұларың ұят болады,бұл өте үлкен кінә ғой.

Қарақшылар :Не істейміз,онда жұмбақ жасырайық,шешуін тапсаңдар,сыйлықты қайтарып береміз.

1-жұмбақ.Қабат-қабат қаптама,ақылың болса аттама.(Кітап)

2-жұмбақ.Тұмсығымен қозғалар,артында аппақ із қалар. (Бор )

3- жұмбақ.Сағат сайын соғылады,тек мектептен табылады. (Қоңырау )

4- жұмбақ.Жылт-жылт етеді, жылғадан өтеді. (Су )

5- жұмбақ.Жайған жастық сөгілді,аппақ мамық сөгілді.(Қар)

6- жұмбақ.Өзімнен өзгенің бәрін көремін.(Көз)

7- жұмбақ.Бір есік, бір есік ішінде бес есік.(Қолғап )

8- жұмбақ.Білімнен мол сиясы,балдырғанның ұясы.(Мектеп)

9- жұмбақ.Ит сияқты пішіні,қнатпайда кісіні.(Қасқыр)

10- жұмбақ.Қалың киімді ұнатады,шешендірсең жылатады.(Пияз)

11- жұмбақ. Мысықтан бұл қорқады,бұдан піл қорқады.(Тышқан)

12- жұмбақ.Тор көзді жазық,жазылады әріп. (Дәптер)

Қарақшылар: Өздерің ақылды екенсіңдер ғарар ой ә,жарайды, сыйлықтарыңды қайтарайық,бірақ,бізде сендер мен бірге мерекеден қалайықшы,сендерден кешірім сұраймыз.

Қарақшылар сыйлықтарды қайтарып береді,кешірім сұрап,мерекеде қалуларын сұрайды.

Қар ханшайымы: Балалар,қалай,қалдырамыз ба.

Балалар:қалдырайық,бірақ,енді жамандық жасамаймыз деп уәде берсін.Бізбен бірге шыршаны айнала ән айтып,билесін,-дейді.

Сиқыршы: Жүзімізде күлкі ойнап,қанаттанды жанымыз,

Жаңа жылда біз тойлап, шаттанамыз бәріміз.

Осы жерде бір жаңа жылға байланысты ән орындалады.

Қар ханшайымы: Аяз ата біздің балалар, сіз келеді деп өз әндерін,билерін дайындапты,- дейді.

Осы кезде 3-4 сынып оқушылары кезекпен өз өнерлерін көрсетеді.:Әр сыныптың көрсеткен өнерлеріне Аяз ата кезекпен сыйлықтарын беріп отырады.Осылай уақыт өтуі қажет.

Содан соң қарақшылар сөйлейді.

Қарақшылар:Аяз ата біздің де сыйлық алғымыз келеді,-дейді.

Ақшақар :Көрсетіңдер өнерлеріңді,көрдіңдер ғой,балалар қалай дайындалғанын.

Қарақшылар:біз тек төбелесу мен ұрлауды ғана білеміз,енді қайттік.

1-жүргізуші.Ендеше,қарақшылар мен ер балалар күш сынассын.Ұтқан балаларға аяз ата сыйлық береді.

Аяз ата.Әрине,әрине,беремін,сыйлығым көп,беремін ғой.

Осы кезде Шыршаның алдына 2 парта мен 4 орындық әкелінеді.4 орындықты партаның жан-жағына қояды.Балалар мен қарақшылар күш сынасады,жеңген де,жеңбеген де балаларға Аяз ата сыйлықтарын береді.

1-жүргізуші.Енді мына жерде ән айтатын жас талантттарымыз бар екен,сол балалардың өнерін тамашалайық.

Аяз Ата :қанеки тыңдайық.

2- жүргізуші.Баланың бас ұстазы ата-анасы дегендей мереке қонақтары ата-аналарды құрметпен ортаға шақырып,ақ тілектерін тыңдайық.

3-4 ата-ана ортаға шығып,өз тілектерін айтады.

1-жүргізуші.Ендеше,бізде сіздерге сәттілік тілейміз.

2-жүргізуші.Және де осы мектептегі барлық мұғалімдерге ұлағатты ұстаздарға жұмыстарына жемістілік, өмірлеріне бақыт тілейміз.

1-жүргізуші.Қанеки онда ескі жылымыз Жылқы жылының бізге сыйлаған тәтті жағдайларымен берекелі дастарханын еске ала отырып,ескі жылымызды қуанышпен шығарып салып,жаңа жылымызды дәл сондай көңіл-күймен қарсы алайық.

2-жүргізуші.Қош бол,ескі жыл,қош бол деп қанеки балалар ескі жылды шығарып салайық.

1.Ерлерім ел намысын түйіп белге,

Келеді,қолым жетіп биіктерге,

Тілегі қабыл болып халқымыздың

Жаңа жыл құт боп келсін сүйікті елге.

2.Жаңа жылым жаңа бақыт сыйласын

Көгімізде бақыт құсы самғасын

Қой жылымыз құтты болып халқыма

Отбасынан той-думан арылмасын.

Жаңа қой жылы сөйлейді.Берейін бата қолың жай

Қыдыр қолда тілекті

Толқытады көңіл жай

Жүзге тақау жүректі

Жастарымыздың пәк сезімін берсін

Қорадағы малымыздың семіздігін берсін

Балаларға бақытты өмір беріп

Жинаған ұпайлары көбейе берсін

3.Қош келіпсің,жаңа жылым сырлы сағым

Көп болсын,көленкеңіз нұрлы шағың

Жайсын саған қызығып күн құшағын

Тоссын саған ғажайып түн құшағын

4. Жаңа жыл келді міне жерімізге

Әкелсін құт береке елімізге

Жақсылық пен қуаныш жылы болып

Қиындықты жолатпасын бәрімізге

Қар ханшайымы: Қонақтар,балалар сіздерді жаңа жыл мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз, отбастарыңызға құт-береке,амандық,молшылық тілей келе,жаңа жылда жаңа табыстарға жетулеріңізге тілектерімізді білдіре отырып,жаңа жыл кешімізді аяқтаймыз,қош сау боыңыздар!!!

Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 22.08.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1732
Номер материала ДA-010789
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх