Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Начальные классы / Другие методич. материалы / Тәрбие сағаты тақырыбы:"Ана-біздің күніміз."

Тәрбие сағаты тақырыбы:"Ана-біздің күніміз."

  • Начальные классы

Поделитесь материалом с коллегами:



Тақырыбы : Ана- біздің күніміз.

Мақсаты :

8 наурыз мейрамы туралы түсінік беру,анаға деген мейірімді,сүйіспеншілікті арттыру,сауатты ,анық оқи алуға машықтандыру:

Оқушылардың ізгілік,инабаттылық,сыйластық,адамгершілік сияқты қасиеттерге тәрбиелеу:

Сахна мәдениетіне тәрбиелеу.

Көрнекі -құралдары :

шармен,гүлмен безендіріледі.Тақырып жазылған плакаттың ортасында үлкен күннің бейнесі,ойынға қажетті заттар.»Менің анам осындай ...»атты балалардың аналарын бейнелеген сурет көрмесі ,аналарына арнап жасаған ашық хаттары.

І. Ұйымдастыру кезеңі ./залға әуенмен оқушылар кіреді /

1- ші жүргізуші:Құрметті асыл аналар,қыз қызғалдақтар,қадірлі ұстаздар!

Сіздерді көктемнің алғашқы айында еліміздің барлық жерінде тойланатын 8 наурыз әжелер ,аналар,қыздар мейрамымен шын жүректен құттықтаймыз.!

2-ші жүргізуші: Сіздерге әлемнің нұрын ,өмірдің гүлін ,көктемнің шуағын тілейміз .Мына жарық дүниенің мәні де,сәні де сіздерсіздер.

  1. ші жүргізуші: Бүгінгі 8наурыз аналар мерекесіне арналған «Ана біздің күніміз»атты тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз..Барлық өнеріміз аналар сіздер үшін.

  2. ші жүргізуші: Бүгінгі мейрамда көктемдей көтеріңкі көңіл сыйлайтын оқушыларымыздың аналарға арналған олең шуақтарын қабыл алыңыздар.

Оқушылар сахнаға шығып тақпақтарын айтады.

1.Әлпештеген ,аялаған

Ақ сүт берген анатайым

Сәлем жазып бүгін саған

Мейрамыңмен құттықтаймын.



2.Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Аяулы менің анашым

3.Аялаған саялаған

Бар бақытым берекем

Апатайым ,құттықтаймын

Бүгін сенің мерекең







4.Бәрімізге анасың

Біз үшін күн боп жанасың

Құтты болсын мейрамың

Құттықтаймын анашым.

5.Өлең айтып беремін

Нан да алып келемін

Ойткені мен анамды

Өте жақсы көремін.

6.Ақ сүтінен жаралған

Ақ сүтінен нәр алған

Анаға бас иеміз

Туған елдің тілі деп

Туған жердің үні деп

Анаға бас иеміз.

7.Аналарды сүйеміз

Сөзін ойға түйеміз

Әжені де ардақтап

Әдеппен бас иеміз

8.Мамам,мамам,ақ мамам

Мен де өзіңнің ақ балаң

Айтқан тілді аламын

Жұмсағанға барамын

Ақ төсекке жатқызса

Көзімді жұма қаламын

9.Сен жалықпай жетектеп

Мен жалықпай жетермін

Айтқаныңды екі етпей

Ақ сүтінді өтермін

10.Ана біздің күніміз

Ана біздің гүліміз

Ұландарды қуантып

Ұзақ өмір сүрііңіз.

11.Бал бөбегін баптаған

Мамам үшін мақтанам

Айналатын біздерді

Көп жасасын жақсы адам.

12.Алақаны ақ самал

Мәпелеген жан ана

Көкте күнім батса да

Өзің күнсің балаға.

13.Біз доспыз гүлдермен

Текке оны жұлмаймыз

Той күні бір бірден

Аналарға сыйлаймыз





14.Қадірлі аналар көңілі

Көктемдей жайнап ,гүл ашсын

Бақытқа толы өмірі

Шаттыққа шаттық ұлассын.

1 жүрг: Балалар ,бізді осындай әдемі,ақылды етіп өмірге әкелген аналарымызға не дейміз ? /балалар бірге айтады РАХ-МЕТ /

2 жүрг: «Ақ мамам» әнің қабыл алыңыздар.

1жүрг:»Күнім ,жаным » дегенді

«Құлыншағым»дегенді

«Қошақаным»дегенді

«айналайын»дегенді

Ойлап тапқан кім екен?

Балалар барлығы айтады А НА ЛАР

Онда ортаға аналарымызды шақырамыз./аналар ортаға шығады /

Сіздер үйде балаларыңызды қалай еркелетіп атайсыздар./аналар айтады/

Рахмет .

2жүрг. » Анашым « әнің қабыл алыңыздар

1 жүрг: Мерекеге арналады бүгін билер.

Көтерілсін қанекей көңіл күйлер

Алдарыңызда қазіргі испан биі

Таң қалдырып қанекей би билеңдер.-демеккші ендігі кезекте испан биін қабыл алыңыздар.

2жүр: « » әнді тамашалаңыздар

1 жүрг: ортаға төрт ана шығады :

Сұрақ жауап

1 ші анаға:

1.Түйенің сүті /шұбат/

2.Сәндік бұйым жасайтын адам /зергер/

3.Ұлыс күні жасалатын тағам /көже/

4.Қыста жейтін малдың етін не деп атайды?/соғым/





2ші анаға

1.Қазақ қыздарының бас киімі /сәукеле

2.Қазақ халқының ұлттық тағамдары /қазы қарта,жал жая,шұбат,қымыз,ірімшік,құрт,бауырсақ/

3.Ең құрметті,жанашыр адам /ана/

4.Қазақ халқының ұлттық ойындары./күрес,аударыспақ,бәйге,теңге алу/



3 ші анаға :

1.Сабақ неше минут болады./45/

2.Қазір қай ай/наурыз/

3.Балаңыздың сүйікті тағамы

4.Бір жылда неше мезгіл бар?/ 4 Қыс,көктем,жаз,күз/







4 ші анаға :

1.Балаңыз қай пәнді ұнатады?

2.Балаңыздың сүйікті өлеңі

3.Күй атасы кім ?/ Құрманғазы

4.Балаңыздың қызықты оқиғасы

Рахмет сіздерге :

2 жүрг : « » әнді тамашалаңыздар

1ші жүрг: Баллар ,бүгін біздің ұлдар қыздарымыз аналарының орнында болып көреді.Ол қалай дейсіңдер ғой? Қазір балалар алжапқыштарын тағып ,аналарын жылдам тамақтандырады.//банан,иогурт,шырын ішкізеді./

2 жүрг : би



1 жүрг : Дүниеде ең кемеңгер даналы

Ана табады ,аялайды,бағады

Сол үшін де құдыретіне бас иіп

Құрметтейік қасіретті ананы !

Деп ортаға анларды шақырамыз «Менің анам осындай « атты суреттен өздерін тауып алу керек.

2 жүрг :



1 жүрг : Құттықтау сөз тәрбие ісінің меңгерушісі Галина Карибжановна Турсынбаеваға беріледі.

2жүрг: Құттықтау сөз сынып жетекшісі Ж.анна Қабдыкаримовна Алибековаға беріледі.

1жүрг :Құрметтейік о адамдар ,аналарды

Бізді өмірге әкелген даналарды

Себебі ,Ана деген асыл жан ғой

Ойлауменен істелік әр қадамы :

Деген сөздермен бүгінгі тәрбие сағатымыз аяқталды.



1,2 жүрг :бірге айтады 8 наурыз мейрамы құтты болсын !



Сау болыңыздар !

































Выберите курс повышения квалификации со скидкой 50%:

Автор
Дата добавления 10.11.2015
Раздел Начальные классы
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров260
Номер материала ДВ-142621
Получить свидетельство о публикации

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх