Инфоурок Другое КонспектыТәрбие сағаты. "Тарихқа тағлым-өткенге тағзым" ( 2- сынып)

Тәрбие сағаты. "Тарихқа тағлым-өткенге тағзым" ( 2- сынып)

Скачать материал

Ашық тәрбие сағатының тақырыбы: Тарихтан тағлым-өткенге тағзым
Мақсаты:Оқушыларды отаншылдыққа, ұлтжандылыққа, туған жеріне ата мекеніне деген сүйіспеншілігін арттыруға дұрыс бағыт бағдар беру, өз елінің тарихын сыйлауға тәрбиелеу.
Көрнекілігі:Қазақстан Республикасының рәміздері, нақыл сөздер, суреттер,шарлар.
Жоспар:1 Тарихи шолу
а)Тәуелсіздік жолында
ә)Желтоқсан жаңғырығы
2.Тәуелсіз Қазақстан
Мұғалім:16- желтоқсан Қазақстанның тәуелсіздік күніне арналған Тәуелсіздік тарихы ел тарихы.Сондықтан тәуелсіздігімізге арналған ашық тәрбие сағатымызды еліміздің мемлекеттік әнұранмен бастайық.
Әнұран орындалады.
Мұғалім: Тәуелсіздік, еркіндік ежелден ел тілегі.Тәуелсіздік халқымыздың бостандығы мен дербес даму жолындағы сан ғасырлық күресінің тарихи нәтижесі.
1 оқушы.XV ғасырдың ортасында көшпелі Өзбек мемлекетінің құрамынан, яғни Әбілхайыр хандығынан бөлініп шыққан қазақ тайпалары Керей мен Жәнібек сұлтандардың басқаруымен дербес қазақ хандығын құрды.
Ән «Қазақстан»
2-оқушы:Әйгілі Төле, Қазыбек,Әйтеке билердің ұйтқы болуымен Қанжығалы Бөгенбай, Қаракерей, Қабанбай,Шапырашты Наурызбай, Шашақұлы Жәнібек, Баян батыр, Көкжал Барақ секілді көптеген батырлар қазақ халқын қазақтың ханы- Абылай ханның ақ туының астына біріктіріп, жоңғар шапқыншылығынан толық азат етті.
3- оқушы.Қазақ халқын аман алып қалу үшін осындай қысылтаяң кезде Әбілқайыр бастаған қазақ сұлтандары, билері мен бір топ батырлары Ресей империясының құрамына кіре бастады. Сөйтіп, қазақ халқы тәуелсіздігінен айырыла бастады.
4-оқушы. Осы 17-18 желтоқсан күндерін қарапайым ауыл азаматы Лесбек Омаров былай деп жырлайды:
Қасқалдақ ұшып көлінен,
Шүрегей келіп қонған күн.
Қыранды қуып көгінен,
Қарғалар билік алған күн.
Нашақор деп ,ұлтшыл деп,
Қазаққа күйе жаққан күн.
Қақаған күннің ызғыры,
Сүйектен өтіп кеткен күн. 
Қаракөз қазақ қыздарын
Омондар бастан тепкен күн.
Озбырлық күшпен тұншығып,
Үміттің оты өшкен күн.
Жанына таппай бір дауа
Ер қайрат қыршын кеткен күн. 

5-оқушы. Қазақ халқының ең соңғы өліп тірілуі біздің халқымыздың қайғы қасіретіне, сонымен бірге мақтанышына айналған 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы. Осы оқиғаға қатысты деген жалған жаламен 99 адам сотталды. Адам жоғары оқу орындарынан ,

758 адам комсамолдан 52 адам коммунистік партия қатарынан шығарылды, әр түрлі жазалар берілді.Қазіргі күнде16-17 желтоқсандағы оқиғаға қатысқаны үшін жазаланған азаматтар Президенттің жарлығымен аяқталды.
6-оқушы: Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға апаларысыз Қайрат, Ляззат, Ербол, Сәбира емес пе Ізгілік атаулыдан күддерін үзбей, бар сенімікүйреген, рухани күйзелген балаң жігіт Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.
7-оқушы. Бүгінгі таңның шапағатын, елдің көңіліне күн орнатқан қайсар аға аналарымыз Қайрат, Ляззат,Ербол, Сәбира емес пе? Ізгілік атаулыдан күдерін үзіп, бар сенімі күйреген, рухани күйзелген балаң жігі Қайраттың «Ақтық сөзі» артында қалды.

8-оқушы.Желтоқсан оқиғасы- XX ғасырдың ең ұлы оқиғаларының бірі. Өйткені желтоқсан оқиғасы тек бүкіл тоталитарлық коммунистік жүйенің күйреуінің бастаушысы болып қана қоймай, сондай ақ ол бұрын бағынышты болып келген еөптеген елдерге егемендік, тәуелсіздік әперген зор саяси әлеуметтік құбылыс болды.

9- оқушы Тәуелсіздік бабалардың ұраны
Бей уақытта бойға таққан ұраны.
Тәуелсіздік түнектерге тұншығып,
Ызғар ұрып, жанбай қалған шырағы.

10-оқушы Тура келіп тарихи бір орайға 
Тәуелсіздік түсті деме оңайға.
Бастан өткен шұбырынды ақтабан,
Не көрмеді қазақ елі соны ойла.

11-оқушы
Дербестігін аңсаған ел, ақ адал
Қанын төкті қанша батыр бабалар.
Осы жолдар құрбан болды емес пе
Халық жауы атанған көп бабалар.

12- оқушы Тәуелсіздік үшін тігіп бастарын
Желтоқсанда шықты алаңға жастарым
Әр ұрпақтың құрбандары жеткілік
Дербестікке кім сұрамақ басқа күн.
Ән «Қазағым менің». 

13- оқушы 
Кеше көрсек қол жетпейтін армандай,
Арзандатып бүгін сыйға алғандай,
Үлесіңе сенің тиді тер төгу,
Даңқың қалсын ұрпақ еске алғандай.- деп ақын жырлағандай қазір әрқайсымыз да тәуелсіздік бізге қандай қиыншылыұпен келгенін сезінуіміз керек.

14- оқушы: Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген,
Жөргегімде таныстым мұң тіліммен.
Жылағанда жүрегім Күн тұтылып,
Қуанғанда күлкімнен түн тірілген.
Мен қазақпын, биікпін ,байтақ елмін
Қайта тудым өмірге қайта келдім.
Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім.
Мұғалім: Ия, Мен мың да бір тірілдім мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді,айта бергім деп ақын Жұбан Модағалиев атамыз жырлағандай, Тәуелсіздігімді жариялағаннан кейінгі аз уақытта еліміз көптеген жетістіктерге жетті. Сол жетістіктерімізді атап өтейікші: 
1990 ж 25 қазанда Қазақ КСР інің егемендігі туралы Декларация қабылданды. Ары қарай, жалғастырып айтып көрейік.
15- оқушы
1991ж 29 тамызда Семей полигоны жабылды.
16- оқушы
16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы Заң қабылданды.
17- оқушы. 1992ж 2 наурызда Қазақстан Республикасы Біріккен ұлттар ұйымына мүше болды.
18-оқушы. 1992 ж 7 мамырда Қазақстан Республикасының Қарулы қүштері құрылды. Сол жылы 4- маусымда Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесі мемлекеттік рәміздерді қабылдады.
19-оқушы. 1991ж 1 желтоқсанда тұңғыш Президент сайланды. Ал сол жылы 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасының мемлекеттік Тәуелсіздігі туралы заң қабылданды.
20- оқушы
Қазақстан сан ғасырлық тарихы бар,
Қазақстан бұл азат ел, танысыңдар.
Көк байрақты, елтаңбалы, әнұранды,
Қазақ елі егеменді ,сан ұлты бар.
Ән: «Қазағым менің»
Сөзі: Н Назарбаев Әні:Б. Тілеуханов
Қорытынды сөз:Тәуелсіздік үшін мың өліп, мың тірілген қазақ елі, құдай қаласа, гүлденіп мәңгі жасай бермек. Тәуелсіздігімізді алтынымыздай ардақтап, асылымыздай бағалайық, қымбатымыздай құрметтейік.
Елтаңбамыз ажарлы, әнұранымыз әуенді, асқақ бола берсін. 
Ашық тәрбие сағатымыздың мәнді, мағыналы болып өтуіне бар білімі мен күш жігерін салған оқушылар, сіздерге рахмет.
Көңіл қойып тыңдаған қонақтарымыз аяулы ұстаздар, алтын уақыттарыңызды бөліп келгендеріңіз үшін, ілтипат ниеттеріңіз үшін сіздерге зор алғысымды білдіргім келеді. Осымен Тәуелсіздік тарихы ел тарихы атты ашық тәрбие сағатымыз аяқталды.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Тәрбие сағаты. "Тарихқа тағлым-өткенге тағзым" ( 2- сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Социальный работник

Получите профессию

Интернет-маркетолог

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 654 614 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.12.2016 13154
    • DOCX 20.2 кбайт
    • 730 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Тулепбергенова Анар Амангельдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17901
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой